kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мені? болаша? маманды?ым

Нажмите, чтобы узнать подробности

" Мені? болаша? маманым" (студенттермен кездесу кеші)

Кешке ?атысушы к?рермендер:
- 5-9-сынып о?ушылары
- Студенттер
- ?стаздар

Пікір айтушылар:
?р т?рлі салада?ы болаша? маманды? иелері, я?ни студенттер.

 Кешті? ба?дарламасы

Кешті? ма?саты: 1. Маманды? та?дау кезе?інде т?р?ан о?ушылар?а ба?ыт-ба?дар беріп, та?дау м?мкіндіктерін шешу. 
2. Оларды ?з пікірін еркін айту?а, бас?аны? пікірін сыйлай білуге, ж?йелі ойлау?а баулу
3. О?ушыларды? ?о?ам?а деген азаматты? позициясын ?алыптастырып, отанс?йгіштікке т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мені? болаша? маманды?ым»

" Менің болашақ маманым" (студенттермен кездесу кеші)


Кешке қатысушы көрермендер:
- 5-9-сынып оқушылары
- Студенттер
- Ұстаздар

Пікір айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер.

Кештің бағдарламасы

Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. 
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі «Менің болашақ маманым» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 9-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Қатысушыларға берілер сұрақтар: 
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

3. Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. 
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

4. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді. 
ІҮ. Қорытындылау:
2. Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін? 
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
- Осы күннен не алдыңыз?
- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!- деп бүгінгі кездесуге келіп ойларыңызбен бөліскендеріңізге үлкен рахмет.























оь





«Қабырға негізгі орта мектебі»КММ





















Менің болашақ маманым.

/студенттермен кездесу/























2016жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Мені? болаша? маманды?ым

Автор: Ерімбекова Жанар Ерімбек?ызы

Дата: 09.02.2016

Номер свидетельства: 290577


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства