kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дизайн туралы түсінік

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Дизайн туралы түсінік. Дизайнның анықтамалары иуралы толық мәлімет берілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дизайн туралы түсінік»

Сабақ тақырыбы: Дизайн туралы түсінік.

Дизайн ұғымының анықтамалары.

Сабақ мақсаты:

1. Студенттің жалпы ой-өрісін кеңейту, мамандық бойынша дайындаудың теоретикалық базасын толықтыру, дизайн тарихы мен теориясы пәнінің көлемді материалынан жүйелі білім алу.

2. Өнеркәсіптік дизайн саласындағы жетістіктер негізін, түпкі ой мен концепцияның озара байлапысын, өнеркәсіптік дизайнның даму заңдылықтарын, сондай-ақ практикалық қызметпен тікелей байланысты мәселелерді шешу.

3. Дизайнерлік жұмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн мен сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.

Сабақ жоспары:

1. Дизайн терминінің пайда болуы.

2. Дизайн тарихы және оның даму перспективасы.

3. ХХ ғасыр өнерінің даму динамикасының жалпы сипаты.

Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:

Конспектілер, слайдттар.

Жұмысты орындау әдістемесі:

1. Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.

2. Материалдарды оқу:

Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.[1]1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиһаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.[3]

Өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністеріндің бірі оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылу. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджеланың мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу денелерсіз, өнер әлемінсіз қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шыныныда да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі-оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейінгі қарастырылған анықтымалардан бір қорытынды жасасақ, мәдениет – адам әлемі.

Мәдениет көріністерінде адамдық, парасат, ақыл-ой, ізгілік, пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен қатар, мәдениет - адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал.

3. Сұрақтарға жауап беру.

Қайталау сұрақтары:

1. Ағылшын тілінен аударғанда «Дизайн» сөзі нені білдіреді?

2. Дизайн – бұл ...

3.Дизайн негізгі мәселесі болып құру болып табылады…

4. Дизайнның пайда болу шарттары мен дамуы…

5. Дизайн философиясының негізгі түсініктері нені тұжырымдайды?

6. Дизайнда пішін қалыптастырудың принципі неде?

7. Дизайндағы пішін қалыптасу принциптерінің қайсысы элементтердің шектеулі жиынтығында жобаланып отырған заттардың әр түрлілігнің ұлғаюына мүмкіндік береді?

8. Дизайндағы пішінқалыптасу принципінің қайсысы өзгеруге негізделген?

9. Заттық дизайнның қай түсіндірмесі формальды–эстетикалық жаңаруын анықтайды?

10. Стайлинг кезінде дизайн заттарының (объекттер) қай қасиеттері өзгереді?

11. Дизайндағы қай стиль жоғарғы технология стилі болып табылады?

12. Механизмді және жұмыс құралын жасау дизайнның қай түріне жатады?

Яндекс.ДиректInstagram для компьютераsmmplanner.com ELMA:Управление бизнес-процессамиelma-bpm.ru 

13.Кітаптарды, плакаттарды, жол қиылыстарын және тағы сол сияқты дизайнды көркемдеу қай түріне жатады?

14. Арнайы графикалық және инженер –конструкторлық бағдарламалардың пакеттерін өңдеу дизайнның қай түріне жатады?

15. Архитектуралық және көркем бейне синтез бағытының дизайн ағымы қалай аталады?

16. Интерьерді өңдеу дизайнны қай түріне жатады?

17. Қандай көлемді бейне объектің өлшемдері мен пропорциясы, кеңістік құрылысының жайын білдіреді?

18. Дизайнерлік кәсіптің қай саласында макетті таза мөлшерінде жасайды?

19. Грек тілінен аударғанда « эргономика» сөзі нені білдіреді?

20. Адамның кәсібінің процесінде функциналды ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және қоршаған заттармен қарым-қатынасын зерттейтін қандай пән?

21. Адам денесінің құрылысының жыныстық, этникалық, жастық ерекшелігін ескере отырып зерттейтін қай ғылым(эргономиканы құраушы)?

22. Адам мен техниканың жұмыс істеу деңгейін және жоғарғы талаптарын қандай ғылым (эргономика құраушы) зерттейді?

23. Қоршаған ортаның заттық көріну заңдылықтарының ерекшеліктерін қандай ғылым (эргономика құраушы) зерттейді?

24. Эргономика заңдарына сай (жиһазды конструкциялауда) жазба столының жұмысшы жазықтығының биіктігі қандай?

25. Эргономика заңдарына сәйкес орындық отырғышының биіктігі қандай?

26. Эргономика заңдарына сәйкес кресло отырғышының биіктігі қандай?

27. Негізгі қай белгі сәнді стильден ажыратады?

28. Көне жұмыс құралының жасы қандай( археологиялық қазбаларға сәйкес)?

29.Адамның ең алғашқы жұмыс құралы қалай аталады?

30. Ең алғашқы тұрмыс заттары қандай материалдардан жасалды?

Глоссарий:

Анимизм (лат. anima – рух, жан) – заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін. Анимизм терминін ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгізген.

Интерпретация – талдау, түсіндіру, түсінікті тілге айдару; Мәтіннің көркемдік мазмұнын стилін (тілін), құрылымдық қағидаларын талдауға жетелейтін әдебиеттерді оқып-үйрену әдісі.

Кескіндеме- бейнелеу өнерінің түрі. Ойды бейнелеудің негізгі әдістері – сызық, үзік сызық, көлеңкелі белгілер. Маңызды әрі қосымша қызмет атқаратын - түс.

Құрылымдылық – көркем шығармашылықты индустриялы тұрмыстың тәжірибелігі мен пішіні жағынан жақындастыратын ХХ ғасырдағы өнер бағыты.

Материалдық мәдениет – заттық үлгіге жинақталған адамның рухы; затттардың арқысында жүзеге асырылған адам жаны; материзацияланған және заттанған адам жаны. Ол материалдық байлықтардың барлық түрін қамтиды. Өткен заманның археологиялық ескерткіші, топос мәдениеті, яғни тұрмыстық орындар, сәулет ғимараттары мен құрылыстары.

Мәдениет құрылымы – жекеленген артефактілердің түрі мен құрылысы қарастырылатын мәдениет туралы ғылым тарауы.

Стиль – белгілі бір уақыттағы немесе бағыттағы, сонымен қатар жеке шығармалардағы, әдебиет пен өнердегі көркем әдістердің мақсатты және көркем шартты жинағы; бөлек бір суретшінің жеке стилі.

Талант, дарын – керемет тума қасиеттер, ерекше табиғи қабілеттер, дарындылық; дарынды адам.

Цивилизация (өркениет) - (лат. азаматты, мемлекеттік) алғашқы қауымдыққұрылыстың соңынан еретін саты; нақты бір қоғамның, халықтың елдің тарихи, географиялық, социо- мәдениеттік ерекшеліктерінің жеке өзгешеліктері; өзіндік жайлылығы бар қазіргі заманның қоғамы; адамның өзіне, өзінің дамуына деген тәжірибедегі және рухани қарым-қатынасы негізге алынған адамзат тарихындағы негізі типтік бірлік.

Шедевр – орта ғасырдағы шеберлік атағын алу үшін қолөнершінің ұсынатын үлгілік бұйымы; өнердің, шеберліктің ең жоғары жетістігі болып табылатын шығарма.

Эволюция - өзгеру, даму үлгісі; мәдениеттегі қозғалыстың, дамудың негізгі түрі.

Студенттердің өз-бетімен жұмыс жасауға арналған тапсырмалар:

1-ші тақырып.

Жарнама дизайны.

2-ші тақырып.

Графикалық дизайн.

3-ші тақырып.

Киім дизайны.

4-ші тақырып.

Комьютерлік дизайн.

5-ші тақырып. Дизайн қызметінің ерекшелігі.

Реферат тақырыптары:

1. Дизайн тарихы туралы жалпы мәлімет. Дәуірге дейінгі материалдық мәдениет.

1. «Design» терминінің пайда болуы және оның ренессанс дәуірінде көтерілуі.

2. Дизайн кешенді пәнаралық жобалық-көркемдік қызметі ретінде.

3. Дәуірге дейінгі материалдық мәдениет.

2. Ежелгі әлемнің (Мысыр, Мессопотамия) материалдық мәдениеті.

1. Архитектуралық, үй, жихаз ерекшіліктері.

2. Киім, музыкалық, тұрмыстық заттардағы ою-өрнектің белгілік ерекшеліктері.

3. Зергерлік бұйымдар.

Литература:

Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Лтд.” ЖШС, 2005 ЫСБН 9965-26-095-8

Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ЫСБН 5-89800-008-9

Әдебиеттер:

1. Ковешникова Н.А. Дизайн: история и теория. М.: Омега-Л, 2005. 224с.

2. Турганбаева Л.Р. Очерки истории материальной культуры и дизайна: Алматы. Фонд «Сорос» 2002.

3. История искусств Казахстана. К.К.Муратаев, Т.А.Кылышбаев, А.Г.Глаудинова, А.С.Галимжанова. Алматы. «Ата-мура» 2006 ж.

4. Маргулан А.Х. Казахское прикладное искусства Том 1-1986, том 2 1987, том 3-1994.

5. Садохин А.П., Грушевицская Т.Г. Мировая художественная культура: Учеб. Пособие для вузов. - М.:ІОНИ ІИ-ДАНА, 2003. -559 с; илл.

6. Рассел Эш. Әлемнің ұлы кереметтері. Алматы: «Алматыкітап», 2007.-64 бет, суретті.

7. Бирюкова Н.В. История архитектуры: Учебное пособие. -М: ИНФРА-М, 2005. -365 с.

8. Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. -Алматы: «Аруна Гісі.» 2007. -384 6.

9. Орельская О.В. Современная зарубежная архитектура М.: Издательский центр «Академия», 2006.

Ю.Готтенрот Ф. Иллюстрированная история марериальной культуры. М.: ООО «Издательство АСТ»; СПб.: «Издательство «Полигон», 2001. - 478 с: илл.

11.Пушнова Ю.Б. Терия и история искусства. Конспект лекции. - М.: Приор-издат, 2004.- 128 с.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Дизайн туралы түсінік

Автор: Токсейтова Назгуль Сайдахметовна

Дата: 20.12.2018

Номер свидетельства: 491824

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Дизайн өнері"
    ["seo_title"] => string(13) "dizain_onieri"
    ["file_id"] => string(6) "401374"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1489853768"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "конспект урока на тему  "Дизайн ?нері. Дизайн т?рлері" "
    ["seo_title"] => string(54) "konspiekt-uroka-na-tiemu-dizain-onieri-dizain-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "200651"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428893670"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "7-9 cыныптар?а арнал?ан "WEB-ДИЗАЙН" ?олданбалы курс ба?дарламасы "
    ["seo_title"] => string(67) "7-9-cynyptarg-a-arnalg-an-web-dizain-k-oldanbaly-kurs-bag-darlamasy"
    ["file_id"] => string(6) "151819"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1420747113"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(13) "Дизайн "
    ["seo_title"] => string(6) "dizain"
    ["file_id"] => string(6) "193279"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427620315"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "С?Н,СТИЛЬ ТУРАЛЫ Т?СІНІК "
    ["seo_title"] => string(23) "s-n-stil-turaly-tusinik"
    ["file_id"] => string(6) "166185"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422914292"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства