Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiмі: № 1
Тақырыбы: Көкірек көзін ашалық
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: ақкөкірек, өзін-өзі бағалау, парасаттылық
Мұғалiм: Агысбаева А.АКласс: 7 Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: Оқушылар бойында адам туралы, ішкі мүмкіндіктер, мінез-құлық туралы жақсы көзқарас қалыптастыра отырып, оларға өзін-өзі қадағалай алу, өзін-өзі дамытып жетілдіре алу, өсу, есею жөнінде түсінік беру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
- Адам өмірінің үнемі дамып, өсіп жетіліп отыратын құбылыс екендігін ұғындыру
- Адам бойындағы барлық қасиеттерді дамыта отырып әр адамның ішкі мүмкіндігінің зор екендігін және оны тиімді пайдалана алуға үйрету
- Өзін-өзі басқаруға, өздігінен іздене білуге тәрбиелеу
Ресурстар: әңгіме
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу
Оқу құралдарына назар аудару 5Т
- Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену
- Үй тапсырмасын тексеру.
«Жазғы демалыс»
- Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?
- Сағыныш дегенді қалай түсінер едіңдер?
- Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?
Сабақ барысын талқылау:
- Дәйексөз.
«Көкіректе сәулесі жоқтың-көңілінде сенімі жоқ» Абай
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2-рет ұлдар, 2-рет қыздар барлығы қосылып айтады
- Әңгiмелеу (сұхбат).
- «Өсіп-өнсін ағаштар» К.Сегізбаев
- Адамның жан дүниесіне қандай қасиеттер сәуле береді?
- Кекілді балақанның бойында қандай қасиеттер бар?
- Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Жазғы демалыста өзіне және өзгелерге қандай жақсылық жасағандары туралы әңгіме жазады
- Топпен ән айту.
«Ойлан балам» Сөзі: Ш.Сариев
Әні: К.Дүйсекеев
- Үй тапсырмасы.
Б.Бұлқышевтің «Адам – өз өмірінің суретшісі.» мәтінін оқу және Қ.Әбілдақызының «Екі жол бар» өлеңін жаттау
- Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық. бар жерде, тыныштық. бүкiл әлемде)