kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сырым Датұлы бастаған ұлт -азаттық көтерілістің себебі мақсаты мен салдары нәтижесі тарихи маңызы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»

3-сабақ


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В

Отарлау және ұлт-азаттық күрес

Мектеп: 75мектеп-гимназиясы


Сағат саны: 1 сағат

Күні:19.11.2018ж


Мұғалімнің аты-жөні: Алтынбекова Г.Ш


Сынып: 8


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

(2- сабақтың жалғасы, 3-сабақ)

Сабақтың түрі

Зерттеу сабағы

Зерттеу сұрағы

Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары


7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру


Тарихи концепт (фокус)

  • Себеп-салдар

Сабақтың мақсаты

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Сырым Датұлын тарихи портретін зерттеу және баға беру

Бағалау

критерийлері





Сыни ойлау мен талдау- Сырым Датұлының тұлғалық қасиеттерін талдайды


Бағалау- Сырым Датұлының тарихи портретіне баға беру


Тілдік мақсаттар


Тыңдалым дағдысы- мұғалім мен оқушылардың баяндаған ақпаратын тыңдайды;

Оқылым дағдысы- берілген мәтіндерді оқиды;

Айтылым дағдысы- түрлі тапсырмаларды талқылап, сынып алдында жариялайды;

Жазылым дағдысы- жазба тапсырмаларын орындайды

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Демократия, құқық, шешен

Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:

Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық қозғалыс маңызды тұлға- Сырым Датұлы, себебі...

Негізгі өзгерістуге ұмтылды.... .... ....

Бұл тұлға тарихи оқиғада маңызды роль атқарды, оның дәлелі...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» идеясы негізінде азат елдің тәуелсіздік бұғауына түсу тарихын оқыту арқылы патриотизм құндылығы жүзеге асады

Сабақ барысында НЗМ құндылықтарының бірі «Функционалды сауаттылық», топтық жұмыста «Құрмет пен ашықтық» іске асады

Пәнаралық байланыстар

Сабақтың басында жаңа сөздермен жұмыс сәтінде және оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым тапсырмалары кезінде қазақ тілі сабағымен байланыс;

Сабақтың ортасында зерттеу, талдау сәтінде география, дүниежүзі тарихы пәндерімен байланыс жүзеге асады

АКТ қолдану дағдылары

Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтары көтерілісінің барысы мен тарихи маңызы туралы біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы



3 мин













Ұйымдастыру сәті. Оқушыларды топтастыру.

Өткен материалды еске түсіру.

(Б) Галерияға саяхат әдісі арқылы оқушылармен диалог әңгіме жүргізіледі. Оқушылардың назарын басты зерттелетін мәселеге шоғырландыру үшін төмендегідей сұрақ қойылады:

-1783-97жж Кіші жүз қазақтарының

көтеріліс басшысы кім?

-Сырым Датұлы -саяси тұлға ма?

(М) Оқушылардың жауабы тыңдалып болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Бүгінгі сабақта қазақ тарихындағы тұңғыш ұлт-азаттық көтеріліс басшысы Сырым Датұлының тұлғалық келбеті зерттелетіні туралы айтылады.


(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты пысықталады. Бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.


  • Тарихи концепт (фокус): Себеп-салдар


Презентация




Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)

3-том. – Алматы, 2010.

Сабақтың ортасы





10 мин































17 мин



























8 мин














Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?


Зерттеу мен талдау

Суретпен жұмыс.

(Т) Топтарға суретті (Сырым батыр портреті) мына сөздермен (батыр, шешен, патша үкіметі, хан билігі, халық, демократия, отаршылдық, жер дауы, халық мүддесі, құқық) байланыстырып 5 минуттық эссе жазу тапсырылады. Тұлғаны 1-топ шешен, 2-топ батыр, 3-топ демократ ролінде танып, 4-топ Сырым тарихи тұлға деп сипаттап шығуы керек.


1-топ. Сырым-шешен

2-топ. Сырым-батыр

3-топ. Сырым-демократ

4-топ Сырым тарихи -тұлға


Топтар өздерінің тұлға туралы ой-пікірін сынып алдында оқиды. Келесі тапсырма әр топ тұлғаға қатысты берген ой-пікірін дәйектермен дәлелдеу үшін, зерттеу жұмысын жүргізу тапсырмасы ұсынылады.

(Т ) Мәтін немесе бейнематериалмен жұмыс.

Топтарға өздеріне қатысты тапсырмаға сәйкес тарихи тұлға Сырым Датұлы туралы ақпарат жинақтау тапсырмасы беріледі. Оқушылар өз топтарында ақпараттарды дәйектермен нақтылап, талқылау жүргізеді және өздерінің зерттеу мәселесіне байланысты басқа топтарға беретін «ой-талқы» сұрағын дайындайды. Жұмыс нәтижесін сынып алдында жариялайды.


1-топ. Неліктен Сырымды шешен деп танимыз?


Мәселен, Б Сырымның шешендігі мен тапқырлығына мысал: Сырым Датұлы-ержүрек, тапқыр, ақылға бай, айлакер, батырлығымен қатар, шешендігімен елге танылған тұлға. (Сырым шешеннің нақыл сөздері мен тапқырлығын мысал келтіру)


«Бір реті келгенде Сырым Нұралы ханға:
- Сен аз бен көпті, ақ пен қараны, әлсіз бен мықтыны теңгере алмадың. Біреуді біреу талап жатыр, сен халықты басқара алмадың,-депті.
Хан оған қарсылық білдіріп:
- Батырым, тасып жүрсің-ау,- депті. Сонда Сырым іркілместен:
- Тақсыр, тасып жүргенім жоқ, қайта қазақ баласының басын қоса алмай, сасып жүрмін, -деп жауап қайтарыпты».

-Оқушылар, Сырымның бұл жауабының астарында қандай мағына жатыр? Ой бөлісу.


2-топ. Неліктен Сырым Датұлы хандық билікті жоюға талпынды? Қандай батырлық ерліктерін жоғары қоясыңдар?


3-топ. Неліктен Сырым Датұлын дала демократиясының негізін қалаушы деп атаймыз?

4-топ Неліктен Сырым тарихи тұлға деп танимыз?

Дескриптор:

1-топ. Сырым Датұлын шешен болғандығын кемінде 2 дәйекпен дәлелдеп, талдайды.

2-топ. Сырым Датұлын батыр болғандығын кемінде 2 дәйекпен дәлелдеп, талдайды.

3-топ. Сырым Датұлын демократ болғандығын кемінде 2 дәйекпен дәлелдеп, талдайды.

4-топ.Сырым Датұлын тарихи тұлға екенін кемінде 2 дәйекпен дәлелдеп, талдайды?

Кері байланыс. Топтар бір-біріне кері байланыс береді.


Интерпретация

Білімді жинақтау, ойды түйіндеу.

(Т) Енді бүкіл сынып алдындағы міндетортақ шешімге келіп, Сырым Датұлын тарихи тұлға ретінде баға беру. Әрбір топ өз жұмыстаының қорытындысын тұжырымдауы қажет. Сынып оқушыларына зерттеу сұрағы қойылады:


Сұрақ: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?


Тақтаға қоржын ілінеді. Тапсырма шарты бойынша әр топтың оқушылары 3 стикерге (Сырым көтерілісінің құндылықтары, мақсат-мүдделері, халықтың көтерілістен күткен үміттері, батырдың тұлғалық қасиеттері т.б туралы өз ой-пікірлерін) жазу қажет. Мұғалім сынып алдында қоржыннан стикерлерді алып, ондағы оқушылар ой-пікірін оқиды. Сөйтіп, Сырым көтеріліс құндылықтары, халықтың көтерілістен күткен үміттері мен халық мүдделері анықталып, ой-түйінделеді.


Дескриптор

-Жауап құрылымын сауатты құра алуы;

-Дәйекпен дәлелдеп, жауапты дұрыс бере алуы

Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы


Оқулық

Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Қазақстан тарихы Ж/ б/ б/м 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012.








Қосымша-2


Мәтін таратпалар


Бейнематериалдар


8 сынып. Қазақстан тарихы.

http://e-history.kz/kz/scorm/course/226




Сырым батыр (KZ). Деректі фильмі.

http://e-history.kz/kz/video/view/117#scontent




http://e-history.kz/kz/scorm/course/286




Ғаламтор материалдар




























Сұрақтар интер тақтадан көрсетіледі немесе карточка түрінде жазылып беріледі


Сабақтың аяғы



2 мин

Рефлексия. «Өз жетістігіңді бағала»



-Мен бүгінгі сабақта нені меңгердім?



Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:1,Сөйлемдер сөз тіркестері беріледі 2,Бес саусақ тапсырмасы беріледі

Орташа көмек қажет ететін оқушыға:Жетелеуші сұрақтар беріледі

Азырақ қолдауды қажет ететін оқушыларға:1,Проблемалық сұрақтар беріледі, деңгейіне қарай күрделеніп беріледі

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

  • Бүгінгі Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбын қандай дәрежеде өттік, тақырыпты меңгердіккпа? Зерттеу сұрағының мазмұны мен мақсатын аша алдық па? бүгінгі сабағымызды қанекей балалар қалай бағалар едік ?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Автор: Алтынбекова Гульчирин Шымырбековна

Дата: 29.11.2018

Номер свидетельства: 488240


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства