kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Спорт – қозғалыс, спорт – ойын, спортта әке, ана, мен» атты топтағы отбасылар арасындағы «Толағай» отбасылық спорттық жарыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Дән» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

«Спорт – қозғалыс, спорт – ойын, спортта әке, ана, мен»

атты топтағы отбасылар арасындағы

«Толағай» отбасылық спорттық жарыс

«Бөбек» сауықтандыру тобы

 

Тәрбиешілер: Шулембаева Ж.С.

Курманбаева А.Н.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Уалиева А.С.

 

 

 

 

 

 

 

Жақсы кенті

2019-2020 оқу жылы

Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым. «Толағай» отбасылық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа үш отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны үшеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Жанұяларды ортаға шақырайық.

Отбасылар музыка әуенімен ортаға шығады.

Жүргізуші: Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен

Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялардың тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

1. «Дән» балабақшасының меңгерушісі Исмайлова Адеми Хамитбековна

2. Дән» балабақшасының әдіскері Сабекова Умут Акпаровна

3. «Дән» балабақшасының медбикесі Кулгельдинова Тлектес Кокеновна

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады. Олжаны жатқан емес, тапқан алар, - деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына «Ақ жол» тілейік.

Жүргізуші: Ал, ендеше алдымен сайысымызды бастамас бұрын танысып алайық. Менің жанұям командалары өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Сайысымызды бастамас бұрын денімізді қыздырып алайық.

«Қара жорға» биі.

Жүргізуші: Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.

Жүргізуші: Сайысымыздың 1 бөлімі.

«Қар жинау».

Ойыннның шарты: Балалар еденде шашылып жатқан қарларды бір-бірден шелекке жинап салу керек, қанша қар жиналғаның есептеу арқылы жеңімпаз анықталады.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 2 бөлімі.

«Хоккей» ойыны.

Ойынның шарты: Осы сайысқа әкелер қатысады. Бұл ойында хоккей таяғымен уақ допты ұрып нысанадағы кеглиден айналып қайту.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 3 бөлімі.

«Аспазшы» ойыны.

Ойынның шарты: Ұсақ картопты екі қасықпен қазанға тасу.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 4 бөлімі.

«Іздермен өту» ойыны.

Ойынның шарты: Осы сайысқа әкелер қатысады. Еденге баспай, ізден шығып кетпей қайта орныңызға келесіздер.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 5 бөлімі.

«Қояндар» ойыны.

Ойынның шарты: Анасы сәбізді суарады, әкесі қаппен секіріп барып баласына сәбізді алып келеді. Баласы машинамен барып сәбізді қоянға апарып береді.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 6 бөлімі.

«Тәтті жұп» ойыны.

Ойынның шарты: Аяқтары лентамен байланады. Әкесімен анасы жұптасып жүгіреді де, кеглиді айналып, қайта оралады.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 7 бөлімі.

Жұмбақ шешу.

Жүргізуші: Мен жұмбақ жасырамын, ал сіздер оның жауабын айту керексіздер. Бірінші дұрыс жауап беруге тырысыңыздар.

1) Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпайды қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай қашады. (Доп)

2) Мінсем,

Төменге зу етем,

Өрлесем,

Оны өзім сүйретем. (Шана)

3) Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға заулайды,

Шойын жолдан аумайды. (Шаңғы)

4) Табанға қанжар байладым,

Бетінде ойна ойнадым. (Коньки)

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 8 бөлімі.

Сурет құрастыр.

Ойынның шарты: Әр отбасыға бір суреттің қырқылған бөлшектері беріледі. Сол суретті тез уақытта құрастырып жинап алу керек.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Таңданайық спортқа, тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансың көңілдеріңіз, көтерілсің

Сайыскерлерді мадаптап қол соғайық.

Жүргізуші: Байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды мадақтап, мадақтама бері, сыйлық береді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Спорт – қозғалыс, спорт – ойын, спортта әке, ана, мен» атты топтағы отбасылар арасындағы «Толағай» отбасылық спорттық жарыс»

«Дән» балабақшасы

















«Спорт – қозғалыс, спорт – ойын, спортта әке, ана, мен»

атты топтағы отбасылар арасындағы

«Толағай» отбасылық спорттық жарыс

«Бөбек» сауықтандыру тобы



Тәрбиешілер: Шулембаева Ж.С.

Курманбаева А.Н.

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Уалиева А.С.















Жақсы кенті

2019-2020 оқу жылы

Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар! Қош келдіңіздер, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым. «Толағай» отбасылық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа үш отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны үшеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Жанұяларды ортаға шақырайық.

Отбасылар музыка әуенімен ортаға шығады.

Жүргізуші: Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен

Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялардың тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

1. «Дән» балабақшасының меңгерушісі Исмайлова Адеми Хамитбековна

2. Дән» балабақшасының әдіскері Сабекова Умут Акпаровна

3. «Дән» балабақшасының медбикесі Кулгельдинова Тлектес Кокеновна

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады. Олжаны жатқан емес, тапқан алар, - деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына «Ақ жол» тілейік.

Жүргізуші: Ал, ендеше алдымен сайысымызды бастамас бұрын танысып алайық. Менің жанұям командалары өз ұрандарын айтып қарсылас командамен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Сайысымызды бастамас бұрын денімізді қыздырып алайық.

«Қара жорға» биі.

Жүргізуші: Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.

Жүргізуші: Сайысымыздың 1 бөлімі.

«Қар жинау».

Ойыннның шарты: Балалар еденде шашылып жатқан қарларды бір-бірден шелекке жинап салу керек, қанша қар жиналғаның есептеу арқылы жеңімпаз анықталады.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 2 бөлімі.

«Хоккей» ойыны.

Ойынның шарты: Осы сайысқа әкелер қатысады. Бұл ойында хоккей таяғымен уақ допты ұрып нысанадағы кеглиден айналып қайту.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 3 бөлімі.

«Аспазшы» ойыны.

Ойынның шарты: Ұсақ картопты екі қасықпен қазанға тасу.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 4 бөлімі.

«Іздермен өту» ойыны.

Ойынның шарты: Осы сайысқа әкелер қатысады. Еденге баспай, ізден шығып кетпей қайта орныңызға келесіздер.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 5 бөлімі.

«Қояндар» ойыны.

Ойынның шарты: Анасы сәбізді суарады, әкесі қаппен секіріп барып баласына сәбізді алып келеді. Баласы машинамен барып сәбізді қоянға апарып береді.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 6 бөлімі.

«Тәтті жұп» ойыны.

Ойынның шарты: Аяқтары лентамен байланады. Әкесімен анасы жұптасып жүгіреді де, кеглиді айналып, қайта оралады.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 7 бөлімі.

Жұмбақ шешу.

Жүргізуші: Мен жұмбақ жасырамын, ал сіздер оның жауабын айту керексіздер. Бірінші дұрыс жауап беруге тырысыңыздар.

1) Тепсең-ақ секіріп,

Ұстатпайды қашады.

Бір жерге бекініп,

Тұра алмай қашады. (Доп)

2) Мінсем,

Төменге зу етем,

Өрлесем,

Оны өзім сүйретем. (Шана)

3) Қайқы тұмсық қос табан,

Қос таяқпен ұштаған.

Итерсең алға заулайды,

Шойын жолдан аумайды. (Шаңғы)

4) Табанға қанжар байладым,

Бетінде ойна ойнадым. (Коньки)

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Сайысымыздың 8 бөлімі.

Сурет құрастыр.

Ойынның шарты: Әр отбасыға бір суреттің қырқылған бөлшектері беріледі. Сол суретті тез уақытта құрастырып жинап алу керек.

Қазылар алқасының бағасы.

Жүргізуші: Таңданайық спортқа, тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансың көңілдеріңіз, көтерілсің

Сайыскерлерді мадаптап қол соғайық.

Жүргізуші: Байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды мадақтап, мадақтама бері, сыйлық береді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Шулембаева Жанар Сериковна

Дата: 18.03.2020

Номер свидетельства: 543247


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства