kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

.И. Менделеевтің периодтық заңы, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

- Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі туралы түсінікті жетілдіру;

 - Периодтық жүйені пайдалануға үйрету;

 - оқушылардың пәнге деген қызығушылығын 

  дамытып,  ұжымда  жұмыс жасай алу қабілетін жетілдіру;  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«.И. Менделеевтің периодтық заңы, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі.»

Қысқа мерзімді жоспар


Сыныбы, пәні: 8 «ә» , химия

Пән мұғалімі: Шәріпхан А.Е.

Сабақтың тақырыбы

Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Жалпы мақсаты

- Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі туралы түсінікті жетілдіру;

- Периодтық жүйені пайдалануға үйрету;

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын

дамытып, ұжымда жұмыс жасай алу қабілетін жетілдіру;

Сілтеме

Оқулық Химия 8 сынып Авторлары: Н.Н.Нұрахметов, К Сарманова, К.Жексембина. Алматы"Мектеп" 2016 ж

Химиядан жұмыс дәптері



Оқу нәтижесі



- Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі туралы түсінік қалыптасады;

- Периодтық жүйені пайдалануға үйренеді, жасай біледі.

- Химиялық элементтер мен олардың нәтижесінде түзілген қосылыстардың қасиеттерін салыстыра біледі;

- пәнге деген қызығушылығын дамытып, ұжымда жұмыс жасай алу қабілеті артады.

Негізгі идеялар

Периодтық заң, периодтық жүйе, период, топ.

Ресурстар және керекті құрал-жабдықтар, реактивтер


Интернет материалын пайдаланады.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, смайликтер, бағалау парағы, қима қағаздар,рефлексия парағы, тапсырмалар парағы, стикерлер, маркерлер

Оқыту формасы, технологиясы, әдіс-тәсілдер

  1. Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, жетектеуші сұрақтар, ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары – Блум таксономиясы, деңгейлік тапсырмалар.

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

Психологиялық дайындық











1.Білу

6 мин.









2 мин






2. Түсіну

7 мин

Ұйымдастыру

- Сыныптың санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;

- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Оқушылар күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазады.

Бағалау критерилерімен таныстыру.

- Топқа бөлу: Элемент таңбалары жазылған қима қағаздары жапсырылған адам қаңқасының суретінен оқушылар бір элементті алып, «шаттық шеңберін» құрып, әрқайсысы өздеріне берілген элементтерді үш тілде айтып шығады.орындарына барып, қолдарындағы элементке сәйкес «сілтілік металдар», «галогендер», «халькогендер», «сілтілікжер металдар» тобына бөлінуге тапсырма беремін.

І топ: «сілтілік металдар»

ІІ топ: « галогендер»

ІІІ топ: «халькогендер»

ІУ топ: «сілтілікжер металдар»

Топ басшыларын сайлау үшін “Бой сергіту” сұрақтары (3 топқа 1 сұрақ беріледі. Әр топтан бір өкіл жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы топ басшысы болады.).
1. Бұл элементтің ең көп концентрациясы көздің қарашығында жинақталған. Рет саны 56, валенттілігі ІІ. Осы элементтің атын, таңбасын, салыстырмалы атомдық массасын, валенттігін ата. (барий – Ва, 137, 33, ІІ).

Бағалау парағы таратылады.

Тапсырма № 1. "Ой түрткі" арқылы үй тапсырмасы сұралады.

І топ:

1.Неліктен « сілтілік металдар» тобына жинақталдыңыздар, ерекшеліктеріңіз қандай? постер жасап қорғау.

ІІ топ:

1. Неліктен «галогендер» тобына жинақталдыңыздар, ерекшеліктеріңіз?

ІІІ топ:

1.Неліктен «Халькогендер» тобына жинақталдыңыздар, ерекшеліктеріңіз?

ІУ топ:

Неліктен «сілтілікжер металдар» тобына жіктелдіңіздер, ерекшеліктеріңіз?

Үй тапсырмасын қорытындылау.




Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар дәптерлерін ашып жазады.


Оқушылар элемент таңбаларын алып, үш тілде айтып шығады, кейін орындарына барғаннан кейін төрт топтың парталарының ортасына «сілтілік металдар», галогендер, «халькогендер», «сілтілікжер металдар» тобына бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.жауап берген оқушы 3 ұпай алады.. Бағалау парағына топ басшысы өз тобындағы оқушылардың жауап беруіне қарай бағалап отырады.үштілде жауап айтылса 3 ұпай, екі тілде ғана болса 2 ұпай бір тілде айтылса 1 ұпай беріледі.


Топта кім бірінші жауап айтты, сол оқушыға бір ұпай беріледі. Топ басшысы болады.


Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады.


Оқушы тапсырманы топпен орындайды. Постер жасап қорғайды.

Бағалау критерилары:

  1. Ерекшелігіне толық тоқталу. (І ұпай)

  2. Ұқсас қасиеттерін, орналасуын көрсете білу.

(І ұпай)

  1. Безендірілуі. (І ұпай)

Топтық бағалау жүзеге асады.

3. Қолдану

10 мин





  1. Ойлау бутерброды

Бұл – ойды басқару стратегиясы.

Бастау алдында алдымен тоқтап, ойланып алыңыз!

Периодтық жүйені қолдана ала ма?

Жаңа кіші сыныптың бір оқушысы маған мына элементтері жоқ периодтық жүйені әкеліп берді. Бұл элементтер қайда? Сендердің қолдарыңда, біз периодтық жүйе туралы мәліметті өткен сабақта алғанбыз, қазір біз әрқайсымыз қолымыздағы элементті периодтық жүйедегі орындарына сәйкес сипаттама бере отырып орналастырамыз.

Оқушылар периодтық жүйе туралы тақырыпты меңгереді. Элементтерді орнына сәйкес сипаттайды. Осы арқылы тақырып ашылады. Топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалау парағына бағалап отырады. (5 ұпай). Өзін – өзі бағалайды.

4.Талдау

5 мин


  1. «Мағынаны ажырату» периодтық жүйемен жұмыс. Кестені толықтыру.

Жұптық бағалау. Екі кестені бір – бірімен салыстыру арқылы жұптық бағалау жүзеге асады.Бағалау парағына топ басшысы жауап берген оқушыларды бағалайды.

Берілген тапсырмаларды оқушылар жеке дәптерде орындайды. Әрбір дұрыс жауап ұпаймен бағаланады. жұптық талқылайды, бір-бірін бағалайды. (6 ұпай )



5.Жинақтау

5 мин

Тест тапсырмалары

“Химиядан жұмыс дәптері” Авторлары: Н.Н.Нұрахметов, Қ.Б.Бекішев, Н.А.Заграничная. Алматы"Мектеп" 2003ж

Тест жауаптары: І нұсқа: 1.А 2.В. 3.Б 4.Ә 5.А 6.А.

ІІ нұсқа: 1.Ә 2.Б 3.Ә 4.А 5.Б 6.А




Тест тапсырмалары әрбір оқушыға жеке дидактикалық материалдар түрінде беріледі. Аяқтаған соң көршілерімен алмасып, тест жауабымен бір-бірін бағалайды. Жұптық бағалау. Топ басшысына айтады. Топ басшысы бағалау парағына түсіреді. Қорытынды баға шығарады.

6- жауап дұрыс – “5”

5 жауап дұрыс – “4”

4-3 жауап дұрыс – “3”

6. Бағалау

2 мин



4)Рефлексия: Бүгінгі тақырып бойынша сабақ қызықты өтті ме? Қандай жұмыс сен үшін қиындық тудырды? Түсінбеген сұрақтарың бар ма? Осы сұрақтарға жауап жаза отырып, оқушылар сабақ туралы ойларын стикерларға жазып, көңіл –күйге байланысты смайликтің жанына апарып жапсырады.

3)Үйге тапсырма §23. 3-7 жаттығу. 91 бет

- Сабақ аяқталды!

- Сау болыңыздар!

Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.

Оқушылар бағаланады. Сабақ барысындағы жұмыстары бойынша, сабақ критерийлеріне сәйкес оқушыларды бағалап отырған топ басшылары өз бағаларын айтады.

23-21 ұпай – «5»

20 -18ұпай –«4»

16- 10 ұпай –«3»















































Химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша тест сұрақтары:

1.ІІІ топтың негізгі топша элементерін ата.

А) Al, B, Ga.

Ә) Al, Mg, Zn.

Б) Mg, B, Zn.

В) B, H, Na

2.№ 16 элементтің таңбасын, периодық жүйедегі орынын көрсет:

А) С, 2 период, ІУ топ, негізгі топша. Ә) О, 2 период, УІ топ, негізгі топша.

Б) Сu, 4 период, І топ, қосымша топша. В) S, 3 период, УІ топ, негізгі топша

3. Реттік нөмірі 12, 13-інші элеенттерінің жоғары оксидінің формулаларын жазыңдар.

А) RO2, RO3, Б) RO, R2O3

Ә) R2O5, RO2 B) R2O7 R2O

4.Атом құрылысы +5Э 5е, 5р, 6n, элементті анықта.

А) С Б) О

Ә) В В) Р

5.Периодтық жүйеде элементтердің қандай қасиеті артады?

А) бейметалдық Б) электртерістілік

Ә) металдық В) металдық, бейметалдық

6.Сәйкестендіру тесті: Периодтық жүйені қолданып, период және топ санын, топшаның бөлінуін, сілітілік және галогендерге қандай элементтер жатаындығын сәйкес жауаппен байланыстырыңдар.

1.период саны: a) Na, K, Li

2. топ саны: ә)негізгі, қосымша

3. топша бөлінеді: б)F, Cl, Br

4.сілтілік металл в) 7.

5. галоген г) 8.

Жауаптары: А) 1.в 2.г 3.ә 4.б 5.а;

Ә) 1.г 2.а 3.ә 4.б 5.в

Б) 1.а 2.г 3.ә 4.в 5б

В) 1.ә 2.а 3.б 4.г 5.в



Химиялық элементтердің периодтық жүйесі бойынша тест сұрақтары:

1.ІІ топтың негізгі топша элементерін ата.

А) Al, B, Ga.

Ә) Mg, Са, Ве.

Б) Mg, B, Zn.

В) B, H, Na

2.№ 29 элементтің таңбасын, периодық жүйедегі орынын көрсет:

А) С, 2 период, ІУ топ, негізгі топша. Ә) О, 2 период, УІ топ, негізгі топша.

Б) Сu, 4 период, І топ, қосымша топша. В) S, 3 период, УІ топ, негізгі топша

3. Реттік нөмірі 14, 15-інші элеенттерінің жоғары оксидінің формулаларын жазыңдар.

А) RO2, RO3, Б) RO, R2O3

Ә) RO2, R2O5 B) R2O7 R2O

4.Атом құрылысы +6Э 6е, 6р, 6n, элементті анықта.

А) С Б) О

Ә) В В) Р

5.Периодтық жүйеде солдан оңға қарай элементтердің қандай қасиеті артады?

А) электртерістілік Б) бейметалдық

Ә) металдық В) металдық, бейметалдық

6.Сәйкестендіру тесті: Периодтық жүйені қолданып, период және топ санын, топшаның бөлінуін, сілітілік және галогендерге қандай элементтер жататындығын сәйкес жауаппен байланыстырыңдар.

1.период саны: a) Na, K, Li

2. топ саны: ә)негізгі, қосымша

3. топша бөлінеді: б)F, Cl, Br

4.сілтілік металл в) 7.

5. галоген г) 8.

Жауаптары: А) 1.в 2.г 3.ә 4.б 5.а;

Ә) 1.г 2.а 3.ә 4.б 5.в

Б) 1.а 2.г 3.ә 4.в 5б

В) 1.ә 2.а 3.б 4.г 5.в


«Семей қаласының №37 гимназиясы» КММ











Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Химия 8 «Ә» сынып









Пән мұғалімі:Шәріпхан А.Е.









Семей қаласы





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Шарипхан Алма Ермеккызы

Дата: 21.11.2016

Номер свидетельства: 361142


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства