kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жалпақ құрттар. Ақ сұлама-емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл ашық сабақ 7 сыныпқа арналған. Қала көлемінде ұйымдастырылған семинарда өткізілді. Жаңа формат негізінде құрылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жалпақ құрттар. Ақ сұлама-емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі.»

Сабақ құру және жоспарлау үшін мұғалімдерге арналған жоспарлау бойынша кесте.


Апта

апта

Күні

14.10.2016ж

Сабақ №12

Сабақтың тақырыбы

§ 12.13. Жалпақ құрттар. Ақ сұлама-емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Тыныс алуы. Көбеюі.

Жалпы мақсаты

Жалпақ құрттардың өкілі-ақ сұламаның жалпы сипаттамасын беру, денесінің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Оқушыларға білімді өз бетімен алуға ықпал жасау. Алған білімді топта талдай білуге үйрету. Ақ сұламаның қаншалықты маңыздылығы бар екендігіне көз жеткізу; Бір-біріне сұрақтар қойып, пікір алмасу арқылы сөз мәдениетін қалыптастыру. Еркін сөйлеп, өз ойын ашық айтуға баулу; Құрттардың ішінде пайдалы және және зиянды түрлерін ажырата білу, зиянды түрлерінің әртүрлі ауру тудыратынын біле отырып, оның алдын алу жолдарын меңгеруге тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер

- Берілген қосымша тапсырмаларды топта талдай отырып,ақ сұламаға жалпы сипаттама бере алады, табиғаттағы маңыздылығына көз жеткізеді;

- сұрақтар қоя біледі, өз ойларын еркін жеткізе алады, сөз байлығы артады;

- құрттардың пайдалы және зиянды түрлерін біліп, пайда-зиянын ажырата алады.

Сабақ түрі

Жаңа материалды меңгерту.

Модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ-ны пайдалану, Дарынды және талантты баланы оқыту

Керекті жабдықтар

Тірек сызба, сөзжұмбақ, суреттер, слайдтар, постерлер.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

І. Ұйымдастыру:

Амандасады,түгендейді;

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады; назарларын сабаққа аударады

Сыныпты өткен тақырып бойынша 3 топқа бөледі.

1 топ – «Гидратәріздестер»

2 топ – «Табақшатәріздестер»

3 топ – « Көпқармалауышты маржандар»

Үй тапсырмасының өлшемдері:

1. Тақырыптан ауытқымау

2. Жауаптарының нақты дәлді болуы

3. Топтық ережені бұзбау

4. Ойларын ашық жеткізу.

5. Уақытты тиімді пайдалану.

Үйге берілген тапсырманы тексеру, өткен білімді еске түсіру.

1 тапсырма. Сұрақ – жауап.

  1. Аналық безде түзілетін гаплоидты жыныс жасушалары (жұмыртқа)

  2. Аталық безде түзілетін гаплоидты жыныс жасушалары (сперматозоид)

  3. Теңізде өмір сүретін гидратәріздес жәндік (обелия)

  4. Ұрықтанған жұмыртқадан денесі кірпікшелермен қапталған дернәсілі қалай аталады? (планула)

  5. Аралық қабат (мезодерма)

  6. Ауыздың айналасында не орналасады? (қармалауыштар)

  7. Денесі өте көп жасушалардан тұратын жәндік (гидра)

  8. Аналық және аталық жыныс жасушаларының қосылу үрдісі (ұрықтану)

  9. Жойылған немесе зақымданған мүшелер мен ұлпалар қалпына келуі(регенерация)

  10. Сыртқы қабат (эктодерма)

  11. Медузалардың денесінде қандай бөлік жок (табан)

  12. Теңіз суында жүзіп жүретін ішекқуыстылар? (медуза)

  13. Ішкі қабат (энтодерма)

2 тапсырма. Ішекқуыстыларға тән негізгі ерекшеліктерді белгіле.

  • көпжасушалы жәндіктер +

  • денелері екі жақты симметриялы

  • үш қабаттан тұрады

  • жасушалары белгілі бір міндеттерді атқаратын бірнеше жасушалық типтерге сараланады+

  • жүйке жасушалары жүйке жүйесін түзеді

  • екі қабаттан тұрады+

  • мезодерма пайда болады

  • денелері сәулелі симметриялы+

  • орталық және шеткі бөліктерден тұратын жүйке жүйесі бар

  • қорек қалдығын шығаратын тесігі болмайды. +

3 тапсырма. Қандай жасушалар эктодерманы, ал қайсылары энтодерманы құрайтынын анықта.

Эктодерма:

Энтодерма:

  1. Атпа жасушалар;

  2. Жүйке жасушалары;

  3. Аралық жасушалар;

  4. Безді жасушалар;

  5. Асқорыту жасушалары;

  6. Жыныстық жасушалар;

  7. Тері – бұлшықет жасушалары.

Амандасады, кезекші оқушы жауап береді. Таңдаған түрлі-түсті стикері бойынша








Оқушылар қол көтеру арқылы жауап береді.

Тұсаукесер

Психологиялық дайындық. Мен бүгінге дейін құрттар туралы не білемін? Оқушылардың өз ойын сұрау.

І. Жалпақ құрттардың жіктелуі

Бөлім: Жануарлар (Животные)

Типі: Жалпақ құрттар (Плоские черви)

Класы: Кірпікшелі құрттар (Ресничатые)

Отряды: Үштармақты ішекті турбеллярия (Турбеллярия)

Өкілі: Ақ сұлама (Белая или молояная планария)

Жалпақ құрттар теңіздерде, мұхиттарда, тұщы суларда тастарға және басқа да заттарға бекініп тіршіілік етеді. Денесі екі жақты симметриялы, көпжасушалы, таспа тәрізді қабысып жалпақ болғандықтан жалпақ құрттар деп аталады. Денесі сыртқы-эктодерма (сыртқы тері қабаты), ортаңғы мезодерма (ортаңғы қабаты), ішкі-энтодерма (ішкі қабаты) қабаттарынан тұрады. Ортаңғы қабаты денесінің көбірек бөлігін алып жатқандықтан ішкі мүшелері осы қабаттан түзілген. Жалпақ құрттарда бұлшықетті өңеші, көздері, сезу мүшелері, жыныс мүшелері бар. Ас қорыту жүйесінде ауыз тесігі, бұлшық етті жұтқыншақ, тармақталған алдыңғы және ортаңғы ішектер болады. Жалпақ құрттар типі 3 класқа топтастырылған:

1.Кірпікшелі құрттар;

2. Сорғыш құрттар класы;

3. Таспа құрттар класы.

Кірпікшелі құрттар деп аталу себебі денесін ұсақ кірпікшелер қаптап тұрады. Жер шарында кеңінен таралған, ағыны баяу суларда, тоғандарда еркін тіршілік ететін ақ сұлама деген өкілі бар. Дене тұрқы 15-20 мм-ге жетеді.

Жалпақ құрттар деп аталу себебі – бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан аталды. Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы – денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Жалпақ құрттардың паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері бар. Олардың дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліс сірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.

Жалпақ құрт типіндегі ағзалардың барлығында:

- қантарату,

-тыныс алу жүйелері жоқ.

Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады

Оқушылар өз ойларын айтады.

Негізгі бөлім

Негізгі бөлімнің өлшемдері:

  1. Сауаттылық

  2. Нақты жауап

  3. Қосымша ізденуі.

  4. Сұрақтың дұрыс қойылуы

Жұмбақтар шешу:

  1. Кірпікшелер көп денесін қаптаған,

Су ішінде тыныш тауып жаттаған.

Екі құлақ екі көзі тағы бар,

Осы құрттың атын өзін тауып ал. Жауабы: (Ақ сұлама)

2. Жапырақ ішін жалпақ құрт,

Ұнатпайды оны жұрт.

Ағза қаны керегі,

Бауыр зардап шегеді. (Бауырсорғыш)

Жаңа тақырып бойынша 3 топқа тапсырмалар беріледі.

1-топ  Жалпақ құрттарға сипаттама.

Жалпақ құрттардың ерекшелігі, кірпікшелі құрттар класы

2 -топ Ақсұламаның  тіршілік әрекеті,  сыртқы құрылысы, дене жамылғысы

3- топ  Қоректенуі, тыныс алуы мен қан айналымы, зәр шығаруы.

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері, көбеюі.

Топтық жұмыс – постер шығару.

– Өз беттерімен мәтінді оқып танысуға 5 мин, негізгі ойларын плакат бетіне түсіруге 7 мин, қорғауға 8 минут уақыт беріледі.


Әр топ өз тапсырмалары бойынша жұмыстанады.

- танымдық қызметі қалыптасады;

- жартылай ізденіс әдісін меңгереді;

- ойлау қабілеті артады;

- зерттеу әдісін меңгереді;

- оқулықтағы сурет, сызбаларды, кестелерді пайдалануды үйренеді;

- оқиғаны түсініп, айтып беруді үйренеді;

- жаңа білім алады, алған білімнің тобықтай түйінін таба алады.


Қорытынды

  1. Кім жылдам? (5 мин) Тест

1.Құрттарды зерттейтін ғылым:

а) ихтиология г) микология б) гельминтология д) мамалогияв) орнитология

2. Жалпақ құрттар типі неше класқа бөлінеді:

а) 1 б) 5 в) 3 г) 4 д) 2

3. Сыртқы қабат:

а) мезодерма г) мезодерма, эктодерма б) эктодерма д) дұрыс жауап жоқв) энтодерма

4. Жалпақ құрттардың денесі неше қабатты:

а) 2 г) 3 б) 4 д) 5 в) 1

5. Аралық қабат:

а) мезодерма г) мезодерма, эктодерма б) эктодерма д) дұрыс жауап жоқ в) энтодерма

6.Қажетсіз заттарды бөлу жүйесі

а) зәршығару г) қоректенуб) тынысалу д) қозғалув) көбею

7. Жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы

а) 1 ай г) 2-3 айб) 4 ай д) 1,5 айв) 2,5-3 ай

8. Ішекте өмір сүретін паразиттер:

а) эндопаразиттер г) сірқабықб) эктопаразиттер д) дұрыс жауап жоқв) финна

9. Ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін:

а) эндопаразиттер г) сірқабықб) эктопаразиттер д) дұрыс жауап жоқв) финна

10. Ересек таспақұрт негізгі иесі

а) адам г) мал, адамб) мүйізді ірі қара д) дұрыс жауап жоқв) кіші тоспаұлу

Жауаптары: 1-б, 2-в, 3-б, 4-г, 5-а, 6-а, 7-в, 8-а, 9-б, 10-а

Құрттардың пайдасы мен зияны. (2 мин)

Пайдасы:

Сүлікті вена біткенде, қантамыр, жүрек аурулары мен миға қан құйылғанда.

Зияны:

Жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады, таспақұрттардың барлығы жануарлар мен адам өміріне зиян.

Құрттардың табиғаттағы маңызы неде?

Не білеміз?

Паразит құрттардың ағза есебінен тіршілік етуі?

Неліктен құрттар ауру тудырады?

Кім кінәлі?


Әр оқушы өзіндік білімін тексеру үшін орындайды.

Сабақтың өзіндік талдауы.

Тәжірибелік сабақты бағалау

Сабақ барысында мынандай модульдер:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

3) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.















































М.Маметова атындағы №27 физика – математика бағытындағы мектеп –лицейі










Ашық сабақ



Тақырыбы:

«Жалпақ құрттар. Ақ сұлама-емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Тыныс алуы. Көбеюі.»








Өткізген: М.М.Қажмуратова







2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Жалпақ құрттар. Ақ сұлама-емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі.

Автор: Кажмуратова Мулдир Мураткалиевна

Дата: 26.01.2017

Номер свидетельства: 384058


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства