kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Консультация: Мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік – тұлғалық дамуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  әлеуметтік – тұлғалық   дамуы.

 Бүгінгі таңда баланы әлеуметтендіру дегеніміз – баланы өмірде өз орнын таба білетін, ұлттық рухани мәдениет пен дәстүрлерді біліп, сақтауға тырысатын, әлеуметтік бейімделген, өзін-өзі дамыту мен үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын ынталы жастарды талап ететін қазіргі қоғамның социомәдени ортасына енгізуге бағытталған үрдіс.

   Балалардың әлеуметтік-жеке-тұлғалық дамуы – мектепке дейінгі білім беру үрдісі бағыттарының негізгілерінің бірі болып табылады. Оның адамгершілік және эстетикалық құндылықтармен тығыз байланыста екенін де атап көрсетуге болады. Баланың әлеуметтік-жеке-тұлғалық дамуының  үзбей жүзеге асырылуда, яғни білім беру мен тәрбиелеу үрдісінің барлық кезеңдеріне енгізілгенде ғана табысты болатыны шарт. Баланың жеке бас тәжірибесі, балаға қалыпты жағдайда, дербестігін, алғырлығын, қарым-қатынас мәдениетін, айналаға адамгершілік көзқарастарын көрсете білуге ұмтылдыратындай, таным, қарым-қатынас және басқа да қызмет түрлерінің құралдары мен әдістерінің қолжетімді түрлері арқылы ұйымдастырылуы қажет. Ең маңыздысы – топта бала үшін эмоционалды-жайлы климат және педагог пен балалардың мазмұнды жеке-тұлғалық бағытталған қарым-қатынасы болуы, бала ынтасын әрдайым қолдап отыру болып табылады.

  Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың ең сүйікті де, табиғи, балаға ғана тән қызмет түрі болып табылады. Ойын баланың балабақшада болған уақытының барлық көлемін қамтиды. Ойын кезінде бала өзі туралы, достары туралы, жалпы қоғам туралы түсінік алады, мәліметін толықтырады. Біздің «Айналайын» балабақшасының тәрбиелеу-білім беру үрдісінде қызметтің барлық түрінің маңыздылығы  және ойын мен қызметтің өзге түрлерінің оңтайлы үйлесуі принципі сақталады. Сондықтан да тәрбиешілер ойынға бөлінген уақыт есебінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті немесе еңбек қызметінің түрлерімен айналыспауға баса назар аударып отырады. Балабақша тәрбиешілері ойынның: сюжетті-рөлді, ережелі ойын, қимылды ойын, спорттық ойын, әр түрлі ұлттық ойындар  сияқты түрлерінің дамуына баса көңіл бөліп отырады. Ойын және ойын әдістері қызметтің барлық түрлерінде, күнделікті өмірде және ұйымдастырған оқу әрекетінде қолданылады.

  Балабақшаның І кіші топтарында режимдік кезеңдерде ойын жағдаятын қолдану киініп-шешіну, киімін ілу, қолын жуу сияқты күніне бірнеше қайталанатын, әрі қызық емес, іш пыстыратын үрдістерді бала үшін қызықты етуге және баланың дербестігі мен белсенділігін арттырып, бәсекелестігін шыңдауға мүмкіндік туғызады.

    І кіші сәбилер тобының тәрбиешілері Ғабдуллина Г мен Алдашова Ж ұйымдастырылған оқу әрекетінің негізі ретінде ойынды кеңінен қолданады, өйткені ойын арқылы игергенде, өтіліп жатқан  материал бала  жадында жақсы сақталады. Ал ортаңғы тобының тәрбиешілері Балмағанбетова Р мен Касанова С  баланың жады, ойлау, есте сақтау, тіл дамыту сияқты психикалық үрдістерін, сонымен қатар баланың шығармашылық қабілеттерін дамытатын ойындарды көптеп қолданады.

    Балабақшаның  барлық топтарының тәрбиелеу –білім беру үрдісінде сюжетті-рөлді ойындар ерекше орын алады. Ойынның бұл түрі баланың ой-өрісін кеңейтіп, айнала қоршаған орта туралы ұғымын қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

     Балабақшамызда балалардың өз еркімен ойын ұйымдастыруларына да барлық жағдай жасалған. Тәрбиешілер тарапынан бала ойынының сюжетін байыту, баланың ой-қиялын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жолға қойылған.  Ол үшін көрем әдебиет, әңгімелеу және әртүрлі тақырыпқа балалармен  әңгімелесу, экскурсия, серуендеу, көрнекі құралдар сияқты әртүрлі әдістер қолданылады.

   Барлық топтарда да ойын орталықтары ойыншықтармен толық қамтамасыз етілген, ол жерде бала қалауы бойынша әртүрлі ойын ұйымдастырылады. Әр  топ балаларының  жас ерекшелігіне, баланың интеллектуалды даму деңгейіне байланысты топ тәрбиешісі ойын сюжетінің тақырыбы мен деңгейін нақты анықтап алады. Мысалы: Ортаңғы тобында, «Сән салоны», «Ұлттық бұрыш», «Дәрігер» т.б. ойын түрлері өткізіледі. І-кіші сәбилер тобында ойын бұрыштары қарстырылмаған.

    Педагогтар әдіс-тәсілдердің көптүрлілігін сюжетті дамытуға, ойын барысындағы рөлдерді бөлуге, ойын кеңістігін дұрыс ұйымдастыруға көптеп қолданады. Көбінесе тәрбиешілер ойын процесіне өздері де кірісіп кетіп, ойын әрекеттерінің үлгілерін көрсетеді, ойын ережесімен таныстырады, ойын атрибутикаларын  енгізуге  көмектеседі.

   Балабақша педагогтары мен психологы ойын әрекетінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді. Тәрбиешілер ойын кезінде балалардың бір-біріне мейірімділігін құптап, бір-бірімен келісімге келуге, бір-біріне жаны ашуға, ойын бойынша серіктесіне сыйластыққа, келіспей қалушылықты әділ шешуге тырысуға үйретеді.Ойынның әртүрлі түрлерін ұйымдастыру кезінде балалардың тілегі, тұлғалық ерекшеліктері мен эмоционалдық жағдайы, сондай-ақ бір-бірімен достық қарым-қатынастары міндетті түрде ескеріліп отырылады.

     Сюжетті-рөлді ойындарды ұйымдастырғанда тәрбиешілер балалардың ойындық қарым-қатынасы мен рөлдік қарым-қатынасын дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Ол үшін қимыл-қозғалысты келтіру, өлең-тақпақтарды инсценировкалау, заттарды «тірілтуі» сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.Бұл әдістер кіші топтардан бастап қолданылады және балаларға өте ұнайды, өйткені балалар өздерін еркін сезініп, өзінің шығармашылық қабілеттерін айқын көрсете алуға үйренеді.

   Ойын қызметін ұйымдастыруда әр балаға  жеке тұлғалық қатынас баланың тұлғалық дамуында маңызды мағынаға ие. Осыны жақсы түсіне білген балабақша педагогтары ойынды ұйымдастырғанда : ұялшақ, өте белсенді, физикалық немесе психикалық дамуы тежеулі, ашуланшақ, ұрыншақ, ешкіммен араласа қоймайтын балалардың әрқайсысының жеке қасиеттерін ескере ұйымдастырады. Сонымен қатар балалардың жыныстық-рөлдік ерекшеліктері де ескеріледі. Тек қыз балаларға немесе тек ер балаларға арналған ойындар немесе араласып ойнайтын ойындар болып ұйымдастырылады. Сюжетті-рөлді ойындарда қыз балалар ананың, үй от анасының рөлін, ұл балалар ерлікті, мықтылықты талап ететін рөлдерді ойнау арқылы болашақтағы өз орындарын айқындауға үйренеді

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Консультация: Мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік – тұлғалық дамуы»

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  әлеуметтік – тұлғалық   дамуы.

 Бүгінгі таңда баланы әлеуметтендіру дегеніміз – баланы өмірде өз орнын таба білетін, ұлттық рухани мәдениет пен дәстүрлерді біліп, сақтауға тырысатын, әлеуметтік бейімделген, өзін-өзі дамыту мен үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын ынталы жастарды талап ететін қазіргі қоғамның социомәдени ортасына енгізуге бағытталған үрдіс.

   Балалардың әлеуметтік-жеке-тұлғалық дамуы – мектепке дейінгі білім беру үрдісі бағыттарының негізгілерінің бірі болып табылады. Оның адамгершілік және эстетикалық құндылықтармен тығыз байланыста екенін де атап көрсетуге болады. Баланың әлеуметтік-жеке-тұлғалық дамуының  үзбей жүзеге асырылуда, яғни білім беру мен тәрбиелеу үрдісінің барлық кезеңдеріне енгізілгенде ғана табысты болатыны шарт. Баланың жеке бас тәжірибесі, балаға қалыпты жағдайда, дербестігін, алғырлығын, қарым-қатынас мәдениетін, айналаға адамгершілік көзқарастарын көрсете білуге ұмтылдыратындай, таным, қарым-қатынас және басқа да қызмет түрлерінің құралдары мен әдістерінің қолжетімді түрлері арқылы ұйымдастырылуы қажет. Ең маңыздысы – топта бала үшін эмоционалды-жайлы климат және педагог пен балалардың мазмұнды жеке-тұлғалық бағытталған қарым-қатынасы болуы, бала ынтасын әрдайым қолдап отыру болып табылады.

  Ойын – мектепке дейінгі жастағы балалардың ең сүйікті де, табиғи, балаға ғана тән қызмет түрі болып табылады. Ойын баланың балабақшада болған уақытының барлық көлемін қамтиды. Ойын кезінде бала өзі туралы, достары туралы, жалпы қоғам туралы түсінік алады, мәліметін толықтырады. Біздің «Айналайын» балабақшасының тәрбиелеу-білім беру үрдісінде қызметтің барлық түрінің маңыздылығы  және ойын мен қызметтің өзге түрлерінің оңтайлы үйлесуі принципі сақталады. Сондықтан да тәрбиешілер ойынға бөлінген уақыт есебінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті немесе еңбек қызметінің түрлерімен айналыспауға баса назар аударып отырады. Балабақша тәрбиешілері ойынның: сюжетті-рөлді, ережелі ойын, қимылды ойын, спорттық ойын, әр түрлі ұлттық ойындар  сияқты түрлерінің дамуына баса көңіл бөліп отырады. Ойын және ойын әдістері қызметтің барлық түрлерінде, күнделікті өмірде және ұйымдастырған оқу әрекетінде қолданылады.

  Балабақшаның І кіші топтарында режимдік кезеңдерде ойын жағдаятын қолдану киініп-шешіну, киімін ілу, қолын жуу сияқты күніне бірнеше қайталанатын, әрі қызық емес, іш пыстыратын үрдістерді бала үшін қызықты етуге және баланың дербестігі мен белсенділігін арттырып, бәсекелестігін шыңдауға мүмкіндік туғызады.

    І кіші сәбилер тобының тәрбиешілері Ғабдуллина Г мен Алдашова Ж ұйымдастырылған оқу әрекетінің негізі ретінде ойынды кеңінен қолданады, өйткені ойын арқылы игергенде, өтіліп жатқан  материал бала  жадында жақсы сақталады. Ал ортаңғы тобының тәрбиешілері Балмағанбетова Р мен Касанова С баланың жады, ойлау, есте сақтау, тіл дамыту сияқты психикалық үрдістерін, сонымен қатар баланың шығармашылық қабілеттерін дамытатын ойындарды көптеп қолданады.

    Балабақшаның  барлық топтарының тәрбиелеу –білім беру үрдісінде сюжетті-рөлді ойындар ерекше орын алады. Ойынның бұл түрі баланың ой-өрісін кеңейтіп, айнала қоршаған орта туралы ұғымын қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

     Балабақшамызда балалардың өз еркімен ойын ұйымдастыруларына да барлық жағдай жасалған. Тәрбиешілер тарапынан бала ойынының сюжетін байыту, баланың ой-қиялын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жолға қойылған.  Ол үшін көрем әдебиет, әңгімелеу және әртүрлі тақырыпқа балалармен  әңгімелесу, экскурсия, серуендеу, көрнекі құралдар сияқты әртүрлі әдістер қолданылады.

   Барлық топтарда да ойын орталықтары ойыншықтармен толық қамтамасыз етілген, ол жерде бала қалауы бойынша әртүрлі ойын ұйымдастырылады. Әр  топ балаларының  жас ерекшелігіне, баланың интеллектуалды даму деңгейіне байланысты топ тәрбиешісі ойын сюжетінің тақырыбы мен деңгейін нақты анықтап алады. Мысалы: Ортаңғы тобында, «Сән салоны», «Ұлттық бұрыш», «Дәрігер» т.б. ойын түрлері өткізіледі. І-кіші сәбилер тобында ойын бұрыштары қарстырылмаған.

    Педагогтар әдіс-тәсілдердің көптүрлілігін сюжетті дамытуға, ойын барысындағы рөлдерді бөлуге, ойын кеңістігін дұрыс ұйымдастыруға көптеп қолданады. Көбінесе тәрбиешілер ойын процесіне өздері де кірісіп кетіп, ойын әрекеттерінің үлгілерін көрсетеді, ойын ережесімен таныстырады, ойын атрибутикаларын енгізуге көмектеседі.

   Балабақша педагогтары мен психологы ойын әрекетінде балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді. Тәрбиешілер ойын кезінде балалардың бір-біріне мейірімділігін құптап, бір-бірімен келісімге келуге, бір-біріне жаны ашуға, ойын бойынша серіктесіне сыйластыққа, келіспей қалушылықты әділ шешуге тырысуға үйретеді.Ойынның әртүрлі түрлерін ұйымдастыру кезінде балалардың тілегі, тұлғалық ерекшеліктері мен эмоционалдық жағдайы, сондай-ақ бір-бірімен достық қарым-қатынастары міндетті түрде ескеріліп отырылады.

     Сюжетті-рөлді ойындарды ұйымдастырғанда тәрбиешілер балалардың ойындық қарым-қатынасы мен рөлдік қарым-қатынасын дамыту бойынша жұмыс жүргізеді. Ол үшін қимыл-қозғалысты келтіру, өлең-тақпақтарды инсценировкалау, заттарды «тірілтуі» сияқты әдіс-тәсілдер қолданылады.Бұл әдістер кіші топтардан бастап қолданылады және балаларға өте ұнайды, өйткені балалар өздерін еркін сезініп, өзінің шығармашылық қабілеттерін айқын көрсете алуға үйренеді.

   Ойын қызметін ұйымдастыруда әр балаға  жеке тұлғалық қатынас баланың тұлғалық дамуында маңызды мағынаға ие. Осыны жақсы түсіне білген балабақша педагогтары ойынды ұйымдастырғанда : ұялшақ, өте белсенді, физикалық немесе психикалық дамуы тежеулі, ашуланшақ, ұрыншақ, ешкіммен араласа қоймайтын балалардың әрқайсысының жеке қасиеттерін ескере ұйымдастырады. Сонымен қатар балалардың жыныстық-рөлдік ерекшеліктері де ескеріледі. Тек қыз балаларға немесе тек ер балаларға арналған ойындар немесе араласып ойнайтын ойындар болып ұйымдастырылады. Сюжетті-рөлді ойындарда қыз балалар ананың, үй от анасының рөлін, ұл балалар ерлікті, мықтылықты талап ететін рөлдерді ойнау арқылы болашақтағы өз орындарын айқындауға үйренеді.

 























Ақтөбе қалалық білім бөлімі

№14 «Қонжық» балабақшасы













Педагогтарға кеңес

Тақырыбы: «Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  әлеуметтік – тұлғалық   дамуы»





Тәрбиеші: Даулекенова Г.У.





















Ақтөбе қаласы

2017 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Консультация: Мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік – тұлғалық дамуы

Автор: Даулекенова Гулсара Узембаевна

Дата: 08.02.2017

Номер свидетельства: 389404


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства