kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тағамның маңызы" сабақ жоспары (8 сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тағамның құрамындағы нəруыздар, витаминдер минералды заттар туралы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тағамның маңызы" сабақ жоспары (8 сынып)»

Сабақтың тақырыбы: Ас қорытудың маңызы.Тағамдық өнімдер және қоректік заттар: нәруыздар,майлар,көмірсулар,витаминдер,су,минералды тұздар.Тағам-денсаулықтың аса маңызды экологиялық факторы. Тағамдық өнімдердің экологиялық тазалығы

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін қорытындылай отырып, жаңа тақырыпты меңгерту. Тағамның маңызын, құрамын, қызметін, адам өміріндегі ұлттық тағамдарды пайдаланудың денсаулықты нығайтудағы рөлін айтып түсіндіру.



Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, сабаққа белсенділігін арттыру, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту.



Тәрбиелілік: Дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу туралы түсінік беру, дені сау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.



Сабақ түрі: Аралас сабақ



Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау, кері байланыс, тапсырмалары.



Көрнекілік: Интерактивті тақта,слайд, бейнетаспа,үлестірме қағаздар.



Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, медицина, бейнелеу, салауаттану.











Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.(3 мин)

- Сәлеметсіздерме, оқушылар. Бүгін сыныпта кезекші кім? Сабақта жоқ оқушыларды айта қойыңыз. Отырыңыздар! (оқушылар мұғаліммен амандасады.)

Үй тапсырмасын сұрамас бұрын видеоролик көрсетемін

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(15 мин.)

1.Оқушыларға сұрақ

1. Тыныс жолдары аурулары

2. Өкпе аурулары

2.Біліміңді сына

3.Тест тапсырмалары

1-нұсқа
1. Төмендегі берілген мүшелердің қайсысында оттегі сіңіріледі?
А) Өкпеде В) өкпе көпіршіктерінде с) кеңсірікте д) бронхыда е) кеңірдекте
2. Адам өкпесіндегі көпіршіктердің атқаратын қызметі қандай?
А) кеңеюі арқылы газалмасуды жүзеге асырады
в) тыныс алу қозғалысын қамтамасыз етеді.
С) Ауаның еркін жүруін қамтамасыз етеді
Д) ауаны шаң тозаңнан тазартып жылытады
Е)өкпенің серпімділігін қамтамасыз етеді
3. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз:
а) демді ішке алғандағы кірген ауаның көп мөлшері
в) демді сыртқа алғандағы кірген ауаның көп мөлшері
с) дем шығарғаннан соң өкпеде қалып қойған ауаның мөлшері
д) кеңірдек пен бронхыдағы ауа мөлшері
е) терең дем алып, дем шығарған кездегі ауа мөлшері
4. Оттегі қайда жұмсалады?
А) синтезге в) жасушаның қоректенуіне с) қозғалысқа д) тотықтыруға е) көбеюге
5. Дыбысты сөз шығу үшін не қатысады?
А) дыбыс сіңірі, көмей үсті, дыбыс саңылауы
В) дыбыс сіңірі, кеңірдек, дыбыс саңылауы
С) көмей үсті, көмей, жұтқыншақ, кеңірдек
Д) дыбыс сіңірі, дыбыс саңылауы, өкпе
Е) жауап жоқ
6. Өкпе сыртынан немен қапталған?
А) өкпе плеврасымен в) қабырғааралық плеврасымен с) кірпікшелі эпителий д) безді эпителий е) бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы
7.Тынысалу мүшелерінің ауруларына жататыны: а) атересклероз в) рахит
с) туберкулез Д) сколиоз е) кариес
8.Егер адам есінен танып қалған жағдайда не істеу керек
А) Жедел жасанды тыныс алдырып, жүрекке массаж жасау қажет
В) екпетінен жатқызу керек с) шалқасынан жатқызып, дәрігерді күту
д) жедел жәржем шақыру е) айғайлап көмекке шақыру
9. Ауа кеңірдектен өтеді: а) өкпе в) көмекей с) ауатамырға д) өкпе көпіршігіне е) плевралық қуысқа
10. Ер адамда көмекейдің орташа ұзындығы а) 54 мм в) 44 мм с) 40 мм д) 34 мм е) 50 мм
11. Адамдағы өкпенің саны.

а) 5 в) 4 с)2 д) 3 е) 1
12. Адамның ең терең тыныс алғанда шығаратын ауаның көлемі қалай аталады?
А) қалдық в) тұрақты с) тіршіліктік д) резервтік е) максималдық
13. Өкпе көпіршіктерінен қанға О2 қашан өтеді?
А) тұрақты в) тыныс алғанда с)тыныс шығарғанда д) сергіту кезінде е) ұйқы кезінде
14. Мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының қызметіне тән емес белгі:
А) ауаны жылыту в) ауаны дымқылдату с) микробтарды ұстап қалу залалсыздау
д) газ алмасуға қатысады е) шаң бөлшектерін ұстап қалу
15. Тыныс алу қозғалысына қатысатын бұлшықет
А) көкет (диафрагма) В) иық бұлшықеті, с) арқа бұлшықеті,
д) құрсақ бұлшықеті е) үлкен кеуде бұлшықеті
16. Тынысалу орталығының қызметі
А) гормон түзеді, тынысалу процесін қоздырады, тежелу тудырады
В) тыныс алу процесіне қатыспайды С) ауамен тыныс алу, тыныс шығаруды реттейді д) тыныс алу механизмін бақылайды Е) қызмет атқармайды
17. Тыныс алужүйесінің ауруына жатпайтыны: а) тұмау в) пневмония
с) туберкулез д) бақшаңкөз е) плеврит
18. Адам өкпесінің орташа тіршілік сйымдылығы: а) 1000 см3 в) 2000 см3
с) 3500 см3 д) 500 см3 е) 5000 см3
19. Залалданған ауамен айналадағы адамдар демалатын болса, бактериялар тыныс алу жолдарымен өкпеге түссе ол қандай ауру:
а) атересклероз в) рахит с) туберкулез Д) сколиоз е) кариес
20. Әйел адамда көмекейдің орташа ұзындығы а) 36 мм в) 44 мм с) 40 мм д) 34 мм е) 50 мм

21. Адам минутына неше рет тыныс алады. а) 20-22 в) 16-18 с) 2-4 д) 8-10 е)22-25

22. Тыныш отырған жағдайда адам неше мл ауа жұтады. а)800мл в) 100мл с) 900мл д) 500мл е)1200мл

23. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал а) тонометр в)спирометр с)динамометр д)эргометр е)фонендоскоп

24. Тыныс алуға көкет белсенді қатысса, қандай тыныс алу типі. а)құрсақтық в)көкіректік с)ішкі тыныс алу д)сыртқы тыныс алу е)аралық

25. Ауа құрамындағы оттек пайызы. а)16 % в) 79% с)12% д)21% е)25 %
2-нұсқа

1. Ағза және сыртқы орта аралығында газ алмасуды қалай атайды. а/ тыныс алу в/ газ алмасу с/ өкпенің тіршілік сыйымдылығы д/ қан айналу е/ауа алмасу

2. Тыныс алған кездегі ауаның жүретін жолы. а/ өкпе- ауа тамырлары –кеңірдек- көмекей –мұрын в/ кеңірдек – ауа тамырлары – өкпе көмей

с/ ауа тамырлары – өкпе көмей -бронхы

д/ мұрын – көмекей – кеңірдек – ауа тамырлары – өкпе е/ мұрын – кеңірдек – ауа тамырлар –өкпе 3. Адам минутына неше рет тыныс алады. а/ 20-22 в/ 16-18 с/ 2-4 д/ 8-10 е/60-65 4. Газ алмасудың өтетін жері а/ көмекей в/ ауа тамыр с/ өкпе көпіршігі д/ кеңірдек е/жұтқыншақ 5.Тыныс алғанда ауаның микробтар мен шаң –тозаңнан тазаруы, жылынуы а/ ауа тамыры в/ өкпе с/ кеңірдек д/ мұрын қуысы е/жұтқыншақ

6. Ересек адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы. а/ 500мл в/3500мл с/ 1500мл д/ 2000мл е/1548мл 7. Тыныс алуға көкет белсенді қатысса, қандай тыныс алу типі. а/аралық в/ көкіректік с/ ішкі тыныс алу д/ сыртқы тыныс алу е/ құрсақтық 8. Ауа құрамындағы оттек пайызы. а/ 16 % в/ 79% с/ 12% д/ 21% е/78 %

9. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз. а/ тыныс алған кездегі ауа в/ қосымша ауа қосындысы с/ тыныс шығарған кездегі ауа д/ қосымша ауа е/газалмасу 10. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін құрал а/ тонометр в/ спирометр с/ динамометр д/ эргометр е/фонендоскоп

11. Тыныс алуға қабырға аралық бұлшық ет қатыссақандай тыныс алу типіне жатады. а/ құрсақтық в/ көкіректік с/ ішкі тыныс алу д/ сыртқы тыныс алу е/аралық 12. Тыныс алу, тыныс шығару орталығы қайда орналасқан. а/ мишықта в/ ортаңғы мида с/ сопақша мида д/ жұлында е/жұлында 13. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті қалай атайды. а/ дыбыс қатпарлары в/ дыбыс қан тамырлары с/ дыбыс саңылауы д/ көмекей е/жұтқыншақ

14. Тыныш отырған жағдайда адам неше мл ауа жұтады. а/ 800мл в/ 100мл с/ 900мл д/ 3500мл е/ 500мл 15. Спортпен айналысатын адамның өкпесінің тіршілік сыйымдылығы нешеге тең болуы мүмкін. а/ 3500мл в/ 8000мл с/7500мл д/1500мл е/890мл 16. Тыныс алу ауруларына жататын ауру а/ гастрит в/ дизентерия с/ тұмау д/ сколиоз е/ ортрит

17. Ауа құрамындағы көміртегінің пайызы қанша. а/ 21% в/ 0,09% с/ 4% д/16 % е/0,03% 18. Тыныс алу құбылысы неше кезеңнен тұрады. а/2 в/ 3 с/5 д/1 е/7 19. Өкпе көпіршіктеріндегі эпителий жасушаларының ішкі бетінің негізгі қызметі. а/ көлемін тұрақтандырып, қабысуға жол бермейді в/ қоректік заттарды жинайды с/ қорғаныштық д/ қажетсіз заттарды жинайды е/тасымалдау 20.Өкпе қай жерде орналасқан а/ құрсақта в/ кеуде қуысында с/ жамбаста д/ баста е/қолда

21. Ер адамда көмекейдің орташа ұзындығы

а/ 54 мм в/ 44 мм с/ 40 мм д/ 34 мм е/ 50 мм
11. Адамдағы өкпенің саны.

а/ 5 в/ 4 с/2 д/ 3 е/ 1
22. Адамның ең терең тыныс алғанда шығаратын ауаның көлемі қалай аталады?
А/ қалдық в/ тұрақты с/ тіршіліктік д/ резервтік е/ максималдық
23. Өкпе көпіршіктерінен қанға О2 қашан өтеді?
А/тұрақты в/ тыныс алғанда с/тыныс шығарғанда д/сергіту кезінде е/ұйқы кезінде
24. Мұрын қуысының сілемейлі қабықшасының қызметіне тән емес белгі:
А/ауаны жылыту в/ауаны дымқылдату с/ микробтарды ұстап қалу залалсыздау
д/газ алмасуға қатысады е/шаң бөлшектерін ұстап қалу
25. Тыныс алу қозғалысына қатысатын бұлшықет
А/көкет (диафрагма) В/иық бұлшықеті, с/арқа бұлшықеті,
д/құрсақ бұлшықеті е/үлкен кеуде бұлшықеті

III. Жаңа сабақ түсіндіру. (слайдпен) (10мин)

Оқушылар! Тыныс алу жүйесінің маңызымен таныстық енді адам өмірінде тағы қандай маңызды мүшелер бар? Ас қорыту жүйесі. Дұрыс ас қорыту жүйесімен танысамыз.Жалпы аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар қолдануымыз керек? –Дұрыс тамақтануымызда керек екен. Жарайды олай болса бүгінгі қарастыратын тақырыбымыз дұрыс тамақтану.

Оқушыларға сұрақ:

1.Біз не үшін қоректенеміз?

Қоректену- барлық тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. 
Қоректену арқылы тірі ағзалар өседі,дамиды және қалыпты тіршілік әрекетін жалғастырады.

2.Қоректік заттар құрамына қандай заттар кіреді?

Нәруыздар,майлар,көмірсулар,витаминдер,су және минералды тұздар

Тағам құрамы жайлы бейне таспа көрсетіледі.

Нәруыздар адам пайдаланатын көптеген тағамдардың құрамында кездеседі.Нәруыз адам ағзасына өздігінен түзілмейді,тек тағаммен бірге қабылданады.Нәруыз еттің, балықтың,жұмыртқаның,бұршақтың,жаңғақтың құрамында мол болады. Нәруыздар –тірі ағзалардың құрылыс материалы. Адамға тәулігіне 80-120 грамм нәруыз қажет.Көмірсулар-энергетикалық материалдық негізгі көзі. Көмірсу терминін ғылымға 1844 ж орыс ғалымы К.Шмид енгізген.Крахмалдың құрылысы өте күрделі, ол адам ағазасында қантқа айналады. Қант  ағзада мөлшерден тыс асып кетсе, қант диабетіне әкеп соғады. Көмірсулар өсімдіктекті тағамдардың құрамында көп,жануартекті тамақта нәруыздар көп болады. Крахмал түрлі жармалардың,ұнның,картоптың құрамында көп болады.Қант,қант қызылшасында,сәбізде мол болады.Адам ағзасы үшін жемістердің құрамындағы қант өте пайдалы,өйткені ол тез сіңеді. Адам ағзасында жиналған артық көмірсулар бауырда,бұлшық еттерде қор ретінде жиналады.

Майлар адам ағзасы үшін қажетті органикалық заттардың бірі.Май сүт өнімдерінің,жұмыртқаның құрамында мол болады. Май ыдыраған кезде энергия екі есе көп бөлінеді.Адам өсімдік майын көбірек пайдалану қажет. Тәулік бойы қолданылатын майдың мөлшері 80-90г

Витаминдер тағамның құрамында болатын ағза үшін қажетті зат.Ағзаның өсуі,дамуы тіршілігі үшін дәрумендер аз мөлшерде болса да өте қажет. Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен су арқылы қабылдайды.Адам пайдаланатын барлық тағамдардың құрамында тұздар кездеседі.Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. 
Су- адам ағзасы үшін өте қажет.Сусыз тіршілік ету мүмкін емес.Органикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері Бейорганикалық заттардың ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері.Тағамдық заттардың қызметі.Адам ағзасында тағамдық заттар көптеген қызмет атқарады.2-түрлі қызметін ерекше атап өту керек.1-ден тағамдық заттар адам ағзасында тіршілігін жойған жасуша құрылымдарының орнын басады.2-ден тағамдық заттар ағзадағы химиялық энергияның бірден бір көзі болып табылады. Тамақтанудың гигиенасы. Адамның денсаулығы көбінесе оның немен және қалай тамақтануына байланысты. Мезгілімен тамақтану – оның жылдам қорытылып және жақсы сіңуіне септігін тигізеді.Күніне 4 мезгіл тамақтанған жөн. Ересек адамдар күніне 3 мезгіл тамақтанады. Күніне 4 рет тамақтанғанда асты былай мөлшерлеу дұрыс: таңертеңгі ас – 25%, түскі ас - 40%, сәскелік ас немесе түстен кейінгі ас - 15%, кеші ас - 20%. Тамақтану мерзімі асқорыту жүйесі мүшелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.
Естеріңде болсын!Тамақты өте кешігіп ішу және құрғақ тағамдарды жиі қолдану қарынның ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгереді. Асты ішуден бұрын қолды мұқият сабындап жуады. Асты асықпай, жақсылап шайнау керек. Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, теледидар көріп, сөйлеуге болмайды. Астың тым ыстық та, өте салқын да болмағаны жөн. Ас ішкеннен кейін ауызды сумен шайып, тістердің астың қалдығынан тазартып отыруға әдеттену қажет.

Пайдалы және зиянды заттар туралы бейнетаспа көрсетіледі.


ІV. Бекіту (15мин)

1.Мәтінмен жұмыс.Кері байланыс

1-топ оқушылары «Тағамның маңызы,тамақтың құрамы»

2-топ оқушылары «Нәруыз,май,көмірсу,май,дәрумен,минералды тұз су»

3-топ оқушылары «Тағамдық заттардың қызметі»

2. Адамның бір күндік тамақтану мөлшері

1-қатар таңғы асты; 2-қатар түскі асты; 3-қатар кешкі асты параққа жазып береді.

3. «1001 мақал...» мақалды жалғастыру (слайдпен)

1.Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.

2.Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті

3.Ауруын жасырған өледі.

4.Сырқат тән жарасы, қайғы- жан жарасы.

5.Денің сау болса, жарлымын деме.

6.Тазалық - саулық негізі.

7.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

8.Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.

4.Пайдалы тағамға + зиянды тағамға – таңбасы арқылы белгілеу

Сабаққа шамалы қатысып отырған оқушыларға беріледі.


V. Бағалау.(1мин.)


VI. Үйге тапсырма: (1мин.)

§41 Дұрыс тамақтану режимін құру







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Тағамның маңызы" сабақ жоспары (8 сынып)

Автор: Əлібекова Ұлжан Əлібек қызы

Дата: 28.05.2018

Номер свидетельства: 471346

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(254) "Саба?ты? та?ырыбы:                   ?ліп біткен ?осмекенділер,?осмекенділерді? шы?у      тегі,?осмекенділерді? таби?атта?ы ж?не адам ?міріндегі    ма?ызы."
    ["seo_title"] => string(153) "sabak-tyn-tak-yryby-olip-bitkien-k-osmiekiendilier-k-osmiekiendilierdin-shyg-u-tieghi-k-osmiekiendilierdin-tabig-attag-y-zh-nie-adam-omirindieghi-man-yzy"
    ["file_id"] => string(6) "297435"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456201072"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Жобалау технологиясы бойынша география  мен информатика п?нінен кіріктірілген саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(105) "zhobalau-tiekhnologhiiasy-boiynsha-ghieoghrafiia-mien-informatika-p-ninien-kiriktirilghien-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "199292"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428563128"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Paint графикалы? редактор.(саба? жоспары)"
    ["seo_title"] => string(38) "paintghrafikalykriedaktorsabakzhospary"
    ["file_id"] => string(6) "280430"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453376404"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "саба? жоспары: Астана - бас ?ала "
    ["seo_title"] => string(31) "sabak-zhospary-astana-bas-k-ala"
    ["file_id"] => string(6) "171322"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423664472"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Ашы? саба? "?о?амны? даму за?дылы?тары ""
    ["seo_title"] => string(42) "ashyk-sabak-k-og-amnyn-damu-zan-dylyk-tary"
    ["file_id"] => string(6) "269780"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1450898927"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства