kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама: "Ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жас ұрпаққа жан - жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі –ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама: "Ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету"»

Ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету

Жас ұрпаққа жан - жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі –ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.

Сондықтан жалпы білім беру саласының алдына қойылған осы мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының тарихи сауаттылығын арттыруға келіп тірелетіні мәлім. Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшу процесі жүріп жатыр. Оқушыларға сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде. Мұғалімнің негізгі мақсаты – ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы артады. 

Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинский «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді»-, деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі тарих пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оның дұрыс түсіне алмай жүргеніне, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да баршылық. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі. 
Білім беру процесінде оқытудың инновациялық технологиялары жедел қарқынмен енгізіліп жатқан қазіргі дәуірде оқу материалын меңгеру үшін Б. Блум ұсынған төмендегідей жүктемесін пайдалану үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін педагогикалық тәжірибелер көрсетуде: танып - білу - түсіну - анализ - синтез - қолдану - бағалау. «Білім болмаса, ойлау да болмайтындықтан» әрбір оқу пәнін меңгеру процесінде оқушы сол пәнге сәйкес ойлау тәсілдерін де меңгере бастайды.

Танымдық - диалектикалық заңдылықтарына сүйене отырып, тарихи ұғымдарды меңгеруде, ұғымға сәйкес термин - сөздермен, символдармен жүйелі түрде мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу керектігін, оқушылардың тарихи ұғыммен білімдерді саналы және белсенді меңгерулерін басқару мүмкіндігін ескере отырып, ұғымдарды қалыптастырудың төмендегі ғылыми -әдістемелік деңгейі көрсетілген.

1. Оқыту процесінде енгізілетін тарихи ұғымдардың бейнелері болып табылатын жеткілікті объектілерді оқушыларға көрсетіледі және олардың өмірдегі тәжірибесін есепке алып, жаңа ұғым туралы алғашқы елестетулер туғызады. Мәселен іргелес екі көршіні бір - бірінен бір қабырға бөліп тұрады. Бұл мысал іргелес (сыбайлас) бұрыштар туралы ұғымның пайда болуына әкеледі.
2. Енгізілетін тарихи ұғымның сипаттық қасиеттерін ажырату. Бұл оқытылатын ұғымдағы заңды байланыстар мен қарым - қатынастарды анықтауға байланысты. Мұндай сипаттық қасиеттер ұғымды қалыптастыруға, оны дамытуға және қолдануға жеткілікті болу керек. 
3. Тарихи ұғымның анықтамасын тұжырымдау. Мұнда жаңа ұғымның аты - жаңа термин айтылады. Ол термин оқушылар жадында сақталып қалуы үшін оқушылар көңілі жаңа терминнің мағынасына аударылады.

4. Оқушыларда жаңа енгізілген термин және символдың тарихи - генетикалық құрылыммен таныстыру. Бұл оқу мазмұнын адамгершілікке, оқушылардың «Неге бұл ұғым осындай атпен аталады, неге басқаша аталмайды?» - деген сияқты сұрақтарына жауап берудің тәрбиелік және ғылыми мәні бар.

5. Оқытылған тарихи ұғымды жалпылау, оны оқу процесіндегі ұғымдарын оқып білуіне қиын болатындығы туралы оқушылар сенімін қалыптастыру.
6. Жаңа енгізілген ұғымның практикалық қолдануларын көрсету, яғни сол ұғымды практикада қолдану.

Пәннің негізін меңгертуде пән мұғалімдері өз пәнін терең білетін, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс - тәсілдерін меңгеруі қажет. Сабақта оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуін шығармашылық қызметке баулуды әр түрлі деңгейде пайдалануға болады.

Оқушылардың тарих пәнін игеруде қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жұлдызды шақ», «Бақытты кезең», «КВН», «Жарыс сабақ», «Сайыс сабақ» түрлерін жүргіземін ( қайталау сабақ).

Оқушыларға тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өту әр мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көрсетеді. Бүгінгі шәкірт - ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің «Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кіналауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» - деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.










































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Баяндама: "Ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету"

Автор: Тулепбергенова Жансая Болысбайқызы

Дата: 01.12.2017

Номер свидетельства: 441633

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(247) "Баяндама:Оқушы белсенділігі мен шығармашылығын арттыруда «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдістерінің тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_ok_ushy_bielsiendilighi_mien_shyg_armashylyg_yn_arttyruda_ok_u_mien_zh"
    ["file_id"] => string(6) "411583"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1493134780"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "Стандарт емес о?ыту т?сілдерін ?ндіру ар?ылы саба?ты? о? н?тижесін арттыру жолдары."
    ["seo_title"] => string(91) "standart-iemies-ok-ytu-t-sildierin-ondiru-ark-yly-sabak-tyn-on-n-tizhiesin-arttyru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "250770"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1447139146"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "О?УШЫЛАРДЫ? ЛОГИКАЛЫ? ОЙЛАУЫН ЛОГИКАЛЫ? ЕСЕПТЕР АР?ЫЛЫ ДАМЫТУ"
    ["seo_title"] => string(67) "ok-ushylardyn-logikalyk-oilauyn-logikalyk-iesieptier-ark-yly-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "308244"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1458550868"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Баяндама "О?ытуда инновациялы? технологияны пайдалануды? тиімді жолдары" "
    ["seo_title"] => string(79) "baiandama-ok-ytuda-innovatsiialyk-tiekhnologhiiany-paidalanudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "194995"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427828133"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) "Баяндама "О?ытуды? инновациялы? технологияларын математика саба?ында пайдалану тиімділігі""
    ["seo_title"] => string(90) "baiandamaokytudyninnovatsiialyktiekhnologhiialarynmatiematikasabagyndapaidalanutiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "283617"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1453863274"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства