kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ІІ кіші «В» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі,:«Қызыл телпекті қыз» (ертегі).

Нажмите, чтобы узнать подробности

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі," Қызыл телпек " ертегісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ІІ кіші «В» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі,:«Қызыл телпекті қыз» (ертегі).»

ІІ кіші «В» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Күні: 27.02.2018

Тәрбиеші:Коргамбекова Ж.О.

Білім беру саласы: «әлеуметтік орта»

Пән: Қоршаған ортамен таныстыру

Өтпелі тақырып: «Көктемнің алғашқы гүлі»

Тақырыбы: «Қонаққа қуыршақ Сәуле келді»

Мақсаты

1.Тәрбиелік: қонақ күту ретін түсіндіру арқылы қонақжайлық, сыпайлық сияқты сапаларын тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: әрбір ыдыстың қолдану жағдайынна байланысты аталуын түсіндіру.

3.Оқыту: сөздік қорларын «Ыдыстар» тақырыбындағы сөздермен толықтыру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: қуыршақ Сәуле, қант салғаш, майлық салғыш, кәмпит салғыш, қасықтар, кастрөл, таба.

Билингвальді компоненет: қонақ-гость, ыдыс-аяқ- посуды, үстель-стол.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Ұйымдастырушылық кезең: Балаларға қонаққа қуыршақ Сәуле келгенін хабарлап айтады.

- Балалар, біз – қазақ халқы қонақжай халықпыз. Халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі шығарып салады. Қуыршақ Сәулеге өзіміздің қонақжайлылығымызды көрсетіп, сыйлайық.

Негізгі бөлім: Әңгіме өткізу.

- Қонақ күту үшін ыдыс-аяқ керек. Ыдыс-аяқ – күнделікті тамақты дайындап, ішіп-жеу барысында пайдаланатын тұрмыстық заттар жиынтығы. Ыдыс-аяқ қолдану жағдайына байланысты тамақ дайындайтын: кастрөл, табалар, қазан, ожау; қасық, шанышқы, кесе, стақан, саптыаяқ және тамақ сақтауға арналған ыдыстар деп бөлінеді.

Бізге бүгін қуыршақ Сәулеге дастарқан жаямыз. Ол үшін алдымен мынадай жаңа сөздермен танысамыз.

2. Билингвальды компонент: қонақ-гость, ыдыс-аяқ- посуды, үстель-стол.



- Мынау – шай шығаратын шәйнек. Мынау – кішкентай қасық. Ол не үшін керек?

- Мынау – саптыаяқ. Онымен шай ішеміз.

- Дастарқан басында өзіңді қалай ұстауын керек?

- Кастрөл не үшін керек? Ал таба ше?



3. Сергіту жаттығу.

«Дастарқан» әні қойылады.

Ей, халайық, халайық,

Бар өнерге салайық.

Ас ұсынып, бас тартқан

Жайылып тұр дастарқан.


Дастарқан-ау, дастарқан,

Берекелі дастарқан,

Мерекелі дастарқан,

Ей-ей-ей!

4. Дастарқан жаю ретін көрсетеді, түсіндіреді.

- Қуыршақ Сәуле сендерді «Қонақжай, сыпайы балалар екен», - деп жатыр.

Ол сендерге риза болды.

5. Жеке жұмыс жүргізеді.

Қорытынды:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін қорытындылайды.

- Шай ішу дастарқанға қандай ыдыстарды қоямыз?

Балалар қонақ күту ретін айтуға берілген тапсырманы түсініп, орындай алады

Қонақты қалай күту және қонаққа дастарқан қалай жасау керектігін түсінеді.

Сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, яғни коммуникативтік дағдыларын.




























ІІ кіші «В» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі


Күні: 27.02.2018

Тәрбиеші:Коргамбекова Ж.О.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: «Көктемнің алғашқы гүлі»

Тақырыбы:«Қызыл телпекті қыз» (ертегі).

Мақсаты

1.Тәрбиелік: үлкендердін сөздерін жерге тастамау

2.Дамытушылық: мазмұндалған ертегіге өз бетінмен баға беру

3.Оқыту: ертегі арқылы тәрбиелік білім алу.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: ширма, қуыршақ театры

Билингвальді компоненет: ертегі-сказка

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Ұйымдастырушылық кезең:

  • Балалар, бәріміз ортаға

шығып, «Шаттық шеңберін» құрайық.

Біз көңілді баламыз.

Шаттық әнге саламыз.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Би билейміз дөңгелеп.

-Міне, қандай тамаша! Өнерлі, биші, ақылды балалар екенсіңдер!

Негізгі бөлімі:

Кіріспе әңгіме.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Қызыл телпекті қыз» ертегісін оқып, оның мазмұнын ашып әңгімелейміз. Ертегіні оқып беру.

Сергіту сәті

Қорбандаған аюдың

Құлпынай көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.


Сұрақ-жауап.

- Сендерге ертегі ұнады ма?

-Анасы қызыл телпекті қызын қайда жұмсады?

-Қызыл телпекті қызға кім кездесті?

-Қай жерде?

-Қызыл телпекті қыз не деп жауап берді?

-Қасқырдың қарнын жарған кім?

Қорытынды: 2-3 баладан ертегінің мазмұнын сұрау.

Іс-әрекетті қорытындылау.

Балаға ертегінің мазмұнын жеткізу., кейіпкерлердің әрекетіне баға беруді, сұрақ-жауап арқылы оқуды үйрету.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Сабитбекова Айшолпан Ерланқызы

Дата: 20.03.2018

Номер свидетельства: 462689


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства