kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ 

Сіңір созылғанда, буын шыққанда және

 сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек туралы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.»


Келісемін:__________ Бекітемін:__________

Оқу ісінің меңгерушісі: Мектеп директоры:

Қ.С.Бекішева«_»____2016 ж Н.М.Жылқыбай «_»____2016 ж









Ашық практикалық сабақ


Биология 8- сынып





Сіңір созылғанда, буын шыққанда және

сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.











Пән мұғалімі: Уакаева Г. К







2016-2017 оқу жылы


Тексерілді: О.І.М.

Күні: 2.12.2016 ж. Биология 8- сынып. 25- сабақ.

Сабақтың тақырыбы:Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Оқушыларға сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмеккөрсету керек екендігін жан- жақты түсіндіре отырып пән бойынша білім- білік дағдыларын қалыптастыру, әр түрлі жарақат түрлері, дәрігерге дейінгі көмек шаралары туралы білім беру
2) Дамытушылық: Оқушылардың білім қабілеттерін ескере отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып,адамның жан дүниесі туралы ой-өрістерін кеңейту,әр түрлі әдістер, өмірмен байланыстыру арқылы өз денсаулығын сақтауға көңіл бөлуі мен жауапкершілігін дамыту
3) Тәрбиелік:Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыра отырып, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізетті болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: Медицина.

Сабақтың әдісі: СТО эдементтері. Тірек-сызба құру.

Сабақтың көрнекілігі: электронды көрсетілім, сызба-нұсқалар, орамал. бинт. шендеуіш, мұз.

І. Қызығушылығын ояту.

1. Ой қозғау.

1. Адам қаңқасының қысқа сүйектерін атаңдар?

2. Қаңқаның жалпақ сүйектерін атаңдар.?

3. Жалпақтабандылықтың пайда болу себебі неде?

4. Организмге дене еңбегімен, денешынықтырумен және спортпен айналысу қалай әсер етеді?

. Сүйектердің байланысуы. ( Кесте толтыру)


Сүйектердің қандай байланысын білесіңдер?

Олар біздің денеміздің қай жерінде орналасқан?

1.Қозғалмайтын


2.Жартылай қозғалатын


3. Қозғалатын



ІІ. Мағынаны тану.

«Миға шабуыл».

«Алғашқы жәрдемді қандай жағдайда көрсетеміз?»

Оқушылар алғашқы жәрдем туралы өз ойларын ортаға салды.

Сүйектер мен буындар зақымданғанда сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек

Алғашқыжәрдем




Сіңірдің созылу Буының шығуы


Сүйектің сынуы Кеуде қуысы мен иық белдеуі

сүйектері сынғанда



Оқулықпен жұмысЗигзаг» әдісі .

« Сіңір созылғанда, буын шыққанда»

«Сүйек сынғанда »

«Кеуде қуысы мен иық белдеуі сүйектері сынғанда»


1) Сіңірдің созылуы - адам абайсызда ойлы - шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады. Аяқтың ұшы бұралып, сіңірі созылады.
Созылудың белгілері: сыздап аурады, ісінеді, буынның қозғалысын тежейді. Алғашқы көрсетілетін жәрдем: зақымданған жерді бинтпен немесе жұмсақ матадан жасалған таңғышпен қатты қысып байлайды, мұның өзі ішкі қан құйылуының тоқталуына көмектеседі және буынның қимылдамауын қамтамасыз етеді. Таңылған жерге мұз немесе қар салынған түйіншек басады.

2) Буынның шығуы. Буын әр түрлі жағдайларда шығады: механикалық жарақат, спортта, транспорт авариясы, т. б кезде болуы мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буын шығуы белгілері: кенеттен шаншу, буын түрінің өзгеруі және оның қызметінің бұзылуы. Біршама уақыт өткен соң ісіну пайда болады. Жарақаттанған адамды мүмкіндігінше, зақымданған аяқ - қолдарын қозғалмайтындай орап, тез арада медициналық жәрдем көрсету пунктіне жіберген жөн.

Қолдары зақымданған жағдайда орамал арқылы асып қояды, ал аяғы мертіккен кезде зақымданған адамды жұмсақ етіп төселген зембілге жатқызып, мертіккен аяғының астына жұмсақ жастық немесе киім салады. Еш уақытта сүйекті өз бетімен салуға болмайды, өйткені сүйектерді, нервтерді, тамырлар мен басқа да тканьдерді бүлдіріп алуы мүмкін.

3) Сүйектің сынуы - адам қатты құлағанда немесе басқа оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну.
Морт сынғанды ашық сыну деп атайды. Шытынап сынуды жабық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін. Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шеңдеуіш салады. Ашық сынық өте қауіпті, өйткені сүйектер ұсатылып кетеді.
Шытынап сыну - бұл сынудың жай түрі. Мұндай сүйектің сынған жерінде шытынаған сызат пайда болады. Морт сынудағыдай сүйек бөлініп, үгіліп теріні тесіп жарақаттамайды. Шытынап сыну да ауырады, ынған жері домығып іседі. Себебі сүйекте жүйкелер мен қантамырлар болғандықтан, ауырған жері тез білінеді. Мұндай жағдайда қатты таңып, ауырғаны әбден басылғанша тыныштық қалыпты сақтау керек. Сынған сүйектерді орнына келтіріп салушы адамды сынықшы деп атайды. Сынық белгілері: жарақат алғаннан соң қатты шаншу, сынған аяқ - қолды толық қолдана алмау, аяқ - қолдың сыртқы пішіні мен ұзындығының өзгеруі, сүйек сынған жерде қозғалудың пайда болуы, қоршаған ортаға (жабық) немесе сыртқы ортаға (ашық) қанның көп кетуі. Сүйек сынған жерден төмен тері бозаруы, дене бөлігі мұздауы, сезімталдықтың төмендеуі болуы мүмкін.





Алғашқы жәрдем сынықтардың жылжып кетуін болдырмау үшінтолық тыныштық сақтаудан басталады. Қол немесе аяқ сынғанда қозғалмайтындай ету үшін шина жақтау қолданылады. Егер ол қолда болмаса, таяқты, қол шатырды, шыбық бұтасын және т. б. пайдалануға болады. Тіпті болмаған жағдайда сынған қолды кеудеге қосып, ал сынған аяқты сау аяққа қосып таңу керек. Ісік болдырмау үшін жақтаушаларды саусақтарды бастап жоғары қарай зақымданған аяқ - қолға таңады. Тоқпан жілік сынғанда иммобилизация жасау. Асық жілік сынғанда иммобилизация жасау.

Кеуде қуысы сүйектерінің сынуы. Егер бұғана немесе жауырын закымданса, жарақаттанған қолды орамалмен мойынға таңып, қолтыққа мақта немесе кез келген матаны бүктеп қояды. Егер кабырга сынса, зардап шеккен адамды орындыққа отырғызып, терең дем шығартады да, кеуде куысын кысып дөкемен орап тастайды.

Бас сүйек пен омыртқа жотасының сынуы өте кауіпті.| Мұндай жағдайда зардап шеккен адамды қозғалтпай, тез ара да жедел жәрдем шакыру керек. Егер мүндай жағдай болмаса, омыртқа жотасы закымданғанда зардап шеккей адамды етпетінен тактайға (есік, жалпақ тақтай, фанер)


Практикалық жұмыс:



ІІІ. Ой толғаныс:

«Кім жылдам?» әдісі

1.Сіңірдің созылуын қандай белгілер арқылы анықтауға болады?

2. Буынның шығу белгілері қандай?

3. Омыртқа жотасы, бассүйегі, кеуде қуысы, иық белдеуінің сүйектері сынған кезде қандай алғашқы көмек көрсетілуі керек?

4. Сүйек сынуының қанша түрі болады?


Үй тапсырмасы: § 24.


Бағалау:


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек.

Автор: Уакаева Гульнар Кадесовна

Дата: 04.03.2017

Номер свидетельства: 397729

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(175) "Сабақ тақырыбы: Сіңір созылғанда, буын шыққанда және сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы көмек"
    ["seo_title"] => string(80) "sabak_tak_yryby_sin_ir_sozylg_anda_buyn_shyk_k_anda_zh_nie_suiiek_syng_anda_kors"
    ["file_id"] => string(6) "366859"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1481107352"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Сүйек сынған кездегі алғашқы көмек"
    ["seo_title"] => string(43) "suiiek_syng_an_kiezdieghi_alg_ashk_y_komiek"
    ["file_id"] => string(6) "397538"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1488554885"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства