kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

КСП "Қызықты гүлдер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

очень интересный проект для детей среднего звена, по проекту можна создать эскизы цветов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«КСП "Қызықты гүлдер"»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ



«ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ №9 МЕКТЕП ЛИЦЕЙ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







БАҒЫТЫ: ЭСТЕТИКАЛЫҚ



БЫЛҒАРЫДАН ГҮЛ ЖАСАУ







ДАЙЫНДАҒАН

Дуйсенбек Нурай


«№ 9 мектеп лицей» КММ

ЖЕТЕКШІСІ

АХМЕТОВА АКЖАРКЫН ДУЙСЕНБЕКОВНА

БАҒЫТЫ: ЭСТЕТИКАЛЫҚ







ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ 2018





Мазмұны


  1. Кіріспе............................................................................................ 3-4 бет

  2. Тері өңдеу өнері............................................................................ 5 бет

  3. Гүлдер туралы мәлімет................................................................. 6 бет

  4. Панно түрлері................................................................................ 7 бет

  5. Бұйымның өзіндік құнын есептеу............................................... 8 бет

  6. Қорытынды.................................................................................... 9 бет

  7. Тұжырым........................................................................................ 10 бет

  8. Пайдаланған әдебиеттер............................................................... 11 бет

  9. Қосымша ........................................................................................ 12-14 бет

  10. Глоссарий ...................................................................................... 15 бет




































Кіріспе


Халқымыз табиғаттағы гүлдердің әсемдігін, сұлулығын көре де, сезе білуді жас ұрпаққа үйрете отырып, эстетикалық тәрбие берген.

Гүлдер ежелден-ақ сәндік қызымет атқарған, мұны бізге дейін архитектура, поэзия, қолөнер, көркемөнер растайды.Сонымен бірге, гүл сыйлау, сыйлық жасау, жақын досыңнан сыйлыққа гүл алу ішіңді жылытып көңіл күйді көтеріп, өзіңді-өзің сыйлауыңды, арттырады.

Біріншіден, сен досыңа ұнайтын түсті таңдайсың, екіншіден өзіңнің эстетикалық танымыңмен жұмыс жасайсың. Бұл жерде шығармашылық ой-қиял шексіз рөл атқарады.

Табиғатта өсіп тұрған кезде жұпар иісі аңқыған гүлдер біздің көңіл күйімізді көтеріп, қуаныш сыйлайды.

Осы әдемілігін есте сақтап қалу үшін өнер иелері гүлдерді әр түрлі тәсілмен бейнелей білген:

Оларға кімдерді жатқызуға болады?

-Суретшілер сурет арқылы бояумен көрсеткен.

-Мүсінші мүсіндеп көрсеткен.

-Ақын өзінің өлеңдерінде сөзбен гүлді бейнелеген.

Халық шеберлері жасаған тұрмысқа пайдаланылатын бұйымдарды әшекейленген алуан түрлі ою бедерлер, былғарыдан жасалған картиналар көз тартар сәнділігімен, түс пен түрдің үйлесім табуы әрі үздік орындау шеберлігімен ерекше көзге түскен. Қолөнер – барлық ұлттарда ескіден келе жатқан өнер болып табылады.


Мақсаты:

  • Қазақ халқының ертеден келе жатқан тері өңдеу өнері арқылы панно жасаудың технологиясын ашып зерттеу;


Міндеті:

  • панно жасаудың технологиялық картасының оңай сызба нұсқасын сызу;

  • былғарыдан гүл түюдің негізгі принциптерінің тиімді жолын іздеу;

  • күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасап қазіргі заман талабына сай сұраныс тудыратындай етіп, көркемдеп безендіру;


Болжау: егер, тұрмыста қажетсіз болып қалған былғарыларды пайдалана отырып, әр түрлі сәндік бұйымдар (қабырғалық панно) жасасақ онда:

бұйымға деген сұраныс артады, қоршаған ортаны қоқыстанудан сақтаймыз,

өз қаражатымызды үнемдеуге мүмкіндік жасаймыз.


Зерттеу объектісі: жасөспірімдер ортасы.


Проблема: зерттеу жұмысындағы ең басты мәселе қажетсіз болып қалған былғарыдан тұрмысқа қажетті сәндік бұйымдар жасап қазіргі заман талабына

3

сай көркемдеп безендірудегі адамдардың қызығушылығының төмендегі, жалқаулығы, ысырапшылдығы болып отыр. Сол үшін осы тақырыпты таңдадық.


Жобаны негіздеу: Гүл - өсімдік ажары,

Гүлдер жердің базары.

Жұмыс түрі: шығармашылық


Былғарыдан раушангүл мен тұнғиық гүл жасау әдісі:

Гүлдерді әр түрлі әдістермен түрлі материалдардан жасауға болады. Мысалы, маталардан, таспалардан, бисерден, былғарыдан.


Былғарыдан гүл жасаудың негізгі принциптері және гүлден ең қарапайым композициялар жасау жолдары:

Ең қарапайым гүлдің де өзіндік қасиеті бар, ал өңдеу өнері осы әсемдікті ерекшелеу, айрықша ету. Әр өңдеудің табысы-гүл және жапырақ

  • гүл құрастырушы шебер оны өзі ойша жоспарлағаннан кейін ғана іске кіріседі;

  • пропорция, симметрия әдістері мен құмыраның планшет көлеміне сәйкестігі;

  • өсімдіктер мен гүлдердің, жапырақтардың өзара пропорциялығы ескерілуі тиіс;

  • өңдеу өнері бейнелеу өнерімен өте ұқсас;

  • конструкциясы мен ені, пішімі мен бағыты, түсі мен құрылымы басты назарда болу керек;


Жұмыстың орындалу реті:

  1. үлгіні қағазға түсіру, қиып алу

  2. Үлгіні былғары бетіне түсіру, қиып алу

  3. Орау әдісімен ортаңғы күлтені дайындау

  4. Гүл күлтесіне желім жағып, екінші күлтені қиыстыра жабыстыру.

  5. Жапырақтың өзектерін сызып қайшымен қиып тастау

  6. Дайын болған гүлдерге бояу мен өңдеу жұмыстарын жүргізу.

  7. Дайын гүл шоқтарынан негізгі астар бетіне композияция құрастыру.


Жұмыстың жаңашылдығы: жарамсыз былғарыны пайдалана отырып жасаған панно көзге өте тартымды көрінеді және жасалу технологиясы жеңіл, кез – келген оқушының мектеп шеберханасында, үйде жасауға мүмкіндігі қарастырылған.


Күтілетін нәтиже: алдағы уақытта былғарыдан панно жасапқана қоймай, паннодағы әдемі гүлдерді киімдерге сәндік әшекей ретінде және аксессуар бұйымдарына пайдалану арқылы, жасөспірімдердің қолөнер бұйымдарына деген сұранысы артқанын көру.

4

Тері өндеу өнері

Үй жануарлары мен әр түрлі аңдардың терілерін өңдеу қазақ өмірінде ежелден маңызды орын алып келеді. Мал терілерін илеп, бояп, өң беру ертеден келе жатқан, ең жақсы дамыған және жетілген өнер.

Қазақ шеберлерінің ішінде ел арасында тұрып, тері илеуді кәсіп еткендері аз емес. Тері қолөнер бұйымдарының ішінде айырбасталмайтын шикізатқа айналды. Тері деп мал мен аң, құстан сойылып алынған шылғи теріні айтса, былғары – сол теріні өңдеу арқылы тұрмыстық қажеттілікке дайындалған шикізат.

Былғарының бірнеше түрлері бар.

Олар: көксауыр, опайке былғары, хром, көзел, шегірен, сақтиян, ұлтан.

Тері бұл әр түрлі өрнек, бұйымдар жасау үшін созылмалы, икемге көнетін, жағымды материал, әрі бұл өте қызықты жұмыс. Ал бұл материалды қайдан алу керек? Оны үйдегі ескі қолданбайтын былғары етік, пальто, қолғап, сумка т.б. аламыз.

Әр түрлі бұйымдарды жасау үшін алдымен былғарына дайындаймыз.

Былғарымен жұмыс айтарлықтай көп еңбекті керек қылады. Дайын теріден кез келген бұйымды жасау үшін оны міндетті түрде пішіп, кесу керек.

Былғарыны алдын ала іріктеп және сұрыптап аламыз. Ендігі әр түрлі бұйымдарды жасау үшін ескі былғарыны қалай дайындау керек екеніне тоқталайық. Ол үшін, егер киім былғарыдан болса барлық жіптерін және желілік төсемді алып тастап, мұқият сөгеміз. Одан кейін бөліктерді жылы суда жуу керек, ал кірлеген жерлерін сілтісіз сабын қосып, жұмсақ щетка және губкамен ақырын сүртеміз. Соңында бөліктерді жақсылап шайып, соңғы рет шайғанда суға уксус және тұз қосамыз. Әсіресе, бұл заттарда көбінесе сәндік былғарыны қолданады, бұл әр түрлі бұйымдар жасауда жақсы, әшекейлейді, әдемілетеді. Фломастермен былғарының кесілген жерлерін жақсылап бояймыз. Кішкентай сәндік бұйымдар үшін, егер былғары да қатты бүгіліс болмаса, майлы бояуды немесе былғарыны тырнаққа арналған лакпен сылаймыз.

Теріні табиғи бояулармен бояуды ата-бабамыз өте ертеде замандарда-ақ менгерген.

Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар: біріншісі-теріге өң беру, екіншісі теріні неғұрлым су өтпейтін етіп ширықтыру. Тері бояу үшін көп қолданылатын шикізіт-ағаштардың қабығы мен өсімдік тамырлары. Теріні талдың, еменнің, қарамойылдың, майқарағайдың қабықтарымен бояған, сондай-ақ жер қынасын, томарбояуды пайдаланған.

Мал терілерінің сипаттамалары:

Терісі ең қалың мал – сиыр, содан соң түйе терісі, ал еңжұқа тері жылқы терісі.

Қой-ешкі терілерін: қой терілерін жабағы, қырықпа, күздік, соғым тоқтышақ, сеңсең, тақыр, елтірі, мари, жылбысқы тері деп он түрге бөліп айтады.

Ірі қара терісін: сыйыр, өгіз, тайынша, бұзау терісі деп төрт түрге бөлген.

Жылқы терісін: бие, жабағы, құлын терісі деп үш түрге бөлген.

Түйе терісін: атан, бота терісі деп екі түрге бөлген.

5

Гүл тарихы.

Өнер ретінде гүлдерді өңдеу Қытайда пайда болған.

VI ғасырда Жапонияға жетіп көп ғасырлар бойы дамыған. Жапондықтар бұл өнерді икебана – тірі гүл деп атаған. Бірақ икебана жинағанда тек тірі гүлдер ғана емес, сонымен қатар жапырақтар, жемістер, бүрлер, ұлулар, қанаттар пайдаланған.

Мейрам кездерінде әйелдер қолдарына гүл шоқтарын ұстаған. Көне египеттер үйін гүл салуға қолайлы көптеген майда тесіктері бар сауытпен әсемдеген.

Ежелгі Египетте түрлі өсімдіктердің бұталарымен құдай мүсінін сәндеген, мысалы, тәңір бейнесіне тұңғиық (лотос) гүлдерін қойған. Ежелгі Грецияда гүл шоғын тоқу өнері кеңінен етек алған, ежелгі гректер үшін ең таңдамалы да сүйікті гүл – раушан, оның күлте жапырағы жеңімпаздар жолына төселген.


Гүлдер туралы мәлімет


Судың сұлулары, судың маржаны – тұңғиық гүл (лотос).

Тұңғиық – су бетінде қалқып жүретін гүл. Орысша кувшин деген атағы тағы бар, өзі терең суда өседі ж/е көшіп жүреді. Бүгін бір жерде отырса ертең басқа жерде отырады. Грек аңыздарында тұңғиық табиғат (орман, тау, өзен-көл, теңіз т.б.) құдайы деп саналады. Тұңғиық гүлдің табиғатта 50-ге жуық түрі бар. Елімізде Алакөл қорығының Онағаш су айдынында табиғи ақ тұңғиықгүл кішігірім топтар құрап өседі, бүгінде саны азаюда. Сонымен қатар, Қазақстанның батыс шекарасында кездеседі.


Раушангүл – көп жылдық, кейде екі немесе бір жылдық болып келеді. Жер шарында 800-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Жоңғар, Іле Күнгей, Теріскей Алатауында, Ақтөбе қаласында 35 түрі өсіріледі. Раушангүл тұқымдастарының көпшілігі пайдалы өсімдік тобына жатады. Оның халық шаруашылығында маңызы зор. Раушангүлді медицинада дәрі дәрмек жасау үшін қолданылады.

6

Панно түрлері


















7

Өзіндік құнын есептеу



Керекті материалдар, құрал-жабдықтар

бағасы

Дүкендегі бағасы 3000/4500 теңге




1

2

3




4

Рамка 30Х 20см

Былғары

Әр түрлі жылтыр бояулар:

(жасыл, көк, сары, күлгін, қызыл,

алтынсары, күмістүстес)

Клей

Лак-2дана


800 теңге

-


400 теңге


200 теңге

200 теңге

Жоба барысында жасалған жұмыс шығыны – 1600 теңге

5

Барлығы:

1600 теңге

Айырмашылығы: 1400/2000 теңге





























8


Қорытынды



6 «а» сыныбында 10 қыз бала бар


Жобаның басталған уақыты

Оқушы саны


2017 оқу жылы


1

Қаңтар-Ақпан

Мені мазақ еткендері болды

2

Наурыз

1 оқушы

3

Сәуір

2 оқушы

4

Мамыр

3 оқушы


2018 оқу жылы


5

Қыркүйек

8 оқушы

6

Қазан

10 оқушы

7

Қараша, Желтоқсан, Қаңтар

өздері жасады

8

Ақпан, Наурыз

Бауырларына, апаларына сыйлағандары болды.




Ғылыми жобамыз арқылы былғарыдан гүл түюдің негізгі принциптерінің тиімді жолын қарастыра отырып, панно жасаудың технологиялық картасының оңай сызба нұсқасын сыздық. Осы сызба нұсқаға қарап өз қолымызбен тұрмыста қажетсіз болып қалған былғарылардан жасалған қабырғалық паннодағы әдемі гүлдерді киімдерге, сүмкелерімізге, шаш қыстырғыштарымызға сәндік әшекей ретінде және сәндік аксессуар бұйымдар орнына пайдалануға болатындығын жоба барысында дәлелдедік.

Қолөнердің басқа түрлеріне қарағанда былғарыдан гүл түйіп қабырғалық панно жасау әлдеқайда арзанға түседі. Әрбір құрастырылған гүл шоқтарына өзіндік атау беруге болады. Мысалы, хризантема гүл шоғын «келіншек», сары гүл шоғын «қоштасу» деп атаған. Панно көзге өте тартымды көрінеді және жасалу технологиясы жеңіл, кез-келген мектеп шеберханасында жасауға болатынына көз жеткізіп, жоба барысында ісімізбен дәлелдеп шықтық.





9

Тұжырым


Жоба барысында өз сыныптастарымыздың сәндік-қолөнерге деген қызығушылығы артты. Біз қоршаған ортаны қоқыстанудан сақтай отырып ысырапшылдыққа жол бермей, өз ата-анамыздың қаражатын үнемдеп, әр түрлі сәндік паннолар жасауға болатынына көз жеткіздік.


Таң атқанда раушангүл

Қауызын жайып ашады

Хош иісін аңқыған

Жан-жағына шашады.


Гүлді аялап гүлді бекер сүймеген,

Гүлдің атын қызға бекер бермеген...































10

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Еңбекке үйрету 2007-2010ж

  2. Мектептегі технология оқулық 6-8 сыныптар.

  3. Марғұлан. А. Казахское народные прикладное искусство. – Алматы: Өнер, 1986 І том. – 217 б.

  4. Қазақ ССР: Энциклопедиялық анықтама. – Алматы, 1980. 597 бет

  5. журналдары 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012ж

  6. Технология

  7. Ш. Аблуалиева «Халық қолөнері» Алматы 1992ж.

  8. Ісләмов О. Қазақ қолөнері қалай зерттелуде? №4. 10-11 б.

































11

Қосымша

№1. Технологиялық карта




12

№1. Технологиялық карта



13













































14

Глоссарий


Дизайн - әр нәрсені көркемдеп жобалау деген сөз.

Фитодизайн - өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу. Грек сөзінен аударғанда «фито»-өсімдік деп аталады.

Панно – қоғамдық мәдени орындарын, үй-ішін көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы.







































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
КСП "Қызықты гүлдер"

Автор: Ахметова Акжаркын Дуйсенбековна

Дата: 05.02.2019

Номер свидетельства: 498554


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства