kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ағзаның ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қасиеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қан құрамының тұрақты және белгілі көлемде болу 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ағзаның ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қасиеттері»





Сабақ тақырыбы: Ағзаның ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қасиеттері
Сабақ мақсаты:
- Ағзаның ішкі ортасын түсіндіре отырып, қанның қасиеті,құрамы
және қызметіне сипаттама беру;
- Сабақтың тәсілдерін қолдану арқылы оқушы білімін тереңдетуге
және оқушы пайдасына шешілетін жағдаяттарда алған білімдерін
толыққанды жұмсауға үйрету;
- Қан құрамының тұрақты және белгілі көлемде болу
маңыздылығының ескеру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: проектор, интернет материалдары, А3 формалы беттер, түрлі-түсті бояу қарындаштар, т.б
Пәнаралық байланыс: химия, физиология,қазақ әдебиеті,медицина
Сабақ барысы:
Ұйымдастырылатын жұмыстар: Жұмысқа қажетті құрал- жабдықтар:
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып даярлығын қадағалау;
- Сынып оқушыларын түгендеу;
- Сабаққа қажетті құрал- жабдықтардың толық болуын қамтамасыз ету. Психологиялық ахуал. 1. «Бұлшықет жұмысын жақсарту жаттығулары» Балалар, сергіту сәті алдыңғы өткен тақырыппен тікелей байланысты болмақ. 1. Қолымызға қолайнаны алып, шайнау, ымдау бұлшық еттерінің қозғалысын бақылаймыз. 2. Мойын бұлшықеттерінің қозғалысын мойынды оңға, солға және алдығы, артқа бұру арқылы бақылаймыз. 3. Иық бұлшықеттерінің қозғалысын қолымызды көтеріп, сағат тілімен оңға, солға және алдыға көтеріп бақылаймыз. Көкет қозғалысын мықынға қолымызды қойып, сағат тілімен оң жақ және сол жаққа бұрылыс жасаймыз. Аяқ бұлшық еттерінің қозғалысын орынымыда тұрып, жаймен аяқтарымызды кезекпен көтереміз. Осымен жаттығыуымыз аяқталды.Орынымызға жайғасамыз. (2 минут)





Балалар, сабағымызды бастамас бұрын, топқа бөлініп алайық. ( түрлі-түсті қағаздарды таңдау арқылы сынып оқушылары өз топтарындағы орындарына жайғасады). І топ. Эритртоциттер, ІІ топ. Лейкоциттер. Әр топтан топ басшысын және уақыт белгілеуші, спикер-баяндамашы, бағалаушы оқушыны таңдаймыз. Әр топтың басшысына оқушылар тізімі жазылған бағалау парағы беріледі.
Топ ережесін айту.

2.Үй тапсырмасын сұрау. (интеракивті тақтамен жұмыс) Сіз келісесіз бе: Сұрақтардың дұрыс «Д», бұрыс «Б» екендігін ажыратыңыз



1. Денедегі барлық бұлшық еттердің жиынтығы 200 Д / Б 2. Қуану және ренжуді білдіретін бұлшықеттер бассүйекте Д / Б 3. Ашық сыну адам өміріне қауіпті емес Д / Б 4. Бейорганикалық заттар сүйекке иілгіш қасиет береді Д / Б 5. Ең ұзын бұршық ет- тігінші бұлшық еті Д / Б 6.Ішкі мүшелердің бұлшық ететтері біріңғай салалы Д / Б 7. Жамбас қол сүйектер белдеуіне жатады Д / Б 8. Жүрек бұлшық еті- миокард Д / Б 9. Бассүйектер қозғалмайтын сүйектер Д / Б 10. Қаңқа қан жасушаларын өндіреді Д / Б

3. Қызығуды ояту. Жұмбақтар шешу. (2 минут)

Жұмбақ жасырылып, оқушылар шешімін табады.
Сұйық десем, су емес, Жанды мотор сынбайды, Ағзада ағар жолы бар Күні – түні тынбайды. Түсі де оның ақ емес, Кейде оның жүрісін,
Ал қызыл дейді ағалар. Дәрігерлер тыңдайды. Оңды- солды ойқастар, Жауабы: жүрек Қызмет жасар, тоқтамай.
Сергектікке жол бастар, Шипасы оның тағы бар.

Жауабы: қан Балалар, дұрыс жауабын таптыңдар. Ендеше бүгінгі жаң сабақтың тақырыбы қан.......

Ой жүгірту . Қан туралы қандай ой келеді? Қан туралы білетін ойларыңды айтыңдаршы.

Ендеше, « қан» сөзіне әр топ клайстерлер жасайықшы. (5 мин.)
Жасаған клайстерлерін әр топ мүшелерінен 1 оқушы шығып, қорғайды.

Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді және жаңа сабақ тақырыбын жазып қоямыз.
Жаңа тақырып: Ағзаның ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қасиеттері.
Балалар, ағзаның ішкі ортасы тақырыбына қандай мақсат қоямыз? Оқушылар бүгінгі жаңа тақырыпқа өздері мақсат қояды.
(Д) Тақырыптағы жаңа терминдер: (дәптерге жаздырту)
1. Плазма – қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі.
2. Эритроцит – қанның қызыл, ядросыз жасушалары.
3. Лейкоцит- қанның түссіз жасушалары немесе жебір жасушалар.
4.Тромбоциттер- қан пластинкалары.
5.Гемоглобин- қанға қызыл түс беретін пигмент.
6.Оксигемоглобин- оттегімен қосылған гемоглобин.

Электронды оқулықты пайдаланып , мәтінді тыңдау. / №4- №5 анимациялық түсініктеме / «Қан және оның құрамы» атты қысқаша көрсетілім балалар назарына ұсынылады. Соңында оқушылардан нені көріп, білгендері туралы сұралып өтеді.


4. Топтық жұмыс І топ. Жарнама жасау. Топ өзінің зерттейтін ауруларына сипаттама береді. Жүрек, қан аурулары: анемия, гемофилия, лейкемия, гипертония, гипотония. Алдын алу шаралары: Жеке бас гигиенасын,күн тәртібін сақтау.Тиімді тамақтану. Зиянды әдеттерден аулақ болу. Денені шынықтыру.Салауатты өмір салтын ұстауы. Таза ауада серуендеуі қажет. Топтың оқушылары қан қысымын өлшейтін құрал, тонометрдің құрылысымен және онымен қан қысымын қалай өлшейтінін көрсетеді.



ІІ топ. Лейкоциттер. Алғашқы көмек көмек көрсету түрлеріне сипаттама береді. Мұрыннан қан кеткенде ,иіс газымен (СО) уланғанда алғашқы жәрдем жасауды көрсетеді.

5. Мақал-мәтелдер сайысы. Екі топ 2 м-м жарысады. «Алдын алған ауру асқынбайды», « Күннің көзі- денсаулықтың өзі», «Денсаулықты қартаймай тұрып сақта», «Жұпар ауа - жанға дауа», «Сәлемдессең де сауығып қаларсың».

6. Сергіту сәті. Балалар, орынымыздан тұрайық. Эритроцит дегенде оң қолымызды, тромбоцит дегенде сол қолымызды, лейкоциттер дегенде екі қолымызды қосып айналамыз. Қанның қызыл түйіршігі оң қолымызды, қан пластинкасы сол қолымызды, қанның ақ түйіршігі екі қолды қосып айналамыз. Орынымызға жайғасамыз. (1 минут) Элек.оқул. интерактивті тапсырманы орындау №2, № 6
7.Топтық жұмыс. Ітоп. Топтастыру әдісі. (Интерактивті тақтада жазады)

IIтоп. Синквейн әдісі

  1. Зат есім – кім? не? 1 сөз

  2. Сын есім - қандай? 2 сөз

  3. Етістік – неғылды? не істеді? қайтті? 3 сөз

  4. Тақырыпты ашатын сөз тіркестері немесе сөйлем. 4 сөз

  5. Тақырыптың синонимі (баламасы)

1. Қан 2. Қызыл, сұйық 3. Ағады, ұйыйды, тасымалдайды 4.Қан адамға өмір сыйлаушы 5. Тіршілік көзі



8. Сандар сыры /слайд/ Бұл кезеңде әр топқа сандар беріледі. Сол сандар қандай мағына беретінін айту керек.
І топқа.
4 - 5 литр, 4 - 5 минут, 120 күн, 45%, 55%, 20 литр, 6 ІІ топқа. 1 - 3 литр, 85 %, 90 - 92%, 2 - 5 тәулік, 7 - 10 күн, 4

9. Адам қанының қай топқа жататыны арқылы да оның мінезін анықтауға болады. /Оқушылардан қан тобын сұрау/.

І топ. Қаны бұл топқа жататын адамдар жігерлі, табанды, өмірдегі құбылыстарға көзін ашып қарайтын, шындықты ұнататын болып келеді.

ІІ топ. Сезімтал, сәл нәрсеге көңілі қалғыш, сырттай қарағанда байсалды болып көрінгенімен жүйкесі жұқалау, өзіне- өзі талап қойғыш.

ІІІ топ. Секемшіл, сенімсіздікпен қарайды, сары уайымға жиі салынады. Болған жайды көңіліне алмай, тез есінен шығарады.

ІV топ. Көздеген мақсатына жетуге ерік- жігерін аямайды.

7. Сабақты қорытындылау мақсатында «Екі қадамды сұхбат» әдісі қолданылады.

Екі топтан 2 оқушы ортаға шығады.

1.Хабар жүргізуші (өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды )

2. Зерттеуші ғалым (сұраққа жауап береді )







8. Сабақтағы жұмыс қорытындысын жасау-(2 мин.). Бүгінгі сабақта ағзаның ішкі ортасы, қанның құрамы және қызметі мен таныстық. Қанның құрамына кіретін плазмаға, формалы элементтерімен қоса, жүрек,қан аурулары, одан сақтану шаралары және алғашқы жәрдем көрсету туралы да ой бөлістік. Болашақ Қазақстанның дені сау ұрпағы болу үшін салауатты өмір салтын сақтап, салауатты Қазақстанның ұл- қыздары болып өсейік!
9. Үйге тапсырма беру: 6 тарау, 29 тақырып оқу, 10 тестілеу сұрағын тақырып бойынша құрастыру.
10.Бағалау. Әр топтағы бағалаушылар, топтағы мүшелердің жұмыстарын қарап шығып, оларды бағалайды. Сабаққа қажетті құрал- жабдықтардың жұмыс жасауын тексеру

Рефлексия. Алдарыңдағы стикерлердің қызыл түстісіне, сабақта не ұнады, көгіне не ұнамады, не түсініксіз болды жаза қойыңыз.

Оқушылар өздерінің көңіл –күйлерін қолдарындағы стикерлерге жазу арқылы білдіреді.

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!













































«Қарағаш орта мектебі» КММ









Онлайн сабақ

Ағзаның ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қасиеттері

8«А» сынып

















Биология пәнінің мұғалімі Уалиева Б.С











2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ағзаның ішкі ортасы. Қанның құрамы мен қасиеттері

Автор: Уалиева Бибисара Сабировна

Дата: 20.12.2016

Номер свидетельства: 371730


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства