kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білім беру үдерісін жаңартудың жолы- жаңа форматты ұстаз дайындау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа заман талабына сай білім беру – бүгінгі таңда өзекті мәселе. Ендеше шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педгогикалық технология қажет. Білім беру технологияларының басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, өйткені, ХХІ ғасырдың өскелең ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Орта кәсіптік білім беру жүйесінде сабақ беру жүйесінде, сабақ беру жүйесін әлемдік деңгейдегі талаптарды қанағаттандыратындай етіп құруда жаңаша ізденіс пен шығармашылықтың берері мол. Соған сәйкес білім беру жүйесінде жаңа инновациялық технологиялар пайда бола бастады. Жаңа технологиялар сан түрлі оны игеріп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білім беру үдерісін жаңартудың жолы- жаңа форматты ұстаз дайындау»

Білім беру үдерісін жаңартудың жолы- жаңа форматты ұстаз дайындау

Тампишева

Асел Серикбаевна

География-биология пән мұғалімі

Наурызбай батыр батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Педагогика саласындағы өзекті мәселе- орта білім берудің жаңа үлгісін құру, қоғамдағы нәтижелілігін арттыру және барлық жерде қолданысқа енгізу. Білім мен ғылымды дамыту бағдарламасының сапасы мен оқытушылардың біліктілігін арттыруға, сонымен қатар оқушылардың сыни ойлау, жаңа ақпарат іздеу, командада жұмыс істей білу, ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдану секілді машықтары мен коммуникативтік дағдыларын баса назар аударуды талап етеді. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман» деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өспейтіні сияқты жас ұрпағымызда тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасынының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану – әрбір ұстаздың міндеті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені белгілі. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи, танымдық, педегогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол жаңалыққа жаны құштар болып, шығармашылықпен жұмыс істесе, оқу мен тәрбие ісіне етене еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналды.

Жаңа заман талабына сай білім беру – бүгінгі таңда өзекті мәселе. Ендеше шығармашылық қабілеті мол, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде жаңа педгогикалық технология қажет. Білім беру технологияларының басты мақсаты – білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру. Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, өйткені, ХХІ ғасырдың өскелең ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Орта кәсіптік білім беру жүйесінде сабақ беру жүйесінде, сабақ беру жүйесін әлемдік деңгейдегі талаптарды қанағаттандыратындай етіп құруда жаңаша ізденіс пен шығармашылықтың берері мол. Соған сәйкес білім беру жүйесінде жаңа инновациялық технологиялар пайда бола бастады. Жаңа технологиялар сан түрлі оны игеріп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мысалы: СТО технологиясы, молдуьдік оқыту, деңгейлеп оқыту және сындарлы оқыту. Осы технологиялардың ішінде сындарлы оқыту  негізіне сүйене отырып, өз тәжірибемде жеті модульді кіріктірілген әдіс-тәсілдерді пайдаланып келемін, білім сапасын көтеруге тиімді жолдары өте көп екенін аңғардым. Осы біліктілікті арттыру курсын оқып келегенен кейін өзіме түйгенім, бұл бағдарламаның негізгі идеясы – мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдері жаңа бастама болып отыр. Бұл бағдарлама сындарлы оқытуға негізделіп отыр. Бұл теория оқушының  тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты  дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді. Менің осы бағарламаны меңгергенге дейін дайын білім берумен шектелген болатынмын. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой-пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарастарға қатысты бірқатар баламалы шешімдерді де қамтиды. Сындарлы оқытудың негізгі ерекшелігі мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымына негізділген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді.  Алайда, тамыры тереңге кеткен бұл сенімдер мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларды қабылдауға да дайын болуы керек. Сапалы білім беру – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы білім беру оқушылардың, қоршаған орта және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады. Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылады, оқыту үдерісіне тәуелді болмайды. Оқытуды бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты білім беруге ерекше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзіреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін саралай білу де қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады.

  • оқыту мен зерттеуге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерге;

  • әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратынын; сондай-ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатындамазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерге;

  • оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Бұдан әрі неге қол жеткізу керек?», «Қандай іс-әрекет жасаукерек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін мұғалімдерге;

  • бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіпбере алатын мұғалімдерге қосымша көмек ретінде ұсынылады. Бұл – дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы болып табылады.

Бұл сындарлы оқыту  жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Модульдер:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Осы модульдердің ішіндегі маған жаңалық болғаны «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер». Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету де тиімді, мен «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының  стратегияларын меңгергендіктен маған жаңалақ болмады. Тек осы бағдарламаның ерекшелігі барлық стратегиялырды кіріптіре отырып, жаңа технология жасалған деп олаймын. Мен осы бағдарламаны өз сыныбыма еңгізгенде ең тиімді әрі жеңіл модуль «Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер» болатын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес.  Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; оқушының талантын зерттеу және анықтау;  сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады. Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі. Ал «қалай  оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйретеміз.

Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының  «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды,  өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды.  Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым.  Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады. Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдау арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады. Оқушылардың өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен  шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» деген ойды ескере отырып оқушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керектігіне көзім жетті.  Себебі топ мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысты, топта ынтымақтастық атмосферасын құра  отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды. Әр ұстаз сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз. Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз деуге болады. Сұрақ қоюдың  төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі бар. Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады. Ал оқушының берген жауабы қате болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып  түзетуге мүмкіндік берілуіміз керек. Сол қатесінен сабақ алуы керек. Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қоя отырып дұрыс жолға  түсуіне көмектесуіміз қажет.  Егер қате жауабын бас изеп қабылдай берсек оқушы  «мен білемінге» салынып  тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін. Білім берудің диалогтік тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда сұрақ қою арқылы оқушының: Сындарлы сөйлеуіне ынталандыруға, білімге құштарлығын оятуға, сыни тұрғыда ойлауға ықпал етемін, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинақтап, талдауға үйренетіндігін, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру арқылы ой бөлісетіндігін дамыта алдым. Білім алуда пікірлесу, сұрақ қою барысында серіктестерінің  айтқандары  елеулі орын алады  деп білемін. Мерсердің  зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі деп білемін. Оқушылардың білім алуда сұраққа жауап беруі, ізденуі,  тыңдауы мен сөйлеуі арасында байланыс  анағұрлым нәтижелі болатынына көзім жетті. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір- бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салып, баға бере біледі. Оқушы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдайды. Өзімнің әдебиеттік оқу пәнімде оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қойдым. Қойылған сұраққа  оқушылар жауап бере отырып, дәлелдеуге тырысты. Өтілген әр тақырыпқа байланысты оқушыларға түрткі, сынама сұрақтар қоя отырып, білгендерін ортаға салуға бағыттайды. Қорыта келгенде осы бағдарлама негізінде өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеуге өте ыңғайлы. Осы сындарлы оқытуды енгізгенде оқушылар алған білімдерін өз өмірлерінде қолдана алады деп ойлаймын Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселелері мемлекетіміздегі ғылыми-педагогикалық тұрғыда әлемдік жиақталған тәжірибені және отандық озат тәжірибені саралай отырып, оқыту мен тәрбиелеуді заман талабына сай жаңашыл ұстаз, жаңашыл, құзырлы тұлға қалыптастыра алады.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан мектебі №7 2011 ж

  2. Бастауыш мектеп №7 2012 ж

  3. Тәрбие құралы №4 2010 ж

  4. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткелік мектебі» ДББҰ, 2012






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: География

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Білім беру үдерісін жаңартудың жолы- жаңа форматты ұстаз дайындау

Автор: Тампишева Асел Серикбаевна

Дата: 24.02.2017

Номер свидетельства: 395339


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства