«Октябрь мектеп – балабақша кешені» КММ
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір талабы
Бастауыш сынып мұғалімі: Жунусова Ш.Т.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – өмір талабы
Білім – бір құрал.
Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды,
Не істесе де келістіріпістейді.
Ахмет Байтұрсынұлы
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі барысында маңызды қадам болып табылады. Мұндай стратегиялық міндетті шешу жағдайында белсенділігі жоғары, шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алу қабілеттілігін, өмір бойы білім алуға дайын тұратын тұлғаның ең басты функциялық сапаларын қалыптастыру орта білім беру жүйесіне жүктеліп отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген функционалдық сауаттылықтың мақсаты – оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.
Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді.
Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты қажетті құрал – білім.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Соның бірі функционалдық сауаттылықты дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы – сындарлы оқыту теориясына негізделгендігі.
Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сондай-ақ, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі басты назарға алынады. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас түбегейлі өзгерісті керек етеді, яғни дәстүрлі оқулардағы оқытушы мен шәкірт арасындағы көп жағдайлар оқушы көңілін қанаттандыра бермейтін қалыптасқан заңдылықтар ұстаз бен шәкірт арасындағы серіктестік қарым-қатынасқа ауысады. Сонымен қатар оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктері.
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай факторлар әсер етеді:
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) оқыту нысандары мен әдістері;
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы;
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Оқушы бойында функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды.
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді:
Оның бірінші механизмі - оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту /МЖБС -мемлекеттік стандарт/. Ол үшін мұғалім оқушының бойына әлеуметтік ортаға бейімделуіне, алған білімін практикалық жағдайда тиімді пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.
Олар: -басқарушылық /проблеманы шешу қабілеті/;
-ақпараттық /өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау/;
-коммуникативтік /қазақ, орыс, ағылшын тілінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
-әлеуметтік /қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті/;
-тұлғалық /өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақта өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу/;
-азаматтық /қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, діні мен тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп - өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі/
-технологиялық/ ақпараттық технологияларды, білім беру технологиялары сауатты пайдалану/;
Оқушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді/ әр пәннің мазмұны арқылы/ меңгеруі тиіс.
Елбасы Н. Назарбаев оқулық мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Оқулықтың мақсаты, міндеті, мазмұны, құрылымы функционалдық сауаттылықтың құзыреттілігіне сай жазылуы тиіс.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың екінші механизмі - оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау - оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД/. Сондай-ақхалықаралық /TIMSS, PISA және PIRLS/ зерттеулергеқатысуы.
Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерініңнәтижесі біздіңелімізбойыншатөменнәтижелеркөрсетіптұр. Әлемдегіөзгерістергесәйкесқұндылықтар мен біліммаңызынқайтақараудықажететеді. Осы мәселелердішешуүшінмұғалімдердіңжұмыс жүйесіне өзгерістеренгізукеректігітуындапотыр. Әлемелдеріндегібілімніңазығы – Сингапур, Жапония, Финляндия елдерініңбілімжүйесіндегіерекшеліктерінбір-біріменсалыстырарболсақ, білімсапасынкөтерумәселесіқарастырылатынынкөругеболады. Соңғыкездересмидерекбойынша, мектепжасындағыбалалардың 40%-ы әдебимәтіндітүсінугеқиналатындығыдәлелденген. Бұлармектептенбілімалса да, қызметжасауғакелгендеқарапайымжазуүлгісінбілмейтіндігінкөрсеткен. Тіптіоларәртүрліжағдайдакездескенбланкінітолтыраалмай, ондағыақпараттыңмәнісінтүсінеалмапты. Бірқызығы, олартеледидарда не айтылыпжатқанын, жалпыайтқанда, күнделіктіөмірдіңесебінбілмейтінболыпшыққан. Соныңсалдарынанжұмыссыздық, өндірістегіапат, жазатайымоқиғалар, жарақаталуларкөбейіпкеткен. Жалпы, барлықзерттеушілердіңболжамыбойыншаадамдардыңсауатсыздықдеңгейініңтөмендеуі, оларғадұрысбілімберіп, тиянақтыоқытпаудан, оқырманболуғаүйретпеуденболғанкөрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұныңбәріереженідұрысоқымағандықтан, түсінбегендіктен, санағасіңірмегендіктенорыналыпотыр.Функционалдықсауаттылықтыңүшіншімеханизмі - ата-аналардыңбалалардыоқыту мен тәрбиелеугебелсендіқатысуынқамтамасызету. Ата-ананыңборышы - бала бойынажаскезіненадамиқұндылықтарындарытып, саналыөмірсүруге баулу. Ата-анабаласыныңфункционалдықсауаттылығындамытуүшінмұғалімдеріментығызбайланысжасаукерек. Ата-анабаласыныңерекшеқасиетінтану, түсініпқолүшін беру, олардыңқабілетіндамыту, бойынаруханиқұндылықтардықалыптастыру, жағымсызмінез-құлық, әдеттерденарылтуғакөмекберуікерек. Ата-ананыңбойында да функционалдықсауаттылықболуытиіс. Бұлүшінмемлекетжаңаәдістеменіәзірлеугекірісті. Осы әдістеменіңнегізіндеата-аналарғаарналғансеминарлар мен тренингтерөткізіледі. АталғанжұмысқаҮкіметтікемесұйымдар (ҮЕҰ) жәнеазаматтыққауымдастықтыңбасқа да секторларыбелсендітартылады.
Төртінші механизм - қосымшабілім беру жүйесіндамыту. Ұлттықжоспардаоқушыларсарайы, музыка мектептері, жастехниктер мен натуралистерстанцияларыжұмыстарынтүбегейліөзгертуқарастырылған. Қазақстанныңтарихындаалғашретаталғанұйымдардыңматериалдықтехникалықбазасыжаңартылатынболады. Оқытудыңжаңатехнологиялары мен интерактивтік, инновациялықформаларыенгізілетінболады. Олар: балаларинтерактивтіпарктері (ғылымиқалалар), технопарктер, балалармұражайлары, ғылымиүйірмелержәнет.б. Бұл – шығармашылық пен инновацияғадегенқызығушылықтыарттырады. Мұндайоқытужүйесібаланыңсанасынаәлеуметтіктұрмысына, төңіректегіәлемгетереңкөзбенқарапүйреніп, жолығатынқиынмәселелердіоңайшешетінболады. Бұрынғыдаймектептеншыққансоң бала үйренгенбілімінұмытыпқалмайды, қайтаөмірдепайдаланатынболады.
Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе, бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады, яғни үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді.
Жалпы тіл пәндері бойынша оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесіне мынандай тұжырымдарманы ұсынуға болады:
1.Оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу;
2. Оқушылардың алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету;
3. Мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
4. Әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету;
5. Оқушыларды өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету;
6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;
7. Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы;
8. Қазақ халқының салт –дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеуге баулу;
Білім беру жүйесі жыл сайын әр түрлі өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өзгерістердің басты мақсаты - өсіп келе жатқан ұрпақты жан-жақты дамыған, құзыретті азаматтар етіп тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге функционалдық сауаттылық көмектеседі. Жаттанды білім жарға жығады. Егер бойыңдағы білімің күнделікті өмірде қажетіңе жарамаса, ол білімнің керегі не? Осы орайда мұғалімнің үйретері мен берері мол. Ал шәкіртіне білімін күнделікті өмірде кәдеге асыруды үйреткен мұғалімдер саны артса, нұр үстіне нұр болар еді.