kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Қыпшақ Сейітқұл» – кәсіпкерлік әліппесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Уақыты

Кезеңдері

              Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің  бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

 1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?

5-сыныптың қаза әдебиетіі пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: «Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Қыпшақ Сейітқұл» – кәсіпкерлік әліппесі»

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

•«Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Қыпшақ Сейітқұл» – кәсіпкерлік әліппесі»          

  1. Сенің меңгеретінің: Автор бейнесі ұғымын түсінесіз,еске түсіресіз.
  2. Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесіндегі кейіпкерлерді талдайсыз.
  3. Автор бейнесінің шығармамен байланысын анықтайсыз.
  4. Жақсы мен жаманды ажыратасыз.

Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Қыпшақ Сейітқұл» – кәсіпкерлік әліппесі.»

ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Ханов Ш.У

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 5-сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім. Тәрбиенің қайнар бұлағы

Сабақтың тақырыбы:

Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Қыпшақ Сейітқұл» – кәсіпкерлік әліппесі.

Оқу мақсаттары:

5А/И2.Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Сабақ мақсаты:

Шығармадағы автор бейнесін анықтау.

Бағалау критериі:

Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Шығармадағы басты кейіпкерді талдау.

Автор бейнесінің шығармамен байланысын анықтау.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?

5-сыныптың қаза әдебиетіі пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: «Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Қыпшақ Сейітқұл» – кәсіпкерлік әліппесі»

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

•«Ы.Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл». «Қыпшақ Сейітқұл» – кәсіпкерлік әліппесі»

  1. Сенің меңгеретінің: Автор бейнесі ұғымын түсінесіз,еске түсіресіз.

  2. Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесіндегі кейіпкерлерді талдайсыз.

  3. Автор бейнесінің шығармамен байланысын анықтайсыз.

  4. Жақсы мен жаманды ажыратасыз.



Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

3-5 минут

Жаңа сабақ





































1-5 минут










































Тапсырмалар

Ойқозғау сұрақтары

  • Әңгімеде автор бейнесі қалай көрінеді?

  • Ыбырай Алтынсариннің әңгімені жазудағы мақсаты қандай?

  • Автордың стильдік ерекшелігі қандай?



Бүгінгі сабақта автор бейнесіне тоқталамыз. Сондықтан автор бейнесін ұғып алайық, тағы да есімізге түсірейік.



Еске түсіру! Әдеби-теориялық ұғым.



Автор бейнесі - әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасын көру қалпы. Әр жанрдағы шығармаларда автор бейнесі әр түрлі дәрежеде әр қырынан аңғарылады. 

Эпоста автор, негізінен алғанда, оқиғаны баяндаушы болады.

Драмалық шығармада автор оқиғаның даму барысынан сырт тұрады.

Лирикалық шығармаларда автор лирикалық тұлға ретінде танылады

Эпикалы шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады.

Ыбырайдың жазу стилі туралы Рәбиға Сыздықованың “Қазақ әдеби тілінің тарихы” атты кітабынан үзінді оқып көрейік.

Ыбырай Алтынсариннің қазақ тілін дамытудағы рөлі оның ағартушылық қызметімен тікелей байланысты. Ыбырайдың әдеби шығармалары, әсіресе прозалық туындылары оқу кітабы ретінде арнайы жазылған. Бұл тұста Ыбырайға екі түрлі жүкті тұңғыш рет арқалауға тура келді: бірі – қазақ әдебиетінде бұрын жоқ проза жанрын бастау, яғни қазақ әдеби тілінде бұрын болмаған шағын әңгімелер (новеллалар) стилін жасады, екіншісі – өз өлеңдері мен қазақтың ауызша тараған мол көркем әдеби үлгілерін оқушы жастарға ұсыну.

(Рәбиға Сыздықованың “Қазақ әдеби тілінің тарихы” атты кітабынан)

Міне, оқушылар! Ыбырай Алтынсариннің жазу стилі балаларға өте түсінікті тілмен жазылған. Оқушылар, сонымен «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде автор бейнесі қалай аңғарылып тұр? Әрине, оқиғаны баяндап түр, яғни баяндаушы. Оқиғаны баяндау арқылы бізге не айтқысы келді? Әңгіменің басты кейіпкері Сейітқұлдың қандай қасиеттерін көрсетті?

Әңгіменің көркемдік құндылығы

  • кейіпкерді әр қырынан суреттеді, бірнеше қасиеттерін көрсетті;

  • жақсы мен жаман қасиетті салыстырды;

  • еңбек пен кәсіпкерлікті дәріптеді.

Міне, осы көркемдік құндылықтарына дәлел келтіре отырып, тапсырмалар орындайық.



1-тапсырма

Шығарма авторының бейнесін анықтау үшін келесі сұрақтарға жауап беріңіз


1.Автор шығармадағы Сейтқұл бейнесі арқылы оқырманына қандай ой тастады?


2. Сейтқұлдың соғынан ерген халық қандай кәсіппен айналыса бастады?


3.Авторға шығарма мазмұнынан қандай мінездеме беруге болады?

Дескрипторы:

  • Автор бейнесін анықтайды;

  • Сұрақтарға жауап береді;

Өзіңді тексер!

  1. Шығармадағы басты кейіпкер Сейтқұл отыз үйлі кедейдің қолына кетпен беріп,егін егіп,кәсіпке баулиды. Автор оқырманына осы кейіпкер секілді адал,еңбеққор, дәулетті болуға шақырады.

  2. Сейтқұлдың соңынан ерген көшпелі халық саудамен,егіншілікпен айналыса бастады

  3. Автор мейірімділік, талапшылдық, сабырлық қасиеттерімен өз елін қайтсем деген оймен өмір сүретін білімді адам.

2-тапсырма

Шығармадағы кейіпкерлерді талдаңыз.

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Менің ойым

Мақал-мәтелдер (кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы)

Сейтқұл




Сейтқұлдың ағасы





Дескрипторы:

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін өз ойымен, мақал –мәтелдермен байланыстырады;

Өзіңді тексер!

Кейіпкерлер

Іс-әрекеті

Менің ойым

Мақал-мәтелдер (кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы)

Сейтқұл

Халықты егін егуге үйретті,

еңбекке баулыды.

Адал еңбекпен мал тауып,халқын кәсіпке баулыды.

Еңбек түбі-береке.

Сейтқұлдың ағасы

Барымта ұрлық жасап,бай болғысы келді.

Ұрлықпен күнелтен кейіпкердің өмірі өкінішке толы болады.

Ұрлық түбі-қорлық.


3-тапсырма

Автор бейнесінің шығармамен байланысын анықтаңыз.


Пікір→Шығармадағы автор бейнесі туралы өзіндік ойыңыз.

Себеп→Себебін ашып, шығарма арқылы дәлелдеңіз.

Тұжырым→Қорытынды шешім шығарыңыз.


Дескрипторы:

  • Өз пікірін білдіреді;

  • Себебін ашып,шығарма арқылы дәлелдейді;

  • Қорытынды шешім шығарады;


Өзіңді тексер!

Пікір→Менің пікірімше,автор еңбекқорлық,сабырлылық,досқа адалдық, сияқты жақсы қасиеттерді үлгі етеді.

Себеп→Себебі, шығармада отырықшы халықтың шаруашылық экономикасы күшті болғанын көрсетеді.

Тұжырым→Қорытындылай келе,мәдениет пен ғылым тек отырықшы халықта ғана болады.









2 минут

Бекіту

Қорытынды

  • Автор бейнесі ұғымын түсіндіңіз,еске түсірдіңіз.

  • Ыбырай Алтынсариннің «Қыпшақ Ссейтқұл» әңгімесіндегі кейіпкерлерді талдадыңыздар.

  • Автор бейнесінің шығармамен байланысын анықтадыңыздар

  • Жақсы мен жаманды ажырата білдіңіздер.




1 мин


Қосымша тапсырма:

«Адал еңбек мұратқа жеткізеді» деген ұғымға түсінік беру.

Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз, сау болыңыздар










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: Ханов Шохан Уалиханович

Дата: 03.01.2023

Номер свидетельства: 622217


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства