kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Биология 8 сынып "Асқазан және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқыбездің құрылысы және қызметі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Асқазан, ішек сөлі, бауыр мен ұйқыбездің құрылысы және қызметімен таныстыра отырып, оқушы бойындағы дұрыс әрекет құндылығын ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Биология 8 сынып "Асқазан және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқыбездің құрылысы және қызметі"»

Биология пәнімен интеграцияланған «өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: «Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Көктал орта мектебі» ММ

Мерзімі: 22.02. 2017 жыл

Мұғалім: Нажиканова К.А.

Сынып: 8

Оқушы саны: 12

Тақырыбы: Асқазан және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқыбездің құрылысы және қызметі.

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: әдептілік, дұрыс ой, зиянды әдептерден аулақ болу, өз-өзіне сенімді болу.


Сабақтың мақсаты: Асқазан, ішек сөлі, бауыр мен ұйқыбездің құрылысы және қызметімен таныстыра отырып, оқушы бойындағы дұрыс әрекет құндылығын ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.Асқазан, ішек сөлі, бауыр, ұйқыбезі құрылысы мен қызметі туралы білімдерін қалыптастыру;

2. мәтінді талдау дағдыларын дамыту, маңызды ойды ажырату, мәліметтерді синтездеу

3.Салауатты өмір сүру салтына үйрету, асқазан, бауырға спиртті ішімдік пен темекі шегудің зиянды әсерін түсіндіру, зиянды әдеттерден аулақ болуға, өз-өзіне сенімді болу, дұрыс әрекет жасауға тәрбиелеу.


Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер, ас қорыту жүйесіне арналған видеоролик , оқулық, муляждар, электрондық презентация)


Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (өзін –өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Мұғалім:

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

II. Дәйексөз

«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулыққа байланысты»

А.Шопенгауер

Оқушылар даналық сөздің мағынасын ашып, тақырыппен байланысын айтып, дәптерге жазады)

III. Үй тапсырмасын тексеру.

Биологиялық диктант

1.Асқорыту дегеніміз... (химиялық өзгеріске ұшырауы)

2.Асқорыту процесін зерттегені үшін нобель атындағы сыйлыққа ие болған ғалым... (И.П.Павлов)

3.Адамның сүт тісінің саны... (32)

4.Қай ауруды «кір қолдың ауруы» дейді... (дизентерия)

5.Тістің ең мықты берік заты... (кіреуке (эмаль))

6.Қарыннан соң асқорыту жүйесінің қай бөлімі келеді?... (ұлтабар)

7.Ересек адамның тісінің саны... (32)

8.Адам ішегінің ұзындығы:...(5-6 м)

9.Құрамында тұз қышқылы болады...(қарын сөлінде)

10.Тісті емдейтін дәрігер қалай аталады?... (стамотолог)

Жұппен жұмыс. Бір-бірін тексереді.(шәкіл арқылы 9-10 – «5»; 7-8 – «4»; 5-6 – «3» )

Өз ойымен бөлісу.

1.Сенің ойыңша асқорыту бездеріне қандай бездер жатады?

2.Ферменттердің өздеріне тән қандай ерекшеліктері бар, анықтама бер.

3.Сілекейдің құрамын сипаттаңдар.

4.Егер сен дәрігер болсаң асқорыту бездерінің қызметін қандай әдіспен анықтар едің? (толық жауапқа житон беріледі)


IV.Жаңа тақырып

Мұғалімнің сыйы (ас қорыту жүйесіне арналған видеоролик)

Мұғалімнің сұрағы:

-Асқорыту жүйесіне жататын мүшелерді атаңдар?

-Организмге түскен тағамдар қандай механикалық және химиялық өзгеріске ұшырайтының мысалмен түсіндіріңдер.


Ескерту















Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Электрондық презентация ұсыну, түсіндіру.

Оқушыларды 2 топқа түстер арқылы бөлу (қызыл - көк). Постерге салу және қорғау.

1 топ: Асқазан, ішек сөлі (зиянды әдеттерден аулақ болу темекі мен алкоголдің әсері)

2 топ: Бауыр, үйқы без. (салауатты өмір сүру, өз – өзіне сенімді болу, дұрыс әрекет жасау, темекі мен алкоголдің әсері ) (екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалау)


Муляжбен жұмыс. «Мылқау сурет» (берілген суреттен мүшелердің құрылысын анықтау:

1. Асқазан құрылысы, қызметі

2 Бауырдың құрылысы, қызметі

3. Ұйқыбездің құрылысы мен қызметі)

Қорытынды:

Ұзақ жасағысы келетіндерге берер кеңес.

Ең алдымен ішетін тамағыңыздың түр –түрін көбейту керек. Холестерині көп май қышқылдары мол деп кейбір тамақтарды мүлдем жемей қоюға болмайды, олардың мөлшерін ғана азайтыңыз.Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүруге талпын.

Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік қажет

V.Үй жұмысы. Параграф 45 кестені толтыру.

VI.Қорытынды Тыныштық сәті

Ыңғайланып отырыңыздар, көздеріңізді жұмыңыздар. Бүгінгі сабақта айтылғандардың бәрін естеріңізге түсіріп, санаңыздан өткізіңіздер. «Дені саудың – жаны сау» жолы біреу – ол салауатты өмір сүру, уақытында сапалы, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.

Рефлексия (әр оқушыға үлестірме қағаз беріледі)

Сабақтың ерекшелігі неде?

Сабақта не аштыңыз, білдіңіз?

Сабақтан сіздің күткеніңіз расталды ма?

Сіз бүгінгі сабақтае не алдыңыз?

Сабақ ненің төңірегінде ойлануға мәжбүр етті?





























Келесі сабақта осы сұрақтарға байланысты бақылау жұмысы жүргізілетінін естеріне салу.











































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Биология 8 сынып "Асқазан және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқыбездің құрылысы және қызметі"

Автор: Нажиканова Кульмай Ахметовна

Дата: 20.03.2017

Номер свидетельства: 401775


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства