kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы" ашық сабақтың әдістемелік талдауы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа сабақты түсіндіруде СТО стратегиялары  әдісін пайдаланамын (слайд арқылы КСРО мемлекет басшыларының суреттері мен басшылық еткен жылдары, атқарған қызметтері жайлы мәліметтерді түсіндіремін).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы" ашық сабақтың әдістемелік талдауы.»

Тақырыбы: КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Журналды толтыру.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Аудиторияның дайындығы.

ІІ. Қызығушылықты ояту фазасы:

Ой шақыру стратегиясы арқылы сұрақтарға жауап беру:

1. КСРО ның құрылуы

2. Конституцияның қабылдануы

3. Социалистік қоғамды дамытудың лениндік үш бағыты (ЖЭС, индустрияладыру, ұжымдастыру)

ІІІ.Мағынаны тану фазасы:

ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты, хабарлануы.Тақырыбы: КСРО-ның ыдырауы, ТМД-ның құрылуы.

  1. Соғыстан кейінгі жылдардағы экономиканы қалпына келтіру.

  2. Елдің қоғамдық саяси өмірі.

  3. 1945-1991жылдардағы мемлекет пен партия басшылары.

4.Ұлт мәселелерінің шиеленісуі.

5.1991жылғы Тамыз оқиғасы.

6.ТМД- ның құрылуы.

ІҮ.Жаңа сабақты өту барысында орындалатын іс әрекеттер:

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру

2.Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақты түсіндіруде СТО стратегиялары әдісін пайдаланамын (слайд арқылы КСРО мемлекет басшыларының суреттері мен басшылық еткен жылдары, атқарған қызметтері жайлы мәліметтерді түсіндіремін).

1945-1991ж.ж. КСРО

Кеңес Одағының экономикасы соғыстан әлсіреп шықты.Соғыс жылдарында 25млн. жуық адамынан айырылды.

КСРО экономикасы бейбіт жағдайда қайта құрыла бастады.1946ж.наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Бірінші сессиясы 1946-1950ж.ж. аралығын қамтитын халық шаруашылығын қалпына келтіру мен дамытуға арналған бесжылдық жоспар қабылданды.

Соғыстан кейін Кенес Одағының шекаралық шенбері өзгеріске ұшырады. Құрамына антигитлерлік одақтағы елдердің ризашылығымен Оңтүстік Сахалин және Курил аралдары, Потсдам конференциясының шешімі негізінде Шығыс Пруссия жері қосылды.

1952 ж. Ленинград пен Мәскеуде «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» дейтін саяси науқандар қызу жүріп жатты.

Ұлы жеңіс қуанышы және тұрмыс жақсарады деген сенім КС РО тұрғындарының енбек өрлеуін туғызды.1947ж.желтоқсанда карточка жүйесі жойылды. Соғысқа қатысқандар мен соғыста қаза болғандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетті.

1952 жылы қазанда партияның ХІХ съезі болып өтті.Ол Бүкілодақтық коммунистік Партияның атын КОКП деп өзгертті.1953 ж.наурызда Сталин қайтыс болды.1953ж.қыркүйекте КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып,Н.С.Хрущев сайланды.

Ауыл шаруашылығын маңызды мәселелерін шешу үшін,дәнді дақылдар өнімін арттыру үшін елде тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.

1956жылы ақпанда КОКП ның ХХ съезі болып өтті.Онда Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптап,оның зардаптарын жою,партия тұрмысының нормаларын қалпына келтіру,партиялық демократияны өрістетудің жолдарын сөз етті.

1961жылы 12 сәуірде Кенес азаматы Ю.А.Гагариннің ғарышқа тұңғыш рет ұшуы болды.Бұл Кенес ғылымы мен техникасының жарқын жеңісі деп қабылданды.

1958 жылы «Мектептердің өмірмен байланысын нығайту» туралы шешім қабылданып, орта мектептерде оқу мерзімі 11-сыныпқа дейін ұзартылды. 1964жылы 14 қазанда партия пленумы Хрущевті елдегі ұжымдық басқарудың принциптерін бұзғаны және қытаймен арадағы қатынасты ушықтырғаны үшін қызметтен босатты. КОКП ОКнің Бас хатшылығына Л.И.Брежнев сайланды.

Оның басқаруымен партиялық мемлекеттік басшылық саяси және әлеуметтік экономикалық салада жаңа бағытты іске асыруға тырысты.

1965 жылы қыркүйекте реформа жүргізі туралы шешім қабылданды.

1980 ж.ортасында 100ге жуық одақтық, 800 дей республикалық министрлік қалпына келтірілді.1965ж. қыркүйекте экономикалық реформа жасау туралы шешім қабылданды.1960-1980ж.ж. елдің саяси өмірінде «Неке және отбасы» туралы кодекс, «Мәдени ескерткіштерді қорғау» туралы Заң актілерін қабылдау іске асырылды.

1982 жылы Брежнев қайтыс болып,басшылыққа Андропов келді.Бірақ ол1984 жылы дүние салып, ел және партия басшылығына К.Черненко келді.

1985ж.наурызда Черненконың қазасынан кейін КОКП ОК бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды.Қоғамның барлық жақтарын жаңарту қажеттілігі туды.Кенес қоғамында көптеген реформалар басталды.

Бұл қайта құру деп аталды. Горбачев дүниежүзілік ахуалды бағалауда жаңа элементтер енгізді. 1987 жылы қантарда жариялылық енгізу туралы шешім қабылданды. 1985ж. қабылданған экономикалық дамуды жеделдету концепциясы дәрменсіздігін көрсетті.

1986жылғы 16желтоқсан Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленуымында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі:

--КОКП ОК-нің комитетінің хатшысы Г.П.Разумовский ұсынысымен Д.А.Қонаев қызметінен алынды.

--Қазақстан Үкіметінің басшылығына КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің Бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды. (1986-1989ж.ж.)

Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986ж. Алматыдағы Желтоқсан оқиғаларына әкеп тіреді.

1986ж.17 желтоқсанда Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасы басталуының сылтауы—Г.В.Колбиннің Республиканың Жоғарғы басшылығына тағайындалуы.

80-жылдардын соны мен 90-жылдардың басында КСРО-да саяси идеологиялық бірлік пен біртұтастық жойыла бастады. Оның көрінісі тамыз төңкерісінен анық байқалады.

1991жылгы 19 тамыз КСРО Президенті М.С.Горбачевтің денсаулығының нашарлауына байланысты Президенттің өкілеттілігі КСРО-ның вице президенті Г.И.Янаевтың қолына көшетіндігі туралы мәлімдеме жарияланды.

Елді басқару мен төтенше жағдайды жүзеге асыру үшін төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитет (ТМЖК құрылды).

Мақсаты: КСРО дағы ауыр экономикалық және саяси жағдайды пайдаланып,билікті қолдарына алу.

ТЖМК мемлекеттік төңкеріс жасауда МХК әскерінің жекелеген буындары мен Кенес әскеріне арқа сүйеді.

Бұл кезде Қырымда Фороста демалып жатқан М. С.Горбачевтің сыртпен байланысы тоқтатылды.Елде ауыр жағдай қалыптасты.21тамызда М.С.Горбачев ұшақпен Мәскеуге қайтып келіп,ел басшылығын қолына алды.КСРО Бас прокуроры ТМЖК мүшелерінің үстінен қылмысты іс қозғады.

Төнкеріс нәтежесі:

-- КСРО-ның күйреу процесін тездетті;

-- 20- тамызда жасалуға тиісті Одақтық келісім шарт біржола жойылды.

Мемлекеттік төңкерістің сәтсіз аяқталуы КОКП ның беделін түсірді.

1991ж.8 желтоксан Беловеж келісімі

1991ж.13 желтоксан Ашхабад келісімі

1991ж.21желтоқсан Алматы келісімі:

-- КСРО өмір сүруін тоқтатты.

-- ТМД құрылды

-- Ядролық құруы бар мемлекеттер ТМД ға енетін барлық республикалардың ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге келісті.

1991 жылы 25 желтоксан М.С.Горбачев КСРО Президенті қызметінен босатылды.1991жылы 26 желтоқсан КСРО ның өмір сүруін тоқтатқандығы туралы Декларация жарияланды.

Топ оқушылары үшке бөлінеді.

Тақырып бойынша өздері дайындалып келген КСРО ның басшылары туралы деректерін айтады.

Әр топтың басшылары ортаға шығып, 10 сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:

1.КСРО мен Финляндия арасындасындағы келісімге сәйкес КСРО құрамына кірген облыс – Печенга облысы

2.Потсдам конференциясының шешімі негізінде қосылған жер - Пруссия

3.Тува Республикасы КСРО құрамына қабылданған жыл -1944ж.

4. «Ленинград ісі», «Дәрігерлер ісі» атты саяси науқандар қай жылы болды?

1952ж.

5.Ақша реформасы қай жылы жүзеге асырылды? – 1947ж.

6.«Жылымық жылдар»- 1953-1964ж.ж.

7.1961ж.сәуірде болған оқиға?- Гагариннің ғарышқа ұшуы

8. Брежнев қай жылы ел басқарды? -1964ж.

9.1965ж. қандай реформаны іске асыру туралы шешім қабылданды?

-- экономикалық

10.Кеңес әскерлерін Ауғанстанға енгізу қашан басталды?- 1979ж. желтоқсан

11.КСРО тараған жыл- 1991ж.25желтоқсан

12.ТМД құрылған жыл- 1991ж.21желтоксан

13.Беловеж келісіміне қол қойған елдер- Ресей,Украина,Беларуссия

14. КОКП ның ХХ съезі қашан балды?- 1956ж.ақпан

15. Халық шаруашылығын басқарудың Жоғарғы Кенесі қашан құрылды?--

1963 ж. наурыз

16. Хрущев Н.С. «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама.

17. 1959ж.--Қазақстан өнім өндіруден Одақта 3-орынға шықты

18. Тың игеру жылдары Қазақстанда 25млн. га жер жыртылды.

19. «Бейбітшілікті қорғау» туралы Заң қашан қабылданды?-1951ж.12наурыз

20. Кариб дағдарысы – 1962ж. жаз

21. Реформашылдык кезең – 1962-69ж.ж.

22.1977ж.7.10. қандай оқиға болды ? - КСРО Конституциясы қабылданды

23.1979ж.көктем-- Ю.Андропов ұсынысымен КОКП ОКі Қазақстан аумағында неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады

24. «Невада - Семей » қозғалысы құрылған жыл – 1989ж.акпан

25. Президент Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қашан қол қойды?- 28 тамыз 1991ж.

Жаңа сабақты қорытындылауда: INSERT

білемін

Білгім келеді

үйрендім



Ү. Үйге тапсырма: 1.Г.Көкебаева, Ж.Салпынов. Қазіргі заман тарихы

А.,2004ж.

2.ТМД елдерінің қазіргі кезеңдегі дамуы жайлы рефераттар жазып келу

3.Жаңа ұғымдармен жұмыс





















ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі









Әлем тарихы

пәнінен ашық сабақтың әдістемелік талдауы



Тақырыбы: КСРО ның ыдырауы.

ТМД ның құрылуы.





Дайындаған : Қоғамдық және жалпы білімдік пәндер циклның

оқытушысы – Биғалиева А.М.

















Қызылорда 2016ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ның құрылуы" ашық сабақтың әдістемелік талдауы.

Автор: Биғалиева Анар Мұхамбетовна

Дата: 16.11.2016

Номер свидетельства: 359385


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства