kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану ашық абақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ашық абақ қмж түрінде жазалған. 45 минутка арналған 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ондық бөлшектерге амалдар қолдану ашық абақ»

Уақыты: 21.02.2017 ж.

Сынып: 5«б»

пән мұғалімі: Ахметчеева Г.Б

Пәні: Математика

тексерілді С. Қ. Ағабеков

Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшектерді қосу және азайту.

Сабақ типі

Қайталау, пысықтау сабағы

Сабақ түрі

Ойын-сабақ

Мақсаты

Ондық бөлшектердің ережелерін пайдалана білу. Ондық бөлшектерді қосу және азайту ережесін қолдана отыра, оны есептер шығаруда тиімді пайдалана алу дағдыларын жетілдіру, тақырып бойынша оқушылардың білімін жалпылау және жүйелеу, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты жазуға бейімдеу, өзіндік таным әрекеті, топта ынтымақтаса жұмыс істеу құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелері

Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, бұрын білетін тақырыппен байланыстырады, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді. Оқушылар жекелеме, жұппен, топпен жұмыс істей отырып идея бөліседі, өнім жасалады, талдайды, жинақтайды, қорытындылайды, бағалайды.

Сабақтың өтілу формасы

Өзара әрекеттестіктің интерактивті формасы (фронтальды, жеке, топтық, жұптық жұмыстар).

Әдіс-тәсілдері

Сыни ойлауға үйрету, диалогтық оқыту, АКТ, практикалық, формативті бағалау.

Бақылау формалары

Өзін-өзі бақылау, бірін-бірі бақылау, мұғалімнің бақылауы.

Техникалық жабдықтар мен қажетті ресурстар

Компьютер, мультимедиялық проектор, интерактивті тақта, рефлексия материалдары, жеке карточкалар, плакаттар.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлаймын.

Оқушыларды бір-бірімен күлімдеп амандасып, сабақты жақсы көңіл-күймен бастауын сұраймын

Амандасады, ынтымақтастық атмосферасын құрап, ондық бөлшек, жай бөлшек және аралас бөлшек болып үш топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын эталон арқылы бірін-бірі тексереді, бағалайды.

Қызығушылықты ояту

Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күннің жадысы мен тақырыпты жазып қояйық

Сабағымыздың тақырыбы – Ондық бөлшектерді қосу және азайтуды қайталау.

Балалар бүгінгі сабағымыздың ұраны «Бәрін білгім келеді!» деп аталады. Бұл сабақта ондық бөлшектерді қосу және азайту амалдарына есептер шығарып, білімдеріңді қорытындылап қана қоймай, жануарлар мен өсімдіктер әлемінінен қызықты мәліметтермен таныс боласыңдар.


«сұрақ-жауап»

1. Натурал санды ондық бөлшек түрінде жазуға болады ма?

2. Ондық бөлшектерді қалай салыстырады? (мысал келтір)

3. Ондық бөлшектерді қалай қосады? (мысал келтір)

4. Ондық бөлшектерді қалай азайтады? (мысал келтір)


Сәйкестендіру. Егер сәйкестендіру бойынша дұрыс жауапты тапса, онда әлемдегі ең кішкентай құстың аты табылады. (Слайд арқылы жауаптарын оқушылар жұптасып тексереді және бағалау парағына белгілеп отырады)


Бес бүтін оннан екі

5,02 Т

5,2 К

5,002 П


Нөл бүтін мыңнан сегіз

0,008 О

0,08 Е

0,8 У

Үш бүтін мыңнан жиырма бес

3,25 Д

30,25 В

3,025 Л

Он алты бүтін жүзден бес

16,005 А

16,5 Е

16,05 И

Он сегіз бүтін жүзден сегіз

18,8 Ш

18,08 Б

18,008 В

Бес бүтін он мыңнан он бес

5,0015 Р

5,015 У

5,15 И

Отыз төрт бүтін мыңнан жүз бес

34,0105 В

34,105 И

34,15 М


Колибри әлемдегі ең кішкентай құс. Оның көлемі түкті арамен бірдей, ал салмағы 1,5 – 2 грамм.

Жауабы: КОЛИБРИ





Сыни ойлана отырып, сұрақтарға жауап іздейді, талдайды.

Сабаққа қызығушылықтарын арттырады.

Сабақтың мақсатын ашады.

Ортақ девиз айта отырып, практикалық тапсырмаларды әр түрлі формада орындайды, диалогтық қарым-қатынас орнатады.

Қайталау сұрақтарына ауызша, есептерге жазбаша жауап береді.

Серігеді.

Мағынаны тану

  1. Қатені тап! (тақтада жазылған есептерден оқушылар қатені анықтау қажет).

2,56 4,29 31,6 45,62

+ 3,7 - 2,7 - 1,6 - 12,86

2,93 4,02 30,6 58,48

(6,26) (1,59) (30) (32,76)

«Кім қырағы?» (тақтада көрсетілген амалдарда өшіп қалған үтірлерді қою қажет)

  1. 48+22=7 4,8+2,2=7

  2. 945-545=4 9,45-5,45=4

  3. 1+308=408 1+3,08=4,08

  4. 12+92=212 12+9,2=21,2

  5. 53-17=513 53-1,7=51,3

  1. «Сандарды салыстыр» (оқушылар дәптерлеріне орындап, интерактивті тақтадағы жауабымен тексеріп, бағалау парағына өзіне баға қояды)

235,8 = 235,800

29,3 29,298

14,739

    1. 0.09998

  1. « Сандарды өсу ретімен орналастыр» (оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, қай жердің экологиялық жағдайы жақсы екенін анықтайды,оқушылар қорытынды жасайды)

0,066

0,39

2,345

Мысалы, ауаның ластануы

Зауыт үстінде - 0,86

Қаланың үстінде – 0,129

Ауылдың үстінде – 0,01

Өзен,көлдердің үстінде – 0,001

Орманның үстінде – 0,0003

  1. «Сен білесің бе?» (блок-схемадағы есепті шешу)

Кенгуру неше метр биіктікке секіретінін білгің келе ме?




Бағыт алады.


Сұрақтарға жауап береді.








Топтық жұмысты сыни ойлана отырып, атқарады.









Өз бетімен жұмыстануға машықтанады, шешім іздейді.






Жаңа мәліметпен танысып, қызығады, есте сақтайды.

Сергіту сәті

Физкультминутка. (қызыл өрік әніне би)


  1. «Ең жүйрік жануар» (теңдеуді шешу)

Теңдеуді шеш:

16,5 - ( Х + 0,34 )= 0,49

Х + 0,34 = 16,5 – 0,49

Х + 0,34 = 16,01

Х = 16,01 – 0,34

Х = 15,67

Тексеру:

16,5 – ( 15,67 + 0,34 )= 0,49

0,49 = 0,49

  1. «Әлемдегі ең үлкен гүл»



  1. Оқулықпен жұмыс №756 (1-3) (В тобы) №758 (1,3,5)

756

  1. 20,1+0,098+(5,38+4,38)=29,958

  1. 50,56-(24,16+19,8)+0,808=47,008

758

  1. 80-(35,6+х)=11,5

  2. 9,15+(х-8,5)=21,77

  3. 100,3-(9,2-х)=97,64

  1. «Өзіңді тексер» (оқушы өзіндік жұмысты орындап, тақтадағы жауабымен тексеріп, өзіне-өзі баға қояды)


Топтаса отырып, практикалық жұмысты орындайды, талдайды, ортақ шешім шығарады, қорғайды.


Білімдерін жинақтайды.

Ой толғаныс

Рефлексия

«Көңіл-күй гүлшоғы»

Ал енді көңіл-күй гүлшоғын дайындайық.

Қызыл гүл – сабақ қызықты болды, жаңа нәрселер білдім, өзім жақсы түсіндім.

жасыл гүл - сабақ қызықты болмады, ешнәрсе түсіне алмадым.

Топ басшысының бағалау парағын толтыруы.


Ынтымақтастық шырағын сөндірмейік!



Сабаққа қатысымы бойынша өзін-өзі, бірін-бірі және сабақты бағалайды, алға мақсат қояды.

Сабақтың қорытындысы

Үй тапсырмасы. №757 (2,4) №758 (2,4,6)

Үй тапсырмасын жазып алады, бағалану үшін мұғалімге күнделіктерін әкеледі.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Математика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ондық бөлшектерге амалдар қолдану ашық абақ

Автор: Ахметчеева Гүлбану Бахадыровна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419388

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "ашы? саба?  "Онды?  б?лшектерге амалдар ?олдану" "
    ["seo_title"] => string(51) "ashyk-sabak-ondyk-bolshiektierghie-amaldar-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "183430"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425878782"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "Жай б?лшектерге амалдар ?олдану. "
    ["seo_title"] => string(38) "zhai-bolshiektierghie-amaldar-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "174575"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424157369"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Онды? ж?не жай б?лшектерге амалдар ?олдану"
    ["seo_title"] => string(45) "ondykzhniezhaibolshiektierghieamaldarkoldanu1"
    ["file_id"] => string(6) "318115"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460519678"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Онды? б?лшектерге амалдар ?олдану ?айталау саба? "
    ["seo_title"] => string(55) "ondyk-bolshiektierghie-amaldar-k-oldanu-k-aitalau-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "215916"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1432822896"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства