kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы. Қанның құрамы мен қасиеттері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

данной статья поможеть учителям при работе планирование

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы. Қанның құрамы мен қасиеттері.»

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Сабақтың тақырыбы: Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы. Қанның құрамы мен қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тірек-қимыл жүйесін еске түсіре отырып,организмнің ішкі ортасын түсіндіру және оның маңызымен таныстыру. Қанның құрамы мен қасиеттері туралы мағлұматтар беру.

Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, өз беттерімен жұмыс жасауға дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Қанның құрамы мен қасиеттерін түсіндіру арқылы оқушыларды өз организмі мен денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі Типі: аралас

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап,тестпен және жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: диаграммалар, сұрақтар, суреттер, сантиметрлік жұмсақ таспа, электронды оқулық

Пәнаралық байланыс: анатомия, физиология.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу, түгелдеу,сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын текеру

1.Бөлімді қорыту тест тапсырмалары

2.Біліміңді сына

Тақырыпқа ені сұрағы

1.Қанқаның қандай атқаратын қызметтерін білеміз?(Қан жасушаларын түзуі,қорғаныш тірек-қимыл)

2.Қан қай жерде түзіледі? (сүйектің қызыл кемігінде)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қанның плазма (сұйық бөлігі) мен формалы элементтерден: эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттерден (қан пластинкасы) тұратынын білесіңдер.

Қан плазмасы- барлық қанның,шамамен, 55-60% көлемін құрайтын мөлдір,түссіз сұйықтық. Оның құрамында 90-92% су, 7-8% нәруыздар, шамамен, 2% глюкоза, майлар, минералды тұздар мен басқа заттар белгілі бір осмос қысымын тудырады. Осмос қысымына байланысты су жасуша мембранасы арқылы қанға өтеді де, қан мен ұлпа арасында зат алмасу жүзеге асады. Барлық плазманың 70%-дан астамы 1 минут ішінде ұлпа сұйықтығымен алмасады. Қан плазмасының нәруыздары әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы, глобулиндер организмді бактериялардан қорғауға қатысады; альбуминдер плазмадағы су мөлшерін реттейді; фибриноген қан ұюында маңызды рөл атқарады. Фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.

Эритроциттер немесе қызыл қан жасушаларының пішіні (форма) диаметрі 7-ден 10 мкм-ге дейінгі екі беті ойыс диск тәрізді. Мұндай пішін эритроцит бетін 1,5 есе үлкейтеді және газ алмасу үшін едәуір тиімді болып табылады. Жетілген эритроциттерде ядро болмайды. 1мм3 қанда 4,5-5 млн эритроцит болады. Адам организмінде барлығы орташа алғанда 25 триллион эритроцит бар деп есептеледі. Ересек адам эритроциттерінің бетінің жалпы ауданы,шамамен, 3800 м2 құрайды. Егер барлық эритроциттерді бірқатарға қойса, тізбек ұзындығы 175 мың км құрайды; онымен жер шарын төрт рет орап шығуға болар еді. Эритроциттер пішініне және созылғыштығына байланысты пішінін оңай өзгертіп, тар капиллярлар арқылы еркін өтеді. Гемоглобин оттектен басқа иіс газымен (СО) қосылып, карбоксигемоглобин түзеді. Карбоксогемоглобин-берік қосылыс, түзілген кезінде оған оттек байланыспайды; бұл- адамөміріне қауіпті. Үй-жайда иіс газы түзілген кезінде дереу терезені ашып, зардап шеккен адамды таза ауаға шығару керек.

ІV. Бекіту

1.Оқулықпен жұмыс

2.Джигсо әдісімен әр оқушы 5-6 сұрақтан құрайды

IV. Бағалау

Оқушылар бір-біріні өзара бағалайды. Бағдаршам әдісімен: жасыл-өте жақсы, сары-дайындалу керек, қызыл-түсінген жоқпын.

V. Үйге тапсырма беру. §27 76-суретті салу


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Организмнің ішкі ортасы және оның маңызы. Қанның құрамы мен қасиеттері.

Автор: Бақыт Асыл Қадыржанқызы

Дата: 08.06.2018

Номер свидетельства: 472737

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "экз.мат.биология 9 каз."
    ["seo_title"] => string(24) "ekz-mat-biologhiia-9-kaz"
    ["file_id"] => string(6) "326396"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463158504"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства