kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан композиторларының домбыра мен қобызға арналған күйлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қазақстан композиторларының домбыра мен қобызға  арналған  күйлері" 6-сыныпта өткізілген ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан композиторларының домбыра мен қобызға арналған күйлері»

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Төребай би ауылының

№199 орта мектебі коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

әуез пәні мұғалімі

Жалғасбаева света Жақсылыққызы


6-сыныптағы ашық сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы: Қазақстан композиторларының домбыра мен қобызға арналған күйлері


Сабақтың мақсаты: а) Қазақстан композиторларының домбыра, қобыз аспаптарына арнап жазылған күйлерін тыңдату арқылы оқушылардың халық музыкасына деген қызығушылығын арттыру;

ә) музыка тыңдай білу, ән айту дағдыларын дамыту ;

б) музыка арқылы рухани дүниетанымы кеңейту.


Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдістері: тест, баяндау,

Көрнекіліктері: Қазақстан композиторларының суреттері, шығармалары /үнтаспа/, сәйкестік тесті,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар сабаққа Н.Тілендиевтің «Аққу» күйімен кіреді./оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, назарын сабаққа аудару/

  1. Үй тапсырмасын сұрау

А) /дауыс жаттығуы/ К.Күмісбеков «Аяулы мекенім» орындау


К.Күмісбеков - 1927 жылы бұрынғы Целиноград облысы Қорғалжын ауданы Құмкөл селосында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Ол композитор, Қазақстанның халық артисі, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Оның оркестрге арнаған «Ықылас туралы аңызы, «Еңбек салтанаты» , «Ой толғауы» поэмалары, «Фараби сазы» күй поэмасы, «Арман» атты күйі бар. Сонымен бірге ән, романстары көп. Әндері: «Аққуым, оралдың ба айдыныңа», Аяулы мекенім», Әншіл өмір», «Домбырашы құрбыма», « Жас өмір», «Сүйемін сені, туған жер», «Сұлу Көкше» т.б

Ә) Салыстырмалы тест сұрақтары:


Композиторлар

Шығармалары

А.Жұбанов

«Аққу»

Е.Брусиловский

«Толғау»

Л.Хамиди

«Концерт»

М.Төлебаев

«Күй»

С.Мұхамеджанов

«Тәжік биі»

М.Сағатов

«Романс»

Н.Тілендиев

«Бозайғыр»


-Аталған шығармалар қандай шығармаларға жатады? /аспаптық/

Аспаптық шығарма дегеніміз-аспапта ойнауға арнап жазылған шығарма. Енді осы аталған шығармалардың қандай аспаптарға арналып жазылғандығын айтып жіберейік.

  1. фортепианоға

  2. фортепиано мен қобызға

  3. скрипка мен фортепианоға

  4. домбыра мен оркестрге

Б) «Әуенді тап» ойыны

1. Е.Брусиловский «Бозайғыр» сюитасы /сюита-симфониялық музыка/

2. Ғ.Жұбанова «Концерт» / концерт- симфониялық шығарма/


3.Жаңа сабақ.

«Қазақстан композиторларының домбыраға, қобызға арналған күйлері»

А) Күй дегеніміз не?

/күйге байланысты сөздерге ассоциация/



КҮЙ







/Аспаптық шығарма, әуен, композитор, күйші, аңыз, тарих, лирика, психология/

Күй – бағдалы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық шығарма. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына байланысты аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып бөлінеді.

Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен танымал болды. ХІХ ғасырда күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тоқа, Абыл, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты ірі тұлғалар зор үлес қосты.

Одан бері қарай осы күйшілердің мұрасын бізге жеткізген белгілі күйшілер Оқап Қабиғожин, Науша, Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Төлеген Аршанов, Смағүл Көшекбаевтардың еңбегі ұшан-теңіз.

Қорқыттан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлі күй өнеріне қазіргі композиторлардың да үлесі зор. А. Жұбанов бастаған қазақ композиторларының күйлері өзіндік мәнерімен, әуен-сазымен ерекшеленеді. Композиторлар Н.Тілендиев, Мақалым Қойшыбаев, Қ.Ахмедияровтың домбыра аспабына арналған күйлері халық арасында жиі орындалып жүр.

Ә) Қ.Ахмедияров «Ақ мешіт» тыңдау /домбырада/

Б) Қазақстан композиторларының қобыз аспабына арналған шығармалары да халық арасында кең танылған. Ахмет Жұбанов, Сыдық Мұхамеджанов, Ғазиза Жұбанова, Айтқали Жайымов, Хабидулла Тастанов, Ермұрат Үсенов, Еділ Құсайынов т.б композиторлар қобыздың орындаушылық мүмкіндігін көтеретін , үндік бояуын байытатын шығармалар жазды. Сонымен бірге қазақтың халық әуендері, сазды шығармалары қобызда ойнауға лайықталып өңделді. Көне күйлер негізінде жаңа туындылар пайда болды. Бұған мысал ретінде А.Жұбановтың «Көктем», Х.Тастановтың «Алтай аясында» , А.Жайымовтың «Толғау» шығармаларын айтуға болады.


Қобыз аспабында Қорқыттың күйі «Қоңыр» тыңдау

В) Музыка сауаты.

-Оқушылар қазір біз үш шығарма тыңдаймыз. Сендер олардың бір-бірінен айырмашылығын табуларың керек.

  • Халық әні «Елім-ай» /өте жай, созыла/

  • К.Күмісбековтың әні «Аяулы мекенім» /орташа/

  • С.Бәйтерековтың аспаптық шығармасы «Кішкентай» /жылдам, шапшаң/

Үш шығарма бір-бірінен жылдамдығы арқылы ерекшеленіп тұр.

Әрбір шығарманың өзіне лайық жылдамдығы болады. Шығарманы орындау барысындағы осы жылдамдықты екпін деп атайды. Екпін әр шығарманың нота жазбасының басында көрсетіледі.

Музыкалық екпіндер жай, орташа, жылдам болып негізгі үш топқа бөлінеді.

  1. Жай екпіндер:

  • Өте жай, созыла;

  • Жай, кең;

  • Асықпай, жәй;

  • Ауыр, мұңды;

  1. Орташа екпіндер:

  • Асықпай, орташа;

  • Сәл жылдамырақ;

  • Орташа, бірқалыпты;

  1. Жылдам екпіндер:

  • Шапшаң, жылдам;

  • Ширақ, қыздыра;

  • Өте тез, өте жылдам;

  • Үлкен жылдамдықпен.

Бұл жылдамдық түрлерінің әрқайсысының итальян тілінде белгіленуі бар.

  1. Сергіту сәті.

Жұмбақ шешу.

  1. Тиіп кетсе жылаған, даусы көпке ұнаған. /домбыра/

  2. Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар

әуенінен жеті түрлі мұң шығар

Бұл аспаптың кімдер атын атайды

Жанап кетсең жеті түрлі жыр шығар. /жетіген/

  1. Тілшікті аспап, қобыздай асқақ,

Ерекше үні бар, бұл қандай аспап? /шаңқобыз/

  1. Сызылған үні, сүйкімді тілі.

Үрлесең ойнайтын аспаптың бірі /сыбызғы/

  1. Ел қорғайтын ерлікке

Әуенімен шақырған

Батылдыққа ерлікке

Әуезімен шақырған. /дабыл/

  1. Сазымнан жасалған

Өрнектеп қашалған

Сырнайдың үніндей

Бұлбұлдың біріндей /сазсырнай/

  1. Саусақ сыймас түтіктен

Сандуғаш құс сайрайды. /сыбызғы/

  1. Жәшік тізеде билейді

Бірде шырқап, зар илейді /баян/

  1. Баспалдақта жеті бала

Ән шырқайды, ойнайды / 7нота/

  1. Құлағы жоқ естиді

Қолы жоқ жазады. /магнитофон/

  1. Жаңа ән үйрену

«Домбыра» Бақытжан Сәуекенов, Тұманбай Молдағалиев

  • Ән қай жылдамдықта жазылған? /орташа, бірқалыпты/

  1. Жаңа сабақты қорытындылау.

Сөзжұмбақ «Домбыра» /қазақ композиторларының тегін жазу керек/





























Д

О

М

Б

Ы

Р

А







































































  1. Қ.Ахмедияров

  2. М.Қойшыбаев

  3. Л.Хамиди

  4. А.Жұбанов

  5. А.Жайымов

  6. Е.Брусиловский

  7. Ғ.Жұбанова
















Қ

О

Б

Ы

З


























  1. Музыкалық аспап /қобыз/

  2. Екпін түрі / орташа/

  3. Аспап /домбыра/

  4. Екпін дегеніміз... /жылдамдық/

  5. Фортепиано мен оркестрге арнап концерт жазған композитордың аты? /


7.Үйге тапсырма: Әннің сөзін жаттау, әр түрлі екпіндерге мысал ретінде ән жазып келу, тақырыпты оқу

8. Оқушыларды бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Қазақстан композиторларының домбыра мен қобызға арналған күйлері

Автор: Жалғасбаева Света

Дата: 19.02.2018

Номер свидетельства: 458274

Похожие файлы

object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "?аза? ха?ыны? ?нері ж?не музыка м?дениеті (8 сынып)"
    ["seo_title"] => string(46) "kazakkhakynynonierizhniemuzykamdieniieti8synyp"
    ["file_id"] => string(6) "289940"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454884019"
  }
}
object(ArrayObject)#905 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) ""Оркестрмен тілдескен дирижер""
    ["seo_title"] => string(36) "orkiestrmien_tildieskien_dirizhier_1"
    ["file_id"] => string(6) "391948"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487132960"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства