kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Информатика сабағында осьтік және центрлік симметрияны қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатика сабағында осьтік және центрлік симметрияны қолдану

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Информатика сабағында осьтік және центрлік симметрияны қолдану»

А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова. Математика.

Алматы «Мектеп» 2015

Күні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Осьтік және центрлік симметрия

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Осьтік және центрлік симметрия қасиеттерін меңгеру

Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

Барлық оқушылар:Геометриялық фигуралардың симметрия осьтерін табады.Түзуге және нүктеге қатысты симметриялы нүктелерді сала біледі;
Басым көпшілігі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды, есеп шығарады, симметриялы фигураларды анықтай алады.

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады.Центрлік және осьтік симметрия ұғымдарын табиғаттан мысалдар келтіруарқылы көрнекілік деңгейде түсіндіреді. Және бұл ұғымдардың математикалық анықтамасын беріп, олардың қасиеттерін есептер шығару барысында және күнделікті өмірде қолдана біледі, біліктіліктері мен бейімділіктерін қалыптасқан. 

Жетістік критерийлері

1. Өз ойын, білгенін жеткізуге үйренеді. 
2. Теориялық материалды өз- бетімен оқып, түсінуге тырысады. 
3.Осьтік,центрлік симметрия ережесін біледі. Симметрия түрлерін ажырата алады: 
4. Берілген фигуралардан, суреттерден осьтік, центрлік симметрияны көрсете алады. 

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

- осьтік симметрия, центрлік симметрия;

- координаталық сәуле, координаталық сәуленің басы , нүктенің координатасы, бұрыш, тіктөртбұрыш, симметрия центрі, симметрия осі;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- егер түзу бойымен бүктегенде жазықтықтағы екі фигура бір-бірімен беттесетін болса...

-... фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Қоршаған ортаға мән беруге үйрету.

Индустрияландыруменинновацияларғанегізделгеноқуға үйрену.

Пәнаралық байланыс

информатика, технология сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация.

Тілдік құзыреттілік

Симметрия, гармония

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал орнату. Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Топқа бөліну,топ басшысын сайлау, бағалау парақтарын тарату. Оқу құралдарын алып, сабаққа назар аудару;

Үй тапсырмасын тексеру. Слайд арқылы есептердің жауабы көрсетіліп тексеріледі.


Смайликтер арқылы көңіл-күй

көрсету


Сабақтың ортасы

20 минут

































































































Жаңа сабақты түсіндіру

Енді бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз: «Осьтік және центрлік симметрия» деп аталады.
Ғылым мен өндірістің дамуы үшін, табиғаттағы құбылыстардың эстетикалық талғамда болатындығын анықтап білу үшін симметрия ұғымын оқып білу керек.
Табиғатта болатын барлық құбылыстарды: денелердің қозғалысын ұшақтар мен ракеталардың аспанда самғауын, кемелердің су бетінде, су астында жүзуін, электр жарықтарының пайда болу себептерін, өсімдіктер мен жануарлардың өсіп жетілуін, жаңа заттардың пайда болу жолдарын математикалық өрнек арқылы жазып көрсетуге болады.
Ал біздің бүгінгі өткелі отырған симметрия тақырыбы сол әсемдік пен сұлулықты, жұптылықты, өмірге қажеттілікті, эстетикалық талғамды, қызығушылықты көрсететін тақырып. Осы тақырыпты өту барысында мынадай мәселелерді қарастырамыз:
I. Симметрия туралы түсінік беру.
ІІ. Осьтік симметрия туралы түсінік беру.

III. Центрлік симметрия туралы түсінік беру.
1. Диалогтік оқыту. Екі оқу кезектесіп мағлұматпен танысады. «Симметрия» грек сөзінен алынған, ол «гармония» сөзі сияқты бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді. Симметрия әр түрлі болады. Симметрияның ең қарапайым түрі - түзуге қатысты симметрия.

Жұппен жұмыс.  Кітаптан ережені екі оқушы бірлесіп оқиды. Симметриялы фигуралар өзара тең болады.
Егер түзу фигураны симметриялы екі бөлікке бөлсе, онда ондай фигура осьтік симметриялы фигура деп аталады.
Түзу сол фигураның симметрия осі деп аталады.

Топтық жұмыс. Мысалдарды топта талқылап, әр топтан түсіндіруге тақтаға оқушылар шығады, түсіндіреді, саусақпен бағаланады. 



Мысалы: АВС бұрышының АВ қабырғасы к түзуіне қатысты ВС қабырғасына симметриялы. Бұрыш – осьтік симметриялы Симметрияның екінші түрі – центрлік симметрия.
Егер О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура деп аталады.
О нүктесі фигураның симметрия центрі деп аталады.Шеңбер, кесінді, тік төртбұрыш – центрлік симметриялы фигура.

Ендігі кезекте алған білімдерімізді информатика пәніне саяхат жасау арқылы толықтырсақ. Ол үшін бөлініп, берілген тапсырмаларды компьютерде орындаймыз.

Практикалық жұмыс барысында қолданылатын Corel draw векторлық графикалық бағдарламасы. Қолданылатын құрал саймандар: «Свободная форма» құралы, «Форма», «Основные фигуры», «Эллипс» құралы, «Капля»және«Круг»құралдары қажет болады.

Компьютердегі практикалық жұмыс:

  1. Corel draw бағдарламасын ашамыз.

  2. Файл-Создать жаңа жұмыс парағын құрамыз. Беттің өлшемін 100 таңдаймыз.

  3. Тігінен және көлдененінен жазықтықтар жібереміз.

  4. Көбелектің жоғарғы қанатын салу үшін «Свободная форма» құралын пайдаланып, "Форма" F10 құралымен барлық нүктелерін. Тінтуірдің оң батырмасын басу арқылы "Преобразовать в кривую" мәзірін таңдаймыз. Содан кейін «Форма» құралымен қисық сызықтарды өндейміз.

  5. Көбелектің екінші қанатын салу үшін «Основные фигуры» мәзірінен «Капля» немесе «Сердечко» фигураларын таңдау арқылы саламыз. Тінтуірдің оң батырмасын басу арқылы "Преобразовать в кривую" мәзірін таңдаймыз. «Форма» құралымен қисық сызықтарды өндейміз.

  6. Көбелектің осы жағын бар объект ету үшін «Группировать» батырмасын таңдаймыз.

  7. Енді көбелектің денесін салу керек. Ол үшін «Эллипс» құралын таңдаймыз. Көбелектің денесі ретінде екі объект құрамыз. Жаңа түйіндерді қосу арқылы немесе эллипстің түрін өзгерту үшін берілген түйіндердің нүктелерін бір-біріне қосу керек.

  8. Енді көбелекке әр түрлі орнаменттер қосу үшін «Круг»,«Свободная форма» құралдарын таңдау арқылы саламыз. Және дубликат жасау үшін Shift пернесін басып тұрып, тінтуірдің оң жақ батырмасын басамыз.

  9. Жасаған көбелегіміздің бір жағын көшіру үшін көбелекке басып, пайда болған сол жақ нүктесін басып, тінтуірдің сол жақ батырмасын,Ctrl және тінтуірдің оң жақ батырмасын бір сәтте басып оң жаққа жылжыту арқылы көбелектің екінші жағын «Отзеркалить» етеміз. Shift және Рage down батырмаларын жасу арқылы көбектің қанатын денесін ажыратамыз.

  10. Жасаған жұмысымызды сақтаймыз.



Таныстырылым слайд арқылы,..\Desktop\осьтік, центрлік симметрия.ppt оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

11 минут



Алған білімдерінді практикада дәл қазір қолданайық.

Симетрияны қайдан көресің ?

Қазір көрсете аласың ба?

Енді алған білімімізді технология сабағымен байланыстырып көрейік.

Қазір құрақ матадан мозайка жасаймыз.

Жасалу жолдары:

а) композициялық орналасуы, симметрия сақтауы;

ә ) түстерінің үйлесуі, жарасымды болуы;

б) қағазға геометриялық элементтерін түсіру, дұрыс және бірдей

орналасуынқадағалау.

Құрақ мозайкасы үшінкеректіқұрал-жабдықтар: әртүрлімата, қайшы, эскиз.

Құрау технологиясы:

1. Қандайөрнектіқұрасақ та солөрнектіңсызбасынқағазбетінетүсіріпаламыз.

2. Матаныңтүртүсініңүйлесімділігінанықтауүшін оны түстаңдайотырып, бояпаламыз.

3. Геометриялықпішіндеүлгіқағаздаярлапаламыз да, солқағаздыүлгіетіп, пайдалануарқылы, матанықағазмөлшеріменқиыпаламыз.

4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әуелі ортаңғы бөлік, содан кейін шеткі бөліктерді оңай технологиямен істеп аламыз.

Бізалдыменбұйымдыжасауүшіналғашжобасынсызамыз. Жобабойыншагеометриялықпішіндердітүрлі-түстіқағазданқиыпалып, олардыбелгілі бір пішін тәріздіқатырмақағазбетінедұрысорналастырамыз. Нәтижесіндетүрлі-түстіәсемқұрақтарпайдаболады.

Мақал: «Көнілсіз жұмыс өнімсіз».

«Көңілқойсаңқолдан келмейтіні жоқ».

1топ «Көбелек»

2топ «Алма»

3 топ «Құлпынай»

Дайын жұмысты әртүрлі түсте көрсету.Балалар өздерінің фантазиясы арқылы безендіреді.



Сабақты қорытындылау:
1) Қандай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады?
2) Осьтік симметриялы фигура деп қандай фигураны айтамыз?
3) Қандай фигуралар центрлік симметриялы деп аталады?

4) Осьтік симметрия және центрлік симметрияның ұқсастығымен айырмашылығы неде?





Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

5минут


Үйге тапсырма: §45. 260бет, №1135, 1136

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.







Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсырмасының бағасы

Оқушының өз-өзін бағалауы

Топ басшысының бағасы

Мұғалімнің бағасы

Жалпы баға










Бас бармақтар

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар берілген есептер мен тапсырмаларды орындай алады


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Математикаі сабағында

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Информатика сабағында осьтік және центрлік симметрияны қолдану

Автор: Бауыржан Галия

Дата: 23.04.2018

Номер свидетельства: 467395


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства