kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жоғарғы сыныптарда физиканы бейінді оқыту оқушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру әдісі ретінде

Нажмите, чтобы узнать подробности

Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру — бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «… әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелеріне сәйкес 2006 – 2007 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сатысына бағдарлы оқыту енгізілді. 
Жоғары сыныптарында бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан мектептегі білім беру мен тәрбие үдерісіне әсер ететін нақты жағдайларды ескермей, ұтымды бағдарлы оқыту моделін жүзеге асыру мүмкін емес. Білім сапасы - білім алушылардың мемлекеттік стандарттың деңгейін төменнен жоғары қарай меңгеруімен анықталады. 

Бағдарлы оқыту - оқушының орнықты мүддесі мен қабілеті, бейімділігі негізіне бағытталған білім жүйесі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жоғарғы сыныптарда физиканы бейінді оқыту оқушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру әдісі ретінде»

Жоғарғы сыныптарда физиканы бейінді оқыту оқушылардың жеке білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру әдісі ретінде

Өскемен қаласының Оралхан Бөкей атындағы

№44 лицейінің физика пәні мұғалімі

Қалиева Ботагоз Смагуловна


Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын анықтауға бағыт-бағдар беру — бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселердің бірі. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «… әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізгі ережелеріне сәйкес 2006 – 2007 оқу жылынан бастап еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сатысына бағдарлы оқыту енгізілді. 
Жоғары сыныптарында бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан мектептегі білім беру мен тәрбие үдерісіне әсер ететін нақты жағдайларды ескермей, ұтымды бағдарлы оқыту моделін жүзеге асыру мүмкін емес. Білім сапасы - білім алушылардың мемлекеттік стандарттың деңгейін төменнен жоғары қарай меңгеруімен анықталады. 

Бағдарлы оқыту - оқушының орнықты мүддесі мен қабілеті, бейімділігі негізіне бағытталған білім жүйесі.

Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында даярлы оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғары сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілері деп, нақты жағдайларда бағдарлы оқыту түрлерін жүзеге асыру тәсілдерін айтады. 
Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің нұсқалары ретінде мыналарды атауға болады:

1.Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың мектепішілік үлгісі; 
2.Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың тораптық үлгісі; 
3.Ресурстық орталық негізінде ұйымдастыру;

4.Әлеуметтік серіктестік негізінде ұйымдастыру.

Ұйымдастыру үлгілерінің түрліше болуы бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың типтері мен формаларын үйлестірудің алуан түрлі болуынан туындайды. 
Мектепішілік бағдарлау үлгісі деп, бағдарлы оқытуды білім беретін бір ғана мекеменің күшімен ұйымдастыруды айтады. Бұл жағдайда жалпы білім беретін мекеме бір бағдарлы немесе көп бағдарлы болуы мүмкін. 
Бірбағдарлы білім беретін мекеме таңдалып алынған бір ғана бағдарды, мысалы, жаратылыстану – математикалық немесе қоғамдық – гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады. Әр бағдардың ішінде білім салалары бойынша бір немесе бірнеше мамандану бағыттары болуы мүмкін. Мысалы, жаратылыстану – математикалық бағытта: химия – биологиялық, биология – географиялық, физика – математикалық және т.б.

Көп бағдарлы білім беретін мекеме оқытудың бірнеше бағдарын, мысалы, жаратылыстану – математикалық немесе қоғамдық – гуманитарлық бағдарды жүзеге асырады.

Мектептің бағдарлау үлгісін таңдау кезінде мыналар ескерілуі қажет: 
- Оқушылар мен ата - аналарының тарапынан жеке пәндер бойынша жоғары деңгейде білім алуға әлеуметтік сұраныстың болуы; 
- Таңдалып алынған бағдар бойынша жоғары оқу орындарына білімін жалғастыруға талпынысы; 
- Мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесінің шешілуі; 
- Жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары, қабілеті мен бейімділігі; 
- Сынып оқушыларының көпшілігінің таңдалып алынатын мамандану пәндері бойынша нақты дайындық дәрежесі;

- Бағдарлы оқытуды жүзеге асыратын жетік пән мұғалімдерінің болуы; 
- Мектептің материалдық – техникалық базасы.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру үлгілерінің қай-қайсысының да артықшылығымен қатар кемшіліктері де болатынын ескерген жөн. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.

Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың бірбағдарлы түрінің артықшылығы мыналар:

- Мектептегі педагогикалық ұжымның бір бағдар шеңберіндегі мақсатты жұмысы; 
- Берілген бағдар бойынша материалдық – техникалық қорларды шоғырландыру; 
- Мектеп бітірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. 

Ал, кемшіліктері ретінде мыналарды атауға болады: 
- Оқушылардың қызығушылықтарының үйлеспеуі олардың мектеп бітіргеннен кейін нақты оқу орнынан түсуге бағдарларының әр түрлі болуы; 
- Біркомплектілі мектептерге бағдарлы оқытуды енгізу бойынша ұйымдастырушылық шешімдердің болмауы; 
- Оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескермей, оларды біржақты дайындау, білім алушыларды бір бағдар ішінде теңдестіру. 
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың көпбағдарлы түрінің артықшылығы мыналарды жатқызуға болады: 
- Оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері, олардың қызығушылығы мен сұраныстары ескеріледі;

- Тұлғаның дамуының жеке траекториясы құрылады,

- Оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуге мүмкіндігі болады.

Ал, кемшіліктеріне келетін болсақ, олар төмендегідей:

- Оқушының оқыту бағдарын таңдауда қателескен жағдайда бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі мүмкін;

- Оқушылардың жаңа интеллектуалдық ортаға көшуіне байланысты алаңдаушылығы мен үрейі артады;

-Қаржыландыруда түрлі қиындықтар кездеседі.

Сонымен қатар бағдарлы оқытуды ұйымдастыру жұмыстары: оқушы, ата-ана, психолог, сынып жетекшісі мен курс жетекшісінің бірлескен жұмыстары арқылы да іске асырылады. 9- сыныптарда оқушының таңдап отырған нақты пәндері негізінде бағдаралды білім, білік қалыптастырылады. Бағдарлы саты 10-11 сыныптарда қоғамдық өмірге төселген, жоғары мәдениетті, саналы таңдаумен бағдарлы білімді игерген жеке тұлғаны қалыптастырады.

10 – сыныптарда мамандыққа сай шығармашылық ізденіс қабілетін дамыту жұмыстары жүйеленеді. 11 – сыныптарда оқушылар алған бейімдерін өз деңгейінде көрсетеді.

Біздің мектебіміз 2012 жылдан бастап  жаратылыстану – математикалық баытында: химия – биологиялық, физика – математикалық бағыттар бойынша жұмыс атқарады. Бұл бағытта оқушыларды математика, физика, химия, география пәндері бойынша тереңдетіп оқытып және жоғарғы техникалық оқу орындарына түсуге дайындаймыз.

Жаратылыстану-математика бағыты болғандықтан оқушыларды қазіргі заманға лайықты техникалық мамандықтар бойынша оқу орындарына дайындаймыз. Осы негізде 2014 жылы 19 сәуір күні қаламыздағы мазмұны және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі» «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің» ректоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы ынтымақтастық меморандумына қол қойдық.

27 оқушы Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашақ» бағдарламасы стипендиясының иегерлері атанды.

Бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыру, баланың бейімін анықтау бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бағдарлы білім беруде ұстаз тұлғасының рөлі ерекше. Тәжірибелі ұстаздарымыз оқушыларға жүйеленіп, өңделген материалды дайын күйінде ұсынбайды, баланы өз бетімен ізденуге, өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландырып отырады. 9 – сынып оқушыларына жыл бойы болашақтағы мамандықтарын дұрыс таңдауларына байланысты жоғары сынып оқушыларының қатысуымен жаратылыстану – математикалық кештер, оқу орындарының мамандарымен кездесулер, арнайы сауалнамалар алынып, кәсіби бағдар беру жұмыстары кең түрде жүргізіліп отырады. 10 – сыныпта сол таңдаған бағыттары бойынша пәндері тереңдетіліп оқытылып, бағдарлы білім алады.  Оқушыладың қызығушылықтары мен бейімділіктері ескеріліп, бағыттар бойынша таңдау курстары жүргізіледі.

Біз білім беру мазмұнына, мектепке, оқушы мен педагог тұлғасына, олардың өмірі мен қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске ұшырап отырған кезеңіндеміз. Қоғамдағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамытуды, бейімдеуді, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осыған орай мектебімізде мұғалімдер мен оқушылардың дарынды оқушылардың ғылыми-әдістемелік жұмысының жүйесі және жеке тұлғаға бағытталған педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын «Жеке тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру арқылы оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту», «Физика пәнінен дарынды балаларға арнлған еспетер жинағы», «Олимпиада есептерінің жинағы» «Ұлттық бірыңғай тестлеуге оқушыларды дайындау», арнайы әдістемелік көмекші құралдар мектебімізден жарық көрген болатын.Біздің негізгі жұмыстарымыздың бірі дарынды оқушыларды анықтап, олардың белгілі бір пән бойынша қабілеттілігін дәл тауып, бағыт-бағдар беріп, жұмыстарын белгілі бір ғылыми жолға қою болып табылады.Ұстаз бен оқушының қажырлы еңбектерінің арқасында оқушыларымыз бейімделген пәндерден қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жүлдегерлері болуда. 2014-2015 оқу жылында физика пәнінен халықаралық ғылыми жобалардың жеңімпаздары: Көжебаев Әділет және Әлихан Махмудұлы. 2015-2016 оқу жылындағы жеңімпаздар: Өмірбек Әли, Ақылбекова Назерке және Адильбаев Нұржан.

9-сыныпта 1 сағат,10-сыныпта 1 сағат, 11-сыныпта 2 сағат бейімдік бағыт бойынша «Күрделі есептер шығару тәсілдері» сабақтары өтеді. Осы сабақтарды өткізу барысында белгілі бір күрделі тараулар кеңейтіліп, өмірмен байланысы көрсетіліп, мамандықтар бойынша мәліметтер беріп, есеп шығарудың жеңіл тәсілдерін үйретеміз. «Термодинамика негіздері» тарауын қорытындылау-пысықтау сабақтарында жылу қозғалтқыштары туралы айтылғанда «Мұнай және мұнай өнеркәсібі», «Машина жасау», «Көлік, көлік техникасы мен технологиясы», «Авиация техникасы мен технологиясы», «Теңіз техникасы мен технологиясы» сияқты мамандықтар бойынша мәліметтер беріп, бұл мамандықтар дайындауға ағымдағы жылы қанша мемлекеттік грант бөлінгендігі, ол маман иелерінің нарықта қаншалықты сұраныста екендігі туралы ақпараттар беріледі.«Электр және магнетизм» бөлімін оқыту барысында оқушыларға «Жылу энергетикасы»,  «Ядролық физика», «Электроэнергетика» сияқты мамандықтар туралы толық ақпарат береміз.«Атом және ядролық физика» бөлімі оқытылуы барысында оқушылар  «Ядролық физика», «Пайдалы қазбаларды байыту» т.б. мамандықтар туралы мәліметтерді толық алады.Қатты дене физикасы туралы материалдар берілгенде еліміз үшін ең қажетті мамандықтар қатарына енетін «Металлургия», «Машина жасау», «Құрал жасау», «Геологиялық барлау», «Тау-кен ісі» т.б. мамандықтар туралы ақпар бере кетеміз.

Соңғы 2014-2015 және 2015-2016 оқу жылдарда физика пәнін таңдаған оқушылар 100% сапамен аяқтап, түгел грант иегерлері атанып, оқуларын Жоғарғы оқу орындарда жалғастыруда.Бағдарлы білім беру оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға, өмірлік көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға, өзін – өзі дамытуға, өзін – өзі бағалауға мүмкіндік береді. 
Олай болса, бағдарлы оқыту сатысының мұғалімі қандай болу керек: 
1. Оқыту мен тәрбиелеу процесін жаңаша ұйымдастыра алатын, педагогикалық технологияны, оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, даралық, деңгейлік тәсілдерін меңгере алатын;

2.Оқушылардың өмірлік дағдыларын қалыптастыра алатын; 
3. Білім сапасын бағалаудың жаңа формаларын мониторинг, аралық бағалау тәсілдерін, ақпараттық – коммуникативтік технологияны игере алатын; 
4. Білім мен тәрбиені үндестіру, тәрбие мазмұнында әлемдік және ұлттық рухани құндылықтарды бере алатын болу керек.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті болатын жағдайларды ұсыныс ретінде айтқым келеді:

1. Жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орната отырып, ғалымдармен бірлесе Ғылыми кеңес құрылып, бағдарлы оқытудағы оқушылардың болашақтағы мамандық таңдауына бірлесе үндестік қалыптастыру. 

2.Мамандар даярлау ісіне министрлікте отырған жауапты мамандар сараптамалар жасап, қажетті іс-шаралар жүргізуі тиіс, себебі мамандықты дұрыс таңдамаған маман ел экономикасына орасан зор залал тигізеді.

3. Өз мамандығын сүймеген маман иесі — ол жарамжан маман. Сондықтан мамандық таңдауда оқушыларға ата-ана, пән мұғалімдері болып кеңестер беруі керек. Мектепте осы тақырып бойынша жоғары сынып оқушыларының арасында семинарлар өткізуді де қолға алу қажет.

4. Пән мұғалімдері жоғары сыныптарда сабақ өтерде әр сабақтың мазмұнына қарай оқушыларға кәсіби бағдар беріп отыруы тиіс. Ол өз кезегінде сабақтың тиімділігін арттыруға да септігін тигізері сөзсіз.

Нәтижесінде сапалы мұғалім, сапалы білім, сапалы оқушы, сапалы мектеп қалыптасады. 
Қорыта айтқанда, бағдарлы оқытуды енгізуге байланысты мектеп құрылымында, білім беру мазмұнында, оқу процесін ұйымдастыру деңгейлерінде жүзеге асырылатын барлық өзгерістер оқушының жеке тұлғасын олардың талап – тілектері мен танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес жан – жақты дамыту үшін жағдай жасауға бағытталуы тиіс. 












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Калиева Ботагоз Смагуловна

Дата: 10.05.2017

Номер свидетельства: 414016


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства