kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту: жаңа тәсілдер және заманауи бағдарламалар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Развития профессиональных компетенции педагогов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту: жаңа тәсілдер және заманауи бағдарламалар»

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту: жаңа тәсілдер және заманауи бағдарламалар

Мұғалімнің оқу процесіндегі орны мен рөліне, оқушыға деген жаңа көзқарасын қалыптастырмай білім беру мазмұнын өзгерту мүмкін емес. Мен тренер ретінде Алматы облысына қарасты мектептердің «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері мұғалімдерінің пәндік құзыреттерін дамыту курстарын өткіздім. Курстың мақсаты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру. Тыңдаушылардың мектепте тіл мен әдебиетті оқытуда жаңаша білім берудің тұжырымдамалық негіздері туралы теориялық білімдерін өзектендіру негізгі міндеттердің біріне қойылды. Курс аясында педагогтің кәсіби шеберлігін және құзыреттілігін одан ары дамыту үшін пәндік және функционалдық оқу сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тәсілдемесі қарастырылды. Білім берудің замануи парадигмаларын зерттей отырып, білім алушының білімді өздігінен ізденуі үлкен нәтижеге апаратынына көз жеткізді. Курс барысындағы жаңа тәсілдерге қадам жасай отырып, педагог келесі талаптармен, атап айтар болсақ, толерантты болу қажеттілігі, коммуникация құра білу стратегиясы, командалық жұмыстың ережелері, әлсіздіктерді жеңу жолдары, стандартты емес тәсілдер және кері байланыс алу әдістерімен жақынырақ танысты. Әр оқушының қабілеті әркелкі, сондықтан саралап оқыту әдісі сыни тұрғыдан ойлануына бағыт береді, сонымен қатар функционалдық сауаттылығын жетілдіреді. Осы үшін де еліміздің педагогтері үнемі білімін жетілдіруде. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ақпараттық жүйе технологияларын қолдану жолдарын терең меңгерген тыңдаушы Google құралдарымен (Padlet, Piktochart, ArcGIS) жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді, коммуникациялық мүмкіндіктерін терең қарастырды. Әр мұғалімге дәстүрлі сабақтан өзгеріп әдістемесін өзгерту оңай жұмыс емес. Оқушыларға да жеке жұмыс жасап , жасаған жұмыстарын бағаланып үйренген тиімді. Жауап беріп бағасын өзі алып үйренген оқушылар да өзгерулері тиіс. Оқушылардың ішкі уәждері басым болуы керек. Олар топпен бірігіп жұмыс жасап, әр топ мүшесінің оқу әрекетіне қатысып жауап беруіне ықпал етіп, топ ережелерін қадағалап, кері байланыс жасауға дағдыланулары керек. Критериалды бағалауда мұғалім бағыт беріп, оқушыларда шынайы бағаны көріп отыруы керек. Сол жағдайда бұрын сабаққа ынтасы аздау оқушылар да жұмыс орындап, бағаланады. Жаңа тәсіл бойынша мұғалім аз сөйлеп, оқушылардың жұмыс атқаруына көп көңіл бөлінеді. Оқушыларға әр уақытта сеніммен қарауымыз керек. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес, педогогтің жеке тұлғалық әлеуеті, кәсіби құндылықтары да жатады.Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған қысқа мерзімді курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді.Кәсіби педагогикалық құзыреттілікті дамыту – оқу процесінің сапасына тікелей әсер ететін іргелі шарт. Замануи мұғалім табысқа ұмтылған сайын, табысты шәкірт тәрбиелейтініне ешбір күмән жоқ.

Кылышбекова Н.Ұ.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша ПҚБАИ

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерін оқыту әдістемесі»

кафедрасының аға оқытушысы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту: жаңа тәсілдер және заманауи бағдарламалар

Автор: Кылышбекова Нурсауле Уканбаевна

Дата: 24.02.2022

Номер свидетельства: 601180

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Білім беру ?рдісіндегі заман?а сай жа?а технология"
    ["seo_title"] => string(60) "bilim-bieru-urdisindieghi-zamang-a-sai-zhan-a-tiekhnologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "273330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452185833"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(153) "Жаңартылған білім беру мазмұнында бастауыш сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері"
    ["seo_title"] => string(80) "zhanartylgan_bilim_beru_mazmunynda_bastauysh_synypta_okytudyn_tiimdi_dis_t_silde"
    ["file_id"] => string(6) "551534"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1590564547"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства