kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сабақ тақырыбы "Табиғат және қоғамның өзара әрекеттесуі." 10 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Сабақтың тақырыбы: Табиғат және қоғамның өзара  әрекеттесуі.

Сабақтың мақсаты:

 а) білімділік  мақсаты- Қоғам мен табиғат арасындағы өзара күрделі байланыстың мәні, табиғат байлықтары және олардың жіктелуі, табиғат ресурстарының қорлары, қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін толықтыру мен  бекіту.

б) дамытушылық мақсаты-Жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, экологиялық ойлауын қалыптастыру.

в) тәрбиелік  мақсаты- Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері: Кесте, тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау, тыңдай, сөйлей білу мәденитін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: Репродуктивті, проблемалық,жұптық жұмыс

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып  Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы,Интер белсенді тақта

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ тақырыбы "Табиғат және қоғамның өзара әрекеттесуі." 10 сынып»

10 б сынып

Сабақтың тақырыбы: Табиғат және қоғамның өзара әрекеттесуі.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік мақсаты- Қоғам мен табиғат арасындағы өзара күрделі байланыстың мәні, табиғат байлықтары және олардың жіктелуі, табиғат ресурстарының қорлары, қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін толықтыру мен бекіту.

б) дамытушылық мақсаты-Жалпы оқу іскерліктерін үйрету, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, экологиялық ойлауын қалыптастыру.

в) тәрбиелік мақсаты- Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Міндеттері: Кесте, тірек-сызбаларды пайдалану арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау, тыңдай, сөйлей білу мәденитін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: Репродуктивті, проблемалық,жұптық жұмыс

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқу құралдары: Оқулық, 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы,Интер белсенді тақта

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1).Картамен жұмыс.Дүние жүзінің саяси картасынан көрсету.

Экономикасы жоғары дамыған мемлекеттер:АҚШ-Вашингтон,Канада-Оттава, Ұлыбритания-Лондон,Франция-Париж,Германия-Берлин,Италия-Рим.

ТМД елдері:Қазақстан-Астана, Қырғызстан-Бішкек,Өзбекстан-Ташкент,Тәжікстан-Душанбе, Түрікменстан-Ашхабад, Армения-Ереван,Азербайджан-Баку,Молдова-Кишенев, Украйна-Киев, Беларуссия-Минск,Ресей-Москва.

Қоныс аударушы капитализм елдері:Австралия Одағы,Жаңа Зеландия,Канада, О.А.Р.Израиль.

Көш басындағы дамушы елдер: Қытай,Үндістан,Бразилия,Мексика.

Азия жолбарысы не/се Жаңа индустриалды елдер:Корея Республикасы, Тайвань, Сингапур,Тайланд, Малазия, Индонезия, Филипин.

2).Сандар сөйлейді.

1)250 2) 1991 3) 30 4)7 млрд 5)1999 6) 3

3). Терминдермен жұмыс

1.Экспансия 2.Экономикалық белсенді халық

3.Этногенез 4.Эмиграция 5.Иммиграция 6.Агломерация 7.Мегалополис 8.Субурбандалу 9.Географиялық орта.

ІІІ. Жаңа сабақ.

« Мазмұны барлық адамзат үшін ортақ кітап-Табиғат ».

И.В.Гете.

Сабақтың жоспары:

1.Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің даму кезеңдері.

2.Табиғат ресурстары және оның түрлері.

3. Ресурспен қамтамасыз етілу ұғымы.

4.Қоршаған ортаны қорғау.

Табиғат пен қоғамның өзара әрекеттесуінің даму кезеңдері.

1.Алғашқы кезең. 2.Аграрлық кезең. 3.Индустриалдық кезең. 4.Ғаламдық кезең.5.Қазіргі кезең.

1. Алғашқы кезең өте ұзақ уақыт болды.Адам-табиғаттың бір бөлігі. Табиғат пен қоғам біртұтас бұзылмайтын жүйе. Табиғат байлықтары адамның тіршілік әрекетінде маңызды орын алды. Адам өзінің шаруашылық іс-әрекетінде табиғатқа тікелей не/се жанама әсерін тигізді.

2.Аграрлық кезең - бұл кезеңде аңшылық –мал шаруашылығына , жинап теру- егіншілікке ығыстырылды. Өндіруші шаруашылық дамыды.Адамзат қоғамының табиғатқа қысымы күшейді. Антропогендік ықпал әсерінен антропогендік ландшафт пайда болды.Ауыл шаруашылығы табиғатты өзгертті.

3.Индустриалдық кезең. Ғаламшардағы халық саны өсті.Өнеркәсіп өркендеп дамыды. Кең көлемде қазба байлықтар өндірілді. Табиғи заттарды өңдеу арқылы , жаңа материалдар алына бастады. Қалалар саны көбейіп, өзендерге бөгендер салынып, жолдар мен көлік магистральдары салынды. Өнеркәсіптің дамуына байланысты қоғамның табиғи ортаға әсері жаңа сипатқа ие болды.

4. Ғаламдық кезең. Табиғаттағы өзгерістер барлық ғаламшарды қамтып отыр. Атом бомбасының сыналуы ғаламшарда радиоактивті фонды көбейтіп жіберді. Адамзат қоғамы жер қойнауынан табиғат ресурстарын, минералды шикізаттарды қарқынды әрі зор көлемде алып пайдаланғандықтан, қоршаған орта, су және ауа кеңістігі өндірістік қалдықтармен, әртүрлі улы заттармен ластануда.Осылайша бүгінгі күні екі өзара байланысты мәселелер туындап отыр.

5. Қазіргі кезең 1.Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану.

2. Қоршаған ортаны ластанудан қорғау.

Оқулықпен жұмыс-173 бет.(2 мин)

Сұрақ? Табиғат ресурстары дегеніміз не? Адамзат қоғамының материалдық, ғылыми, рухани және мәдени мұқтажын қамтамасыз ететін табиғаттың құрамдас бөліктері.

2.Табиғи қорларының сарқылу деңгейіне қарай неше бөлінеді?(екіге)

3.Сарқылатын табиғат ресурстары нешеге бөлінеді?(Қалпына келетін және қалпына келмейтін)

4. Сарқылмайтын табиғат ресурстарын ата?

5.Шығу тегі бойынша қандай топтарға жіктеледі?( литосфера ресурстары, гидросфера ресурстары, атмосфера ресурстары, биосфера ресурстары)

6.Қолдану бағыты бойынша қандай топтарға жіктеледі ?(отын-энергетикалық ресурстар, қара және түсті металлургия, орман, ағаш сүрегін дайындау, тамақ,жеңіл және химия өнеркәсібі,құрылысқа қажетті ресурстар,рекреациялық, ауыл шаруашылығы салалары т.б)



Ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейі-табиғат ресурстарының шамасы мен пайдалану мөлшерінің арақатынасы.Ресурстармен қамтамасыз етілу жылдар бойынша немесе жан басына шағумен есептелінеді.

Р=Қ: Ө немесе Р=Қ:Х

Р-ресурспен қамтамасыз етілуі

Қ-табиғат ресурстарының қоры

Ө- табиғат ресурстарын өндіру мөлшері

Х-халық саны

Картамен ,оқулықпен жұмыс (жұптық жұмыс) 175 бет

  1. Барлық табиғат ресурстарының қоры бар елдер:(Ресей, АҚШ, Қытай, Канада)

  2. Алуан түрлі табиғат ресурстарының мол қоры:(Аустралия, Бразилия, Қазақстан, Украйна, Үндістан)

  3. Бір немесе бірнеше ресурс түрлерінің халықаралық маңызы бар ірі кен орындары:(Парсы шығанағы елдері –мұнай мен газ,Оңтүстік Африка Республикасы(ОАР)- алтын,алмаз, Анд елдері мен Қазақстан мыс пен полиметалл, Марокка- фосфорит, Габон- марганец).

  4. Табиғат ресурстарын импорттайтын елдер :( Жапония, Корея республикасы, Сингапур)

  5. Неліктен кейде табиғат ресурстарының мол қоры ел экономикасының өркендеуіне септігін тигізе алмайды? Мысалы: Алтын тақта отырған «Боливия»(Себебі ел экономикасы тек табиғат ресурстарымен байланысты емес, жерінің ауданы, еңбек ресурсының құрылымы, жалпы жиынтық өнімнің көлемі мен құрылымы, халқының өмір сүру деңгейі, елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты көрсеткіштер мен есептелінеді.

  6. Жапония, Корея республикасы, Сингапур минералды ресурстарды импорттайды, бірақ экономикасы жақсы дамыған себебі не?(елдің әл-ауқаты, өмір сүру деңгейі, сауаттылығы, білімі ,өмір сүру ұзақтығы,Жалпы ішкі өнім,жиынтық ұлттық өнім және елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштер жоғары болуымен сипатталады.)



(Білім Лайнд) Қоршаған ортаны қорғау.



ІV. Бекіту

Берілген елдердің мұнаймен қанша жылға қамтылғанын есептеу.

Елдер

Зерттелген қорлар, млрд.т

Өндіру, млн.т жылына

Жылға қамтылғаны

Қазақстан

12

80

15

Ресей

20

350

57,14



Берілген елдердің орман ресурсымен жан басына шаққандағы қамтылуын есептеу .





Елдер

Орманмен жабылған аудан,млн га

Халық саны, млн адам

Жан басына шаққандағы қамтылуы

Қазақстан

26,2

17

1,5

Ресей

881,9

142,9

6,2



Білім лайнд тест жұмысын орындау: Адам мен табиғат бірге қалай өмір сүреді?



Қорытынды: Жер біздің ортақ үйіміз болғандықтан өмірімізге нәр беріп отырған Жер-Ананы құрметтеу, оның әрбір жерін, ондағы табиғат байлығын қорғау әрбір адам үшін басты борыш пен міндетке айналуы тиіс екендігін әрдайым жанымызда сақтайық.



V. Үйге тапсырма §27-28 Табиғат ресурстарының түрлері бойынша презентация дайындау.



VI. Бағалау (бағалау парақтары бойынша)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сабақ тақырыбы "Табиғат және қоғамның өзара әрекеттесуі." 10 сынып

Автор: Жолмуханова Айгул Салимовна

Дата: 24.04.2017

Номер свидетельства: 411189


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства