kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық әдіс - тәсілдер енгізу арқылы ғана, оқушылардың пәнге, жалпы өмірге, қоғамға деген қызығушылығын оята аламыз. Осындай жаңалықтың бірі - «Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы. Бұл жобаны семинарларға қатыса жүріп, әдістерін үйреніп қана қоймай, жалпы жобаның философиясын түсіне бастадым.

Әрине, ең бірінші өзімнің қызығушылығым оянып, музыка сабағына осы әдіс - тәсілдерді қолдану үшін, көп оқып, ізденіп, осы тұрғыдағы семинарларға қатыстым. Бұрынғы әдістерді қолданып жүрген тәжірибелі ұстаздардың да сабақтарына қатысып, өзім іштей қорытындыға келдім.
        Сабақ тақырыбына сай әдістерді, әр сыныптың жас ерекшеліктеріне сай жинақтап, кезекті сабаққа қатты қобалжумен, қалай болар екен, балалар түсіне қояр мекен деген оймен кірдім. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмаларын бергеннен бастап, сабаққа деген бар зейін - ынталарын, қызығушылықтарын көріп, көңілім орнына түсті. Балаларға бұл әдістер бұрыннан таныс, күнделікті сабақта қолданып жүргендей, топтасып, ақылдасып өз ойларын айтып жатты. Сабаққа дайындықсыз келетін оқушыларға, бірлесіп, топтасып әрекет жасау кәдімгідей әсер ете бастады. Келесі сабаққа дайындықпен келген оқушыға, басқалары бірінші рет көргендей, таңырқай қараған кездері де болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру»

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру


Қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық әдіс - тәсілдер енгізу арқылы ғана, оқушылардың пәнге, жалпы өмірге, қоғамға деген қызығушылығын оята аламыз. Осындай жаңалықтың бірі - «Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы. Бұл жобаны семинарларға қатыса жүріп, әдістерін үйреніп қана қоймай, жалпы жобаның философиясын түсіне бастадым.

Әрине, ең бірінші өзімнің қызығушылығым оянып, музыка сабағына осы әдіс - тәсілдерді қолдану үшін, көп оқып, ізденіп, осы тұрғыдағы семинарларға қатыстым. Бұрынғы әдістерді қолданып жүрген тәжірибелі ұстаздардың да сабақтарына қатысып, өзім іштей қорытындыға келдім.
Сабақ тақырыбына сай әдістерді, әр сыныптың жас ерекшеліктеріне сай жинақтап, кезекті сабаққа қатты қобалжумен, қалай болар екен, балалар түсіне қояр мекен деген оймен кірдім. Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмаларын бергеннен бастап, сабаққа деген бар зейін - ынталарын, қызығушылықтарын көріп, көңілім орнына түсті. Балаларға бұл әдістер бұрыннан таныс, күнделікті сабақта қолданып жүргендей, топтасып, ақылдасып өз ойларын айтып жатты. Сабаққа дайындықсыз келетін оқушыларға, бірлесіп, топтасып әрекет жасау кәдімгідей әсер ете бастады. Келесі сабаққа дайындықпен келген оқушыға, басқалары бірінші рет көргендей, таңырқай қараған кездері де болды.

Сабақта тек қана ән айтып, күй тыңдап қоймай, әннің, күйдің шығу тарихын, композитордың, өздеріне ұнаған әншілердің де өмір баянын, шығармашылығын өздері қосымша әдебиеттерден оқып, зерттеп, жаза бастады. Біртіндеп, әр сыныптан шығармашылықпен жұмыс істейтін оқушылар іріктеле бастады. Бесінші сыныптағы «Қазақ халқының музыкалық аспаптары» тақырыбы бойынша, оқушылардың білімдерін нақты тексере алдым.

Аспаптар:
1. Шертпелі аспаптар
2. Үрмелі аспаптар
3. Ұрмалы аспаптар
4. Домбыра
5. Үскірік
6. Дабыл
7. Қобыз
8. Сыбызғы
9. Шертер
10. Асатаяқ
11. Жетіген
12. Сазсырнай
13. Даңғыра

Күнделікті осы әдістерді сабаққа тиімді пайдаланудың арқасында, оқушыларда болған, мынадай жаңалықтар мен өзгерістерді байқадым.
1. Оқушылардың келесі сабақты, тағатсыздана күтіп, өзінің ізденісін, білімін көрсетуге асығуы (сабақ кестесіне қарамастан, маған келіп, өзінің тапсырманы қалай орындағанын баяндайды).
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
3. Жаңа сабақты аз уақытта түсініп, игере алды.
4. Кітапханаға жиі баратын болды.
5. Өз ойларын ашық айтуға үйренді.
6. Шығармашылықпен жұмыс істей бастады.
7. Қалалық іс-шараларға қатысу белсенділігі артты.

Балалардық эстетикалық сезімімен ұғымын, көркемдік шығармашылық қабілетін үдіксіз дамыту үшін, оз халқының музыка өнеріне деген сүйіспеншілігін оятуымыз керек.
Өз халқының музыкасын тыңдай отырып, бала бойында қуаныш пен тебіреніс, қорқу мен үміт қатар жүреді. Бұл сезімдер балаларды, алдағы өмірдегі түрлі қиыншылықтармен күресуге үйретеді.
Музыка - адамзаттың тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезімі. Музыка сабағында, халық музыкасын тек тыңдатып қана қоймай, музыкалық шығарманың композиторы туралы жаңа деректер жинап, шығарманың шығу тарихымен де таныстырып отыру арқылы баланың біртіндеп шығармашы-лықпен айналасуына ықпал етеміз. Музыкаға деген қызығушылығы арқылы, балалардың сезімталдығын, мәдениеттілігін қалыптастырамыз. Сонымен бірге, бала бойында шығармашылық дарынның көктеп, гүлденіп жеміс беруіне жол ашамыз.
Қазақтың атақты күйшілерінің күйлерімен таныстырсам:

1.Құрманғазы- «Сарыжайлау»
2.Дина- «Көкіл»
3.Дәулеткерей- «Сарыарқа»
4.Ықылас- «Той бастар»
5.Тәттімбет- «Қос алқа»
6.Сүгір- «Ерден»
7.Қазанқап- «Телқоңыр»
8.Төлеген- «Ақсақ құлан»
9.Абыл- «Салтанат» және т.б. күйшілердің күйлері бар.
Күнделікті сабақ барысында, тақырыпқа байланысты оқушылар өздерінің ой - толғанысын сұрақтарға жауап беру арқылы білдіріп отырады. Мысалы: Берілген шығармашылық жұмысты орындау қиын болды ма? деген сұраққа оқушылар былай жауап берді.
«... бірінші тапсырманы орындау қиын болды. Өзімнің қандай тапсырмаға шамам келетінін білмедім. Барлық тапсырманы орындауға тырыстым. Сабаққа келгенде, өз тапсырмамды таныстыруда өз қатемді түсіндім. Кітапханаға барып, газет - журналдарды, кітаптарды оқып танысып, жалпы оқуға деген қызығушылы-ғым артты. Композитордың өмірімен танысу арқылы, кез келген әннің, күйдің шығу тарихын біліп, сол әнді немесе күйді тыңдауға асықтым...
... шығармашылық тапсырмалармен өзім дайындаған жұмысым арқылы еркін сөйлеуді үйрендім. Өз ойымды ашық айтатын болдым...
... Маған кітапханаға барып кітап оқу өте ұнайды. Шығармашылық тапсырманы ғана орындап қоймай, бұрын естімеген, білмеген тұлғармен танысып, олардың өмірі арқылы көп көмек алдым...». Осы сияқты оқушылардың айтқан жауаптары арқылы мынадай нәтижеге жеттім:
- шығармашылық қабілеттерін тани білуге;
- жылдам шешім қабылдауға;
- жаңашыл әрекет жасауға;
- білімге деген құлшынысын арттыруға;
- күнделікті кездесетін қиыншылықты өзі шеше білуге,
- жаңа нәрсені танып білуге құлшынысын, қабілетінің оянуына әсер етуіміздің өзі, заман талабына сай ұрпақ дайындап жатқанымыз деп есептеуімізге болады.
Күнделікті сабақ барысында, шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушы бойына мынадай қасиеттерді қалыптастыруымызға болады:
• шығармашылық қасиет;
• белсенділік қасиет;
• ой - өрісінің даму қаситі;
• мәдениетті сөйлеу қасиеті;
• халық музыкасына деген қызығушылық қасиет;
• шыдамдылық қасиеті;
Әрине музыканы жақсы көрмейтін, әнді тыңдамайтын адам кем де кем. Бірақ, қазіргі кезде, батыс музыкасын тыңдап, еліктейтін қазақ жастары да аз емес. Өкінішке орай, өз халқының дәстүрлі әнімен - күйін тыңдамайтын да жастар бар. Міне, осы сияқты мәселелерге де оқушылар сыни тұрғыдан қарап, салыстыра отырып зерттей алды. Сабақтан ой түйіп кеткен балалар, тіптен ары қарай өздері зерттеп, келесі күні өз ойларын айтып жатты. Оқушылар өтілген сабаққа байланысты мынадай мәселелерді зерттеп, салыстырды:
- Халқымыздың дәстүрлі әні мен күйін, қазіргі жастар күнделікті тыңдау үшін не істеуге болады?
- Күйді тек домбыра аспабында немесе өңдеу арқылы басқа аспаптармен бірге ойналғанына қалай қарайсың?
- күнделікті отбасында халық әнін, күйлерді тыңдауды қолға алуға, кім кедергі жасайды?
- Халық аспаптарында, әсіресе домбыра аспабында ойнап - үйренуге балалардың қызығушылығын қалай арттырамыз?- деген сұрақтарға жауап бере отырып, өздері шешімін табады.
Атап айтқанда:

- дәстүрлі ән, күй тыңдап келген оқушылар, музыка тыңдау парағын толтырады;
- күйді қай аспапта тыңдағанын, не себепті ұнағаны жайлы баяндайды;
- үйде ата - аналарымен бірге тыңдағанын, композиторы жайлы түсінік бергенін мақтанышпен баяндайды;
- оқушылар біртіндеп, домбыра үйірмесіне қатыса бастайды;
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қосымша үйірме жұмыстарында дамытып отырудың арқасында, музыкалық тәрбие жұмысы өз жемісін береді. Балалардың әндері оқушылардың дүние танымын қалыптастырады. Ән - әуен арқылы дүниені танып - білу адам, табиғат, қоғам арасындағы байланыс, осылардың барлығы ән арқылы, музыка арқылы балалардың сана - сезімдері тез қабылдап, ой - өрісінің дамуына үлкен әсерін тигізеді.
- Қазақ халқының әндерін айтып, үйрену;
- Ұлттық музыкалық аспаптарда( домбыра, қобыз т. б.) ойнап үйрену;
- Қазіргі заман музыкаларын сүйіп тыңдау арқылы музыкалық есту, тыңдау қабілеттерін дамыту;
- Қазақ халқының халық музыкасына деген құрмет, сүйіспеншілік дарынды, мәдениетті, сезімтал, ұлттық музыкасын қастерлей алатын, өз Отанын сүйетін жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
- Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
- Сабақты түрлендіріп өткізу;
- Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
- Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
- Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Болашақ ұрпақтың алға қарай ұмтылуы, іс - әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылықпен жұмыс істеуіне байланысты. Ал шығармашы-лық іс - әрекет, жаңашылдыққа бағыттылық тек қана шығармашылық қызығушы-лықтан басталады.

Өзімнің өткізген сабағымнан мысал келтіре кетсем,


Сабақ тақырыбы: «Құрманғазы – төкпе күйдің атасы».

Көрнекілігі: слайд, портрет, қазақ ұлттық аспаптары, сызба-кестелер.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ-жауап,баяндау, иллюстративтік суреттеме арқылы

түсіндіру, ойын ( сөзжұмбақ) , топтық және компьютермен

жұмыс.

Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

( топтық жұмыс, сөзжұмбақ шешу, карточка бойынша сұрақтарға жауап беру)

ІІІ. Жаңа сабақ:

а) интерактивтік тақта бойынша сабақ түсіндіру;

ә) күй тыңдау;

б) күйді талдау:

в) нота сауаты;

г) воклдық жұмыс ( ән үйрету);

ІҮ. Сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. (Сәлемдесу)

Үй жұмысын тексеру. (Интерактивтік тақтадағы кроссвордты шешу)




Д










О










М










Б










Ы










Р










А















1.Өзбек халқының ән, билерін сүйемелдейтін аспабы.

2. Көлемді музыкалы-драмалық шығарма.

3. Жеке дауысқа арналған лирикалық шығарма.

4. Жыраудың әңгімесі, немесе айтатын жыры.

5. Қобыз пірі кім?

6. Әйелдің жіңішке, биік дауысы.

7. Белгілі бір кейіпкердің бейнесін ашатын жеке ән.












А

Й

Т

Ы

С






















1. Әйгілі айтыс ақыны.

2. Күйді орындаушы адам.

3. Ақыл, нақыл сөздері бар тақпақ сазды әуен.

4. Жырды орындаушы адам.

5. Біржанмен айтысқан ақын қыз.

Жаңа сабақ түсіндіру

Құрманғазы

/ 1823-1896 /

X1X ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы- теңдесі жоқ ұлы күйші.

Ол- өз заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық- зомбылыққа қарсы қүресіп өткен адам. Қаршадайынан әділетсіздікпен алысып, азапты ғұмыр кешті.

Құрманғазы өзі басынан кешкен өмірі мен халықтық мәселелерді «Кішкентай» атты тұңғыш шығармасынан бастап, өмірінің соңына дейін күй тілімен жырлап өтті.

Құрманғазы «Кішкентай » күйін Исатай , Махамбет бастаған ұлт- азаттық көтеріліске арнаған. Дарынды күйші ұлы шайқасқа қатыспаса да, халық қайғы-қасіретін,еркіндікті аңсағанел мен ерлер бейнесін айқын суреттеп берді.

Құрманғазы- күй өнері арқылы әділетсіздік пен теңсіздікке , озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрескен дара тұлға.Оның « Серпер», « Сарыарқа », «Адай», «Балбырауын», «Ақбай», « Көбік шашқан», « Кісен ашқан», « Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», « Аман бол,шешем , аман бол» және т.б. көптеген күйлері –асыл туындылар.

Құрманғазының көптеген күйлері мінезді,шапшаң ырғақты,кең көлемді,домбыраның барлық мүмкіндігіне шақталған болып келеді. Құрманғазы шығармашылығын халық жақсы сақтаған, қазір 60 тан аса күй көпшілікке мәлім. Ұлы күйшіге құрмет ретінде халық аспаптарының мемлекеттік академиялық оркестірі, Алматы мемлекеттік консерваториясына балалар музыкалық мектебіне, жас орындаушылар сайысына оның есімі берілді.

Құрманғазының « Сарыарқа » күйінің шығу тарихы.

Әлі түс болған жоқ,бірақ даланың ыстық күні ауаны қыздырып,күйдіріп тұр.Тып- тыныш жолмен келе жатқан жай,бір қалыпта ат тұяғының дыбысы естіледі. Құлағын қайшылап келе жатқан ат ер үстіндегі адамды тыңдап келе жатқан сияқты. Ер үстіндегі кісі анда-санда артына қарағаны болмаса, самарқау. Иықты, маңдайы кең, бет әлпеті ірі салт аттының үстінде ыстыққа қарамастан, түйе жүнінен жасалған қалың күпі, тері шалбар және малақай киген. Арқасына мылтық ілген, ал алдында қапқа салынған домбыра бар.

Ол Сарыарқа жаққа бағыт ұстаған,түске таман жасыл алаңқайға келіп жетті.Атынан түсіп кең алақанымен оның маңдайынан сипап, шілдерлеп жайылуға жіберді. Қимылсыз ауыр ойға батқан жолаушы көкжиекке қарап ұзақ отырды, сонан соң, ұйқылы- ояу кейіппен домбыраны қолына алып,жайлап тарта бастады. Даланың домбыра үні кернеді. Ұлы күйші Құрманғазының күйі «Сарыарқа» осылай туды. Патша үкіметінің қудалауынан соң,ол туған жерінде қала алмайтын болды. «Сарыарқа» сол туған елмен қоштасу күйі. Бірақ мұнда халық мінезі,өмірі ,қадір –қасиеті, ол мекендеген дала бейнесі-барлығы қамтылған. Құрманғазының күйі «Сарыарқа»-халықтың, даланың өзі сияқты кең,өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы.

Кеш түсті атын шідерден босатып,домбырасын ерге байлаған жолаушы қайтадан жолға шықты. Енді ол артына қарайлаған жоқ. Тынығып, әл жинап алған, аты шабысын үдетті, артта бұйра-бұйра шаң ғана қалды.

Күйді тыңдату

(Домбыра – Қадыр Мырзалиев)

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Қазақ – нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра.

(Домбыра – қағып, шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспап)

Домбырасыз сән қайда.

Сөзі: Х.Талғаровтікі

Әні: И.Нүсіпбаевтікі


  1. Елдің жырын жырлаған,

Қайғысын да толғаған.

Домбырасыз ешқашан,

Жүрекке ем қонбаған.


Қайырмасы:

Домбырасыз сән қайда,

Домбырасыз ән қайда

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?...


2. Құрманғазы, Тәттімбет

Домбырамен сайраған.

Жүрекке от жақсын деп,

Елге күйін арнаған.


Қайырмасы:



3. Абай, Жамбыл, сал Біржан,

Таңқалдырып ән салған.

Жүрегіңді жандырған,

Естіген жан тамсанған.


Қайырмасы:


4.Домбырамен сөйлеген,

Махаббаты халқымның.

Жігер беріп күй деген,

Шақырады алтын күн.


Қайырмасы:


Қорытындылау:

Балалар біз бүгін қандай сабақ өттік ?

Қай күйшімен таныстық ?

Қандай күйлерін білеміз ?

Құрманғазы күйлері орындалу ерекшеліктеріне қарай, күйдің қай түріне жатады ?

Сондықтан, Құрманғазы-төкпе күйдің атасы.


Бағалау:

Үйге тапсырма:

«Құрманғазы» тақырыбын мазмұндау.

« Домбырасыз сән қайда» әнінің сөзін жаттау.

Крассворд жасап келу.

Жас жеткіншектің ұлт ретінде қалыптасуы, ұлттың шығармашылық әлеуеті де әр жеке тұлғаның шығармашылық деңгейімен анықталады. Сондықтан, өркениетке жетудің жолын оқушылардың шығармашылық қызығушылық деңгейімен, жаңашылдық болмысымен байланыстыруымыз керек..
Мектеп оқушыларына музыкалық білім мен тәрбие беруді тек «Музыка» сабағында ғана шектеліп қоймай, қабілеттеріне қарай шығармашылықтарын дамытып отыру пән мұғалімдерінің басты міндеті болып табылады.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Музыка

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушыларға музыкалық тәрбие беру

Автор: Абдысалыков Муратбек Талгатович

Дата: 17.02.2017

Номер свидетельства: 392970

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(109) "Сын т?р?ысынан ойлау ар?ылы   о?ушылар?а музыкалы? т?рбие беру "
    ["seo_title"] => string(68) "syn-tu-rg-ysynan-oilau-ark-yly-ok-ushylarg-a-muzykalyk-t-rbiie-bieru"
    ["file_id"] => string(6) "183149"
    ["category_seo"] => string(6) "muzika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1425740853"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства