kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғат тағдыры – адам тағдыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

  1. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру
    Табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат тағдыры – адам тағдыры»



ТАБИҒАТ ТАҒДЫРЫ – АДАМ ТАҒДЫРЫ


С.У.Мухамеджанова

Астана қ-сы. әкімдігінің «Балалар үйі» КММ

тәрбиеші

Мақсаты: балалардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру

Міндеттер:

Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру
Табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, глобус, суреттер, бейнетаспа.

Барысы:

Тәрбиеші: Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүгінгі көрсетілер жұмысымыз да табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында болып отыр.

1.Сүйікті тұған ел
Шарықтап өсе бер
Ардақты ұл — қызы
Аззатық күреске
Бекініп бұған бел

Бақытты ел — бұл Отан,
Бәріне мен иемін
Біздін Отан — ұлы Отан
Ұлы Отанды суйемін.

2.Ты прекрасна, о, Родина наша!
Необъятны просторы твои.
Горделивы высокие горы
И цветами прикрыты они.

Полноводны могучие реки,
Пышно в зелень одеты леса.
О, родной и любимый, земли и краса,
Сердцу нашему ты дорога.

Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
1 бала : Жер ана мен өз анаң егіз екен, 
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, жер ана жетілдірді, 
Осыны өзім өмірге негіз етем.
2 бала: Жаратылыс жан ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағымен асырап, 
Сәулесін құйған санаға.
Тәрбиеші: Халық арасында табиғат жайлы нақыл сөздер, мақал – мәтелдер жиі кездеседі. Балалар сендер қандай нақыл сөздер, мақал – мәтелдер білесіндер табиғат жайлы.

Балалар:

1. « Жері байдың елі бай»

2. « Күте білсең, жер жомарт»

3. «Жер – байлықтың көзі»

4. Туған жердің топырағыда ыстық.

5. Жер ана, ер – бала

Тәрбиеші: Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
Бала: Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

1. Көрініс.

Әкесі мен баласы орманға келеді.

Әкесі: Ағашта қалмапты ғой өзі?

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.

Әкесі: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік дейді.

Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емеспе, табиғаттың сәні емеспе?

Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашыпағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.

1 бала:

Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.

Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.

Құс: Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбандаршы, қырықпандаршы.

Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырыпай – ақ қояйықшы

Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны: Ай сенде нәзік жүрек. Мә саған!

1 бала:

Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді.

Содан құс:

Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала

Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын не көрінді?

Не қалады артындағы ұрпағына?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын бас ұрып қара жерге сұлағанын

Сарғайып жапырағы өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады жылағанын.

1 бала:

Құс әлсіреп шығып кетеді.

2.Көрініс

1 бала: Марат үйден шығып, мектепке бабаққа келе жатыр. Жолдың шетінде бір торғай ұша алмай жатыр екен. Ол қасына жақындап барып, торғайды қолына көтеріп алды. Оның қанаты жараланып қалыпты. Марат торғайды алып қайтадан үйге келеді. Ол торғайдың жарасын таңып, алдына су, жем берді. Марат торғайға қамқор болып жүргенде қоңырау соғылып, сабақ басталып кеткен кез еді. Ол сабаққа кешігіп кіріп келді.

3.Көрініс.

Арман Айманның туған күніне не сыйларын білмей ойланып тұрғанда, аулада өсіп тұрған гүлге көзі түсті. Ол қуанғаннан барлық гүлді жұлып алады да, Айманға сыйлайды.

Тәрбиеші: Осы екі көрініс бойынша оқушыларды екі топқа бөліп пікірталас өткізейік.

1 - топ. Баланың білім алудағы басты міндеті – сабаққа кешікпеу, сабақтан қалмау. Марат торғайға қамқор болмай, сабаққа келуі керек еді. Торғайға қамқорлықты сабақтан бос уақытта жасау керек еді.

2 - топ. Құстар – біздің қанаты достарымыз. Олар – табиға сақшылары. Құстарды қорғап күтсе ғана көбейеді. Сабақтан Марат торғайға қамқорлық жасап, табиғатты қорғауға, оның ішінде құстарды аман – есен алып қалуға өз үлесін қосты деп ойлаймыз.

Тәрбиеші: Екінші көрініс бойынша өз пікірлерсіз.

1 - топ. Гүл – біздің өмірімізге қуаныш сыйлайтын әдемілік әлемі. Гүлдерді мерекелерде, туған күн тойларына сыйлаймыз. Сондықтан Арманның Айманға гүл сыйлағаны дұрыс болды.

2 - топ. Қоршаған ортаны таза ұстау ауланы көгалдандыру, гүлзар жасау үшін өсімдік гүлінің ролі зор. Ол өсімдіктің тұқым беруіне, көбеюіне көмектеседі. Арман өсіп тұрған барлық гүлді жұлып алды. Ол Айманға бір тал гүлді сыйласа де жетер еді.

Бала: Табиғат та әке болып еңіреп, 
Табиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен, 
Табиғаттан жаратылғам, гүлдегем.

Қорытынды:

Тәрбиеші: Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Табиғат тағдыры – адам тағдыры

Автор: Мухамеджанова Салтанат Узакбаевна

Дата: 10.03.2017

Номер свидетельства: 398855

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Табиғат тағдыры-адам тағдыры"
    ["seo_title"] => string(31) "tabig_at_tag_dyry_adam_tag_dyry"
    ["file_id"] => string(6) "366348"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1481014960"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "«Таби?ат  та?дыры - адам та?дыры»  10 сынып "
    ["seo_title"] => string(40) "tabig-at-tag-dyry-adam-tag-dyry-10-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "212254"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431791608"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Таби?ат та?дыры - адамзат та?дыры."
    ["seo_title"] => string(34) "tabig-at-tag-dyry-adamzat-tag-dyry"
    ["file_id"] => string(6) "306872"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1458212085"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Жер та?дыры – ел та?дыры"
    ["seo_title"] => string(29) "zhier-tag-dyry-iel-tag-dyry-1"
    ["file_id"] => string(6) "282545"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453713741"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Жер та?дыры-ел та?дыры "
    ["seo_title"] => string(27) "zhier-tag-dyry-iel-tag-dyry"
    ["file_id"] => string(6) "203968"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429587339"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства