kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ән-күй пәнінең ашық сабағы Тақырыбы: «Казақстан-кең -байтақ елім»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ән-күй пәнінең ашық сабағы Тақырыбы:  «Казақстан-кең -байтақ елім»

ортаңғы топқа арналған ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялык картасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ән-күй пәнінең ашық сабағы Тақырыбы: «Казақстан-кең -байтақ елім»»





КҚМҚ «Шуақты Шұғыла» балабақшасы













Ән-күй пәнінең ашық сабағы



Тақырыбы: «Казақстан-кең -байтақ елім»









Ән-күй жетекші:Оразаева.А.А.





с. Кокпекты 2015ж.






Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялык картасы № 11


Білім беру саласы/Образовательная область: Творчество

Бөлімдері /Разделы: Музыка

Тақырыбы/Тема: «Қазақстан-кең-байтақ елім »

Мақсаты/Цель: Әнді тындап, сезіне білуге, ән мазмұнын әңгімелеп айтуға дағдыландыру, дыбыс биіктігі, тембрі туралы ұғымын қалыптастыру. Еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін

арттыру.

Қостілдік компонент/билингвальный компонент: Қазақстан, елтанба-герб, ту-флаг, ән-ұран, рәміз-символ.

Қөрнекі құралдар /материалы: Қазақстан рәміздерінің суреті, сәулетті қалалар суреттері немесе слайд, паровоз суретті.


Іс-әрекет кезеңі/

Этапы

деятельности

Педагогтың іс-әрекеті

Действия педагога

Балалардың іс-әрекеті

Действия детей


Мотивациялық қозғаушылық

Мотивационно-

побудительный

«Қазақстан»

Әнін ойнатып, балаларды көңілді қарсы алады.

Жетекші балаларға жалаушалар таратып беріп,әүенді қимылға шақырады.

Босқа қарап тұрмаймыз,

Ән айтамыз, жырлаймыз.

Жалаушаны көгілдір,

Оңды-солды бұлғаймыз.

Әуенді қимыл:

«Жалаушамен жаттығу»

(Е.Брусиловский) орындалып, балаларға еркін қимылдауға мүмкіндік береді.

Жаттығуды бірге жасап, жалаушаларды желбірете қозғауларын қадағалайды.

Сәлемдесу:

Балалар күнмен, жетекшімен, қонақтармен музыкалық жаттығу арқылы сәлемдеседі.


Жетекші:

-Балалар бүгін бізге қонақтар келді.

Қонақтар сендермен танысқылары келеді.Кәне қазыр сендер өз аттарын кезекпен әндетіп айтындар.



-Жарайсындар балалар.

Ал енді қонақтар өз аттарын кезекпен әндетіп таныстырады.


Балалар көңілді музыкамен залға келеді.


Балалар қуана келісіп, жалаушаларды алады, дұрыс ұстауға талпынады.




Жаттығуды өз беттерінші еркін жасайды.

Марш екпінін сезіне қимылдап, жалаушаны желбірете қозғайды.




Шаттық шеңберге турып музыкалық жаттығу арқылы амандасады.

Сә-ле-мет-сіз-дер-ме.


Балалар аттарын кезекпен әндетіп айтып, танысуға талпынады.






Қонақтар аттарын кезекпен әндетіп айтып, танысады.





Ұйымдастыру іздестіру

Организационно – поисковый












-Балалар, бүгін біздің іс-әрекетіміз өте ерекше болмақ, себебі, бізге көптеген қонақтар келген.

Қане, енді біз қонақтарға тәртіпті,ақылды, білімді балалар екенімізді көрсетейік.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Кім атап береді?

-Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?

-Республикамыздың қандай рәміздері бар?

-Біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет.біздің еліміз тәуелсіз болғандықтан өз мемлекеттік Әнұраны,Елтанбасы және өзінің мемлекеттік Туы бар.

Қазақстан Республикасы Туының түсі қандай?

-неге ұқсайды?

-Мемлекет тудың авторы:Шакен Ниязбеков.

-Елтаңбаның авторлары суретші Жандарбек Мәліков пен сәулетші Шота Уалиханов.

Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі-Әнұран.

-әнұранын авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

Қазақстан Республикасының Елордасы қай қала?

-Қазақстан Республикасының Елбасы кім?


- Балалар, біздің ауылымыз  қалай  аталады?


-Балалар, Отан,Қазақстан туралы кім тақпақ айтып береді?




-Енді Қазақстан Республикасының Әнұраның шырқайық.


-Біздің Қазақстанымыз кең байтақ жері бар өте үлкен мемлекет. Әдемі қалалары бар, табиғаты сұлу, таулары,өзендері көрікті (слайдпен суреттерді көрсету).


- Балалар мен сендерді Қазақстанымызды аралап, танысуға саяхатқа шақырымын. Ол жай саяхат болмайды, әрі қалада тапсырмалар болады, сол тапсырмаларды орындаймыз.

Кәне пойызға отырайық.

Кім паровоздың жүргізуші болады?

Жүргізушіге бас киімін кигізеді.

Әнің ырғағымен пойыз қозғалады.


Мен, паровоз от алам,

Астанаға бет алам.

Пуп-пуп,пыш-пыш.


Балаларға әүен ырғағымен вагон дөңгелектерінің қозғалысын қолдарын шынтақтан бүгіп,қимылдатып көрсетулерін сұрайды, еркін қозғалып, көңіл көтерулеріне мүмкіндік береді.


-Біз Шымкент қаласына жақындап келеміз.

Шымкент-жасыл желекті,әдемі қала.

Пойыздан түсіп,демалып, көңіл көтерейік.


1 тапсырма

Музыка тындау:

«Сәлем Қазақстан»А.Досмағамбет

Әнді мұқият тындауларын сурайды.

-Әннің сипаты қандай?

-әнде не туралы айтылады?


- Саяхатымызды жалғастырамыз-деп пойызға қайта отыруды ұйымдастырады.




Мен, паровоз от алам,

Астанаға бет алам.

Пуп-пуп,пыш-пыш.

Балаларға дөңгелектер қимылын көрсетіп, қайталауды ұсынады.


-Келесі станция Алматы қаласы-деп хабарлайды.

Пойыздан түсіп, қаламен танысайық.

Балаларды суретке назар аударады.


-Алматы қаласы Алатаудың етегінде орналасқан. Алматы бізге тәп-тәтті алмаларымен белгілі. Алматыда ірі орталықтар бар, экспонаттар көп. Алматы өте әдемі, сұлу, көркем. Қала көшелері түзу, кең, жарық. Саябақтар мен демалыс үйлері бар. Жазы ыстық емес, қысы жылы.
Алматы - өте әдемі қала. Алматыда әлемге әйгілі «Медеу» мұзайдыны бар. Онда түрлі спорт ойындары өтеді. Қаланың ортасында әдемі алаңдар, биік ғимараттар, театрлар, цирк, музейлер орналасқан.

-Кәне енді Алматыда демалайық.

2 тапсырмам

«Сиқырлы қораб»

Балаларға қорабты көрсетеді.

Қорабты ашып, ішінен аспаптарды алады(бубуен,барабан,асатаяқ)

Аспаптарды алайық,

Біз оркестр құрайық!

-Жарайсындар балалар!

Енді аспаптарды жинайық.



- Саяхатымызды жалғастырамыз-деп пойызға қайта отыруды ұйымдастырады.

Мен, паровоз от алам,

Астанаға бет алам.

Пуп-пуп,пыш-пыш.

-Міне,Астанаға да жеттік

(суреттер көрсетіледі)

Көшелері қандай әдемі!



Биік үйлер көп екен. Ал мынау жарқырап тұрған-«Бәйтерек» кешені-деп таныстырады.


3 тапсырма

Ән үйрену:

«Астана» әні А.Досмағамбет сөз.Г.Жотаева

Балалардың ән сөздерін дұрыс, анық айтуын қадағалайды.

Авторларымен таныстырады.

Аспаптың сүйемелдеуінсіз, ырғақты шапалақпен көрсетіп, сөзін буынға бөле жаттауға машықтандырады. Әнді орындайды.


-Балалар сонымен біздің саяхатымыз аяқталды, енді ауылымызға қайтайық.

Пойымызға отырайық.

Пыш –пыш ,пуп-пуп

Ауылға қайтайық!


-Көңілімізді көтеріп ән шырқайық

«Мен ауылға барамын» әні Б.Бейсенова

Көңілді ырғақты сезінулеріне ықпал етеді.


Балалар орындарына отырады.




Күз

Үш ай

Қыркүйек, қазан, қараша


-Қазақстан Республикасы.

-Елтаңба,Әнұран,Ту.







-Тудың түсі көк.

-аспанға ұқсайды.











Елордасы-Астана қаласы.


Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

-Көкпекті.


Балалар үйренген тақпақтарын айтып, бір-біріне ризашылықтарын



білдіре қол шапалақтап, қошемет көрсетеді.


Балалар әнұранды орындайды.











Балалар көңілді пойызға жайғасып отырады.



Паровоз даусын салып,көңілденеді.









Қала суретін тамашалайды,таңырқайды.

Пойыздан түсіп кілемге жайғасып отырады,демалады.








Әнді тындап, әүеніне қосылуға талпынады.

Ән көңілді, әдемі.

Әнде Қазақстанымыз туралы айтылады.



Пойызға қайтадан отырып,сапарларын жалғастырады.











Балалар пойыздан түсіп, суреттерге назар аударады.















Сандықшаны көріп,қызығушулықтары артады.

Қалаған аспаптарын алып, оркестрде ойнауға дайындалады.

Әүенді, ырғақты сезіне отырып, аспаптарда ойнайды.


Көңілді пойызбен саяхаттарын жалғастырады.

Балалар жарқын дауыспен паровоз даусын қуана салады.

Астананың сәулетті көшелерінің суреттеріне



танырқай қарайды, қуанады.





Жаңа әнді тыңдап, сөздеріне мән береді. Әннің авторлары туралы естіп біледі. Әүенді ырғақпен шапалақтап, екпінін сезіне көрсетеді. Балалар әнді айтуға тырысады.



Балалар пойызға отырып ауылға қайтады.





Көңілді әнді шырқата айтып,шаттанады.






Рефлексивті- түзетушілік

Рефлексивно – корригирующий



Күй ойналып, ішке Әже кіреді,балалармен амандасады.

-Сәлеметсіздер ме балалар!

-Қайдан кележатырсындар?

-Қандай қалаларға бардыңдар?

-Кімге қандай қала ұнады?

-Қандай ойын ойнадыңдар?

Әже: Жарайсындар балалар, жақсы демалып келіпсіндер, мен сендерге қазақ ұлттық тағамын алып келдім.

Әже балаларға ризашылықтарын білдіріп, шығарып салады.


Сәлеметсіз бе әже

-Саяхаттан

Шымкент, Алматы,Астанаға



Балалар жауап беріп,көтеріңкі көңіл күймен тарайды.


Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:

Нені біледі/Знать: әнді сезіне тыңдауды,мәтінін әңгімелей білуді, әүеннің тембрін ажыратуды.





Қандай түсініктердіигерді /Иметь: жалаушалармен еркін жаттығулар жасауды,ойын саяхатына белсене қатысуды, ән әүенін, ырғағын шапалақпен келтіруді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері/Уметь: мемлекеттік рәміздермен танысып,Қазақстан туралы мәліметтерді ұғынуды.
















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ән-күй пәнінең ашық сабағы Тақырыбы: «Казақстан-кең -байтақ елім»

Автор: Оразаева Айнур Алтынгазыновна

Дата: 12.10.2016

Номер свидетельства: 348716


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства