Просмотр содержимого документа
««ЕЛДЕР ТҮРЛЕРІ. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР» тақырыбы бойынша 9-сыныпқа арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары»
Аты-жөні.............................................................................................сынып 9 «...........» күні .......................
Тақырып: «Елдер түрлері. Географиялық орталықтар»
Оқу мақсаттары:9.Елдер түрлері: орталық, жартылай перифериялы (жартылай шеткі), перифериялы (шеткі); географиялық орталықтар; 11.Дамушы елдердің табыстылығына араласу мәселелерінің себептері мен айғақтары;
*Тапсырма 1: Елдердің тізімін жасаңыз, мысалдар келтіріңіз:
Екі өлшемді даму моделі «Дамыған Солтүстік - Дамушы Оңтүстік».........................................................................
Қосымша ақпарат. Экономикасы жоғары дамыған елдер:Үлкен жетілік, Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері, «қоныс аударған капитализм» елдері. Өтпелі экономика тән елдер: Кезінде социалистік даму жолында болған елдер (Шығыс Еуропадағы және бұрын КСРО құрамында болған елдер, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Лаос, Куба) .
Ел экономикасының ауқымы, ең алдымен, жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады. Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық өнім (ЖҰӨ). Сонымен қатар ЖІӨ-ң жан басына шаққандағы көрсеткіші де ескеріледі.
Қосымша ақпарат:Дамушы елдерге дүниежүзі халқының 80% тиесілі. Әлемдік ЖІӨ 20%, Білім берудің ғаламдық шығындардың 15%, Әлемдегі босқындардың 65%, ИТВ (иммундық тапшылық вирусы)/ЖИТС(жүре біткен иммундық тапшылық синдромы) бар адамдардың 95%, Дүниежүзі азық-түлігінің 30%, Ғылым мен техникаға деген ғаламдық шығындардың 5%, Денсаулық сақтауға деген ғаламдық шығындарының 7%, CO2 ғаламдықшығарылуының38%, Ғаламдық экспорт кірісінің 18%, Әлемдегі соғыстардың 95%, Дәнді дақылдардың ғаламдық өндірісінің 61%, Ғаламдық өнеркәсіп өндірісінің 25%, Ғаламдық энергияны тұтынудың 26% тиіс.
*Тапсырма 2:Топтық жұмыс. Дамушы елдердің жіктелуін жасаңыз. Әр топтағы елдердің ортақ белгілері, ерекшеліктері қандай.
Елдер тобы
құрамы
ерекшеліктері
Жетекші дамушы елдер
Қытай, Үндістан
Жаңа индустриалды елдер
Корея Республикасы, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Тайланд, Филиппин, Бразилия, Мексика, Аргентина
Плантациялық шаруашылықтағы елдер
Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Шри-Ланка
Топтың өз талдауын сыныпқа таныстыруы. Өзара талқылау.
*Үй жұмысы: Әлсіз дамыған елдер қатарына бір елді таңдаңыз. Осы елдің экономикалқ жағдайын жақсартудың жолдарын ұсыныңыз. Неге мұндай елдерге көмек көрсету қажет екендігін түсіндірңіз.