Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада слаидтарды пайдалану, «мен өмірді қолдаймын» деген жазуы бар плакат, түрлі-түсті қаламдар, ақ парақтар, түрлі –түсті фломастерлер, қайшы, жапсырма қағаздары..
– Сәлеметсіздер ме балалар! Біздің бүгінгі тренингіміздің тақырыбы «Күлімде өмір қымбат!» деп аталады.
1.«Аяқталмаған сөйлемдер».
Өмір деген...
Өмір мен үшін....
Менің болашақ өмірім.....
2. « Өмір талпынысы » тренингі.(аңыз оқылады)
Бір күні пілләда кішкене саңылау пайда болды. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам, осы саңылаудан көбелектің қалай шығатынын ұзақ уақыт қызыға бақылап тұрды. Ұзақ уақыт өтті, қаншама күш салса да саңылау сол күйі өзгеріссіз қала берді. Көбелекте күш қалмады. Осының бәрін бақылап тұрған адам көмектеспек ниетте пілләні пышағымен кесіп жіберді. Сол сәтте көбелек шықты, бірақ қанаттары қатпаған, өте әлсіз, мөлдір, зорға қимылдайды. Адам әлі де бақылағанын жалғастырып, қазір-қазір қанаттары қатып, күш жинап, ұшып кететіндей елестетіп тұрды. Бірақ ешқандай өзгеріс сезілмеді.
Енді сіздерден сұрайтынымыз, осы көбелектің қанатының қатайып, самғап ұшуына өз көмектеріңізді берсеңіздер. ( Қатысушылар алдарындағы жапсырма қағазға өздерінің өмір құндылықтарын жазып көбелектің қанатына жабыстырады) Осы құндылықтарды бойына күш қылып жинаған көбелек қанаттарын қағып-қағып жіберіп ұшып кетеді.
3. Сергіту сәті: « Джунглидегі жаңбыр » ойыны.
Интерактивті тақтада «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында гүл дестелеріне өмір туралы дәйексөздер жазылған слайд. Музыка жай ойналып тұрады.
4..Топтық жұмыс
1 топ
С. Бәйтерековтың «Өмір-өмір» өлеңін оқимыз.
Өмір, өмір өмірдің мәні қандай,
Қайратыңды қайратқа жанығандай.
Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда,
Өмірің өз қолыңда.
Жүлде алғанда, жарыста озғаныңда,
Өмір, өмір, өмірің өз қолыңда.
Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда,
Өмірің өз қолыңда.
Өмір, өмір, өмірдің жөні басқа,
Сүрінбестен болады жаңылмасқа,
Болады шегінбеске,
Болады жеңілмеске,
Өмірің өз қолыңда.
Өмір, өмір бар оның өз жұмбағы,
Бақыт үшін қанша жан көз жұмбады.
Арманда кетті қанша,
Арманда кетті қанша,
Өмірің өз қолыңда.
Өтті қанша бозінген, боздаған да,
Осы өмір қашанда өз қолыңда
Қайғырма ешқашанда, қайғырма ешқашанда,
Өмірің өз қолыңда
2 топ
«Екі аңыз» аңыз
5.«Ашкөз балық» ертегі терапиясы.
Ерте, ерте, ертеде, теңізде бір балық патшалық құрыпты. Ол өзі мекендеген теңіздегі балықтардың барлығын күніге дәмді асына айналдырады екен. Күніге балықтарды жеп, әбден семіріпті. Бір күні өзенге бір бала балық аулауға келеді, әлгі балықты торға түсіреді. Осы жерден зерттелушілер ертегіні жалғастыруы қажет. А4 параққа балықтың суретін салу керек.
Интерпретация:
Егер зерттелуші өте майда балықтарды көп салса, оның бойында стресстің көп болғаны.
Егер ертегіні дұрыс құрастыра алмаса, оның өмірінде өзгерістің барынан хабар береді.
Егер балық торға түсіп тұрса, зерттелушінің қауіпті жағдайда екені белгілі.
Егер балықтың қарны аш, ол өте аш көз деп көрсетсе, өмірге көңілі толмайтыны, риза еместігін көрсетеді.
Егер желбезегі жоқ балық болса, күшті қолдауды қажет етеді, «мені ешкім қолдамайды», «менің ешкімім жоқ» дегенді білдіреді.
6. «Мен өмірді қолдайм» тренингі.
«Мен өмірді қолдаймын» деген жазуы бар плакатқа қатысушылар қолдарын бастырып, өз аттарын жазып қояды.