kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дамытушы ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың қиялы мен шығармашылығын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балалардың қиялы мен шығармашылығын дамытуда психологтың жүргізуіне арналған дамытушы ойындар үлгісі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дамытушы ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың қиялы мен шығармашылығын дамыту»

Дамытушы ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың қиялы мен шығармашылығын дамыту

1«Ғажайып сандық»

Мақсаты: Баланың ойлау мен сөйлеуін, қиялын дамыту,ұжымда жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Қажетті заттар: сандық ( ішінде түрлі-түсті картоннан қиылған дөңгелектер салынған)

Ойын барысы:

Балалар шеңбер бойында отырады. Шеңбердің ортасында «ішінде ертегі салынған» сандық тұрады. Психолог:

  • Балалар, қазір біз сендермен бірге ертегі құрастырамыз. Ал бізге ертегі құрастыруға ғажайып сандық көмектеседі.

Сандықтан бір дөңгелекті ,мысалы жасыл түсті, алып, балаларға көрсетіп, жасыл түсті заттарды атауды өтінеді.(балалардың жауаптары) Психолог:

-Маған жасыл түсті дөңгелек түсті. Демек ертегіде жасыл түсті зат немесе кейіпкер болуы тиіс.Тыңдаңдар, мен ертегі айтуды бастаймын:

«Ертеде жап-жасыл шегіртке болыпты. Бір күні ол саяхатқа шығыпты...» Екі сөйлемнен соң қасында отырған балаға сандықтан кез-келген бір дөңгелек алып ертегіні жалғастыруды ұсынады. Келесі бала, мысалы, көгілдір түсті дөңгелек алады да ертегінің жалғасын құрастырады:

  • Шегіртке шөптердің арасымен көнілдене секіріп келе жатып көгілдір өзенге келіп тоқтады.Өзеннің арғы жағасына қалай өтемін деп ойланып қалды...

Балалар кезекпен сандықтан дөңгелектер алып, түсіне сәйкес заттар немесе кейіпкерлер ойлап тауып, ертегі сюжетін жалғастырады.

Рефлексия: балалар ертегі ұнады ма, кімнің кейіпкері мен ойлап тапқан оқиғасы қызықты болғаны жөнінде пікірлерін айтады.

Ескерту: психолог ертегі оқиғасы мен кейіпкерлерінің қайталанбауын бақылап отырады.



2«Аяқталмаған ертегі»

Мақсаты: Баланың ойлау мен сөйлеуін, қиялын дамыту,ұжымда жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Қажетті материалдар: алдын-ала дайындалған бірнеше ертегінің бастамасы.

Ойын барысы: Психолог балаларға ертегі немесе әңгімелердің жалғасын ойлап табуды ұсынады. Мысалы:

Батыр қоян

Орманды бір қоян мекен етіпті. Барлығы оны «қорқақ» деп мазақтайды екен. Бірақ бір күні барлық аңдар қоянның нағыз батыр екенін түсінді. Ол былай болған еді...

Сауысқан мен торғай

Көктем келді. Жылы жақтан сауысқан ұшып келді. Өзінің ұясына ұшып келсе, ұясын бір торғай мекен етіп алыпты...

Рефлексия: балалар кімнің ойлап тапқан оқиғасы қызықты болғаны жөнінде пікірлерін айтады.



3 «Ертегілер патшалығы»

Мақсаты: Баланың ойлау мен сөйлеуін, қиялын дамыту,ұжымда жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Қажетті материалдар:сурет салуға арналған қағаз бен түрлі-түсті бояулар

Ойын барысы:

Психолог:

  • Балалар, сендер өздеріңді ертегілер патшалығына тап болдым деп елестетіңдерші. Сол Ертегілер патшалығы туралы әңгімелеп беріңдерші.

Балалар өз қиялдарындағы ертегілер елі туралы кезекпен айтып береді.(1-нұсқа)



Балалар өз қиялдарындағы ертегілер елін сурет арқылы бейнелейді(2-нұсқа)



Рефлексия: балалар ертегі ұнады ма, кімнің кейіпкері мен ойлап тапқан оқиғасы қызықты болғаны, кімнің суреті әдемі болғаны жөнінде пікірлерін айтады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Дамытушы ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі баланың қиялы мен шығармашылығын дамыту

Автор: Кызайбаева Нургуль Тузакбаевна

Дата: 04.05.2018

Номер свидетельства: 468408

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық дағдыларын арттыру"
    ["seo_title"] => string(80) "iertieghilier_ark_yly_miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalardyn_tanymdyk_dag_dylaryn"
    ["file_id"] => string(6) "375638"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1483617438"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Балаларды ойын арқылы оқытудың тиімді жолдары"
    ["seo_title"] => string(48) "balalardy_oiyn_ark_yly_ok_ytudyn_tiimdi_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "456007"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1518175917"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства