kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

10 сынып оқушыларының атом құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық жүйемен танысу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.»



Сабақтың тақырыбы: Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Мақсаты

Атом құрылысы туралы білімді нақтылау. Химиялық элементтердің

периодтық жүйедегі рет нөмірінің физикалық мәнін түсіндіру. Атом

құрылысының күрделілігіне байланысты периодтық заңның қазіргі кездегі

тұжырымдамасын айту. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі бойынша

химиялық элементтерге сипаттама беру.






І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу.

Сәлемет пе, оқушы, өрендерім,

Тоқыған көңіліне білімдерін.

Өткізелік сабақты қызықты етіп,

Жігерлен, білім болсын сүйенгенің,

- Сыныпта жағымды психологиялық  ахуал туғызу.

«Шаттық» шеңберін құру, «Мен кіммін» тренинг.

- Оқушыларды топқа бөлу.

- Мақсатын айту.

- Жоспарын айту.

1. Атом құрылысы.

2. Атом ядросы құрамы.

3. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі бойынша

   химиялық элементтерге сипаттама.

- Бағалау парақшаларын таратып, бағалау  

  өлшемдерімен таныстыру.

Бағалау өлшемдері:

  • Сұраққа толық өзі жауап берсе, дәлелдемелер келтірсе - « 5 »

  • Сұраққа жауап берсе – « 4 »

  • Cұраққа толық емес немесе жолдасының көмегімен жауап берсе – « 3 »

  • Сұраққа ешқандай жауап бермесе – « 2 »

  « Өзің еңбектену арқылы  өзің үшін де басқалар үшін  де барлығын өзің істейсің, ал  еңбегің нәтижесіз болса,

қаймықпа  тағы да тырысып көр »

 деген  орыстың ұлы ғалымы, химияның  атасы Д.И.Менделеевтың сөзімен  сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасы. « Өткенді ұмытпа, ол – болашақтың ұстазы ». Білім.

Оқушылардың периодтық заң туралы білімін тексеру мақсатында тапсырмалар беру:

  1. Кейбір элементтердің сутегі мен және оттегімен қосылыстарының жалпы формулалары қандай:RH3,R2O,RO2,

  2. RH,RH4.

  3. Осылардың қайсысы көміртегі мен мышьяктың сутекпен қосылысы мен жоғары оксидінің формуласына сәйкес

  4. келеді?

  5. Мына қосылыстардың формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: РН, Н, СН, NH .

  6. Жоғары оксидтерінің формуласы дұрыс болу үшін қажетті индекстерді қойыңдар: CIO, SbO,  PbO, SiO.

Оқушыларға төмендегі проблемалық сұрақтар  қойылады:

  1. Салыстырмалы атомдық массаларының өсуіне қарай орналасқан элементтердің химиялық қасиеттері не себепті

  2. периодты өзгереді?

  3. Период дегеніміз не?

  4. Периодтық заңның тұжырымдамасы қандай?

  5. Неге кей жағдайларда (Ar–K, Co–Ni, Te–I) элементтер атомдық массаларының өсуіне байланысты орналаспаған?

  6. Заңды өзгерістер болатын элементтердің және олардың атомдарының қандай қасиеттерін білесіңдер?

ІІІ.  Жаңа сабақ. « Мағынаны тану ».  Түсіну.

  1. Атом құрылысы туралы не білесіңдер?

  2. Атомдар қандай негізгі екі бөлшектен құралған?

. Оқушылар бұл сұраққа жауап беру үшін физикадан өткен атом құрылысы туралы білімдерін қолданады.

Оқушылардың жауабы 1911 жылы ағылшын физигі  Резерфордтың атом ортасында оң зарядты ядро, ал оның

айналасында электрон бұлтын

түзе қозғалатын  электрон бар деген теориямен толықтыру.Американ физигі Милликен электрон теріс заряд

көрсете- тінін тәжірибе жүзінде

дәлелдеп,оны бірге тең деп қабылдады.  Атом жалпы электр- бейтарап болғандықтан, электрондар зарядының

жалпы саны ядро зарядына тең.

     Ал 1913 жылы  Резерфордтың  шәкірті Г.Мозли атом ядросындағы  зарядтардың шамасы элементтің 

периодтық жүйедегі рет нөміріне  тең 

болатындығын анықтады.

Мозлидің ашқан жаңалығынан кейін Менделеевтің жасаған периодтық жүйесіндегі 

Ar–K,Co–Ni,Te–I элементтердің орындарының  алмасуы заңды екені анықталды.Осыған  байланысты,

элементтердің реттік  нөмірі атом

 ядросындағы оң  зарядтың

 санын,сол сияқты ядро  айналасында қозғалатын электрондар  санын көрсетеді.

Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның

ядро заряды химиялық

элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына

протондар мен нейтрондар

деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

ІV. Қолдану. Тірек сөздер – глоссарий:

1. Атом құрылысы.

2. Атом ядросы құрамы.

3.Периодтық жүйе.

1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.

   2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең. А = Z + N; A – атомдық масса;  Z – протон; 

N – нейтрон;

Табиғатта атомдық массасында айырмашылығы болатын бірдей элементтер атомы болады. Мысалы, хлор

элементінің массасы 35 және 37

болатын екі түрі кездеседі. Бұл атомдардың ядросында протондар саны бірдей,ал нейтрондар саны әр түрлі.

Олар изо- топтар. Изотоптар – ядро

зарядтары бірдей,атомдық массалары әртүрлі атомдардың түр өзгерістері. Изотоп – бірдей орында деген

мағнаны білдіреді.

 Изотоптарда протон мен электрон  саны бірдей, нейтрон сандары  әртүрлі. Әрбір изотоп екі түрлі  шамамен

 өлшенеді: массасы және 

элементтің рет нөмірі. Мысалы:    1. - атомдарының ядро зарядтары бірдей – оттегі изотоптары.

    2.  - сутегінің изотоптары, аттары: протий, дейтрий, тритий .

Элементтердің атомдық массалары бөлшек сандармен өрнектеледі. Мысалы, хлор эле- ментінің с.а.м. 35,5.

Бұл ұғымдардың айырмашылығын

түсіндіру үшін мынадай мысал- дар келтіріледі. Табиғатта изотобы 75%, ал изотобы 25% таралған.Осыдан

хлор элементінің  орташа с.а.массасы

шығады: Аr(CI) = 35∙0,75+37∙0,25 = 35,5

Периодтық жүйеде келтірілген элементтердің атомдық массалары изотоптардың табиғи қоспаларының орташа

массалық саны.

Изотоптар туралы мәліметтерді ескере отырып, оқушыларға химиялық элемент ұғымының нақты анықтамасын

беру қажет. Химиялық

элемент дегеніміз – ядро заряды бірдей атомдар түрі.Периодтық заңға атом құрылысы тұрғысынан жаңа

анықтамасын береміз.

V. Талдау. « Білгенің - бір тоғыз, білмегенің тоқсан  тоғыз ».  

 Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға тапсырма беріледі және сұрақтар қойылады.                                 

1-нұсқа. 5-49,5-50,5-52,5-53а,       

2-нұсқа. 5-55,5-51,5-54,5-53ә,                                                                                        

VІ. Жинақтау. « Кері байланыс ».  «Ерінбей талмай төгіп тер, білгенің үстіне біле бер ».                                     

  « Ыстық орындық » стратегиясы. Тыңда.Ойлан.Жауап бер.         

1..Атом ядросы қандай бөлшектерден тұрады?

2.Атом ядросының заряды немен  анықталады?

3.Нейтрон мен протонның қандай  ұқсастықтары мен айырмашылықтары  бар?

4.Протон мен электронның қандай  ұқсастықтары мен айырмашылықтары  бар?

5.Элемент атомының массасы немен  анықталады?

6.Протон, нейтрон және электронның  массасы мен зарядтар қандай?

7.Изотоп атомдарында қандай  ұқсастықтар мен айырмашылықтар  бар?

                Үйге тапсырма:

 §53-55. 8- сынып оқулығы.145-150 беттер.Оқу, түсінік айту. Тапсырмаларды орындау.–  оқу, түсінік айту.              

               Рефлекция кезеңі:

  • Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс қарым – қатынасты тудыру.

  • Оқушылардың өзін – өзі басқару және басқа адамдармен қарым – қатынас принципін үйрету.

  • Бүгінгі сабақтың сіз үшін маңызы қандай?

« Білім ағашы », « Менің  көзқарасым ».

VІI. Бағалау:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Автор: Сакиева Молдир Даулетбековна

Дата: 01.11.2016

Номер свидетельства: 354220

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Д.И.Менделеевті? периодты? за?ы ж?не  периодты? ж?йесі "
    ["seo_title"] => string(64) "d-i-miendielieievtin-pieriodtyk-zan-y-zh-nie-pieriodtyk-zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "174655"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424165551"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(233) "Д.И. Менделеевті? периодты? за?ы, атомды? ??рылыс теориясы т?р?ысынан Д.И.Менделеев жаса?ан химиялы? элементтерді? периодты? ж?йесі. "
    ["seo_title"] => string(155) "d-i-miendielieievtin-pieriodtyk-zan-y-atomdyk-k-u-rylys-tieoriiasy-tu-rg-ysynan-d-i-miendielieiev-zhasag-an-khimiialyk-eliemienttierdin-pieriodtyk-zhuiiesi"
    ["file_id"] => string(6) "183788"
    ["category_seo"] => string(6) "himiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425927369"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
2100 руб.
2620 руб.
2100 руб.
2620 руб.
1900 руб.
2370 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства