kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ле?ім, ?рге баста, ?рге баста, Танылар т?сым келді енді Алаш?а» (?ойшы??л Жыл?ышиев поэзиясы)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Талантты а?ынымыз ?ойшы??л Жыл?ышиевті? азаматты? ?нінен досты?ты, тынышты?ты а?сау, адам баласына деген абзал махаббатымен бірге адамгершілігі, биік ма?саты, а?и?ат атаулыны? б?ріне ?ашы?, ?мірге ??штар жанны? жан сезімі атой салып т?р?андай:

Дархан ?мір

Дархан ?мір!

?уанышы?а ?уандым жылап т?рып,

Ж?регімде жаз жайнап, б?ла? к?ліп.

Бар с?луды? ішінен тек ?зі?ді

?ойса ??дай, ?айтемін, ?наттырып.

Та?ы ?ртендім, оты?нан денем ?ызды,

?ашы?ты?ты? ??зырын бір-а? біліп.

Ойламап ем ой бар деп сенен де ізгі

Т???иы?ына жіберер ла?тырып.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ле?ім, ?рге баста, ?рге баста, Танылар т?сым келді енді Алаш?а» (?ойшы??л Жыл?ышиев поэзиясы)»

Атырау облысы

Махамбет ауданы

Талдыкөл мектеп-балабақша кешені





Баяндама





«Өлеңім, өрге баста, өрге баста,

Танылар тұсым келді енді Алашқа»

(Қойшығұл Жылқышиев поэзиясы)






Қайырлиева Зухра Амировна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты

мұғалімі,Талдыкөл мектеп-балабақша кешені









Ақынның өмір тақырыбына арналған өлеңдеріндегі терең ой, ізгі арман


Талантты ақынымыз Қойшығұл Жылқышиевтің азаматтық үнінен достықты, тыныштықты аңсау, адам баласына деген абзал махаббатымен бірге адамгершілігі, биік мақсаты, ақиқат атаулының бәріне ғашық, өмірге құштар жанның жан сезімі атой салып тұрғандай:

Дархан өмір

Дархан өмір!

Қуанышыңа қуандым жылап тұрып,

Жүрегімде жаз жайнап, бұлақ күліп.

Бар сұлудың ішінен тек өзіңді

Қойса құдай, қайтемін, ұнаттырып.

Тағы өртендім, отыңнан денем қызды,

Ғашықтықтың ғұзырын бір-ақ біліп.

Ойламап ем ой бар деп сенен де ізгі

Тұңғиығына жіберер лақтырып.

Дарияңның дауылымен кемем жүзді

Әкелетін әлемге сияқты құт...

...Жараң болса жаныңда қайғырдым мен,

Бесік болып тербеттім айдын жырмен. [3,13-бет]

Енді бір кезде ақын ішкі жан айқайын, өмірдің баянсыздығын, замана шындығын «Өтірік өмір» өлеңінде ашына көрсетеді:

...Өтіріктен тер төгілді,

Өтіріктен қан ақты.

Ел деп жүрген еркегіңді

Ездер жерге қаратты.

...Өтірікке бәрі сенді,

Шындық шапан ішінде...

Шындығыңның шамы сөнді

Өтірігің күшінде! [3,7-бет]

Халық көңілін сусындатқан ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы. Тіршілікке тірек боларлық өмір шындығын, өмір шуағын, өмір жұпарын жыр етеді.Ақын өз заманы тұсындағы сан қилы сырларға көз жіберіп, көңіл таразысынан өткізеді, бір сүрініп, бір тұрған сәттері, өмірдің ащысы-тұщысында жүзе жүріп, түптеп келгенде ақ жүректі адал ниеттілігінің арқасында әділдіктің ақ туын желбіретіп шыққанын, қаншама қиындыққа кезіксе де мойымаған өр кеуде, қажымас қайратымен қайта от-жалындай лаулап, ел ертеңін ойлар азамат болған тұлғасын көрсетеді.


Тарпаң тағдыр


Ғажайып болмаса да от-талантым,

Қазаққа бір бала едім жоқталатын.

...Бір заман Бекежан боп аңдып жатып

Құлатты бақастықпен Қосабада.


Сол оқтан дәл тисе де өлмей қалдым,

Өмірді өлмеген соң енді ойландым.

Адамның ала жібін аттамаған

Ақ күні қалай тумас мендей жанның?!

...Отымды өшеді деп ойламаңдар

Қайралып, қайта лаулап мен келермін! [3,77-бет]

Ал «Өмір» атты өлеңінде өмірі жайлы:

Аямай-ақ айтарын сезіп көптің,

Аянбай-ақ арманға төзіп, жеттім!

Кей тұстастар келеді әлі алдымда,

Кейбірінен мен кеше озып кеттім!-деп өзін өз замандастарымен салыстыра толғанып, қызығы мен жұмбағы мол жастық дәуренді қайта аңсап сағынады:

Бал дәмін де білмеймін шырын-жырдың,

Бәйге де алсын менен де бұрын құрбым.

Қайтарып бер, ей, өмір, жас күнімді,

Мен берейін барлығын бүгінгімнің! [3,96-бет]

Енді «Өмір өтті» туындысы – терең философиялық мағынаға құрылған шығарма:

...Өтті, өтті, серке де өтті, сері де өтті,

Көрген қызық, көрген түс керімед –ті,

Келіп еді кемсеңдеп, кері кетті,

Өмір өтті, дүние-ай, өмір өтті,- [5,122-бет]деп, өмірдің базарлы думанының мәңгілік емес екенін, көрген түстей өте шығар жалған дүниенің шолақтығын паш етеді.Енді бір өлеңдерінде ақын еңбекпен келетін шын атақ-даңқтың өміршеңдігін, жалған даңқтың қысқа ғұмырын қарама-қарсы қоя білген. «Жалған даңқ туралы жырда»:

Қайтесің, қызғанышқа амал бар ма?

Қайраулы қылыш қыннан шыққасын-ақ

Айналдық алынбайтын қамалдарға.

Одан соң ол өкпелеп, мен де өкпелеп,

Достарды таңғалдырып, астанаға

Екеуміз қайттық және бөлек-бөлек.

Көнбейтін қолдан қолпаш жасауыңа,

Тән дейтін арғымақтың да асауына

...шын Даңқ шаң жұқтырмас шашағына! [3,94-б], – деп атақ-даңқпен қатар жүретін қызғанышты әрі жолдастың жетістігіне шын қуана білетін нағыз достардың ерекше мінезі, болмысын осы өлеңде айқын ашады.


Жерлес ақын поэзиясындағы туған жер тақырыбы.

Ақынның туған жер, Отанға арналған өлеңдерінің өн бойында қазақ халқының тарихы, сонау ықылым заманнан бері бастан кешкен шежіресі, ұлттық ерекшелігі көрініс береді.

Мысалы «Қазақстан даласы» өлеңінде:

Кең дала...

Қария-жүрек, тарлан дала,

Егіліп «Елім-айға» салған дала.

Ертеде екі көзі жасқа толып,

Езіліп ер көңілі қалған дала.

Осы бір төрт шумақты өлеңде Қазақстан даласы – «маң дала», «Ән-дала», «бай дала»-боп шырқайды да, соңында «ж» әріптерінен [10,164-бет]бастау алған жанға жағымды жайдары сөздер тізбегіне кезек береді:

Жайнай бер, жалауы боп жақсылықтың

Жаңарып, жарқыл қағып, жайраңда да! [3,85-бет]

Туған жер, Отан – Қойшығұл ақынның ерекше шабытпен жырлаған тақырыптарының бірі.

О,туған жер!

О, туған жер!

Өзіңде бар мұрадым,

Жауса деп ем көгіңнен жаңбыр-әнім.

Қашан саған бір белгі қалдырамын,

Қашан сенің даңқың боп жаңғырамын!

...О,туған жер!

Тыныштық таппай жүрмін.

...Шежіреңде қолтаңбам қалса деп ем! [4,190-бет]-дей келе, автордың туған жерге арналған әрбір өлең жолдары қазақтың кең байтақ жерінің дархан табиғатымен үндесе жырланады.

Ал «Отан туралы ода» өлеңінде[4,86-бет] адам ғана емес, жан-жануардың да өз туған жерін аңсайтынын:

Жапырып тауды, тасты, жотаны да,

Аңыратып тастап тағдыр-ботаны да,

Артына қарай-қарай, қарай-қарай,

Аруана қашып кетті Отанына!-деп аңыздан сыр шертсе,

...Бұл жерде ну да абат, су да тәтті,

Бұл жерде бақыт құшты ол, мұңға батты,

...Отанын өле сүйген ойсылқара,

Осылай адамзатты бір таңдатты,-деп туған жерге жетіп өлуді армандаған киелі

түйе малының қасиетін:

Жыр тілін бекерге мен жоқ безегем,

О,Отан, қасиетті атам, тәтті әжем ең!

Мен сені аңсап келем аруанаң боп,

...Атамның ошағысың – от көсеген!- деп өз Отаны-ошақ қасы-ата көсеуі – кіндік

қаны тамған атамекенге аруанадай еміреніп, жырымен тәтті үн қосады, «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» идеясын ұрпаққа насихаттап, адамзатқа үлгі етеді.

Қойшығұл ақын туған даласы туралы да көп толғанады, көп жазып жүрген ақындардың бірі. Дала – елдің құтты ұясы, өмір ордасы, даланың үлкен жүрегінде ақынның алғашқы қадамы мен өсуі, бүкіл табиғат болмысы, өмір-ғұмырының ізі жатқандай. Қазақ халқының сұлулыққа толы, әсем табиғаты арқылы қазақ жерінің ұлттық қасиетін танытады.Ақынның шумақтарынан даланың әсем бір көрінісі көз алдыңа келеді.Жерлес ақынымыз Қойшығұл көп ізденгіш,ой өрісі кең,көзі қырағы ақын.Ақын көргені мен білгенін ұшқыр қиялымен әсерлеп,ой елегінен өткізіп,жанды суретке айналдыра білді.Ақын жасаған табиғат суреттерінен осыны анық тануға болады.Оларды шындықтың өзі деп қабылдау аз, ақын өмірде қиялымен,бейнелі сөздерімен өріп, жаңа көркем шындық ұсынады.Осындай өлеңдерімен сағымы би билеген, қырында қызылды-жасылды гүл тұнған жазғы дала бәрі-бәрінен жазғы шықтай немесе жанардай үзіліп түскен тамшыдай мөлдірлік байқалады. Мысалы «Жазғы дала» өлеңінде:

Аптап ыстық...жоқ қазір ала шаңыт,

Көкжиекте қалғиды қараша бұлт.

Күн қақтаған құмдарға шыға келсең,

Аспан өзі кетердей аласарып.

Ақ сағымдар би билеп жер шетінде,

Ұнатады өнерін көрсетуді.

Туған дала – далиған дархан мінез

Шабытымен шалқыған мен секілді, – деп жазғы табиғаттың ғажайып бір құбылысын суреттеген. [8,75-бет]Бұл – өмірдің өз суретінен де әдемі тапқыр айтылған.

Неткен көрік,неткен бұл жағалай сән,

Жап-жасыл боп көсілген дала жайсаң.

Гүлге толған кең дала....

мен де осында-

Ел сүйетін бір гүл боп қала қойсам!

Жағалауға жемісін-гүлін тағып,

Жайық жатыр жайраңдап,күлім қағып.

...Пай-пай!

Жазғы даланың жұпарын-ай

Жусан иісі барады мұрын жарып! -деп шаттана жырласа,ал «Сенім» өлеңінде:

Елегізітпей,

Ескені де самалдың,

Аңсап қалам ақ жұпарын даламның

Сағыныштан соғам саған ескерткіш

Далам менің – аяулым,- [4,41-бет]деп суреткер ақын дала-тағдыр, дала-шежіре, дала –ақынның шабытты жыры екенін дөп басып айтады.

Міне,өмірді өз бояуымен танып,оның жалпы сәнін бұзбай дәл осылай суреттеу,Қойшығұл секілді ірі ақындардың қолынан келмек.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Атырау энциклопедиясы, Атырау-2000ж.224-б.

  2. Ахметов З. Махамбеттің ақындық шеберлігі, ғылыми-республикалық конференция материалдары,-Атырау,2002.

  3. Жылқышиев Қ. «Тарпаң-тағдыр»(2004)Ақтөбе

  4. Жылқышиев Қ. «Тұңғыш» (1978) Алматы

  5. Жылқышиев Қ. «Бастау»(1992)Алматы

  6. Жылқышиев Қ. «Мұң-кітап»(1998)Ақтөбе

  7. Жылқышиев Қ. «Асау-кер»(2001)Алматы

  8. Жылқышиев Қ. «Мен далама жетемін», «Атырау» газеті, 2002ж.9-ақп.,12-б.

  9. Жылқышиев Қ. «Бақыт», «Ар-честь» газеті, 2004ж.№1,2-б.

  10. Қабдолов З.Арна:зерттеу-сын-эссе.Алматы.Жазушы,1998ж.

  11. Қорқытов Б. «Мен де бір кең даланың кер бөкені, «Атырау» газеті,1997ж.№97,3-б.

  12. Құлкенов М. «Шашақты найза, шалқар күй», Алматы,2004ж.

  13. Сейілғазы Ә. «Қойшығұлдың айтқандары»,«Атырау» газеті,1998ж.№35,4-бет.

  14. Ғаламтор мәліметі.Ө.Әлімгереев. Қойшығұл Жылқышиев: «АЛПЫСҚА КЕЛДІМ… АЛЫСЫП ӨТТІ БАР ҒҰМЫР»










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 11 класс

Автор: ?айырлиева Зухра Амировна

Дата: 22.09.2016

Номер свидетельства: 345219


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства