kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс" жаратылыстану пәнімен 5-сыныпқа интеграцияланған сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Өзін -өзі тану пәнімен жаратылыстану пәнінен интеграцияланған сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс" жаратылыстану пәнімен 5-сыныпқа интеграцияланған сабақ»

Бекітемін:

Мектеп директоры: М.Салқынбаев


«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған география пәні бойынша

таңдау курсының сабақ жоспары


Мектеп: «Көктүбек орта мектебі»КММ

Мерзімі: 23.09.2016 Мұғалім: Нугыманова Г. К, Камзанова А .К Сынып: 5

Оқушы саны : 7

Тақырыбы : Табиғат пен қоғам арасындағы байланыс

Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Қамқорлық, жанашырлық, ізгілік


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты түсіндіру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері:

1.Оқушыларға табиғат байлықтары мен адамзат қоғамы арасындағы өзара байланысты қамқорлық, жанашырлық, ізгілік қасиеттері арқылы түсіндіру.

2.Оқушылардың табиғат пен қоғам туралы түсінігін қалыптастыра отырып, олардың бойындағы қамқорлық жасау,жанашырлық пен ізгілік қасиеттерін дамыту.

3.Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға, жанашырлыққа, жақсы әдет пен тәртіпке тәрбиелеу.


Ресурстар: (интерактивті тақта, слайд,түрлі түсті бояулар, ақ беттер,түсті қағаздар, топырақ, су, «Саржайлау» әнінің әуені ).



Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу 5 «Т» ережесін еске түсіру. Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Географиялық қабық -адамзат қоғамы өмір сүріп, дамитын біздің ортақ үйіміз. Осы ортаның даму заңдылықтарын сақтай отырып,қорғау – адамзат қоғамының басты міндеті, адамгершілік парызы.

Адамзаттың табиғат байлықтарына деген сұранысы артып келеді. Сондықтан да, табиғат байлықтарының түрлерін, оларды тиімді пайдаланудың жолдарын білу шарт.(Осы тұста дұрыс әрекет қағидасын еске түсірейік. Ол қағида өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, мемлекеттің заңдылықтарын біліп, құрметтеу, орындау қажет).

Ал табиғатты пайдалану барысында, географиялық қабық заңдылықтарын қатаң сақтаған жөн.

(Табиғаттың адам қажетіне жарайтын барлық мүмкіншіліктерін табиғат байлығы деп атайды. Ал табиғатқа сүйіспеншілік, жанашырлық, мемлекеттің заңын бұзбау парыз деп саналады. Оны орындау – біздің рухани байлығымыздың көрсеткіші болып табылады).

Табиғат байлықтарының негізгі бес түрі бар:

  1. Минералдық

  2. Климаттық

  3. Су

  4. Жер

  5. Биологиялық.

Олар сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. (Ал жалпыадамзаттық құндылықтардың саны да бесеу. Олар ешқашан сарқылмайды және жойылып кетпейді).

Дүние жүзінде пайдалы қазбалар өндіру жылдан жылға артып келеді.Пайдалы қазбаларды өндіру қарқынды жүргізіле беретін болса, ХХІ ғасырдың ортасына қарай адамзат олардың барлық қорын тауысады. Не істеу керек?

(Осы жерде дұрыс әрекетке тән қасиет – қанағатты алайық. Шектеусіз тілек - қалаулар адамды бөлшектеп, тыныштығы мен берекесін алады.Ойланбаған дұрыс емес әркеттерге итермелейді). Сондықтан, табиғат байлықтарын ысырап етуге, шектен тыс өндіруге шек қою керек. Табиғат байлықтарының ішіндегі адамзаттың ең көп пайдаланатыны – су. Ал енді, есімізге түсірейік. Бір күнде неше литр суды қажетімізге жаратып, нешесін босқа ысырап етеміз? Топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалай қорғау керек? Есепсіз жер жырту, аң аулауға қалай тыйым салуға болады? (Адамның тіршілігіне қажетті ресурстарға ұқыпты қатынас жасау – бұл өзіңе, қоғамға, күллі Әлемге деген дұрыс әректтің айғағы).

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Оқушыларды әр түсті қағаздар тарату арқылы кездейсоқ тәсілме топқа бөлеміз. Әр топқа жеке – жек тапсырма беріледі.

«Су» тобына судың маңызы мен оны үнемдеу жолдары туралы жазу.(дұрыс әрекет - үнемдеу)

«Топырақ» тобына топырақтың маңызы мен оны қорғау жолдарын айту тапсырылады.(дұрыс әрекет - қорғау).

Ескерту




























Үй тапсырмасы

Табиғат пен қоғам арасындағы байланысты тірек схемасы түрінде бейнелеп келу.


Топпен ән айту

Саржайлау

Әні: Нұрғиса Тілендиев

Сөзі: Мұқағали Мақатаев

Жазира, жасыл кілем өрнектелген,

Туған жерге , дариға, жер жетпеген!

Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем

Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем, Саржайлауым.


Қайырмасы:

Саумал бұлақ- балдай дәрім,

Салқын самал – баурайларың

Саялаған, беу, туған жер

Сағындырған, Саржайлауым!


Армысың, ата – қоныс, жасыл мекен!

Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем

Басқаның жерұйығын неғылайын

Жерұйығы өзімнің қасымда екен!


Қайырмасы:


Жадырап, жұтайыншы тау самалын,

Осы еді ғой сағынып аңсағаным

Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым

Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын.



Сабақтың қорытынды сәті

Ал енді, балалар, бір минут тыныштықта отырып, бүгінгі сабағымыздан үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, ойларыңызға сақтап алыңыздар. Үйренген жақсылықтарыңыз жүректеріңізге жетсін деп тілеймін. Сау болыңыздар!
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: Нугыманова Гульмира Кажыгелдыевна

Дата: 18.02.2017

Номер свидетельства: 393069


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства