Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Оқушыларды жетон арылы бағалау.
Ой қозғау (Есеп шығару).
А) Қызыл жемісті бүлдіргенді ақ жемісті бүлдіргенмен будандастырғанда алынған ұрпақтың жартысы ақ жемісті болып шыққан. Ата – енесінің генотипін табуға бола ма?
В) Әкесі және ұлы гемофилик, анасының қаны қалыпты. Ата – анасының және баланың генотиптері қандай болуы мүмкін?
С) Қаны АВ тобына жататын дальтоник жігіт, қаны О тобына жататын қалыпты көретін қызға үйленген. Қыздың әкесі дальтоник, қаны А тобына жатады; Осы некеден қаны А тобына жататын қалыпты көретін қыз бала дүниеге келген. Барлық отбасы мүшелерінің генотиптерін анықтаңдар. Осы некеден дальтоник балалар дүниеге келуі мүмкін бе?
Сөздіктер сыр шертеді.
Ботаника – өсімдіктерді зерттейтін ғылым.
Зоология – жануарларды зерттейтін ғылым.
Цитология – жасушаны зерттейтін ғылым.
Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.
Селекция – «сұрыптау» деген мағынаны білдіреді. Оның басты міндеті — үй жануарларының, өсімдіктер мен микроорганизмдердің жоғары өнімді жаңа түрлерін шығару және олардың эволюциясын зерттеу.
Өсімдіктер селекциясындағы қол жеткен табыстар. Қоғамның өндіргіш күштерін арттырып, экономиканы нығайтуда сұрыптау жұмыстарының маңызы зор. Бұл тұрғыда, әлемдік селекцияда көптеген қол жеткен табыстар бар. Соның ішінде, орыс селекционері И.В.Мичуринді ерекше атауға болады. Ол өзі ойлап тапқан телу әдісін және т.б. будандастыру әдістерін қолдана отырып, жеміс-жидектердің суыққа, ауруға төзімді, жемістері сапалы көптеген сорттарын шығарды. Сонымен қатар орыс селекционерлері В.С.Пустовойт күнбағыстың майлы сорттарын, П.П.Лукьяненко бидайдың гектарына 50 центнерге дейін өнім беретін Безостоя – 1 сортын, В.Н.Ремесло мол өнімді Мироновская – 264,208 және т.б. сорттарын алды. Селекционерлер — А.П.Шехурдин мен В.Н.Маманов шығарған жаздық бидайдын Саратов – 29 сорты жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Бұл аталған сорттар Қазақстанның eric алқаптарына егіледі. Мұндай жетістіктер басқа елдерде де бар. Мысалы, Украинада қант қызылшасының, Беларусьта картоптың, Өзбекстанда мақтаның көптеген мол өнімді сорттары шығарылған. Бұл салада Қазақстан селекционерлерінің де кол жеткен елеулі табыстары бар. Қазіргі кезде елімізде Қазақстандық селекционерлер шығарған әр түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының 200 – ден астам сорттары бар. Соның ішінде дәнді дақылдардың 20 – дан астам, мал азықтық дақылдардың 40 – қа жуық, техникалық және майлы дақылдардың — 15, жеміс – жидек және жүзімнің 80 – ге жуық сорттары бар. Сол сияқты қазақстандық ғалымдар І.Ә.Әбуғалиев, Ш.Н.Илялетдинов және М.Х.Мұратов қант қызылшасының өнімді көп беретін «Қазақстан полигибрид – 24» және «Қазақстан» сорттарын алды. Атақты қазақстандық рекордшылар — Ыбырай Жақаев күріштің әр гектарынан 171 центнерге дейін, тарышы Шығанақ Берсиев 201 центнердей түсім алып, еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосқан болатын.