kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қазақ поэзиясының Хан тәңірі-Мұқағали" сынып сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Классный час  тема  Мұқағали-қазақ поэзиясының Хантәңірі    бұл сабақта оқушылар мәнерлеп оқу, әнін шырқап, көрініс көрсетті

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақ поэзиясының Хан тәңірі-Мұқағали" сынып сағаты»

А.Асылбеков атындағы ЖОББ мектебі


БЕКІТЕМІН:

Мектеп директоры

Ж.Ж.Султанова

___________










ТАҚЫРЫБЫ:


Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі– Мұқағали








Өткізген: Рахимжанов Д.Т.

ҚтӘ-9-13 тобының студенті







2016-2017 оқу жылы


Сынып сағаты: Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі– Мұқағали
Мақсаты:

Білімділік: ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали

Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол

арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне

деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгеріп,

жырларды мәнерлеп оқуға, өленді өміріне серік еткен ақынға

еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.

Тәрбиелік: Туған халқының талантты ақынына, әдебиетіне, туған еліне

деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.


Тәрбие сағатының әдіс - тәсілі: әдеби-cазды


Жоспар:

1. Кіріспе сөз
2. М. Мақатаев өмірі жайлы мәлімет
3. Ақынның жазған күнделігінен үзінді оқу
4.Мәнерлеп оқу
5. Көрініс «Аққулар ұйықтағанда»
6. Қорытынды сөз.

Барысы:

Мұғалім: Мұқағали Мақатаев 9 ақпанда 1931 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауданында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты – Мұхамметқали. Әкесі қарапайым шаруашы, сушы, шалғышы болып жұмыс істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан 1 қыз және 3 ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімі – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Болашақ ақын 10 жасында майданда жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады.

Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,

Судағы жаңа біткен жалбыз еді.

Мінеки, он ай болды хабары жоқ,

Біз дағы әкемізге зармыз енді. Бұл өлең асқар таудай қорғаны болған әкеге деген жас жүректің өшпес, ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдырығын осылайша аттаған еді.

Мұқағалидың әкесі 1941 жылы Калиниград майданында қаза табады. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшысы болады. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды. 1962-1972 жылдар арасында «Социолистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесшісі болып жұмыс істейді. Тұңғыш өлеңі 1948 жылы жарық көреді.

С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі ойналып тұрады.

Жүргізуші: 

Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар,

Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар?

Тату-тәтті бармысыңдар , армысыңдар , Адамдар! – деп Мұқағалидың салемдесу салтымен амандасамыз. Қош келіпсіздер, өлең сүйер,өнер сүйер қауым!

Қазақ халқымызда бір туар азаматтар аз болған жоқ.Кейінгі қауымға өнеге қаламарқылы қалдыра білген зерделі ақын – жазушыларымыздың бірі, тіпті бірегейі Мұқағали десек қателеспейміз. Өйткені,оқырманның қай кезде де көңіл-күйін тамыршыдай тап басатын жыр-құдірет Мұқағали ақынға ғана тән.

Әлем –дархан ,саялаңдар,

Бәріңе де орын бар,

Қорған емес ,салтананатты

Сәнді сарай соғыңдар.

- Ей, адамдар, сендер тату , сендер тату болыңдар! –деп жырлап өткен ақын Мұқағали Мақатаев 1931 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданында дүниеге келген. Тума дарын Мұқағалидің өмір мектебі Қарасазда басталды. Ақынның өзі «Кімде-кім шынымен менің өткен өмірімді білмек, зерттемек болса, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпасын. Мені өз өлеңдерімен бөліп қарамауларыңызды өтінемін» — деген екен.

«Қайран Қарасазым-ай»өлеңі Диас

« Менің анкетам» өлеңі Алишер



Жүргізуші:

Мұқағали – 20 ғасырдың «Ғасыр ақыны» боп танылған поэзия пайғамбары. Жары – Лашын Әзімжанова. «Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан,биік адамгершіліктен тұратын еді» дейді ақын туралы естелігінде. Жырларының құндылығы ақын жанының риясыз тазалығында жатыр деп ұғынуымыз қажет. «Ғажап даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы» деп баға береді Әбділда Тәжібаев. Ендеше, Мұқағалидың поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.







«Поэзия» Ақжелең

«Мен бір жаққа асығамын» Рауан

«Музаға» Ақнұр



Жүргізуші: Мұқағалидың ақын екеніне күмәні бар ақын ағамыздың екі досы болыпты. Бірі оператор мамандығын оқыса, екіншісі коператор (бұрынғы кезде сатушы дегенді осылай атаған) болып қызмет атқарады екен. Бір күні әлгі екі досы Мұқағалиды сынамақ болып, мейрамхана жанында күтеді. Сол кезде Мұқағали осы көшеден өтіп бара жатқанда, жаңағы екі досы ақынды қолтығынан ұстап:

-Бізге дәл қазір, осы жерде өлең шығарсаң, мына ресторанға кіргізіп, тамақтандырамыз, — дейді. Сонда Мұқағали атамыз ойланбастан;

-Оң жағымда оператор, сол жағымда коператор,

Екеуі мені ресторанға апара жатыр, — деген екен.

Ол әрі төкпе суырыпсалма ақын. Өлеңсіз өмір сүре алмайтын адам. Тек өлеңге ғана сүйеніп өтті. Бүкіл азығы да, ойы да, өлең еді. Егінсалып, орақ орған жоқ, кетпен де шаппады. Тек өлеңмен айналыса жүріп өмірденөтті. Естуімізше ақын дүниеден өткен күні Алматыдағы қарт теректердің біріне жай түскен деседі. Осының өзі – ақ ақын тағдырын композитор тағдырына жақындата түспей ме?Ендеше келесі кезекті сахналық көрініске назар салуларыңызды сұраймыз.

Әні «Жас қайың» орындайтын Аружан

Көрініс «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді

Жүргізуші:

Өзен де жоқ сымаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді, қарайды қарға, шыңға,

Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен;

"Жетім көлге" қараудан шаршамаған?

"Жетім көлден" су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самала,

Қаншама аққу кетті екен -аңсаған ән?


... Оралмады аққулар осы маңға,

Жылдар өтті байғұстар шошынған ба?

"Жетім көл" жетімсіреп қала берді.

Арман-ай, аққуымен қосылар ма?!

(шымылдық ашылады, тыныштық, музыка, төсекте жатқан бала, еденде жатқан әке, екі тізесін құшақтап түн күзеткен ана)

Жүргізуші:

Бала жатыр төсекте албыраған,

Әке жатыр еденде қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары.


Ана: (әкеге қарап)

"Мана күндіз тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті...


Тәуіп: (сахна сыртынан, ананың көзіне елестеп)

  • Аққумен баланы аластаңдар.

(саусағымен баланы көрсетіп).

Жүргізуші: Деді дағы жәйімен жөнеп кетті..

Ана: (әкеге) Баяу.

Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кеті ме санатыңнан? (үзіліс)

"Жетім көлге" барып қайт тау жамылып,

Таң атқанша қалайда таңға ілік.

Біреулердің көзіне түсіп қалып,

Дүрліктерме жұртыңды салма бүлік!

Әке:

Апыр-ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Ана:(орнын ан атып тұрып, ашуланып, айқайлап, әкені жұлқып)

Жалғыз ұлдан артық па жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі! (шымылдық жабылады.)

Жүргізуші: (Жәй, баяу) сахна сыртынан күн көтеріледі.

... Оятып дүниені дел-сал қылып,

Тамыздың таңы да атты тамсандырып.

Сай-саладан бошалаған бозала таң,

Таудағы тіршілікке ән салдырып,

Еміндіріп, еріксіз қарсы алдырып,

Бұлбұлға дүниеге жар салдырып,

Тамыздың таңы да атты тамсандырып.



Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәккапар құс келбетіне.

Шымылдық ашылады, аққулар тұмсығын мамығына тығып отырады, шыршаның түбінде мылтық таянған ана.

Жүргізуші: (Жәй, баяу, үзік-үзік)

Тығып ап тұмсықтарын мамығына,

Айдын-төсек, аспанды жамылуда.

Арша, шырша, жартастар жағадағы,

Сұғынып, бәрі көлге табынуда

Аласұрып, қан ойнап тамырында,

Ана жүрек тыпыршып, қабынуда,

Не қыларын біле алмай, жабығуда.

Жүргізуші:(ызғарлы дауыспен)

Мерген отыр жағада,

Ей, ақша бұлт,

Жаулығыңмен оларды жасыр барып.

бас бағады шыршаның қалқасынан,

Қаруынан қолында қан сасыған.

(Аққулар қанаттарын қағып орындарынан қозғалып, би билейді).

Жүргізуші:

... Ай, аққулар,

Аққулар тарануда,

Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.

Қарайды ана шыршаның қалқасынан.


Ана: (Зарлап, айналаға таңдана қарап)

Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен,

Құлынымның қасынан неге кеткем?!

Ошақ қасы, от басы, көмеппін ғой.

Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!

Жүргізуші:

Ана отыр,

Озбыр ойлар қамалауда,

Қамалауда, әлдекім табалауда.

... Аққулар ақ айдынды қалдырды да,

Тартты кеп, ана отырған жағалауға.

Аққулар ақырын жылжып ана отырған жағалауға жылжиды.

Жүргізуші:

Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,

Білмей қалды мылтықтың атылғанын.

\Мылтық атылады. Құстардың шуы. Бір аққу құлайды.


Жүргізуші:

Мөлдіреген "Жетім көл" көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр,

Айдын көлін аққулар қия алмай жүр.

Сан айналып, сұңқылдап ұшты-дағы,

Сапар жолға мезгілсіз түсті -дағы,

Бетін түзеп, батысқа бағыт алып,

Қарғыс атқан мекеннен күсті бәрі.

Бір аққу ұшып кетеді.

жүргізуші:

Көл бетінде көлбеңдеп, жарлы аққу,

Ұша алмайды, ұшпақ боп күш қылады...

... Қасиетке оқ атып, жойған пақыр,

Қалай алып кетерін біле алмастан,

Сүле-сапа ойлауда құр.

Жылқышы келеді.

Жүргізуші:

"Жетім көлдің" басында жылқы жатқан,

Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан:


Қарт: Шошынып.

... Апыр-ай, кім болды, таң сәріде,

Көргенсіз, көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре-құтын шырқыратқын,

неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Мылтықты атарлықтай көлге келіп,

Апыр-ай, жоқ еді ғой елде желік...

Жүргізуші:

Мылтық даусы, құстардың шулағаны -

Шыдамын алды қарттың, бермеді ерік.

Алыс тұрып, қыр басынан:

Қарт:

Ей!

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?!

Тастағын қаруыңды, келгін бері,

Келгін бері, кеудеңде жаның барда!

Жүргізуші:

"Байғұс әйел үн-түнсіз жылап тұрды,

қарттың үні мең-зең ғып құлаққа ұрды.

Қолындағы мылтығын құлаштап кеп.

Бөгелмей, "жетім көлге" лақтырды.


Қартқа қарай ақырын аяңдады,

Қарусызға қарт келді, аянбады.

... Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,

Болған жәйтті келіні баяндады.


Қарт:

Әй, балам!..

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!

Аққуға кезенерде, ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?


Ана:

Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,

Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен...

Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...

Шымылдық жабылады.

Жүргізуші:

Бәрі ұмыт: бақытың да, байлығын да,

Күлкі, шаттық, күйзелтекен қайғы, мұң да.

"Жетім көл" жетімсіреп қалып қойды,

Бір өлі, бірі тірі аққу айдынында...

Бар өмірден көңілі шайлығуда,

Байғұс ана еркінен айырылуда.

Шымылдық ашылады.


Абыр -сабыр үй маңы дүрбелең-ді,

Алғаш ана абыржып, білмеген-ді.

Тапжылмастан орнында қатып қалды.

Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді.

Білмейді, қайда келді, кімге келді.

Ана шығады.

Жүргізуші:

Жылдам басып аяғын, үйіне енді.

Есіне алып ерін де, баласын да

Өліп жатқан ұлына қарасын да,

Қалсын ана "жетім көл" жағасында,

Өлі менен тірінің арасында.

Елес. Өлген аққу, бетін ақпен жапқан бала, Ана сілейіп тұрады.


Ана:

... Мына жатқан "жетім көл", мына аққуды,

Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа.\Бар даусымен айғайлап, артқа шегініп\.

Жоқ!

Мен емес...

Мен атпадым...

Кеше гөр, кеше гөр, жаратқаным?!

Тізерлеп отырады.

Жүргізуші:

Күледі, бірде жылап, зарланады,

Көкке қарап, бекерге қарманады.

Бірде үнсіз, мелшиіп тың тыңдайды,

Құлағында аққудың арман әні.

Ана: (Алақанның көкке жайып)

"Қазір, ботам...

Мінекей, таң атады...

Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...

Жазыласың құлыным...

\Бар даусымен айғайлап.\

Балапаным!

\Үзік-үзік\.

Қасиет!

О, Қасірет!

Осындай ма ең!

Сорымның қалыңдығы шашымдай ма ең!..

\Ақырын, басын төмен салып.\

Қасиет! Қасиет! Қасірет!

Шымылдық жабылады.

Жүргізуші:

Орнында екен "Жетім көл", жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.

Аққулар...

Аңыз көп қой олар жайлы,

Көзіңмен көргеніңдей бола алмайды.

Тек қана тыныштықты ұйықтайды олар,

Шошыса, екінші рет оралмайды



Мұғалім: Туған халқының арман-мақсатын терең түсінген, толғай жазған, сөйтіп, жанының жаршысы болған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың екінші өмірі — мәңгілік ғұмыры енді басталып отыр. Өлмес өнері – өлеңмен жалпақ елінің жүрегіне жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзентінің ұрпаққа ұран болған жырларын елі де ешқашан есінен шығармасы анық.

Ән: «Есіңе мені алғайсың» орыдайтын Аружан мен Диля



Жүргізуші: Ақынның өміршіл өлеңі, артында қалған асыл мұрасы өмірдегі

Қандай сыйғаболса да лайықдейміз

Өмір жайлы, өзің жайы, ел жайлы,

Әліталай келер ұрпақ толғайды.

Туған күні тойланған шын ақынның, Өлген күні болған емес болмайды! —

дей отырып бүгінгі«Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі– Мұқағали » атты

ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қазақ поэзиясының Хан тәңірі-Мұқағали" сынып сағаты

Автор: Кусаинова Динара Бекбулатовна

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394269

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "?аза? поэзиясыны? Хант??ірі "
    ["seo_title"] => string(31) "k-azak-poeziiasynyn-khant-n-iri"
    ["file_id"] => string(6) "176320"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424404358"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "А?иы? а?ын М??а?али"
    ["seo_title"] => string(24) "ak-iyk-ak-yn-mu-k-ag-ali"
    ["file_id"] => string(6) "329759"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1464013781"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "М??а?али Ма?атаевты? ту?ан к?ніне арнал?ан ?деби кеш "
    ["seo_title"] => string(62) "mu-k-ag-ali-mak-ataievtyn-tug-an-kuninie-arnalg-an-diebi-kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "170492"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423564276"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "М.Ж?мабаев . Т?ркістан.?дебиеттік о?у.4-сынып."
    ["seo_title"] => string(48) "m-zhu-mabaiev-turkistan-diebiiettik-ok-u-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "321809"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461405205"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "?аза? поэзиясы мен музыка ?нері "
    ["seo_title"] => string(35) "k-azak-poeziiasy-mien-muzyka-onieri"
    ["file_id"] => string(6) "228922"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1441549671"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства