kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика сабағында Smart технологияларын қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

О применении SMART технологий на уроке информатики

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика сабағында Smart технологияларын қолдану»

БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



Сыдыкова Гульнара Менбаевна

Алматы облысы «Ескелді ауданы әкімдігінің Жетісу орта мектебі»

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

1 санатты, информатика пәнінің мұғалімі


Елбасымыздың басты міндеті-бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың білім алуына ерекше көңіл бөлу.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [1,5].

Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздеймін. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңінде, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. , тіркестермен тығыз байланысты.

Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделген. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді.

Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасаймын. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие .



Информатика пәнін білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың мақсаттарын алға қоямын:

Информатика пәнінің білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мақсаты:

  • Оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web-сайттар ашу;

  • Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;

  • Білім мазмұнын жаңарту жағдайында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).

  • Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.

  • білім мазмұнын жаңарту жағдайында Smart технологияларын ұғыну арқылы информатика мұғалімдерінің кәсіби біліктіліктерін арттыру.

Оқу үдерісі кезеңдерінде информатика пәнін оқытуда Smart технологияларын қолдану қажеттілігіне негізделеді. Кәсіби қызметтің мазмұнына өзгеріс енгізіп, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда сандық білімдік қорларын, интернет сервистерді қолдану қабілеттерін қалыптастыруға  мүмкіндік береді.

Міндеттері:

  • Smart learning жүйесін қолдану бойынша халықаралық тәжірибені талдау;

  • білім мазмұнын жаңарту жағдайында Smart learning енгізу жүйесі мәселелерін анықтау;

  • информатика сабақтарында Smart енгізу бойынша SWOT-талдауын құрастыру;

  • мектептердің Smart learning жүйесі мүмкіндіктерін және материлды-техникалық базасын есепке ала отырып информатика бойынша сабақтарды жобалауды үйрету;

  • тәжірибеде сандық білім контенттерін дайындау және енгізу;

  • информатиканы оқытуда заманауи мультимедиа-қорларын, ғаламтор қызметтерін қолдану техникасын меңгеру.

 Күтілетін нәтиже

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда:

  • Smart технологияларын қолдану қажеттілігіне негіздеу,

  • кәсіби қызметтің мазмұнына өзгеріс енгізу,

  • мультемедиа-қорларды, Internet желілерін қолдану, қашықтықтан оқыту

  • оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web-сайттар ашу;

SMART технология – жаңа заманның құралы. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда шығармашылыққа көп мүмкіндік береді.

SMART  тақтаның ерекшелігі:

  • екі қолданушы бір уақытта қолдана алады, яғни, тақтада бір уақытта жазып, сурет салуға және  жасалған жұмысты файлда сақтауға мүмкіндік береді;

  • интерактивті тақтаның жұмыс жасау кеңістігі үлкейтілген;

Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың артықшылықтары:

  • Барлық жастағы оқушыларға тиімді;

  • Оқытушыға Web-сайттар және басқа да ресурстармен жұмыс жасай отырып, материалдарды оқушыларға жеткізуді күшейтеді;

  • Сыныпта талқылау мен араласуға кең мүмкіндік береді;

  • Көптеген түрлі және динамикалық материалдарды қолдану арқасында оқушы мен оқытушыға сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.

 SMART құрылғылар не үшін қажет?

  • SMART телефон, планшет сияқты соңғы технологияларды қолданып жүрген оқушыларға бұл тақта түсінікті, әрі сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

  • Сенсорлық экран тез жұмыс жасаумен қатар, бір уақытта бірнеше оқушының жұмыс жасауына көмектеседі;

  • Технология жаңартылған сайын ол кешендендіріліп, сабаққа керекті материалдар да толықтырыла түседі.

  • Сабаққа қажетті құралдарды ресурстар сайтынан алуларына немесе интернетпен жұмыс жасауға болады;

  • 3D объектілерді түсіндіруге көп көмегі тиеді;

  • Оқушылардың сабаққа қызықты, әрі белсенді қатысуына ықпал етеді;

  • Оқушылардың бір уақытта бірнеше оқушы жұмыс жасай алуына байланысты,  топпен жұмыс жасауды да ыңғайлы;

  • Сабаққа керек материалдар әзір болса, жақсы өтуіне септігі тиеді;

  • Смарт экранда объектілер мен жазбаларды қозғауға, суреттер мен диаграммаларға комментариилер қосуға мүмкіндік береді.

Өз іс-тәжірибеме тоқталатын болсам, «SMART» технологиясының элементтерін пайдалана отырып информатика пәнін қызықты, өзгеше өткізу үшін, смарт телефон, планшет сияқты соңғы технологияны қолданып, сабаққа деген қызығушылығын арттырамын.



         Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда оқушыларды жеке, топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. «SMART»технологиясын пайдалану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары  өзгеріп, өз бетінше ізденіп, сыни тұрғыдан  ойлау қабілеттерінің артқаны байқалды.

          «SMART» технологиясын пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық - әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ оқушының компьютерлік сауаттылығы артады.

          Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына «SMART» технологияларының кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндеті. 

   Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, осы технологияларды  пайдалану барысында   қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға,  дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, іздемпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білетін тұлға екендігін байқауға болады.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Информатика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сыдыкова Гульнара Менбаевна

Дата: 11.02.2018

Номер свидетельства: 456426


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства