kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты

Мен үшін де осынау өмірімдегі ең қастерлі әрі қасиетті мамандық ол – тәрбиешілік. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі. Қалаған ісіңе ғашықтық пейілмен қарай білсең, өмірден өз орныңды тапқандығың! Мұндай философиялық қағида бағзыдан қалыптасқан жоғары адамгершіліктік ұғымдармен астасып жатыр. «Кәсібің – нәсібің» дейді қазақ даналығы. Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам алдыңдағы құрметіңді еселей аласың. Ал, тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді. 
Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін. 
ТӘРБИЕШІ! Бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мазмұнды сөз деп танимын. Өйткені, біз елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеудеміз. Өйткені, біз жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін сіңірудеміз. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды жұғысты етудеміз.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма алты жыл болған екен. Қиындығы мен қызығы, ауартпалығы мен жауапкершілігі қатар жүретін осы еңбектің жолындағы педагогикалық ұстанымым - үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр тәрбиленушімнің бойынан жылт еткен жақсылықты, талап пен талантты тауып, бұлақтың көзін ашу, биікке жетелеу, сондай ізденістер арқылы биік мақсаттарды орындау. Сондықтан да бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл – бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, бүлдіршіндерді жан-тәнімен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін жұмыс. Ұлы педагог Г.Песталоцци: «Егер де сүйе білмесең, тәрбиелеу құқығын жоқ», деген екен.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына серпін беріп, негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.
Халқымызда «Жас келсе - іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші-ұстаз, бақытты жанмын деп білемін.
Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын.
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев.
Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Осы тәрбиешілік еңбекте жүріп түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен басыбүтін бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын.

       Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының  тәрбиешісі: Булканова Г.А.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты»

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп. Қандай да бір мамандық өзіңше қызықты да, күрделі. Ал, осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі – тәрбиеші мамандығы. Тәрбиеші мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға.

Бүгінгі тәрбиешінің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары, экономика деңгейіне шыға білетін ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген тәрбиешінің қолынан келе бермейтін қасиет. Тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді. Кейде, "мен шаршадым, мына дәптер, мына қағаз" сөздерін өз құлағымен естігенде, көңілім түсіп, мынадай тәрбиешіден не болады, деп ойлап жатасын. Ал мен үшін осыны бәрін женуде, өз мақсаттарыма жетудің ең бірініші төзімділігімнің арқасында. Шынында да, төзімділік бар болса, көптеген биік жетістіктерге жетіп, өз жұмысын нақты және бапты да ойластырып, атқарасың. Төзімділік - адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы бір нәтижелерге жеттуге, нақты дұрыс шешем қабылдауға болады.

Бүгінгі өмірдің ағымына сай бәріде алға жылжыуы, жаңашылдық даму кезеңі болғаны адамды ізденуге, құрастыруға, шығармашылық тұрғыда жұмыс істететін уақыт болғанын білеміз. Өз тәжірибемізде сандық технологияны қолдансақ та, балаға жаңалық түрде жеткізі аламайтын кезеңдер де болады. Неліктен? Өйткені әр қадамымыз, әрекетіміз жоспарлы түрде жасалу қажет. Бала бойындағы жеке тұлға болып қалыптасатын дәрежеге жетуіміз қажет. Сандық технология арқылы берілген білім өмірде тиімділігі бар, оны дұрыс қолдана алатын жағдайда қалыптастыру қажет.  Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Тәрбиеші шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі – Тәрбиеші деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшылық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл тәрбиешінің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. балаға дұрыс білім беру арқылы біз оның жеке тұлға болып қалыптасуына арқау боламыз.

Қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдар алынған. Сондықтан әр ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап етеді.

Осының негізінде өз сабағымды жоғары дайындықпен жоспарлап, оқушының жеке қабілеті мен дайындық деңгейін еске отырып, оқушыны ынталандыратындай жаңаша оқыту формаларын мен бүгінгі күні тиімді қолданатын әдіс-тәсілдерді пайдалануды тырысамын. Инновациялық педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдері мен жұмыс түрлерін қолданып жүрмін: интерактивті оқыту әдістері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ойын технологиясы. Аталған әдіс-тәсілдер мен технологиялар оқытудағы бірсарыңдылықты болдырмауға жәрдемедесіп, оқушылардың шығармашылық және танымдық белсенділігін арттырады. Өзімнің педагогикалық тәжірибемде жұптық, топтық, ұжымдық оқыту түрлерін қолданамын. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында жағдаяттық тапсырмаларды орындауды қарастырамын.

Әр адамның мақсаты бар, менің негізгі мақсатым, ол өскелең ұрпаққа бүгінгі күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанының ұлдары мен қыздары бола алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсатты орындауда мен жаңа әдістерді танып, жинақтауда еңбек етіп жүрмін.

Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, тәлімгер болу аса жауапкершілікті талап етеді. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, таразыға тарта салатын дүние емес. Менің ойымша, шәкіртін өнер-білімге баулып, адамгершілік, ізгі қасиеттерді сіңіре білген тәрбиеші оның өмір бойғы досына, сенімді сырласына айналады. Себебі, түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысады.

Тәрбиеші - балаға жан-жақты тәлім-тәрбие  беруші. Сынып тәрбиешісін бала тәрбиесіндегі рухани сәулеткер, бағбан ретінде бағаласақ, отбасы, ошақ қасынан кейінгі екінші ата-анасы деуге болады. Өйткені, сыныптағы әрбір оқушы өзінше бір ашылмаған құпия. Өз сыныбындағы әрбір оқушының мінез-құлқындағы ерекшеліктерді, жан-дүниесін, жанұядағы тәрбиені терең  зерттеп білмеген тәрбиеші ол құпияның кілтін таба алмайды. Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, мінез-құлқын үнемі зерттеп, біліп, шәкірті қиналып жүрген сәтте оның жанынан табылып, көмектесіп, үнемі ақыл-кеңес беріп, оған ізгілікті қасиеттерді үйретуден жалықпаған сынып тәрбиешісі ғана нағыз бала жанының бағбаны деуге болады. Ұстаз еңбегінің ұлылығы – осында жатса керек. Мектеп-интернат жағдайында оқушы интернат тәртібіне төзе алмай, талай қиындықтарды басынан кешіреді. Міне, осындай кезде онсыз да күйзеліп жүрген оқушыға бағыт-бағдар беру – тәрбиешінің басты міндеті. Әр баланың мінезі әр қилы, сезімі нәзік. Әр баланың жас ерекшелігіне қарай, мінез-құлқына қарай тіл табысып, сөйлесу оңай емес, тәрбиеші тарапынан үлкен шеберлікті қажет етеді. Мысалы, сендіру әдісі арқылы бала бойында тұрақты, терең саналылықпен, эмоционалды сезіммен қабылданған саналы көзқарас пен мінез-құлық нормалары мықтап орын алады. Болашаққа деген сенім пайда болады, талғампаздық қасиеттерді қалыптастырады. Жаттықтыру әдісі арқылы бала бойында жақсы әдет-дағдылар жетіледі.

Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін  әрине, алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К.Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды». Шынтуайтына келгенде, тәрбиешінің өзі өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, т.б. табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жасөспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек. Өйткені, сүйікті мұғалім дәрежесіне жеткен ұстаз ғана сүйкімді оқушыға тап болады.

Тәрбие жұмысы – инемен құдық қазғандай. Қаншама жүйкесін шаршатып еңбектенсе де, кейбір оқушының келеңсіз қылығы үшін еңбегі еш болып, жуылып-шайылып кете барады. Бауырынан шыққан баласының болашағын ойламайтын ата-ана кем де кем. Осы мектеп мектеп-интернат жағдайында: «баламды киіндіріп, ақшасын төлеп жатырмын, одан артық не керек, баланың біліміне, тәрбиесіне мұғалім-тәрбиешілер жауапты», - деп барлық міндетті мектепке ысырып салатын ата-аналар да бар. Сол ата-аналармен тіл табыса отырып, ата-ананы да тәрбиелеу  - тәрбиешінің міндеті.

Өзіндік дайындық кезінде тәрбиешінің міндеті – нұсқау, көмек көрсету, бақылау, тексеру.Дайындық кезінде бала тәрбиешінің көз алдында, байқауында болу керек. Әр оқушының қабілет деңгейін, адалдық дәрежесін, ұқыптылығын білуге тиіс. Тәрбиеші ешқашан естен шығармауы керек: бір оқушы асықпайды, ал келесісі жылдам, үшіншісі өз бетімен орындағынды жақсы көреді. Ал кейбіреуі көмекті көп қажет етеді. Көмек бұл бақылау кезінде анықталады. Осы орайда оқушылардың өзара көмегін қолдана отырып, дұрыс бағыт беру керек. Тексеру – бұл оқу-тәрбие жұмысының ең негізгі кезеңі. Сондықтан тәрбиешінің соңғы қадағалайтын жұмысы – өзін-өзі тексерудің дұрыс жолға қойылуын тексеру. Балаларға психологиялық ахуал тудыра отырып, балаларға дербестік беру арқылы оқу еңбегін белгілі дәрежеде ұйымдастыруға жағдай жасайды. Баланың қалыптасып келе жатқан білімін жетілдіруге кітапханамен қатар тәрбиешінің өзі белгілі жүйемен жинақтаған мынадай материалдары көмекке келе алады: халықтық педагогика, педагогика және салауаттылық, ақын-жазушылар, мәдениет және өнер, патриоттық тәрбие.

Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Оқу-тәрбие ісінің тиімді болуы үшін ғылыми педагогика мен халық педагогикасын қатар қолдану қажеттігі айқындала түседі. Осы орайда ұлтымыздың асыл перзенті М. Жұмабаевтың мына сөздері еске оралады: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып келе жатқан тақта жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуы қажет. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті».

Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас  жеткіншекке  деген сүйіспеншілігі мен  қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан  танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп  отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. «Өзіңнен  өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», - дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса, оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады, демек, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін,онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады демекпін.

         Қазақ  ағартушысы  М.Жұмабаев: «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті», -  деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен, мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Тәлімгер мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып,биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу-тәлімгердің басты міндеті.

        Сертке ұстаса, селт етпей жалтылдаған - деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай қорыта келгенде айтарым, қазіргі заман тәрбиешісі - заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны болуы тиіс.

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Баланың періште әлемі-тәрбиешінің бақыты

Автор: Булканова Гаухар Астабиевна

Дата: 23.05.2017

Номер свидетельства: 417948

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Баланы? періште ?лемі- т?рбиешіні? ба?ыты""
    ["seo_title"] => string(40) "balanynpierishtieliemitrbiieshininbakyty"
    ["file_id"] => string(6) "281953"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453627772"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Си?ырлы - т?рбиеші. / Шеберлік класс/ "
    ["seo_title"] => string(37) "sik-yrly-t-rbiieshi-shiebierlik-klass"
    ["file_id"] => string(6) "155994"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421343538"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства