Қазақ әдебиеті пәнінен өткізілген ашық сабақ жоспары.Ақан серінің өмірі мен шығармашылығын талдау.
Просмотр содержимого документа
«Ашық сабақ жоспары.Тақырыбы:Ақан сері Қорамсаұлы»
Қазақ әдебиеті 10-сынып 06.04.2017
С.тақырыбы:Ақан сері Қорамсаұлы өмірі,шығармашылығы.
С.мақсаты: Өлең құрылысын зерттеуге, мәнерлеп оқуға дағдылау, топтық жұмыс жасау арқылы ұйымшылдыққа бағыттау.
Сілтеме:Қазақ әдебиеті оқулығы,хрестоматия,Презентация
Көрнекіліктер:маркер,стикер,А3 қағазы.
Оқу нәтижесі:Ақын өмірі мен шығармашылығы жайында толығырақ мәлімет беру.
Түйінді идеялар:Өлеңді түсініп,нақышына келтіре оқуға,сыни тұрғыдан ойлауға дағдылау.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері | Мазмұны | уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Қажетті құрал- жабдықтар |
I.Ұйымдастыру кезеңі | 1.Шаттық шеңберге шығып, әдеби терминдер атауынан жарысады. Домбыраны қолдарына алып келесі балаға тілегін білдіреді. 2.Топқа бөлу Өлең үзінділері бойынша топқа бөлу. 3.Презентация | 4 минут 2минут 5 минут | Сыныпта жағымды атмосфера орнату. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. Ұйымдастырушы, бағыттаушы | Кезек-кезек әдеби терминдерді айтады. Топқа бөлініп отырады. | Кесте 1,2,3-слайд |
II.Үй жұмысын тексеру. | 2 өлең талдау | 3 минут | Ұйымдастырушы, бағыттаушы | Қолпаштап,қолдап отырады | 4-слайд |
III. «Ой тастау» | 1.Ақан сері өмірінен сыр шерту. 2.Ақан сері шығармалары | 5 минут | Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндайды. | Өз ойларын ортаға салады. Пікір алысады | 5-11 слайд |
IV. «Мәнерлеп оқу» | «Құлагер», «Адамның біліміне ақыл серік», «Асыл мен жасық» | 5 минут | Ұйымдастырушы, бағыттаушы | Өлең құрылысын талдайды.тұжырым жасайды. | 12-слайд |
V. «Ой толғау» | «Құлақтан кіріп,бойды алар, « Әсем ән мен тәтті күй» | 10 минут | бағыттаушы | Әр оқушы өз туындысымен бөліседі. | Қалам,қағаз |
VI. «Ыстық орындық» | Сұрақ-жауап айдары | 5 минут | бағыттаушы | Әр оқушы өз білгенін қорытындылайды | Кесте |
VII.Бағалау Рефлексия | Бағалау парағын толтыру. | 5 минут | Әділ бағалауды ұсынады | Өзін және сыныптастарын бағалайды. | Бағалау парағы |
VIII.Кері байланыс IX. Қосымша оқу | Сабақ жайлы әр оқушының өз пікірі. «Заман адамы» оқу,талдау | 1 минут | Сұрақ қояды | Өз ойын айтады,сабақтан алған әсерін,көңіл күйін бейнелейді. | Стикер |
Адамы бұл заманның әрбір түрлі,
Сөзі жұмсақ, жайдары, сегіз қырлы.
_____________________________________________________________________________________
Осындай сырты ажарлы болса-дағы,
Зәрре қадар ағы жоқ, іші кірлі.
_____________________________________________________________________________________
Іші зұлмат болған соң, керегі жоқ,
Қаншама болса-дағы жүзі нұрлы.
Жаманның ең жақыны болар қасы,
Бір-біріне болмайды ықыласы.
____________________________________________________________________________________
Жақсымын дегендерге қарап тұрсаң,
Бұзақылар болады балғаласы.
Болғанда мұндай күйде заманымыз,
Жай жатып сахарада қамалымыз.
_____________________________________________________________________________________
Болыс, би ет пен шайға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз?