kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Үш кемеңгер дүлділім,сақтаған ел бірлігін.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Үш кемеңгер дүлділім,сақтаған ел бірлігін.Ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Үш кемеңгер дүлділім,сақтаған ел бірлігін.»

Тақырыбы: Үш кемеңгер дүлділім, Сақтаған ел бірлігін!

Мақсаты:

Білімділік: Білімгерлерге қазақ халқының басын біріктіріп, ауызбірлілік сақтаған, тарихта аты әйгілі, әрі шешен, әрі батыр Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, елінің қорғаны болуға, сөз қадірін ұғынуға тәрбиелеу, халқын, салтын қастерлеуге, ұлтжандылыққа баулу.

Дамытушылық: Ұлттық тәрбиені білдіріп, таным белсенділігін арттыру, оқушылардың дүние танымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

Көрнекілігі: «Төле би ауылы», «Қазыбек би ауылы», «Әйтеке би ауылы», газеттері, нақыл сөздері, кітап бұрышы, «Аталар сөзі - ақылдың көзі» атты буклет, домбыра макеттері.

Өтілу барысы:

1. Кіріспе.

Тақырыптың аты айтып тұрғандай-ақ, бүгінгі тәрбие сағатымыз қазақ халқында үш жүздің басын біріктірген, ауыз бірлігін сақтап, әділдігімен, шешендігімен, батылдығымен тарихта аты әйгілі үш биіміз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би аталарымызға арналады.

Тәрбие сағатының мақсатын түсіндіру.

Қазақ халқының басынан кешкен жағдайларын айта келіп, Қазыбек бидің даналық сөзін жатқа айту.

Қазақ халқы ежелден тарихта аты әйгілі құдіретті халық. Басынан небір қиындықтар өтсе де, іргетасы сөгілмей, оған бой бермей келегн. Халқымыз басынан бірнеше қақтығыстарды, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі жойқын соғыстарды, ұлт азаттық жолындағы көтерілістерді «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» зобалаңын, одан кейін де қаншама қиындықтарды басынан кешірген. Дегенмен өзінің бірлігін, елін, жерін қорғап қалған, ешкімге басындырмаған өжет ел болғандығы белгілі.


Қазақ халқының қандай ел болғандығын біз Қазыбек бидің мына сөздерінен аңғарамыз: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау шаппасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз, дәм-тұзды сақтай білген елміз. Асқақтаған жан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз».

Мәне, осы сөз жолдарынан халқымыздың достыққа адал, дұшпанға айбарлы ер болғанын аңғару қиын емес.


«Жүз», «би» ұғымдарын түсіндіру.

Кең байтақ қазақ елін бір орталықтан бағындыру мүмкін болмады. Сондықтан да Тәуке хан халқымызды үш жүзге бөліп, үш би тағайындаған. Ол үш би үнемі қандай іс болмасын ақылдасып, ойласып шешетін болды. «Жүз» деген сөз «жақ», «бағыт», «билік» деген ұғымдарды білдірсе, осы жүздердің басшысы болған адамдарды «би» деп атаған.

Бүкіл Қазақстанды басқаратын мемлекет бүкіл ел қабылдаған Заң болмаған уақытта барлық даулы мәселелерді, түрлі талаптарды шешуді жөн-жоба білетін, қазылық жасай алатын, тәжірибесі бар адамдар шешетін болған. Билер бірте-бірте сот (қазылық) қызметін атқарған. Сонымен қатар жеке ауылды, руды, тайпаны да басқарды. Олар қол астындағы қауымның көшіп-қонуын реттеген, жасақтарға қолбасшылық етті, халықтан түрлі алым-салықтар жинады. Олар туған халқы үшін, оның келешегі үшін аянбай қызмет еткен.

Қай жүздің биі кім екенін айту мақсатында жұмбақ айтыс айтқызу және би аталарымыз ауылдарына саяхатқа бару. Айтыс айтылады.

Саяхат барысы:

Төле би ауылына саяхат.

Қазақ халқы үлкенді «аға» деп сыйлап, құрмет тұтқан. Қазақта аға туралы «Ағасы бардың жағасы бар» деген мақал бар. Сондықтан біз осы

билеріміздің үлкені Төле би ауылына алдымен барамыз. Төле би ауылына бара жолда оның өмірбаянымен таныстырамыз.

Міне, Төле би ауылына келіп те жеттік. Бізге бұл ауылдың ұландары бидің айтқан толғауларын айтып береді.

Бірнеше білімгерлер сөз алады:

1. Жаманға да бақ қонатын күн болады. Біреудің өтірігі шын болады. Батырдан бақ қайтатын күн болса, қанша тауып айтса да мін болады.

2. Жаңбыр жаумаса – жер жетім, басшысы болмаса – ел жетім, ұқпасқа айтқан – сөз жетім.

3. Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы.

Әйелің жақсы болса – ырысыңның тұрағы.

4. Тамыры терең қара емен, қасқал күтер дауылды. Ақылды шешен сөйлесе, таратар түгел қауымды.

Қазақ халқында келген қонақ «қонақ кәде» жасап, өнер көрсетер болар. Қонақ кәдеге «Туған жер» әні орындалады.

Отаным әні орындалады.

Біз енді Орта жүздің биі Қазыбек би атамыздың ауылына жол тартамыз. Барар жолда Қазыбек бидің өмірімен, шешендігімен таныстыру. Бұл ауылдың жастары өз билерін қалай таныстырар екен?

1. Қаз дауысты Қазыбек би де өз әділдігімен ел билеп, тапқырлығымен шешен болған және де көсем болған. Артына өшпес із қалдырған, аталы сөздер айтқан.

2. Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбам.

Ұят пен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.

3. Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

4. Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын. Шапқыншылаған сөз қиын, дәл осындай жағдайда пана болмас өз үйің.

Енді кіші жүздің Әйтеке би атамыздың ауылына барайық. Барар жолда Әйтеке бидің өмірімен таныстырамыз. Кәне, Әйтеке би ауылының жастарын тыңдап көрелік:

1. Кіші жүз Әйтеке би ұрпағымыз «татулық», «бірлік», «достық» - ұранымыз. Елімнің мәртебесін асқақтатар халқымыз үміт күткен ұланымыз.

2. Биіміз Әйтекені таныс етсек,

Үш бидің кішісі ол, аты әйгілі.

Ел басшысы және де батыр екен,

Нақыл сөзі сақталады есте мәңгі.

3. Ашу деген ағын су, алдын ашсақ ақырар. Ақын деген дария, алдын тоссаң тоқырар.

4. Су алмайтын суат жоқ, тамыры суда тұрса да,


Уақыты жеткенде, құралмайтын құрсақ жоқ.


Бұл ауылда қойылым көрсетіледі. Үш биіміз үнемі халық арасында бірге болып, оларға ақылшы, көмекші бола білген. Халықпен үнемі кездесіп, өз ойларын, білгендерін ортаға салып отырған.


Үш ауылдың биін ортаға шақырамыз.


Қойылым: Үш бидің халықпен кездесуі.


Қатысушылар, білімгерлер: Тәуке хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және қатысушылар.


Қорытынды.


Біз міне, билер ауылын аралап, олардың өмірімен, қызметімен танысып қайттық.


Міне, бүгін біз қазақ халқының ешқандай қиындыққа мойымай, өзінің ұлттық дәрежесін сақтап келген ғажап халық. Оның осындай дәрежеге жетуіне, ауызбіршілігі, татулығы мол болуына осы үш биіміздің де үлесі мол болған.


Біз олардың есімін еске сақтаймыз. Қазақ халқы әлі де өркендеп, келешектен зор үміт күтеміз. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның 2030-шы жылға жасаған стратагиялық бағдарламасы соның айқын айғағы.


Кездесу соңында Қазақстанның ән ұраны орындалады.


С.Қалиевтың жастарға ұлттық тәлім-тәрбие берудегі ой-пікірлеріне, еңбектеріне талдау жасауға «Педагогика тарихы», «Этнопедагогика», «Жалпы педагогика» курстарында арнаулы сағат бөлінбегені өкінішті. Ал, профессор С.Қалиевты өз әріптестері, қаламдас ғалымдар «Ұлттық педагогика тарихының білгірі, әрі қолбасшысы» (проф. Н.Н.Нұрахметов), «Тәрбиелік ойлар тағылымының шынайы жанашыры» (проф. Ә.К.Құсайынов), «Ағарту ісінің шебер ұйымдастырушысы» (проф. Т.Балынбаев), «Ізденуден жалықпаған феномен ғалым» (проф. М.Құдайқұлов), «Қазақ этнопедагогикасының абызы», («Этнопедагогика» журналының редакциясы) деп көрсетеді.


Біз зерттеуде эксперимент әдісін қолданған жоқпыз. Себебі, көрнекті ғалымның қазақ этнопедагогикасына қосқан үлесі жөнінде арнаулы зерттеулер, бағдарламалар да өте жеткіліксіз. Сондықтан С.Қалиев сияқты қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие тарихын толықтай зерттеп, жас ұрпақтың ұлттық қадір-қасиеттерін қалыптастыруда жалықпай сан қилы еңбектер жазып жүрген тұлғалардың тағлымын тану, тереңіне үңілу аздаған жылдарда тез бітіре салатын оңай іс емес, ол үшін әлі талай жылдар бойы жасалатын ізденістер мен қажырлы еңбектер қажет деп санаймыз. Сауалнама сұрақтары:


Серғазы Қалиевтің өмір жолдарынан қандай қасиеттерді өздеріңіздерге алар едіңіздер?


Ғалымның еңбектерін атаңыздар?


Ұлттық қадір-қасиеттерді атаңыздар.


Сегіз қырлы, бір сырлы жастарға тән қасиеттер.


С.Қалиев қазақтың қандай ақын-жырауларының тәрбиеге байланысты өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашқан?


Профессор С.Қалиевтың еңбектеріндегі ұлттық мәдениетті насихаттау туралы ойлары.


Ғалымның халықтар арасындағы татулық жөніндегі пікірлері.


Ана тілімізді төрге шығару жөніндегі ғалымның пікірін келтіріңіз.


Профессордың «Әдеп» пәні жөнініндегі ой-пікірлері.


Ғалымның білім беру мен тәрбие жүйесін этнопедагогикаландыру деген идеясын қалай түсінесіз?

Осы сұрақтар арқылы сауалнама жүргіздік (Кесте – 5).






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Үш кемеңгер дүлділім,сақтаған ел бірлігін.

Автор: Таскайрова Тлекши Муратбековна

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 384248

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Коспект воспитательной работы "Ана ала?аныны? аясы-А? шынарды? саясы""
    ["seo_title"] => string(73) "kospiekt_vospitatiel_noi_raboty_ana_alak_anynyn_aiasy_ak_shynardyn_saiasy"
    ["file_id"] => string(6) "342677"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1473245468"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Ана - ?мірді? шуа?ы!!! "
    ["seo_title"] => string(21) "ana-omirdin-shuag-y-2"
    ["file_id"] => string(6) "182059"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425459725"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев "
    ["seo_title"] => string(35) "ak-iyk-ak-yn-mu-k-ag-ali-mak-ataiev"
    ["file_id"] => string(6) "171638"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423686798"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Математикалы? КВН "
    ["seo_title"] => string(18) "matiematikalyk-kvn"
    ["file_id"] => string(6) "195482"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427908557"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "коспект мероприятия для классного руководителя"
    ["seo_title"] => string(50) "kospiektmieropriiatiiadliaklassnoghorukovoditielia"
    ["file_id"] => string(6) "262001"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1449242559"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства