kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«XIII-XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарауын қайталау.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Тобыңды тап" ойыны. Ойынның шарты:Шәкірттердің қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға әр түрлі патриоттық ән шумақтары жазылған парақшалар таратылады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««XIII-XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарауын қайталау.»»

Сабақ жоспары: Күні: 29.01.2017 ж Сабақ реті: 39

Сынып: 7 «А» Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: «XIII-XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарауын қайталау.»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Осы тараудан алған білімдерін жинақтау, бекіту
Дамытушылық: Оқыту процесінде жаңа әдіс-тәсілдердер арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру, шешендік біліктілігін арттыру
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, талапты болуға инабатты, тапқыр, адамгершілікке табанды, патриоттық сезімге, дүниетанымдық көзқарасын кеңейтуге, саяси-идеялылыққа, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, экономикалық және экологиялық көзқарасқа, эстетикалық және әдептілік сауаттылыққа т.б. баулу.
Сабақтың түрі: интерактивтік 
Сабақтың типі: ойын сабағы
Сабақтың әдісі: проблемалық, көрнекілік, тірек-конспектілік, сын тұрғысынан ойлау, 
Сабақтың тәсілі: Жалпы сыныппен, топпен, жеке оқушымен
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, биология, әдебиет, информатика, д/ш, т.б.
Қолданылған әдебиеттер: «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру: 
а) амандасу, түгендеу, құрал-саймандарын даярлау, тәртіпке шақыру;
ә) Оқушыларды алдағы сабаққа психологиялық жағынан дайындау, өтілу барысын таныстыру 
ІІ. «Тобыңды тап» 
Ойынның шарты: Шәкірттердің қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға әр түрлі патриоттық ән шумақтары жазылған парақшалар таратылады. Оқушылар жазылған ән жолдарына дыбыстап, әнге салу арқылы өз жұптарын табады. Оқушылар ән аттарына байланысты «Атамекен» және «Қазақстан» топтарына бөлінеді.
ІІІ. «Ұяшықтары сұрақтар» ойыны
Ойынның шарты: Кестедегі әр ұяшықта ұпай санына қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі. 
белгісінің мәні: оқушы кез-келген патриоттық ән орындауы қажет.
1. Батый ханның әділдігі туралы жазған Парсы тарихшысы (Жувейни)
2. Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілікке бөлінді? (95)
3. Шыңғысханнан кейін орнына кім отырды? (үшінші ұлы Үгедей)
4. Патриоттық ән орындау
5. “Жуас қала” деп аталған қала (Баласағұн)
6. Шыңғысханды қорғайтын жасауыл? (кешіктен)
7. Алтын Орданы құрушы монғол ханы (Батый)
8. 17 жасында хан болған кім? (Әбілхайыр)
9. Ақ Орданың орталығы қай қала? (Сығанақ)
10. Ақ Орда мемлекеті неше жыл өмір сүрді? (240)
11. Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды? (Шағатай)
12. Дін иелерінің жерлері қалай аталды? (Вакф)
13. Патриоттық ән орындау
14. Әмір Темір Мауаннахрда неше жыл жеке дара билік жүргізді? (35)
15. Ноғай Ордасының орталығы? (Сарайшық)
16. Әбілхайыр хандығы неше ру тайпадан тұрды? (92)
IV. Сөзжұмбақ «Монғол»
1) 1155-1227 жж. өмір сүрген Монғол ханының шын есімі. (Темучин)
2) Шыңғысханның баласы (Жошы)
3) Монғолиядағы өзен (Онон)
4) Қазақ тайпасы (руы) (Арғын)
5) 6 ай бойы берілмеген қала (Отырар)
6) Батый құрған мемлекет (Алтын Орда)
V. Сәйкестендіру тесті
I топ тапсырмасы
1. Алтын Орда А) Батпақ шайқасы
2. 1365 жылы Ә) Құндызша шайқасы
3. 1391 жылы Б) Батый
4. Мауараннахр В) Сарайшық
5. Монғолстан Д) Қарақорым
6. Ноғай Ордасы Е) Әмір Темір
IІ топ тапсырмасы
1. Отырар А) 1380 ж
2. Ноғай Орда Ә) Алмалық
3. Екіретүп Б) Едіге
4. Куликово В) Сығанақ
5. Ақ Орда С) Қайыр хан
6. Моғолстан Д) 1431 ж.
VI. Бұл кім? Ол не?
Шарты: суретте не немесе кім бейнеленгенін айту.
1-топ сұрақтары
1 - суретте «Ежелгі Отырар қаласының орны»
2 – суретте Әл-Фараби (870-950 жж.)
3 – суретте Бабажа-қатын кесенесі
І1-топ сұрақтары
1 - суретте «Сұлтан Бейбарыс»
2 – суретте Ежелгі Сарайшық қаласының жұрты
3 – суретте Отырар шайқасы
VII. «Тарих дөңгелегі» ойыны
Шарты: Дөңгелек 4-ке бөлінген. Әр бөлікте 2 сұрақ жасырылған.
Тұлғалар бөлігінде – тарихи тұлғаны табуға арналған сұрақ.
1. Алтын Ордада қай ханның тұсында Ислам діні мемлекеттік дін болып жарияланды? (Өзбек хан)
2. 1348 ж. Моғолстан ханы етіп кімді сайлайды? (Тоғылық Темір)
Түсіндір бөлігінде – оқиғаның мәнін, маңызын, себебін ашу қажет.
1. ОТЫРАР ОПАТЫ (1218 ж.)
2. БАТПАҚ ШАЙҚАСЫ (1365 ж. 22 маусымда Әмір Темір мен Ілияс-Қожа арасында Ташкент қаласының маңындағы шешуші шайқас. Екі жақтан 10 мың адам қырылған. Ілия Қожа жеңіске жетті.)
Оқиғаны анықта бөлігінде – датаға сәйкес оқиғаны табу қажет.
1. 1206 ЖЫЛЫ ..... (Монғол империясы құрылды) 
2. 1155 ЖЫЛЫ (кейбір деректерде 1162 жылы) .... (Темучин дүниеге келді)
Қанатты сөздер бөлігінде – мақалдың жалғасын табу
1. Ерлік білекте емес, жүректе
2. Батыр майданда шынығады, болат қайнауда.
VIII. Нашар оқитын оқушылармен жұмыс.
10 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары
ІХ. Бағалау.
Сабаққа қатынасқан барлық оқушылар бағаланады.
X. Қорытынды.
Атамекен!
Ой – қыры,
Толған тарих, жыр-аңыз,
Тұнған сырға шуағы.
Шуағына шомылып,
Тарихына шомғанда,
Алтын Адам сияқты
Аруақтанып шығамыз!
Тест
1. Ақ Орданың Алтын Ордадан біржола бөліне бастаған уақыты:

А)XIII ғ – ң II ширегі

В) XIII ғ- дан

С) XV ғ– ң II ширегі

D) XIV ғ– ң II ширегі

Е) XIV ғ– ң I ширегі

Дұрыс жауап: D

2. Орда Ежен билік құрған мемлекет:

А) Алтын Орда

В) Ақ Орда

С) Моғолстан

D) Әбілқайыр хандығы

Е) Ноғай Ордасы

Дұрыс жауап: В

3. Ақ Орданың аумағы Жошының осы балаларының иелігін қамтыды:

А) Орда Ежен мен Шайбани ханның

В) Үгедей мен Шағатай

С) Мөнке мен Төле

D) Ерзен мен Мұбәрак

Е) Мүбәрак пен Өзбек

Дұрыс жауап: А

4. Моғолстан мемлекетінің негізін қалаған бірінші хан:

А) Ұрұс хан

В) Уәйіс хан

С) Тоғылық Темір хан

D) Есен - бұға

Е) Ілияс - Қожа

Дұрыс жауап: С

5. Моғолстан мемлекетінің құрылуына басты рөл атқарған әмір, дулат тайпасының ақсүйегі:

А) Темір В) Поладшы С) Дува D) Жүніс Е) Қызыр - Қожа

Дұрыс жауап: В

6. Әмір Темірдің Тоқтамысты пайдаланудағы түпкі мақсаты:

А) Тоқтамысқа көмектескісі келді

В) Тоқтамыс арқылы Ақ Орданың аздаған жерін өзіне алу

С) Ақ Орданы да, Алтын Орданы да басып алу

D) Сығанақты басып алу

Е) Сырдария бойындағы қалаларды алу

Дұрыс жауап: С

7. Тоқтамыстың Мамай ордасын басып алу уақыты:

А) 1378 ж. В) 1379 ж. С) 1380 ж. D) 1381 ж. Е) 1382 ж.

Дұрыс жауап: С

8. Ақ Орда билеушісі болған Барақтың мақсаты:

А) Темірдің ұрпағы Ұлықбектің қол астына өту

В) Алтын Орда мемлекетін қайта құру

С) Сырдария бойындағы қалаларды қайтару

D) Мауараннахрды өзіне қарату

Е) Ақ Орданы әлсірету

Дұрыс жауап: С

9. Ақ Орда мемлекетінің өмір сүруін тоқтатты:

А) XIV ғ. В) XV ғ. басы С) XVI ғ. басы D) XV ғ. аяғы Е) XIV ғ. басы

Дұрыс жауап: В

10. Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша Моғолстанда Тоғылық – Темір тұсында бір күнде қанша мың адам ислам дінін қабылдаған:

А) 120 мың В) 130 мың С) 150 мың D) 160 мың Е) 170 мың

Дұрыс жауап: D

11. Қай жылы монғолдар Жетісу жеріне енді?
+А) 1218ж. В) 1219ж. С) 1217ж. Д) 1211ж.
12. Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды?
+А) Жошы В) Шағатай С) Үгедей Д) Төле.
13. Қай ханның кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан мүлдем оқшауланды?
А) Жұмадық В) Өзбек С) Темір-Мәлік +Д) Ұрыс хан
14. Моғолстанның құрылуында басты рол атқарған тайпа
А) қаңлы В) үйсін С) арлат +Д) дулат
15. Әмір Темір Мауараннахрдағы билікті қай жылы басып алды?
+А) 1370ж. В) 1336ж. С) 1376ж. Д) 1405ж. 
16. Ноғай Ордасының іргесін кім қалады?
+А) Ноғай В) Едіге С) Нұрад-дин Д) Жаңбыршы
17. Әбілқайыр қанша жыл хандық құрды?
А) 20 +В) 40 С) 35 Д) 60
18. Әскерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын салық
А) баж +В) тағар С) қапшуыр Д) құшыр
19. Мұрагердің, яғни хан баласының тәрбиешісі
+А) атабек В) көкілташ С) наиб Д) миршикар
20. Батыс Сібір қай жылы Әбілқайыр ханның қарамағына өтті?
+А) 1428ж. В) 1468ж. С) 1481ж. Д) 1495ж.

21. Алтын Орда құлап, Ақ Орданың әлсіреуі барысында Қазақстанның солтүстік-батысында құрылған мемлекет:

А) Ақ Орда    +В) Ноғай Ордасы      С) Моғолстан        Д) Темір мемлекеті

22. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөлектеніп, тәуелсіз феодалдық иелікке айналған кездегі басқарған билеуші:

А) Поладшы                  В) Батый            С) Ноғай          +Д) Едіге

23. Едіге әскерінде қыпшақ жасақтарынан басқа орыс кінәздерінің жасақтары одақтасып, қарсы күрескен ел:

+А) Литва              В) Польша       С) Венгрия                  Д) Хазар елі

24. Ноғай Ордасындағы көшпелі ақсүйектердің рөлін нығайтып, хандық билікті әлсіретуге бағытталған саясатты жүргізген басшы:

А) Ноғай          В) Батый               + С) Едіге                Д) Поладшы

25. XVI ғ. соңында Ноғай Ордасының астанасы Сарайшықты басып алып, жойып жіберді:

А) Алтын Орда хандары;               В) Әмір Темір басқыншылары;

С) Жоңғарлар;               + Д) Дон және Еділ казактары.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«XIII-XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан тарауын қайталау.»

Автор: Ержанбаева Меруерт Абаевна

Дата: 24.10.2017

Номер свидетельства: 434303


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства