kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін информатика сабағында қолдану.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақала оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін информатика сабағында қолдану тақырыбына арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін информатика сабағында қолдану.»

Мектеп: Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Қарағанды «Жас ұлан» мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Советов Елдос Садетович





Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін информатика сабағында қолдану


Ұстаз - мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін дамытатын негізгі тұлға, сондықтан ұстаз заман талабына сай болуы керек. Бұл одан әрқашан білімдерін жетілдіруді, ізденуді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі туындайды.

Жеті модульді тізбектелген сабақтар топтамасына жүйелі енгізе отырып тиімді сабақ өткізуді жүзеге асыру үшін мектептегі тәжірибеде сындарлы оқытуға негізделген Power Point бағдарламасына арналған сабақтар топтамасы жоспарланып өткізілді. Сабақты жоспарлау кезінде мақсаты мен күтілетін нәтижені нақты СМАРТ-ға сәйкес анықталып, жоспарланса табыс критерийлері айқын болады. Соңғы күтілетін нәтиже ретінде оқушыларды Power Point бағдарламасының көмегімен таныстырылым жасауға қалыптастыру болып табылатын, сол нәтижеге жеттім.

Сабақты табысты жүргізу үшін топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргіздім. Сыныпта оқушыларды топқа бөлудің әртүрлі әдістерін қолданып көрдім. Бірінші сабағымда топқа бөлу үшін сынып оқушыларын ортаға шақырып, стол үстіндегі түрлі-түсті қағаздардың астына жазылған топ аттарын таңдаттым. Топ атаулары сәйкес келген оқушылар топ құрды. Екінші сабағымда топқа интербелсенді тақтадағы сан атауларының астына жасырылған топ атауларын таңдау арқылы бөлсем, үшінші сабақта оқушыларым әскери мектеп ұландары болғандықтан 1, 2, 3-ке саптық бөлу арқылы біріктірдім. Әртүрлі жолмен топқа біріккен оқушыларымды бақылай отырып, сыныптағы оқушылардың жақсы оқитындықтарына, жолдастық қарым-қатынасына қарай бірікпей, кез келген оқушылар топқа кездейсоқ біріккенін көрдім. Сабақтарымды өткізу барысында осылайша топқа бірігу оқушылардың өздерін әр қырынан көрсетіп, өз ойларын ұялмай еркін айтуына, топ жұмысына белсене араласуына әкелді. Сыныпта жақсы жұмыс атмосферасын қалыптастыру үшін барлық оқушы бағынатын топтық жұмыс ережесін құрастырдық. Бұл ережені топтағы оқушылар өздері ойлап шығарды. Оқушылар топ басшысын тағайындады, топ ішінде оқушылардың жұмысына талдау жасады, бағалау қағазын толтырып отырды.

Сабақтың күтілетін нәтижесіне жетуде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту үшін топтық жұмыстың ЖИГСО, «Ақылды доп», «Домино» әдістерін сабақтарымда қолдандым. ЖИГСО әдісін пайдаланғанда оқушылар берілген тақырыпты мұқият оқыды, басқа топ мүшелерімен талқылады, өз тобына оралғанда мәліметті түсінікті тілмен баяндады. Бұл жұмыс барысында топқа біріккен оқушылардың сұхбатқа қатысуына, өз ойларын сыныптастарына жеткізуіне, басқалардың ойын тыңдай білуіне көңіл аудардым. Ары қарай оқушылар сыныптастарымен талқылаған ақпараттарын өз тобына түсіндірді. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренді. Жаңа тақырып бойынша постер сызды. Постерді қорғауға кез келген оқушының алдына стикер жапсырдым, бұл жағдайда топтағы әр оқушы тақырыпты талдауға дайын болды.

«Ақылды доп» әдісін үй тапсырмасын сұрау үшін пайдаландым. Кез келген топ мүшесі қолындағы допты топтың басқа мүшесіне лақтырып, үй тапсырмасы бойынша кез келген сұрақ қойды. Допты алған оқушы сұраққа жауап берді және допты басқа оқушыға беріп, өзі сұрақ қойды. Осылайша үдеріс жалғаса берді. Жауабы дұрыс болмаған оқушыларға сыныптастары көмек көрсетті. Осы әдіс оқушылардың көңілінен шықты, жұмысқа барлық оқушылар қатысты, оқушылар сыныптастары қандай сұрақ қоятынын алдын ала білмеді, сұрақ жауабының дұрыс-бұрыстығын оқушылар өздері айтып, толықтырып отырды.

«Домино әдісінде» топтағы оқушылардың алдына карточкалар таратылды. Карточкалардың бір бөлігінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы болды. Оқушылар ондағы сұрақтың жауабын басқа карточкадан іздеп, дұрысын қасына қойды. Ары қарай екінші бөлігіндегі сұраққа жауап іздеді. Ойын ретінде ұйымдастырылған бұл әдістің тиімділігі оқушылар бірігіп сұрақтың жауабын іздейді, бір-бірінің ойына күмән келтірді, бұрын өткендерді еске түсіруге ынталанды, білім мен түсінігін толықтырды.

Үлгерімі орта, өзіне, біліміне сенімділігі аз, ұяң оқушылар топта басқа оқушылармен бірігіп жұмыс істей отырып жақсы жағына қарай өзгерді, олар ақылға қонымды мәлімет ұсынды, қатысушыларға сұрақ қойды, идеяларын айта отырып айтқандарын дәлелдеді, жеке қабілеті ашылды, тақырыптарды бірге талқылап, өз ойларын еркін айтты, сенімділік жоғарылады. Осы жұмыстар барысында оқушыларды бақылай отырып талантты және дарынды оқушыларды, көшбасшыны анықтадым. Олардың айтқандары көпшіліктің көңілінен шықты, жұмыс барысында олар тізгінді қолдарына алып, жұмысты дұрыс ұйымдастыруға басшылық жасады, белсенділік танытты.

Жаңа сабақты бекіту және алған білімдерін тексеру мақсатында АКТ-ны қолдана отырып оқушылар компьютерде практикалық жұмыстар орындады. Тапсырмалар ақпаратты ғаламтордан іздеу, оны таныстырылымда қолдану, аннимация, эффектілер, гиперсілтемелер қолданудан құралды. Оқушылардың практикалық жұмысын бақылай отырып мынадай тұжырымға келдім: оқушылардың көпшілігі компьютерді жақсы меңгерген, ғаламтордан керек ақпаратты қиналмай тез тапты, таныстырылымды көрсетілген үлгіде безендірді, гиперсілтеме, эффектілерді қиналмай қойды. Мектебіміз әскери болғандықтан шығармашылық жұмыс тақырыбы ретінде әскери қару-жарақ туралы таныстырылым ұсындым. Өздерінің болашақ мамандықтарына қатысты болғандықтан оқушылар таныстырылым жасауда ерекше құлшыныс білдірді, ғаламтордан, басқа да дереккөздерден ақпарат жинады, оны құрылымдап, презентация жасады, қорғады. Оқушылардың жұмыстары тақырыпты жақсы ашты, жұмыстарын интербелсенді тақтада қорғады. Осы кезде оқушылардың алғашқы сабақпен салыстырғанда сөйлеу мәнері жақсарғанын, тақырыптың ішінен қажетті мағлұматты таңдай отырып, танысытырылымды тыңдаушыларға тартымды, түсінікті тілмен жеткізгенін көрдім.

Оқуды бағалау үшін сыныптасын және өзін-өзі бағалау әдісін қолдандым. Оқушылардың жұмысы «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам» арқылы бағаланды. Бағалау дискрепторы арқылы оқушылар өздерін, көршілерін бағалады. Алғашқы сабақта олар бір-бірінің көңіліне қарап бағдаршамның жасыл түсін көтерген еді. Кейінгі сабақтарда олардың бағалауы әділ болды, сыныптастарының жұмыстарының жақсы жақтарымен қоса кемшіліктерін бүкпей ашық айтып, дұрыстау жолдарын көрсетті. Бағалау дискрепторы арқылы өз-өздерін бағалағау нәтижесі жақсы болды, оқушылар өздерінің қандай кемшіліктер жібергендіктерін бүккен жоқ.

Сабақтың соңында оқушылар кері байланыс жасау үшін «Маған не қиын болды?», «Не ұнады?» деген сұрақтар бойынша тілектерін стикерге жаздырып қалдырды. Алғашқы сабақта олар «Бәрі жақсы», «маған сабақ ұнады» деп жазса, үшінші сабақта «Мен келесі сабақта сілтемелер бойынша тереңірек білгім келеді» деген сияқты тілектерін жазып қалдырды. Көпшілігі оқыту мен оқудағы жаңа әдістердің қызықты екендігін айтты, сабақтарда осы әдіс-тәсілдер қолданылса екен деп тілек айтты.

Информатика пәнін оқытатындықтан сабақтар өткізуде АКТ-ны көп қолдандым: ақпаратты ғаламтордан іздеу, компьютерде таныстырылым жасау, интербелсенді тақтаны пайдалану, жұмыстарын компьютерге сақтау, жұмыстарын редакциялау, тексеру. Оқушылардың алған білімдері болашақта тиімді, себебі кез келген мамандық саласында таныстырылым жасау, көрсету қазіргі заман талабына сәйкес келеді. Осы өткізген сабақтарымнан байқағаным сабақ үстінде жұмыссыз отырған оқушы байқалмады, барлығы қандай да болмасын оқу-танымдық іс-әрекетке басқалармен бірігіп қатысып отырды, жұмыссыздыққа уақыт болмады. Оқушылардың барлығы сабақта өз пікірін көпшілік талқысына салды. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша ғаламтордан, басқа дерек көздерінен ақпаратты көп іздестірді, жауаптары мазмұнды, фактілерге негізделген болды. Мен оқушыларға кеңесшісі ретінде бағыт бердім, барлық белсенділік оқушыларға жүктелді.

Сыныптaғы бaрлық oқушылaрдың oқу үдерісін бaқылaй aлуды, бaрлық oқушылaр oқудa тaбысты бoлуынa қoл жеткізу үшін сaбaқтaрды дұрыс жoспaрлaу мен бaғaлaуды, oқушылaрдың дaмуынa ықпaл ететін әлеуметтік, эмoциялық, тaнымдық фaктoрлaрды дaмытуды көздеп oтырмын. Ұстaз еңбегінің жемісі - білімді де тәрбиелі шәкірті. Педaгoгтaр зaмaн тaлaбынa сaй білімін үнемі тoлықтырып oтыруы міндет екенін дұрыс сезінуі қaжет. Aдaми және кәсіби құндылықтaрын, өзіндік ұстaнымын жaңa фoрмaтты сaбaқ беруде, сындaрлы oқытудa сыни көзқaрaсы қaлыптaсқaн ұстaз жaс жеткіншекті тәрбиелеу мен oқытудa зoр үлеске жетері aқиқaт.

1



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін информатика сабағында қолдану.

Автор: Советов Елдос Садетович

Дата: 11.02.2017

Номер свидетельства: 390453

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(117) "Тақырыбы: информатика сабағында жеті модульді тиімді пайдалану"
    ["seo_title"] => string(61) "takyryby_informatika_sabagynda_zheti_moduldi_tiimdi_paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "577920"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1618150757"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) ""Кэмбридж технологиясының 7 модулін информатика сабағында қолдану" эссе"
    ["seo_title"] => string(77) "kembridzh_tiekhnologhiiasynyn_7_modulin_informatika_sabag_ynda_k_oldanu_essie"
    ["file_id"] => string(6) "395315"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1487953688"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(147) "Информатика саба?тарында диалогті о?ыту ар?ылы о?ушыларды?  білім де?гейін к?теру "
    ["seo_title"] => string(91) "informatika-sabak-tarynda-dialoghti-ok-ytu-ark-yly-ok-ushylardyn-bilim-dien-ghieiin-kotieru"
    ["file_id"] => string(6) "204872"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1429759830"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Математика саба?ында а?паратты?-коммуникациялы? технологияны ?олдану "
    ["seo_title"] => string(78) "matiematika-sabag-ynda-ak-parattyk-kommunikatsiialyk-tiekhnologhiiany-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "162377"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422352445"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "О?ытуда компьютерлік технологияны пайдалану "
    ["seo_title"] => string(50) "ok-ytuda-komp-iutierlik-tiekhnologhiiany-paidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "216124"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432880611"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства