kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Шорт- Трек спортының түсінігі және пайдасы" тақырыбына ғылыми жоба

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шорт трекк спорты жайлы ғылыми жоба мектеп оқушыларына,ата-аналарға,ұстаздарға арналған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Шорт- Трек спортының түсінігі және пайдасы" тақырыбына ғылыми жоба»

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі ММ











Ғылыми жобаның тақырыбы



Шорт- Трек спортының түсінігі және пайдасы



Бағыты: гуманитарлық

Орындаған:

Бақытжанов Нұржас Бақытжанұлы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы

Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің

3 «Б» сыныбының оқушысы



Ғылыми жоба жетекшісі:

Рахымжанова Данара Мұсратовна

Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейдің

бастауыш сынып оқытушысы













2017 жыл, Өскемен қаласы

Түйін



Шорт- трек қысқа жылдамдыққа хоккей алаңында конькимен жүгіру болып табылады. Бұл ғылыми жобада қысқы спорт түрінің бірі «Шорт-трек» спортына түсінік беріліп, оның адам денсаулығына пайдасы жөнінде сипаттама беріледі. Сонымен қатар, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спортпен айналысу қажеттігін түсіндіреді.

Ғылыми жобаның мақсаты: Шорт- трек спорты туралы және оның адам денсаулығын нығайтуда алатын орнын анықтау.


Мазмұны



Кіріспе.......................................................................................................................4

Негізгі бөлім

1 Шорт-трек» спортының түсінігі және даму тарихы........................................5

1.1.«Шорт-трек» спортының даму тарихы............................................................5

1.2. Шорт-трек спорт түрінің түсінігі....................................................................7

1.3 Қазақстанда шорт-тректің дамуы....................................................................7

2 Шорт- трек спортының пайдасы ........................................................................8

2.1 Шорт- трек спортының адам денсаулығына әсері.........................................8

    1. Шорт- трек спортына қатысушылардан алынған сұхбат нәтижелері.........9

Әдебиеттерге шолу................................................................................................12

Қортынды...............................................................................................................13

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................14

Қосымша ................................................................................................................15









Кіріспе



Қазіргі уақытта елімізде қысқы спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Олардың ішінде шаңғы, биатлон, тау шаңғысы, мәнерлеп сырғанау, фристайл, шорт-трек, хоккей тағы да басқалары бар. Бұл спорт түрлерінен спортшыларымыз да ел намысын қорғап жүр.

Өзіме осы қысқы спорт түрлері қатты ұнайды. Соның ішінде мен кеңінен танымал – шорт-трек спортын ерекше ұнатамын. Осы спортты таңдау себебім, 6 жасымда өкпемнен тыныс ала алмай, сонымен қоса аллергия ауруына шалдықтым. Көп ем қабылдап, емнің әсері болмағандықтан, қазақ халқында «немен ауырсаң, сонымен емдел» демекші, ағзаны шынықтыруды шештік, осылайша осы спортқа келдім.

Шорт-трек бұл қандай спорт түрі, оның адамға пайдасы бар ма? Әрине бұл сұрақтың жауабын біріміз білсек те, біріміз біле бермейтініміз анық. Бұл осы ғылыми жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Сондықтан, осы тақырыпты таңдай отырып, жас ұрпаққа осы шорт-трек спортын, оның маңызы мен пайдасын түсіндіруді жөн санадық.

Ғылыми жобаның мақсаты:

Шорт- трек спорты туралы және оның адам денсаулығын нығайтуда алатын орнын анықтау.

Ғылыми жобаның міндеті:

  • Шорт- трек спортына түсінік беру, тарихын зерттеу;

  • Қазақстанда шорт-тректің дамуын анықтау;

  • Шорт- трек спортына қойылатын талаптарды анықтау;

  • Шорт-тректің адам денсаулығын нығайтудағы ролін анықтау;

  • Менің шорт- трек спортын таңдауым және жетістіктерім туралы ақпарат беру болып табылады.

Біз жетекшіммен бірге, осы спорт туралы түсінікке қысқаша сауалнама жасап, Өскемен қаласы Жібек маталар ықшам ауданының тұрғындарынан сұхбат алып көрдік. Сонымен қатар, Қаныш сәтпаев даңғылында орналасқан «Хоккей модулі» шорт- трек спортына қатысушылардан, олардың ата- аналарымен шорт- трек спортының пайдасы жөнінде сұхбат жүргізілді.

Зерттеу әдістері: әдеби мәліметтерге талдау жасау, байқау, сұхбаттасу, сауалнама болып табылды.

Осы ғылыми жұмысын жобалау кезінде Г.М. Панов, Н.Н.Власованың «Конькобежный спорт» деген оқулығы, М.Болотовский, А.Любимовтың «Физическая культура и спорт» деген оқулықтары зерделенді.



Негізгі бөлім


1 Шорт-трек» спортының түсінігі және дамуы


1.1.«Шорт-трек» спортының тарихы


Конькимен жүгіру ежелгі спорттың бір түрі болып табылады. Археологтар Солтүстік қара теңіз бойында табылғандар бойынша ең ежелгі конькилер 3200 –ші жыл бұрын қолданылған және 1763 жылы Ұлыбританияда ең алғаш рет ресми түрде жарыс өткізілген деп пайымдайды (ежелгі шорт – трек конькилері 1- сурет).

Бұл спорттың түрі 19 ғасырдың басында дами бастаған, осы кезде спортшының уақытын есептеп жазу басталған [1, 18 б].

1892 жылы конькимен жүгірудің халықаралық одағы құрылған, оған 30 ұлттың өкілдері кірген. Одан кейін 20- ғасырдың басында Канадада жалғасын тапқан екен, алғашқы жарыс Солтүстік Америкада 1906 жылы өткізілген.

Шорт-трек спортына Ұлы Отан соғысы кезінде де үлкен мән берілген. Сол кездегі спортшылар Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан. Оның ішінде Ресейлік А. Капчинский ержүрек партизан болған, 1- дәрежелі орденмен марапатталған. Ал қысқы Олимпиадалық ойындар бағдарламасына шорт-трек 1992 жылы енгізілген [2].







1-сурет. Ежелгі шор трек конькилері



1.2. Шорт-трек спорт түрінің түсінігі



Шорт-трек конькимен жылдамдыққа жүгірудің бір түрі. Конькишілер қысқа қашықтықта әрі жылдамдыққа жарысады. «Short Track» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Қысқа қашықтық» дегенді білдіреді. Шорт-трек жарысында 500, 1000,1500 және 3000 метрлік қашықтарда күш сынасады [3, 23 б.].

Шорт- трек талаптары: спортшының киімі дулығадан, қолғаптан, тізеге және балтырға киілетін сауыттан тұрады (2-сурет).






2- сурет. Спортшының киімі


Конькимен жүгіру кезінде өзінің қарсыластарын ешқандай ережені бұзбай басып озып, финалға жеткен, ең жақсы спорттық техниканы көрсеткен жүгіруші жеңімпаз атанады.

Спортшыларға қатаң тыйым салынады:

- жарыс кезінде бір- бірін итеруге;

- аяқтан шалуға;

- аяқпен тебуге;

- бір- біріне жабысуға;

- мұзды конькимен жаруға;

- мұзға қандай-да бір заттарды лақтыруға [1, 86 б].



1.3 Қазақстанда шорт-тректің дамуы



Қазақстанда шорт-тректің дамуы 1931 жылы басталған. Ол Петропавловскіде «Динамо» стадионында өткізілген. Одан кейін Алматы Медеуінде жаңа серпін алған. Астанада шорт-трек бөлімі 2005 жылы ашылған.

XXII Қысқы Сочи Олимпиадасында шорт-тректен біздің жігіттеріміз өнер көрсеткен. Қазақстанның шорт-тректен Құрама Командасының бас жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков ағамыз болды.

Осы уақыт аралығында біздің қазақ жігіттері Әлем Кубогында, Әлем чемпионатында жақсы нәтижелер көрсетті. Үздіктер қатарында Аслан Даумов, Абзал Ажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Азамат Сұлтаналиев, Айдар Бекжанов, Артур Сұлтанғалиев, Денис Никиша, Инна Симонова, Ксения Мотова, Дарья Волокитина, Азамат Нұрмағанбетов, Данабек Қайыров, Ринат Мәженов, Ерхат Кубашев сынды дарынды қазақ шорт-трекшілерімізді атап өткеніміз жөн.

Біздің шорт-трекшілеріміз 2005-2006 жылдардан бастап Әлем Кубоктарына, Әлем чемпионаттарына қатысты. Жоғарыда айтып өткендей Құрама команданың бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Қазақ шорт-трегінің дамуына, үлкен жетістіктерге жетуіне аянбай тер төккен.

2017 жылы 07 ақпанда Алматыда өткен Қысқы Универсиадада 5000 мың метрлік қашықтықта қазақстандық құрама командасы «Қола» медальді иеленген. Бұл жарыста Қытай елі бірінші орынды иеленсе, ресейліктер күміс медальға ие болған (1-сурет) [2].









3- сурет. Қысқы Универсиада 2017, Қазақстанның шорт-тректен

құрама командасы

2 Шорт- трек спортының пайдасы



2.1 Шорт- трек спортының адам денсаулығына әсері



Шорт-трек спорты бойынша оқулықтардан алынған мәліметтерде төмендегідей ақпараттар берілген:

  • Конькимен жүгіру бұлшықетті қатайтады, себебі конькимен жүгіру кезінде адамның аяғы, арқасына күш түседі, сондықтан олар нығайып, қатаяды;

  • Жалпы зат алмасуды арттырады, үнемі қозғалыс кезінде қан айналым дұрысталады, жүректің қызметі жақсарады;

  • Тыныс алуды реттейді, қашықтыққа жүгірген кезде тыныс алудың дұрыс болуын адам қадағалап отырады;

  • Ағзаның тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі, себебі конькимен сырғанап жүгірген кезде, әртүрлі бұрылыстарда шамамен 15 0 –қа дейін адам денесі жерге еңкейіп, қайта түрегелуі қажет;

  • Шорт-трек спортында адам топпен қарым- қатынас жасай білуге үйренеді;

  • Сонымен қатар, мұздың үстінде бірнеше сағат жүру, жаттығулар жасау адам ағзасын суыққа шынықтыра түседі [2].



2.2 Шорт- трек спортына қатысушылардан алынған сұхбат нәтижелері



2017 жылғы 10- қыркүйекте Өскемен қаласы Жібек маталар ықшам ауданы тұрғындары арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама бойынша төмендегідей сұрақтар қойылды:

  1. Аты- жөніңіз кім?

  2. Өскемен қаласында қай уақыттан бері тұрасыз

  3. Шорт-трек қандай спорт түріне жатады?

А) Бұл спорт түрін білемін

Ә) Жоқ, бұл атауды естімегенмін

  1. Шорт- трек спортына балаңызды қатыстырар ма едіңіз?

А) Бұл спорт түрін білмеймін, ол сондай белгілі спорт емес

Ә) иә, оған қатысу қажет деп санаймын.

  1. Осы спорт түріне отбасы мүшелерінің бірі қатысып жүрсе, оны қалай сипаттай аласыз, бұл спорттың пайдасы бар ма?

А) иә, бұл спорт түріне балам не отбасы мүшелерім қатысады.

Ә) Бұл спортқа қатысып, пайдасы болмаған соң қатыспаймыз.

Б) бұл спорт түрін жуырда ғана естідік

Осы сауалнамаға 50 адам қатысты, оның ішінде 20 адам ересек, 30 оқушы сұралды. Сұхбаттасу барысында шорт- трек спортын сұралғандардың 31 -і шорт- трек туралы білмейтіндіктері, қалған 19-ы бұл спорт түрін естіген және білетіні анықталды.

Шорт-трек қандай спорт түріне жатады?

Жауап

А) Бұл спорт түрін білемін

19 адам

Ә) Жоқ, бұл атауды естімегенмін

31 адам

Барлығы

50 адам

1-кесте. Сауалнама сұрағы

Осы зерттеу бойынша, шорт- трек спорт түрі көп адамға таныс емес спорт екенін аңғаруға болады. Сондықтан, шорт- трек спорты жөнінде қала мектептерінің оқушыларына, қала тұрғындарына әртүрлі ақпарат құралдары арқылы таныстыру қажет деп санаймыз.

Сонымен қатар, шорт- трек спортының пайдасы қандай деген сұраққа, шорт- трек спортына қатысып жүрген балалардың ата- аналарынан сауалнама алынды, олардың саны- 28 адам.

А) иә, бұл спорт түріне балам не отбасы мүшелерім қатысады, деп барлық ата- ана жауап берді, оның ішінде 18 ата- ана балаларына бұл спорттың өте пайдалы, қыстай ауырмағандарын, тіпті ауырған күннің өзінде аурудың белгілері жеңіл түрде өткенін айтты. Қалған 10 ата- ана балаларын биылғы 2017 жылдың тамыз айынан бастап бергенін түсіндірді.

Шорт- трек спортының пайдасы қандай?

Жауап

А) иә, бұл спорт түріне балам не отбасы мүшелерім қатысады.

18 адам

Ә) бұл спорт түрін жуырда ғана естідік

10 адам

Барлығы:

28 адам


Осы зерттеу нәтижесі бұл спорттың адам денсаулығына пайдасы зор екенін түсіндіреді деп санаймыз.



Әдебиеттерге шолу



Қорытынды



Шорт- трек спорты өте ерте заманнан бері келе жатқан қысқы спорттың бір түрі. Бұл спорт қиын да қызықты спорт болып табылады. Қиындығы мұздың үстінде тепе- теңдікті, әртүрлі бұрылыстарда жүгіру техникасын сақтау. Бұл спортпен айналысқан адамның ерік- жігері, күш- қайраты басым болады.

Шорт- трек спортымен айналысу адамда қырағылықты дамытады, себебі басқа адамды қағып кетпес үшін, жан- жақты бағдарлап отыру керек;

Күнделікті жаттығулар жасаған адам ерте оянады, көп шаршамайды, суық ауа, төмен температура адамды шынықтыра түседі, әртүрлі тымау аурулары, аллергия сияқты аурулармен ауырмайды, бұның дәлелі ретінде біздің зерттеуімізде шорт- трек спортына балаларын қатыстыруға берген ата- аналар көктем, күз уақытында баларының бұрын жиі тымау ауруымен ауырғанын, қазір балаларынан ондай әлсіздікті байқамайтындарын айтып, бұл спортқа деген қызығушылықтарын білдірген. Өзім де осы спортқа келгелі біршама шынығып, алдыма мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолдарын іздестіру туралы ойлана бастадым.

Шорт- трек күрделі спорттың бірі сондықтан, бұл спорт адамды төзімділікке, шыдамды, мықтылыққа тәрбиелейді деп ойлаймыз.

Сондықтан да қазіргі кезде Еліміздің атын Әлемге танытатын, мықты спортшылар шығару үшін оларды алдымен спортқа баулып, ақылды, білімді, еңбекқор болуға үйрету, тәрбиелеу қажет деп санаймыз.

Спортпен айналысу адамға күш- қайрат, ерік- жігер береді, сонымен қатар денсаулығын нығайтады, сонда біз нағыз МЫҚТЫ ел боламыз!





Пайдаланылған әдебиеттер



1. М.Болотовский, А.Любимов «Физическая культура и спорт», М.: 2001.

2. Ғаламтор материалдары «Шорт трек тарихы туралы» 2016 жыл.

3. Г.М. Панов, Н.Н.Власова «Конькобежный спорт» учебник, М.: 1998 г.

4. Изаак С.И., Айзаков А.Д. Оценка динамики физического состояния детей дошкольного возраста // Вестник физической культуры. – 2010. – №2. 123-125 б.

5. А.А.Айзақов Батыс Қазақстан балаларының, жасөспірімдерінің денсаулық жағдайы.





Қосымша

Сауалнама сұрақтары



  1. Аты- жөніңіз кім?

  2. Өскемен қаласында қай уақыттан бері тұрасыз

  3. Шорт-трек спорты туралы не білесіз?

  4. Шорт- трек спортына балаңыздың қатыстырар ма едіңіз,

  5. Осы спорт түріне отбасы мүшелерінің бірі қатысып жүрсе, оны қалай сипаттай аласыз, бұл спорттың пайдасы бар ма?



16



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физкультура

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
"Шорт- Трек спортының түсінігі және пайдасы" тақырыбына ғылыми жоба

Автор: Бақытжанов Нұржас

Дата: 07.11.2017

Номер свидетельства: 437529


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства