Сабақтың басы 5 минут
Сабақтың ортасы 15 минут 3 минут 20 минут
5 минут
15 минут
12 минут
8 минут | Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Миға шабуыл 1) (Б) Диалог. Оқушыларға ақын, жырау, күйші, сәулетшіге қажет құралдардың (домбыра, кітап, кесене) суреттерін көрсету арқылы сабақ тақырыбын болжату. (2 минут) 2) Сабақтың тақырыбы және мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру. (3 минут) 1 тапсырма Б Оқушыларға бейнебаян көрсетіледі. «Қайран Еділ» Қазтуған жырау. Критерий: Сұрақтарға жауап беріңіз. Жырда қандай адам есімдері аталды? Еділді неге тастап бара жатыр деп ойлайсыңдар? Жырдан нені біле аламыз? Жырдың бүгінгі сабақпен байланысын анықтаңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс беремін. 2 тапсырма Т Мәтінмен жұмыс. Зерттеу сұрақтары: ➢ Күй, аңыз, шежіре дегеніміз не? ➢ Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлар бізге қандай тарихи мәлімет береді? Оқушылар пазл әдісі бойынша 4 топқа бөлінеді. Топтарға тақырыпқа сай мәтіндер таратылады, әр топ берілген критерий бойынша деректерді талдау жұмысын жүргізеді. Топтар өз зерттеу нәтижелерін келесі форматта көрсетулері тиіс: Постер жасау арқылы Шағын презентация Мақала Баяндама 1топ Критерий: «Жырау» ұғымын түсіндіреді; «Оның қоғамдағы орны қандай?» деген сұраққа жауап дайындайды. 2- топ Критерий: Жыр жолдарынан қандай ақпараттар алуға болатынын анықтайды. Жырдың тарихи дереккөзі ретінде құндылығын сипаттайды. 3- топ Критерий: Асан қайғының жырынан XV ғасырдағы адамдардың дүниетаным-түсініктерін анықтайды. «Оларды көбірек қандай мәселелер толғандырған?» деген сұраққа жауап дайындайды. 4- топ Критерий: Күй, аңыз, шежіре, жыршы ұғымдарын түсіндіреді; Олардың тарихи дереккөз ретіндегі маңыздылығын анықтайды; Қ/Б Топтар берілген критерийлер бойынша өзара бағалау жүргізеді. № | Бағалау критерийлері | +/- | 1 | Ұғымдарды түсіндіреді; | | 2 | Тарихи дереккөз ретіндегі маңыздылығын анықтайды; | | 3 | Деректер арқылы XIII – XV ғасырдың маңызды мәселелерін айқындай алады. | | 3 тапсырма Ж Оқушыларға аудиоматериалды тыңдауды ұсынамын. Асан қайғы. Критерий: Кем дегенде 5 жер атауын жазу. Аталған аймақтарды картадан көрсету. Өзің қай жерді таңдар едің? Неліктен? Бұл деректің маңыздылығы неде? Қ/Б «Сыйлықтар кәрзеңкесі». Жауаптар әртүрлі категориялы карточкалармен бағаланады. 4 тапсырма «Иә» немесе «Жоқ» позициясы Б «XIII – XV ғасырлар қазақ халқының өнері мен әдебиетінің өркендеу кезеңі болды. Таңдаған позициясын қорғау. Сыныптың екі бұрышына «Жоқ» және «Иә» деген сөздер ілінеді. Оқушылар бір-бірлеп тақтаға шығып, екі позицияның бірін таңдайды. Неге осы жауапты таңдағанын топта талқылап, әр топтан 2 оқушы түсіндіруі керек. «Біздің бұл жауапты таңдаған себебіміз...» Критерий: 1. Дәлелді нақты дәйектер келтіру арқылы дәлелдеу. 2. Сөйлеу шеберлігі. 3. Тайм- менеджмент. 2 минут | Бейнебаян «Қайран Еділ» Қазтуған жырау. немесе Б. Тілеухан. Еділ жыры. http://www.youtube.com/watch?v =9J08d14qUvs Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. Ұжымдық. Авт. Таймас баспа үйі, 2007 Қазақстың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары. Коллективн. Авт. – А: Атамұра, 2010 Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Коллективн. Авт. – А: Алматыкітап, 2010 Бас ред. М.Х.Асылбеков, Қ.С.Алдажұманов, К.М.Байпақов. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІІІ том. – А: Атамұра, 2010 Қазақстан музейлері. Коллективн. Авт. – А: Алматыкітап баспасы, 2009 Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: «Фолиант», 2006. Т.38 Батырлар жыры, 2006 Қазақстан тарихы: энциклопедиялық анықтамалық. [бас сарапшы: Б. Аяған, М. Қойгелдиев]. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі.- Алматы, Аруна, 2006 Аманжолов Қ. Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 кітаптар. – Алматы: Білім, 2002. А – 3 форматындағы қағаздар, флипчарт, фломастер, түрлі бояулар, түрлі түсті қағаздар |
Саралау әртүрлі қабілеттерді дамытатын тапсырмаларды орындау арқылы және тапсырманы жеке дара, жұппен, топпен орындау формалары арқылы жүзеге асырылады. Қабілеті жоғары оқушылар жұптық, топтық тапсырмаларды орындауда ресми емес топбасшы рөлін орындап, басқа оқушыларға өз ойын түсіндіреді. | Критерийлерге сәйкес өзара бағалау, топтық бағалау түрлері ұйымдастырылады. Өз тарапымнан оқушылардың оқу тапсырмаларын орындауы бойынша кері байланыс беріп, білімдерін жақсарту жолдарын түсіндіремін.
| Оқушылардың денсаулығына мән беріп, компьютерді, интерактивті тақтаны қажет емес жағдайда өшіру. Кабинеттің ауасын желдетіп, жарықтың оқушы столына дұрыс түсуін, дұрыс отыруын қадағалаймын. Тапсырмалардың әртүрлі формаларын қолдану арқылы сабақ үстінде оқушылардың еркін қозғалуына мүмкіндік жасалды. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсаттары орындалды. ОМ қол жеткізілді. Орыс тілді сыныптарда кейбір оқушылардың қазақ тілін нашар меңгеру кедергілері бар болғандықтан, мәтінді жақсылап оқып үлгермеуіне байланысты, үйде аяқтауға берілді. Сабақ жоспарынан айтарлықтай ауытқу болған жоқ. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын анықтады. Оқушылар берілген деректерден барынша ақпарат алып, оны талдап, қорытынды шығарды. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Оқушылардың белсенділігі және оқушылардың тілдік білімін жақсартуы. Материалдардың сапалылығы. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Жұптық және топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау (бірін бірі тыңдау, өз пікірін білдіру, дәлелдер келтіру) дағдыларын жетілдіруге әсерін тигізді. Деректік мәтіндерді өңдеп, қысқартпай-ақ оқушылардың жақсы түсінгені байқалды. Дегенмен салыстыра талдау жасауда қиналатын оқушылар бар. Сөздікті қолданып отырған оқушыларға осы тақырыпқа лайықтап сөздік жасап қою жөн деп санаймын. Сонымен бірге, құндылықтар туралы пікірлерін ортаға салып отыру қажет. |