Просмотр содержимого документа
«"Тұлғаның адамдық негіздері"»
Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы, Лубен ауылы
А.Тихоненко атындағы ЖББМ
коммуналдық мемлекеттік мекеме
Адам.Қоғам.Құқық пәнінің мұғалімі
Кенжебекова Мейрамгуль Жолдагалиевна
Сабақтың тақырыбы: «Тұлғаның адамдық негіздері»
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға рухтандырушылық пен адамгершілік, жақсылық пен жамандық, парыз бен ар – ұят, моральдық мұрат, отансүйгіштік, азаматтық қызметтері туралы баяндау;
ә) тәрбиелігі: Эстетикалық, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру.
б) дамытушылығы: Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту
Психологиялық дайындық(оқушылар шеңберленіп тұрып сәттілік тілеу)
Топқа бөлу (түс таңдау арқылы)
Егер сіз сары түсті ұнатсаңыз...Өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар. Бұл түс жігерлі адамдарға тән. Көңіл күй сыйлайды. Білімге құмарлықты оятады. Адамдармен тез араласып кетуіне жәрдемдеседі.
Егерде сіз жасыл түсті ұнатсаңыз... Бұл - түс үміт, тыныштықпен жаңарудың символы. Байсалды, өз – өзін үнемі еркін ұстайтын адам. Адамның өз – өзіне деген сенімділігін арттырады, жүрген ортасында белсенді болуына ықпал етеді. Қабілеттілікті артады.
Бағалау парағын оқушыларға беру.
Үй тапсырмасын сұрау. «Рухани құндылықтар» Эссе оқу
Үй тапсырмасын қорытындылау: Сұрақ – жауап
Адамның адамгершілік, жақсылық, сүйіспеншілік, өзгелерге жылы сезім мен ашық қарым – қатынасы арқылы көрініс табатын ішкі әлемнің үздік қасиеттері дегеніміз не?
Өнер, ғылым, адамгершілік пен діннің өзіндік біртұтастығы қандай мәдениет деп аталады?
Адамның жан дүниесіндегі аса терең, маңызды нәрсе деп нені айтамыз?
Қазақстанда Елбасы бастамасымен көтерілген «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазақстандық қоғамның рухани жаңғыруында үлкен үлес қосты қай жылы?
Жауаптары
Рухтандырушылық
Рухани
Рухани құндылықтар
2003 жылы
Видио ролик көрсету арқылы жаңа сабаққа кіру.
«Адамгершілік» дегенді қалай түсінеміз? (Топтастыру)
Адамгершілік
Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес,
өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу,
бұзылу жас уақытта болады.
Венн диграмма (Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер туралы жазу)
жақсы жаман
Аралас сабақ. Негізгі бөлім (Мұғалімнің слайд арқылы баяндауы).
«Адамдық борышың» Адамдық борышың- Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта оны біл. Мақтанға салынба Мансаптың тағы үшін, Нәпсіңе билетпе Басыңның бағы үшін. Өміріңді сарп қыл
Өлгеніңше, Жоба тап ,
Жол көрсет, Келешек қамы үшін. Қайтадан қайырылып , Қауымға келмейсің, Барыңды,
Нәріңді Тірлікте бергейсің. Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, Шын бақыт-осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің!
Адамгершілік дегеніміз- біздің қоршаған ортаға, табиғатқа деген мінсіз көзқарастарымыз, қатынасымыз.
Рухтандырушылық дегеніміз – ол сыртқа көрінбейтін, адамның рухани өзінде жатқан, сыртқа мүлдем көрінбеуі мүмкін құбылыс.
Әділдік дегеніміз – тиістілік туралы ұғым, оның мәні мен мазмұнын әрекет пен оның өтелімі,еңбек пен оның ақысы, қызмет пен оның танылуы, қылмыс пен жаза құрайды.
Тілектестік – адамның ашықтығы және өзгелерге көмектесуге, олардың игілігі үшін әрекет етуге, рухани және материалдық байлығын бөлісуге, өзінің жан дүниесінің ең жақсы жағын өзгелерге бөліп беруге дайын болуы.
Сыпайылық дегеніміз – адамның тәртіп ережелерін сақтауынан, өзгелермен қатынас жасауда байсалдылық, салмақтылық танытуынан, талаптарының орташа болуынан, өзін – өзі көрсетуге тырысушылықтың болмауынан көрініс табатын қасиеті.
Ізеттілік – адамның қоршаған ортаны ғажайып нәрсе, бағасы жоқ, теңдессіз зат ретінде қабылдап, құрмет көрсетуі және қастерлеуі.
Ақыл – ой дегеніміз – адамның адамгершілік тәжірибесіне және әділ қабылдауға сүйеніп нақты өмір фактілерін санасымен саралап, зерттеу мен тануға негізделіп, әлемді ақыл – оймен пайымдауы.
Жақсылық дегеніміз – адамгершілік сана – сезімнің жалпы ұғымы, оң адамгершілік құндылықтарды сипаттайтын этикалық категория.
Жамандық деген – адамгершіліктегі жақсылыққа қарама – қарсы ұғым.
Парыз дегеніміз - жеке тұлғаның өз мойына алған өзін қоғамдық ерікке бағындыру қажеттілігі.
Ар – ұждан дегеніміз - аса маңызды адамгершілік категориясы, ол жеке тұлғаның өз алдына адамгершілік міндеттер қойып, адамгершілік тұрғысынан өзіне бақылау жасау, өзінен оларды орындауды талап ету және орындаған іс – әрекеттерін бағалай білу қабілеті.
Мораль дегеніміз - қоғамда жақсы мен жаман, дұрыс және бұрыс, жақсылық пен жамандық туралы қабылданған ұғым – түсініктер кешені, сондай – ақ осы ұғым – түсініктерден келіп шығатын мінез – құлық нормаларының жиынтығы.
Сабақты меңгергендігін тексеру
Оқулықпен жұмыс ( постерге түсіріп қорғау)
Жеке оқу
Жұппен жұмыс
Топпен жұмыс
І – топ 1,2,3,7 бөлім
ІІ – топ 4,5,6,7, бөлім
Сабақты бекіту: Әрбір топ адам бойындағы қасиеттерге өлең шығару.
Бағалау: Бағалау парағын пайдалану
Үйге тапсырма: § 21 оқу «Адамгершілік» тақырыбына эссе жазу.