kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бір ел-бір та?дыр" ашы? т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Назарбекова А. С 

"Бір ел-бір та?дыр" атты ашы? т?рбие са?аты 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бір ел-бір та?дыр" ашы? т?рбие са?аты»

«№ 19 Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ



















Бір ел – бір тағдыр

ашық тәрбие сағаты










өткізген: Назарбекова А. С
















Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

Мақсаты:

1) еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен жетістіктері мен «Қазақстан 2050 Стратегиясымен» таныстыру;

2) Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру;

3) туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттырып, Отанды сүюге, байлығын қорғауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакатқа жазылған нақыл сөздер, қазақ елінің рәміздері, қазақ халқы туралы видео

Барысы:

Мұғалім: Қазақстан – көк байрақты нұр едің,

Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.

Өзің менің қуанышым, бақытым,

Өзің менің мақтанышым, тірегім.

Қыран құсым көк аспанда самғасын,

Желбіресін көк байрағың сан ғасыр

Жас ұландар, берік ұста туыңды

Жарқыратып туған елдің таңбасын!

Армысыздар менің шәкірттерім! Бүгінгі алғашқы білім сағаты Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытына » арналған «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталады. биылғы жыл мерейтойларға толы жыл болып отыр. Конституциямыздың 20 жылдығы, қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 20 жыл,

Қош келдіңіздер!

Мұғалім: Келешегін көретін өзі алыстан,

Өзі қыран, өзі от, өзі арыстан,

Терезесі теңелген өзгелермен,

Өзімдікі тәуелсіз Қазақстан, — деп ақиық ақын Тұманбай Молдағалиев айтқандай, көк байрағымыз көгілдір аспан астында еркіндік желімен желбірегенге дейін қазақ елі небір қиын-қыстау кезеңдерден өтіп, тарихтың талай-талай тар жол тайғақ кешуін бастан өткізді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 22 жыл толып отыр.

Ұлт көшбасышысы Нұсрұслтан Әбішұлы Назарбаев осыдан 16 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан-2030» бағдарламасын биыл орындалғаны туралы айтып, барша қазақ халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауымен таныстырды.

Жолдау үш бөлімнен тұрады.Бірінші бөлімде 1997 жылы «Қазақстан 2030» бағдарламасы қабылдағаннан бастапосы 15 жылдың ішінде бағдарламаның іске асырылуына қорытынды жасап, еліміздің жеткен жетістіктеріне тоқталды: Біздің басты жетістігіміз — тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз, мемлекеттілігіміздің қалыптасуы, елімізде азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімнің орнығуы, нарықтық экономиканың қалыптасуы, әлеуметтік қоғамның негіздерін қаладық. Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан орын теуіп, әлемдік қауымдастық таныған елге айналғанымызды баяндап,… «2030 Стратегиясы іске асты, заманауи Қазақстан орнықты» деп Н.Ә. Назарбаев ойын түйді.

Жолдаудың «ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері» депаталатын ІІ бөлімінде қазіргі жаһандану үрдісінен туындаған проблемалар сипатталған.Осыған орай келешекке бағыт алып, әрі қарай дамуымызды жоспралағанда осы проблемалар міндеттітүрде ескерілуі тиіс.

Ойын қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев бізшешуге тиісті міндеттер сапалық тұрғыдан өзгергенін, уақыт пен жағдай 2030 бағдарламасына түзетулерді енгізілуі қажет екенін айтып өтті.

«Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» — деген сұрақтарға жауап «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бағдарламасын да негізделген. Жаңа бағдарлама Жолдаудың үшінші бөлімінде орын алды.

Мұғалім: Елбасының Ұлтқа Үндеуінен қорытынды ретінде үзінді оқығым келіп тұр:

«Қазақстан 2050» Жаңа стратегиялық бағытын жүзеге асыруда бізге — қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің сыры — бірлікте, Жүдеудің сыры — алауыздықта. Осыдан 3 ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де бабалардың бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін. Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз әрдайым ірі болу үшін бір болуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу — ол қасиетті қазақ даласы.

Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің — елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш. Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары — ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын.

Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! Баршаларыңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!».

Сүйікті Отанымыз – Азат Қазақстан мәңгі құлпырып жайнай берсін, жарқырай берсін! Бағы жанып, абыройы арта берсін! Босағаларыңызғы бақыт қонсын, шаңырақтарыңызға шаттық толсын! Кездескенше күн нұрлы болсын!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Бір ел-бір та?дыр" ашы? т?рбие са?аты

Автор: Назарбекова Алия Сериккажыевна

Дата: 22.09.2016

Номер свидетельства: 345278


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства