kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мен таңдаған жол!" тренинг

Нажмите, чтобы узнать подробности

Психологиялық  тренинг

Тақырыбы: Мен таңдаған жол

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көресту

Қатысушылар: 11 –сынып оқушылары

Мерзімі: сәуір

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, ақ парақтар, фломастерлер, ақ қағаз

Тренинг барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты 4- топқа бөлу.

Тренинг: «Аялы алақан» әр оқушы бір-бірінің қолдарынан ұстап бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

 ІІ. Негізгі бөлім:

  1. «Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы). Әр топ өз ойын өрбітіп жазғандарын қорғайды.

   2.Кіріспе  сөз

Өмірде біз таңдай алмайтын өте аз нәрсе бар екен. Оларға біз өмір сүріп отырған тарихи дәуір,біздің ата-аналарымыз,балалық шағымыздағы оқиғалар т.с.с. жатады. Ал қалғандары көбінесе біздің таңдауымызға байланысты болады екен. Осы таңдаулардың жауаптысы, біздің тағдырымызды анықтайтын мамандық таңдау болып табылады. Бұған өте жауапкершілікпен, саналы түрде қараған жөн. Ал мамандықты дұрыс таңдау үшін мына 3 нәрсеге сүйену абзал. 
Біріншіден Сіздің кәсіби қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз қандай екенін анықтау. Қысқаша оны “Мен қалаймын” деп атайық. 
Екіншіден, Сіздің кәсіби қасиеттеріңіз қандай екенін бағалау: олар: денсаулық,,біліктіліктілігіңіз бен қабілеттеріңіз. Бұл сіздің мүмкіндіктеріңізді анықтайды. Қысқаша бұны “бұл менің қолымнан келеді”. 
Үшіншіден қандай мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие, қайсылары перспективті, яғни бүгінгі таңда қоғамға керегі қайсысы.

Егер осы үш компонентті сәйкестендірсек мамандық таңдауымыз және зерттеулерге сүйенсек осылайша мамандығын таңдаған адамнан еңбек процесінде пайда да 100 пайыздық болады екен. Ал егер мамандыққа қызығушылғы төмен болса-85 пайыз. Ал қызығушылығы мен қабілеті жоқ, тек жекелеген іскерліктері мен дағдылары ғана болса 30 пайыздық нәтиже ғана болады екен.

Мамандық таңдау – жасөспірімдік жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Ж.Аймауытовтың “Жан жүйесі және өнер таңдау” атты еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуға болады. Автор мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді екен. Бүгін біз Сіздермен мамандықтар жайлы ойланып, сабағымызды маңызды және  көңілді өткіземіз деп ойлаймын.

  1.  «Ең-ең.» (ойын)

Оқушылар 4 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар  болады:

-ең ақшалы мамандықтар

-ең таза мамандықтар

-ең көңілді мамандықтар

-ең тәтті мамандықтар

2-3 минуттың ішінде топтар өзара ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.

4.Жаттығу: “Психогеометриялық тест” 


Оқушылар тренинг басында өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдап, топтасып отырды. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. 

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. 

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды. 

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін. 

Үшбұрыш. Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады. 


5. «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалған қатысушылар мамандықты табу керек.

Хирург

Хатшы

Фабрика басшысы

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Сварщик

6. Қорытынды:“Мамандық таңдаудың психолгиялық маңызы”

Тек ақпараттанған адам ғана шешім қабылдай алады. Бұл тек мамандық таңдауға ғана емес біздің өміріміздің барлық саласына қатысы бар. Сонымен мамандық таңдаудың бірінші кірпіші: ақпараттың болуы.

“Басқа баратын жерім болмады”деу бұл өз тағдырына немқұрайлы қарайтын адамның, өз тағдырының иесі емес, өзін адам ретінде, жеке тұлға ретінде бағаламайтын адамның сөзі деп қарастыруға болады. Адам өзінің автономдылығын сезінбеген жағдайда ғана өзін-өзі бағаламайды екен. Ал автономдылық дегеніміз не? Өзінің өзгелерден ерекшелігін сезінетін, өз тағдыры үшін өзі ғана жауап бере алатын, өз өміріндегі таңдауларды өзі жасауға жауапкершілікті ала-алатын, өз өмірінің иесі. Автономдылық-бұл мамандық таңдаудың екінші кірпіші болып табылады. 
Үшінші кірпіші – шешім қабылдай алу. 
Төртінші кірпіші - жоспар құра алу, жоспарлау; 
Бесінші кірпіші – таңдауға эмоционалдық тұрғыда қарауТаңдау алдындағы қорқыныш, жеке өмір алдындағы қорқыныш, немқұрайлылық, тым әсершілдік осының барлығы дұрыс таңдау жасауға кедргі келтіреді. Дұрысы қалыпты көзқарас, жеткен жетістікке қуану. Бұлар адамға күш береді. 
 

7. «Бес  саусақ» тілектер легі

Қолдың суретін салып,қиып аламыз. Сыртқы жағына өзіне тілек жазып, ішкі жағына сыныптастарына жазамыз. Оқушылар оқиды.

8.Бейнероик  позитивті көңіл-күй сыйлауға арналған

9. Кері байланыс

Оқушылар тренингтен алған әсерлерін, өз пікірлерін  айтады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мен таңдаған жол!" тренинг»

Психологиялық тренинг

Тақырыбы: Мен таңдаған жол

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көресту

Қатысушылар: 11 –сынып оқушылары

Мерзімі: сәуір

Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, ақ парақтар, фломастерлер, ақ қағаз

Тренинг барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, сыныпты 4- топқа бөлу.

Тренинг: «Аялы алақан» әр оқушы бір-бірінің қолдарынан ұстап бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. «Ми шабуылы» — ой қозғау: Мамандық дегеніміз не? (Кластер әдісі арқылы). Әр топ өз ойын өрбітіп жазғандарын қорғайды...


2.Кіріспе сөз

Өмірде біз таңдай алмайтын өте аз нәрсе бар екен. Оларға біз өмір сүріп отырған тарихи дәуір,біздің ата-аналарымыз,балалық шағымыздағы оқиғалар т.с.с. жатады. Ал қалғандары көбінесе біздің таңдауымызға байланысты болады екен. Осы таңдаулардың жауаптысы, біздің тағдырымызды анықтайтын мамандық таңдау болып табылады. Бұған өте жауапкершілікпен, саналы түрде қараған жөн. Ал мамандықты дұрыс таңдау үшін мына 3 нәрсеге сүйену абзал. 
Біріншіден Сіздің кәсіби қызығушылықтарыңыз бен бейімділіктеріңіз қандай екенін анықтау. Қысқаша оны “Мен қалаймын” деп атайық. 
Екіншіден, Сіздің кәсіби қасиеттеріңіз қандай екенін бағалау: олар: денсаулық, ,біліктіліктілігіңіз бен қабілеттеріңіз. Бұл сіздің мүмкіндіктеріңізді анықтайды. Қысқаша бұны “бұл менің қолымнан келеді”. 
Үшіншіден қандай мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие, қайсылары перспективті, яғни бүгінгі таңда қоғамға керегі қайсысы.

Егер осы үш компонентті сәйкестендірсек мамандық таңдауымыз және зерттеулерге сүйенсек осылайша мамандығын таңдаған адамнан еңбек процесінде пайда да 100 пайыздық болады екен. Ал егер мамандыққа қызығушылғы төмен болса-85 пайыз. Ал қызығушылығы мен қабілеті жоқ, тек жекелеген іскерліктері мен дағдылары ғана болса 30 пайыздық нәтиже ғана болады екен.

Мамандық таңдау – жасөспірімдік жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Ж.Аймауытовтың “Жан жүйесі және өнер таңдау” атты еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуға болады. Автор мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе дейді.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді екен. Бүгін біз Сіздермен мамандықтар жайлы ойланып, сабағымызды маңызды және көңілді өткіземіз деп ойлаймын.

  1. «Ең-ең...» (ойын)

Оқушылар 4 топқа тренингтің басында бөлініп отырады. Әр топқа парақшалар таратылады. Ол парақшаларда келесі жазулар болады:

-ең ақшалы мамандықтар

-ең таза мамандықтар

-ең көңілді мамандықтар

-ең тәтті мамандықтар

2-3 минуттың ішінде топтар өзара ақылдасып мамандықтардың тізімін құру керек және де топтың мүшесі тізімдерімен таныстырып шығады.

4.Жаттығу: “Психогеометриялық тест” 


Оқушылар тренинг басында өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдап, топтасып отырды. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. 

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. 

Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды. 

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін. 

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады. 


5. «Мамандықты тап» (ойын)

Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады, ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек. Қалған қатысушылар мамандықты табу керек.

Хирург

Хатшы

Фабрика басшысы

Кітапханашы

Банк қызметкері

Сатушы

Мұғалім

Бухгалтер

Сварщик

6. Қорытынды:“Мамандық таңдаудың психолгиялық маңызы”

Тек ақпараттанған адам ғана шешім қабылдай алады. Бұл тек мамандық таңдауға ғана емес біздің өміріміздің барлық саласына қатысы бар. Сонымен мамандық таңдаудың бірінші кірпіші: ақпараттың болуы.

“Басқа баратын жерім болмады”деу бұл өз тағдырына немқұрайлы қарайтын адамның, өз тағдырының иесі емес, өзін адам ретінде, жеке тұлға ретінде бағаламайтын адамның сөзі деп қарастыруға болады. Адам өзінің автономдылығын сезінбеген жағдайда ғана өзін-өзі бағаламайды екен. Ал автономдылық дегеніміз не? Өзінің өзгелерден ерекшелігін сезінетін, өз тағдыры үшін өзі ғана жауап бере алатын, өз өміріндегі таңдауларды өзі жасауға жауапкершілікті ала-алатын, өз өмірінің иесі. Автономдылық-бұл мамандық таңдаудың екінші кірпіші болып табылады. 
Үшінші кірпіші – шешім қабылдай алу. 
Төртінші кірпіші - жоспар құра алу, жоспарлау; 
Бесінші кірпіші – таңдауға эмоционалдық тұрғыда қарауТаңдау алдындағы қорқыныш, жеке өмір алдындағы қорқыныш, немқұрайлылық, тым әсершілдік осының барлығы дұрыс таңдау жасауға кедргі келтіреді. Дұрысы қалыпты көзқарас, жеткен жетістікке қуану. Бұлар адамға күш береді. 


7. «Бес саусақ» тілектер легі

Қолдың суретін салып,қиып аламыз. Сыртқы жағына өзіне тілек жазып, ішкі жағына сыныптастарына жазамыз. Оқушылар оқиды.

8.Бейнероик позитивті көңіл-күй сыйлауға арналған

9. Кері байланыс

Оқушылар тренингтен алған әсерлерін, өз пікірлерін айтады



































Екібастұз қаласы №26 мектеп-гимназиясы









Тренинг

Тақырыбы: «Мен таңдаған жол!»

11 «А» сыныбы













Өткізген:

Педагог-психолог:Жазубаева С.А.











2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Мен таңдаған жол!" тренинг

Автор: Жазубаева Самал Асанхановна

Дата: 17.04.2017

Номер свидетельства: 409652

Похожие файлы

object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) "Мен та?да?ан жол "
    ["seo_title"] => string(20) "mien-tan-dag-an-zhol"
    ["file_id"] => string(6) "175992"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424348203"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Тренинг : Мен та?да?ан жол"
    ["seo_title"] => string(25) "trieninghmientandaganzhol"
    ["file_id"] => string(6) "329553"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1463967108"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) ""Мен та?да?ан жол" к?сіптік ба?дарлама "
    ["seo_title"] => string(41) "mien-tan-dag-an-zhol-k-siptik-bag-darlama"
    ["file_id"] => string(6) "159717"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421939136"
  }
}
object(ArrayObject)#893 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) "Психологиялық тренинг Тақырыбы : «Мен таңдаған жол»"
    ["seo_title"] => string(57) "psikhologhiialyk_trieningh_tak_yryby_mien_tan_dag_an_zhol"
    ["file_id"] => string(6) "375417"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483550206"
  }
}
object(ArrayObject)#871 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "8 "А" сыныбыны? "Маманды? та?дау негіздері" факультатив саба?ына арнал?ан к?нтізбелік жоспары"
    ["seo_title"] => string(97) "8-a-synybynyn-mamandyk-tan-dau-nieghizdieri-fakul-tativ-sabag-yna-arnalg-an-kuntizbielik-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "298926"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456416053"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства