kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қозғалысқа арналған есептерді теңдеулер құру арқылы шығару

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қозғалысқа арналған есептер,теңдеулер,уақыт бірліктері,ұзындық бірліктері.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қозғалысқа арналған есептерді теңдеулер құру арқылы шығару»

Пәні: математика күні: 22.11.2016ж

Тақырыбы: Қозғалысқа арналған есептерді теңдеу құру арқылы шығару 

Сабақ мақсаты: Білімділігі:Теңдеулер құруға арналған есептерді шығаруға жаттықтыру. Көбейту және бөлу кестелік жағдайларын тиянақтау.

Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту, оқушының ақыл ойының математикалық стилін , интеллектуалдық сезімін ояту , сондай-ақ ойын арқылы оқушының байқампаздығын дамыту.

Тәрбиелігі: Баланың танымдық және коммунативтік іс-әрекеттерін өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеуарқылы жылдам сөйлеуге, ойлауға ойын қорыта білуге үйрету.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық:

Шырылдайды қоңырау

Біз сабақты бастаймыз

Партамызға отырып

Табыс тілеп өзгеге

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз

-Жақсы балалар отыра қойындар, енді жанымызды жадырата дегендей, бір-біірімізге алақанымызды тигізіп, жан жылуымызды сыйлайық.

Бүгінгі күн терезеден бізге міне тұр қарап,

Сондай жақсы көңіл – күймен, басталады бұл сабақ.

II. Өткен сабақтағы білімдерін пайдаланып, өткенге шолу. Кім жылдам? (формуласын жаз) P = ? S = ? V = ? t = ? S = ? V = ?

1Велосипедші 3сағатта 20км/сағ жылдамдықпен қанша километр жол жүреді?
2. 7 м/с жылдамдықпен жүгірген спортшы 14 минутта неше метр жүгіреді?
3.Саяхатшы 10 минутта 92м/мин жылдадықпен неше метр жол жүреді?

4. Спорт машинасымен жарыстырушы тас жолда 78 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. 2 сағатта қандай қашықтықта жүріп өтеді?

5. Велосипедші 2 сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен неше километр жол жүреді?

6. Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жол жүреді?

7. Жеңіл машина 35 км/сағ жылдамдықпен 2 сағатта неше километр жол жүреді?


ІІІ. Жаңа сабақ: Қозғалысқа арналған есептерді теңдеу құру арқылы шығару 

1 Есепте және жылдамдықты біліп ал.

Ауадағы дыбыс - (11∙30) м/с =сағатына 330 м/с жылдамдықпен

Бамбуктың өсуі – (110∙7) күніне мм = күніне 770 мм өседі

Жердің Күнді ауналу қозғалысы - (150: 5) км/с = 30 км/с жылдамдықпен қозғалады

Такси - (432:9) км/сағ = 48 км/сағ жылдамдықпен жүреді.

Эскалатор - (630:70) км/сағ = 9 км/сағ жылдамжықпен айналып жүреді

Метро – (570:6) км/сағ = 95 км/сағ жылдамдықпен жүреді

Трамвай – (195:9) км/сағ = 39 км/сағ жылдамдықпен жүреді

Троллейбус (301:7) км/сағ = 43 км/сағ жылдамдықпен жүреді


2 есеп 32 ∙ х = 48∙8 теңдеуі қай есептерге сәйкес келеді?

  1. Ауылдан аудан орталығына автобус 48 км/сағ жылдамдықпен 8 сағат жүрсе, кері қайтар жолда оның жылдамдығы 32 км/сағ болды. Автобус аудан орталығынан ауылға дейін қанша уақытта жетті?

  2. Пәндік олимпиада үшін бағасы 48 тг. Тұратын 8 дәптер және сондай ақшаға бір данасы 32 теңге тұратын қаламсаптар сатып алынды. Пәндік олимпиада үшін неше қаламсап сатып алынды?

  3. Күндізгі ауысымда 8 токарь 48 бұйым жонды, ал түнгі ауысымда 32 бұйым жонып шығарылды. Токарьлар екі ауысымда барлығы неше бұйымды жонды?


3 есеп Өрнектердің мәндерін тап:

1538∙2 = 3076 3699∙3 = 1233 2052∙3-6939:3=3844

2025∙5 = 10125 6555∙5 = 1311 1625∙5+8484:4=10246


ІҮ .Сергіту сәті

Жаза,жаза қолымыз,

Талып кетті көзіміз

1,2,3

Бойға жинап күш,

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты ұғып аламыз.


4 мысал Бос орындарға тиісті сандарды қой:

  1. 300 с = 5мин 240 мин = 4 сағ

4 сағ 20мин =260 мин 2 мин 40с =160 с

630 мин = 10 сағ 30 мин 420 с = 7 мин


2) 3 тәул. 20 сағ =92 сағ 2 тәул. 2 сағ 30мин = 3030 мин

5 тәул.15 сағ =135 сағ 3 тәул.5сағ 15 мин =4635 мин


3) 1 сағ 20 мин 4 с =4804 с 10 сағ 30 мин 5 с = 37805 с

4 сағ 35 мин 10с = 16510 с 20 сағ 20 мин 10с =73210 с


№6 есеп Кестені толтыр

Бағасы 1520 3 308 3016 712

Саны 5 508 6 4 9

Құны 7600 1524 1848 12064 6408


Ү. Логикалық есеп

1. Немере атасынан: "Жасың нешеде? "деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде? (Атасы 49 жаста) 100:2=50 50-1=49ж


2.Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

(12 жұмыртқа)


3. Жұмадан кейін кейін 3 күннен кейін қай күн келеді? (Сейсенбі)


4. 7581 санының цифрларынан әр түрлі және 5 цифрымен аяқталатын неше төрт таңбалы сандар құрастыруға болады? 7815,1785,8715,1875,7185,8175.


ҮІ. Өзін-өзі бақылауға арналған тапсырма

а 248 4 864 64 804 24 648 964 804.

а : 4 62 1216 16 201 6 162 241 201


ҮІІ. Сабақты қорытындылау .

  1. 900 000, 456 700, 618 735, 100 087 сандарында барлығы неше ондық, жүздік, мыңдық, он мыңдық, жүз мыңдық бар?


  1. 246 және 32 сандарында барлығы неше ондық бар?


3) Кірпі 8 секундта 16 м жол жүрді, ал кері қайтар жолда оның жылдамдығы 2 есе баяу болды. Кірпі кері қайтар жолын қандай жылдамдықпен жүрді?

.

ҮІІІ. . Үйге тапсырма . 125-126 бет - №5, №7.

ІХ. Балаларды бағалау: БиС технологиясымен






























қазақ тілі 22.11.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Диктант Жылан мен кірпі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жазған диктанттарын талдау, қате сөздерін тақтаға жазу, жіберген қателерін қайталамауға, алған білімдерін тиянақтауға, тексеруге, сауатты, көркем жаза білуге мүмкіндік туғызу. Танымдық қабілеттерін, ақыл-ойын дамыту. Адамгершілікке, сұлулыққа, ұжымшылдыққа баулу.

Сабақтың түрі: жалпылау және қорытындылау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық. Оқушы назарын сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Бүгінгі сабақта қатемен жұмыс жасаймыз..

Дәптерлерін тарату.


Жылан мен кірпі.


Таңертең бір нәрсе ысқырғандай жат дыбыс Қабидың құлағына естілді. Қаби оянып кетті. Төсектен басын көтерді. Ол Есеннің кереуетінің жанында ұстасып жатқан жылан мен кірпіні көрді. Жыланбасын көтерді. Аузын ашып, тілін шығарып ысылдап тұр. Қаби мұны көргенде, қорқып, Есенді оятты. Есен де басын көтерді.

Жылан айыр тілімен кірпіні шақпақ болды. Бірақ шаға алмады. Кірпінің тікенектері үрпиіп тұр. Кірпі жыланның құйрығынан тістеп, кеміріп жатыр. (63 сөз)




Тапсырма:

1. Жай, құрмалас сөйлемдерді тап, сана.

2. Кірпі мен жылан жайында бір жай сөйлем, бір құрмалас сөйлем жаз.

 

ІҮ. Үйге тапсырма.

3 құрмалас сөйлем құрастыру.


Ү.Оқушыларды бағалау. Жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.




Қатемен жұмыс.

І. Білімдерін тексеру. Диктантта кімнің қандай қате жібергенін анықтау., талдау.

Қате жіберген сөздерді тақтаға жаздыру, ережелерге сүйене отырып, сөздердің жазылуы туралы айту, түсіндіру. Келесі ретте бұндай қателерді жібермеуге тырысу.

-Құрмалас сөйлем деген не?

-Оның жай сөйлемнен ерекшелігі неде?

ІІ. Үйге тапсырма беру. Ережелерді қайталау, пысықтау.

ІІІ. Оқушыларды бағалау. Жазған жұмыстарына сәйкес бағалау, талдау жұмыстарын жүргізу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Қозғалысқа арналған есептерді теңдеулер құру арқылы шығару

Автор: Cахиева Гульден Сагындыковна

Дата: 27.11.2016

Номер свидетельства: 363028

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Та?дау  курсы.  Физикалы?  есептерді  шешу  т?сілдері. "
    ["seo_title"] => string(55) "tan-dau-kursy-fizikalyk-iesieptierdi-shieshu-t-sildieri"
    ["file_id"] => string(6) "133787"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1416583003"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Факультатив "?ызы?ты математика" "
    ["seo_title"] => string(33) "fakul-tativ-k-yzyk-ty-matiematika"
    ["file_id"] => string(6) "160174"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422010814"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства