kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тәрбиеші,Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған обылыстық арнайы мектеп-интернаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Достық - татулық бастауы.Ашық тәрбие сағаты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тәрбиеші,Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған обылыстық арнайы мектеп-интернаты»

Тақырыбы:«Достық –татулық бастауы».

Мақсаты:Достық туралы білім деңгейін кеңейту,нағыз досты тани білуге үйрету.

Коррекциялық мақсаты: Сөздік қорын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу

дағдыларын қалыптастыру, тіл мүкістігін түзету,

ақыл–ойларын дамыту.

Тәрбелік мақсаты: Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге,

адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Достық деген өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеленді.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанатымыздай жүгіріп кеудедегі.

Адам үшін ата-анадан кейінгі ең жақын-абзал дос.Жақсы адам жанынан шуақ іздеп , достық шын көңілмен ұсынатын адамдар көп болмақ.

«Доссыз өмір-тұл», «Доссыз өмір-тұссыз ас»-деп халық бекер айтпаған. Адам ес біліп етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Біздің сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады.

1. Аққуды атпайды,

Достықты сатпайды.

2.Достық-татулық белгісі.

3.Жаман дос –көлеңке

4.Әдебиет- өмір айнасы,

Сахна –оның жалғасы.

5.Ағаш жапырағымен көрікті,

Адамдар достарымен көрікті.

Біз бүгінгі сабағымызды «Тілек шоғы» ойынымен бастаймыз.Қолдарында гүлдері бар балалар дөңгеленге тұрады.Мұғалім өзі бастап, оқушылар гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Денің сау болсын, әдепті бол, ақылды бол, білімді бол, жақсы бол, аспаның ашық болсын,елімізде тыныштық болсын,амандық болсын, бірлік, татулық...т.б.Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады.

Бірінші аялдама.

«Аққуды атпайды, Достықты сатпайды».

Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу-киелі құс, сұлулық символы.Ал достықты сатпайды деген не?

-Досты алдамау керек

Дос әрқашан бір-біріне көмектесуге керек.

Достар ұрыспау керек.

Достар тату болу керек.

-Досы үшін өзінің басын қатерге тосу. Досын құтқару- достық өлкесінің заңы болса керек. Ал Мұхтар Шаханов ағаларыңның осы жайында айтылған «Достық өлкесінің заңы» өлеңін тыңдайық.


Екінші аялдама: Достық-татулық белгісі.

Бұл аялдамада мақал-мәтелдерге тұнып тұрған көрінеді. Қайсың тез достық туралы мақал-мәтел айтасыңдар.

Енді мына мақал-мәтелдерді оқып мағынасын түсіндіріп көрейік.

1.Ақылдымен дос болсаң биіктейсің,

Ақылсызбен дос болсаң адасасың.

2.Досыңды жамандама,

Бостан –бос қаралама.

3.Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.

4.Досың үшін жанпида.

5.Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.

6.Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

7.Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын.

8.Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.


Үшінші аялдама: Жаман дос –көлеңке.

1.Ы.Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін еске түсіру.

Неліктен жаман жолдас деп аталып кетті?

-Себебі ол жолдасын тастап кетті.

-Ол қорқақ еді.

-Ондай адаммен дос болмау керек.

2.Жағдаятты тапсырма.

А) Досыңның көп өтірік сөйлеп, бір затты жымқырып кету әдеті бар екенін байқап жүрдің.Бірақ оны айта алмай жүрген болатынсың. Бір күні екеуіңе ортақ басқа ешкім білмейтін затың жоғалып кетті. Не істер едің?

Ә) Сенің досыңның мінезі өте шәлкес.Үлкен менде, кішімен де болмайтын нәрсеге ілінісіп қала береді.Өзінен кішкентайларға көп әлімжеттік жасайды. Сенің әрекетің?


Достық туралы өлең шумақтары:

1-оқушы Нағыз дос бір-біріне ұнаған.

Қиындықта бірін-бірі сынаған.

Мүмкін емес доссыз емес өмір сүруде,

Сүйеу болар шақтарыңда құлаған.

2 -оқушы Досы үшін дос көнеді бейнетке,

Дос деген сөз ең қадірлі жер-көкте,

Жақсылардың айырылмас досы көп.

Қолын берген қиыншылық кездессе.


3-оқушы Достарымды сүйемін бірге жүрген,

Бірге ойнап, менімен бірге күлген.

Достар деген жаныңның бір бөлшегі

Орын алған жүректің бір түбінен.


4-оқушы Балдырған балалар,

Достықты бағалар,

Есіңе сақтағын,

Адал бол,

Шыншыл бол,

Өтірік айтпағын,

Сөзіңнен қайтпағын.


5-оқушы Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз,

Бірге балық аулаймыз,

Міне, біздер қандаймыз

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз

Әрқашан да біргеміз.


6-оқушы Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз.

Қашан да ,қайда да,

Достар бір-біріңе

Сенімді боламыз.


7-оқушы Екі деген-екі дос,

Бірін-бірі қимайтын

Артық кемді етпей сөз,

Бірін-бірі сыйлайтын

Досыңа бол адал жан,

Бірдей бөліс сынақты

Бір нүктеге қадалған,

Екі көзің сияқты.


Төртінші аялдама: Әдебиет- өмір айнасы,

Сахна –оның жалғасы.

Қазір біз сахналық қойылымды көреміз.

1.Тақтаға қағылған шеге.

Автор:

Мінезі нашарлау, мінезі бұзық бір бала болыпты. Кндердің күнінде әкесі оған бір дорба толы шеге беріпті. Әкесі:«Жолдастарыңмен әрбір керіскен төбелескен кезіңде тақтайға бір шеге қағып отыр»- депті. Бала бірінші күні тақтайға он шеге қағыпты.Содан кейінгі күндері өздерін тежей жүріп, күн сайын шегені аз қағуға тырысыпты. Сөйтіп, әйтеуір бір шеге қақпаған күнге де жетіпті.Әкесіне барып айтқанда, ол баласының шеге қаққан тақтайына барып қарап:

Әкесі: Бүгіннен бастап керіспеген,төбелеспеген әрбір күніңде бір шегеден суырып отыр,-депті.

Автор:

Бірнеше күн өткеннен кейін тақтайда шеге қалмапты.

Әкесі:

-Балам,тақтайға дұрыстап қарашы. Көптеген тесіктер пайда болды, енді бұрынғыдай бәрі тегіс болмайды.Жолдастарыңмен керісіп, төбелескен кезде былапыт, жаман сөздер айтылады. Әр жаман сөз жанға бір жарақат жасайды.Соңынан жолдасыңнан кешірім сұрасаң да, ол тесіктер бітелмейді.Дос асыл тас тәрізді. Сенің қуанышыңа ортақтасады.Көңілің жабырқаса, көмекшің болып, қайғыңды басады.


Достық туралы (ел аузынан).


Автор: Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:

-Достық неше түрлі болады?

Әйтімбет:

-Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі амал достық.

Дан:

-Дұрыс-ақ енді оларды қалай ажыратамыз?

Әйтімбет:

-Адал дос өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа болады.

Қорытынды: Адал достық пен амал достыққа мысал келтіріңдер.


Сабақта бір-бірінен үй жұмысын, бақылау жұмысын көшіріп алуға арналған достық-арам достық, олардың өмірі қысқа болады.

Өмірлік нұсқа болар достық ата-аналарымыздың бала кезінен қазірге дейін дос болғаны-адал достар.


Бесінші аялдама:

Ағаш жапырағымен көрікті,

Адамдар достарымен көрікті.

Балалар, өздеріңді көріктендіріп жүрген асыл да, адал достарың жөнінде кім айтып бере алады? Өздеріңіздің достықтарыңыз мықты, берік екендіктерін мысалдар арқылы дәлелдей аласыңдар ма? (достары туралы айтқызу).


Досқа жақсылық жасасаң, ол да саған жақсылық жасайды.Біз басқа да елдермен доспыз. «Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын »деп бекер айтпаған.Досың болса ешқашан қиналмайсың.Дос адамға керек.Доспен ой бөлісесің, сырласасың, бір-біріңе көмек бересің. Досы көп болу үшін сабақты жақсы оқып, тәртіпті болу қажет.Барлық балаларда дос болу керек.Досыңды ешқашан ренжітпеу, оған жамандық жасамау керек.Менің досым-Айдана.Мен оны ешқашан алдамаймын.Ренжітпеймін.Ол да мені ренжітпейді.Дос әсіресе қиын жағдайда көмек береді.«Досы көпті жау алмайды, ақылы көп көпті дау алмайды»деген рас айтылған.Мен досымды жақсы көремін.

Менің досым-Арсен.Ол сабақты жақсы оқиды.Екеуміз ұрыспай, төбелеспей ойнаймыз.Мен оны көрмей қалсам сағынамын.


Қорытынды:

Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін.Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.

Достық деген таусылмайтын қазына,

Көктемде де солып қалар гүл емес.

Қарамайды ол сыйдың көп пен азына

Нағыз достар тіпті сый да тілемес.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Коррекционная школа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Тәрбиеші,Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған обылыстық арнайы мектеп-интернаты

Автор: Таскайрова Тлекши Муратбековна

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 384239


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства